КМ-Гипотензивный®

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие антигипертензивные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013201
Информация о регистрации в РК: 16.02.2018 - 16.02.2023

Инструкция

Саудалық атауы

КМ - Гипотензивті®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1,5 г фито-шай

Құрамы

100 г препарат құрамында

белсенді заттар: 2 г мыңжапырақ шөбі, 5 г қызамық жапырағы, 8 г қырмызыгүл гүлдері, 10 г көк шай, 20 г долана жемістері, 25 г мелисса шөбі, 30 г сасықшөп шөбі.

Сипаттамасы

Сарғыш теңбілдері бар, сүзгіден (1000 мкм) өтетін, сұрғылт-жасыл түсті ұнтақ. Өзгеше, әлсіз хош иісі бар. Дәмі ащы.

Фармакологиялық тобы

Басқа да гипотензивті дәрілер.

АТЖ коды А16АХ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Мыңжапырақ шөбінің құрамында алкалоид - ахиллеин, К витамині, сесквитерпендер, полисахаридтер, иіткіш заттар, флавоноидтар, эфир майы, құмырсқа, сірке және изовалерьян қышқылдары, спирт бар. Қабынуға қарсы, аллергендерге қарсы, жараны жазатын, бактерицидті әсері бар, асқазан, ішек, өт шығару, несеп шығару жолдарының түйілуін басады.

Қызамық жапырағының құрамында көмірсулар, органикалық қышқылдар (лимон, салицил, алма), пектин, каротин, иіткіш заттар, А,С,Е витаминдері, арбутин, гидрохинон, танин, карбон қышқылы бар. Антисептикалық, қабынуға қарсы, несеп айдағыш, тұтқыр, қылтамырларды нығайтатын әсер береді.

Қырмызыгүл гүлдерінің құрамында каротиноидтар, флавоноидтар, сапониндер, иіткіш заттар, тритерпендер бар. Несеп айдағыш, қабынуға қарсы, жараны жазатын, өт айдағыш, бактерицидті қасиеттерге ие.

Долана жемістерінің құрамында флавоноидтар, органикалық қышқыл, С витамині, каротин бар. Кардиотоникалық дәрі ретінде жүрек қызметінің функционалдық бұзылулары, жүректің әлсіздігі, гипертониялық аурудың бастапқы түрлерінде қолданылады.

Мелисса шөбінің құрамында эфир майы, иіткіш заттар, В1, В6, С витаминдері бар. Ентігу және жүрек аумағындағы ауыруды басады, тахикардия ұстамаларын тоқтатады, спазмолитикалық, ауыруды басатын әсерге ие.

Сасықшөп шөбінің құрамына сапониндер, флавоноидтар, иридоидтар кіреді. Айқын тыныштандыратын, гипотензивті және кардиотоникалық әсері бар.

Дәрілік өсімдіктері құрамына кіретін флавоноид гликозидтері, полисахаридтер, органикалық қышқылдар, витаминдер және басқа да биологиялық белсенді заттардың есебінен «КМ –Гипотензивті» фито-шайы жүрек қызметін көтермелейді, ырғағын қалыпқа түсіреді, қан тамырлары қызметін жақсартады, сондай-ақ спазмолитикалық, тыныштандыратын, несеп айдағыш әсер береді.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда кешенді ем құрамында

Қолдану тәсілі мен дозалары

1 сүзгіш-пакетті 100-150 мл қайнаған суға демдеп, 10-15 минут тұндырып қояды, тамақтанар алдында 1 – 1,5 сағат бұрын жылы күйінде күніне 3 рет қабылдайды. Емдеу курсы 1,5-2 ай.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық болуы мүмкін

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Педиатрия тәжірибесінде қолданылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бір рет қолдануға арналған немесе полипропилен үлбірге қосымша қапталған сүзгіш-пакеттерге 1,5 г салынған. 20 сүзгіш-пакеттен қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге полиэтилен үлбірмен қапталған фирмалық картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 0С-ден аспайтын температурада, күн көзінен қорғалған, құрғақ жерде сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК,

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

912526251477977030_ru.doc 43 кб
745254691477978204_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники