КМ-Гинекологический®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
КМ – Гинекологиялық®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
1,5 г фито-шай
Құрамы
100 г препарат құрамында
белсенді заттар: 15 г түймедақ гүлдері, 15 г қалақай жапырағы, 15 г мелисса шөбі, 15 г мыңжапырақ шөбі, 20 г жұпаргүл шөбі, 20 г құс самалдық шөбі.
Сипаттамасы
Сарғыш теңбілдері бар, сүзгіден (1000 мкм) өтетін, сұрғылт-жасыл түсті ұнтақ. Өзгеше, әлсіз хош иісі бар
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТЖ коды G02С
Фармакологиялық қасиеттері
Түймедақ гүлінің зарарсыздандырғыш, қабынуға қарсы, жараны жазатын, спазмолитикалық және несеп айдағыш әсері бар.
Қалақай жапырақтары қан ұйығыштығын жоғарлатады, зат алмасу үдерістерін көтермелейді, жатыр тонусын жоғарылатады, қабынуға қарсы әсер етеді.
Мелисса шөбінің тыныштандыратын, спазмолитикалық, ауыруды басатын әсері бар.
Мыңжапырақ шөбінің қан кетуін тоқтататын (тромбоциттер санын арттырудың нәтижесінде), қабынуға қарсы, спазмолитикалық және диуретикалық әсері бар.
Жұпаргүл шөбінің қабынуға қарсы, ауыруды басатын, транквилизациялайтын, қан кетуін тоқтататын қасиеттері бар. Жыныс бездерінің сөлінісін күшейтеді.
Құс самалдық шөбі қабынуға қарсы, микробтарға қарсы әсер етіп, қан ұйығыштығын жоғарылатады, диурезді арттырады.
Флавоноидтар, витаминдер, органикалық қышқылдар, иіткіш заттар, эфир майлары және шайдың дәрілік өсімдіктері құрамына кіретін басқа да биологиялық белсенді заттар есебінен қабынуға қарсы, антисептикалық және спазмолитикалық әсер береді.
Қолданылуы
-
әйелдердің жыныс жүйесі мүшелерінің жұқпалы – қабыну ауруларында кешенді ем құрамында
Қолдану тәсіл және дозалары
1 сүзгіш-пакетті 100-150 мл қайнаған суға демдеп, 10-15 минут тұндырып қояды, күніне жылы күйінде 1 сүзгіш-пакеттен 3 рет қабылдайды. Емдеу курсы 8-10 апта.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық болуы мүмкін
- жүктілік, лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Педиатрия тәжірибесінде қолданылмайды
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
1,5 г препараттан бір рет қолдануға арналған сүзгіш-пакеттерге салынған. 20 сүзгіш-пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге нұсқаулық мәтіні жазылған фирмалық картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,
Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Қызылмай» Фирмасы» ӨК,
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Ипподром к-сі, 6
т. 382-20-27, факс 382-19-20
Е – mail: reception@kyzylmay.com
3