КМ - Глицерофит® (Суппозитории)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
КМ – Глицерофит®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: глицерин - 0.50 г, Қызыл май полифитті майы - 0.15 г.
қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.
Сипаттамасы
Ашық сарыдан крем түске дейінгі суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтағанда бөлме температурасында жоғалып кететін балауыздың кристалдануы есебінен теңбілдері пайда болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Іш қатуды емдеуге арналған препараттар. Басқа да іш жүргізгіштер
АТХ коды АО6АХФармакологиялық қасиеттері
Глицерин перистальтиканы көтермелейді және ішектің босатылуын жеделдетеді.
Полифит майы, дәрілік өсімдіктер экстрактілері арқасында, қабынуға қарсы, регенерациялайтын, спазмолитикалық, жараны жазатын және жұмсақ жібітетін әсерін көрсетеді.
КМ – Глицерофит® №10 суппозиторийлері іш жүргізетін және қабынуға қарсы орташа әсер көрсетеді.Қолданылуы
Шығу тегі әртүрлі:
- әдеттегі
- жас ерекшелігімен
- операциядан кейінгі
- қозғалысы шектеулі өмір салтымен байланысты
іш қатулар кезіндегі симптоматикалық емдеу.
Қолдану тәсілі және дозалары
7-10 күн бойы күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден ректальді енгізеді.
Жағымсыз әсерлері
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекеше жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолдану
Препаратты балалар практикасында дәрігердің нұсқауы бойынша қолдануға болады.
Жүктілік және лактация
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде емдік дозаларда пайдалануға болады.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 немесе 10 суппозиторийден. Бір (10 суппозиторий) немесе екі (5 суппозиторий) пішінді қаптама қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Өндіруші
«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК, Қазақстан,
Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК,
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ипподромная к-сі, 6
т. 382-20-27, факс 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com