КМ-Гастрофит®

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013256
Информация о регистрации в РК: 17.05.2018 - 17.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

КМ - Гастрофит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1,5 г фито-шай

Құрамы

100 г препарат құрамында

белсенді заттар: 5 г фенхель жемістері, 5 г ащы жусан шөбі, 10 г шайқурай шөбі, 10 г андыз тамыры, 10 г көк шай, 15 г мыңжапырақ шөбі, 15 г мелисса шөбі, 15 г жалбыз жапырағы, 15 г түймедақ гүлдері.

Сипаттамасы

Сарғыш теңбілдері бар, сүзгіден (1000 мкм) өтетін, сұрғылт-жасыл түсті ұнтақ. Өзгеше, әлсіз хош иісті

Фармакологиялық тобы

АІЖ аурулары мен зат алмасуды емдеуге арналған әр түрлі басқа препараттар

АТС коды А16АХ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фенхель жемістерінің құрамында эфир және майлы майлар, каротин, витаминдер бар. Өт айдайтын, спазмолитикалық, бактерияларға қарсы әсер етеді. Ащы жусан шөбі құрамында эфир майы, ащы гликозидтер, органикалық қышқылдар, иіткіш заттар, аскорбин қышқылы, каротин, флавоноидтар бар. Қабынуға қарсы, фитонцидті әсер етіп, тәбетті артырады Шайқурай шөбінің құрамында флавоноидтар, эфир майы, иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, минералды тұздар, шайырлы заттар бар. Жалпы нығайтқыш, қабынуға қарсы, өт айдағыш, спазмолитикалық әсер береді, ас қорытуды жақсартады, қылтамырлардың өткізгіштігі мен жарылғыштығын азайтады. Андыз тамырының құрамында эфир майы, ащы гликозид - акорин, аскорбин қышқылы, витаминдер бар. Өт айдағыш, қабынуға қарсы, жараны жазатын, ауырғанды басатын, тыныштандыратын әсері бар. Көк шайдың құрамында иіткіш заттар, эфир майлары, витаминдер бар. Иммунитетті нығайтатын, сергітетін әсер береді. Мыңжапырақ шөбінің құрамында иіткіш заттар, эфир майы бар. Қабынуға қарсы, қан кетуін тоқтататын, жараны жазатын, бактерицидті әсер етеді, ас қорытуды жақсартады, өт пен несептің шығарылуын күшейтеді. Мелисса шөбінің құрамында негізгі компоненті монотерпендер, цитраль, гераниол, нерол, цитронеллол, цитронеллаль болып табылатын эфир майы бар. Спазмолитикалық, иммунитет модуляциялаушы, вирусқа қарсы, микробтарға қарсы әсер етеді. Жалбыз жапырақтарының құрамында флавоноидтар, эфир майы, органикалық қышқылдар, С, РР, Е витаминдері, каротин бар. Тітіркендіргіш өт айдайтын әсер береді. Шырышты қабықтың рецепторларын тітіркендіре отырып, жалбыздың антисептикалық және жергілікті жансыздандыратын әсері бар. Түймедақ гүлінің құрамында эфир майы, флавоноидтар бар. Қабынуға қарсы, спазмолитикалық, антисептикалық әсер етеді.

Фито - шайдың дәрілік өсімдіктері құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар қабынуға қарсы, ойық жараға қарсы, ауыруды басатын, спазмолитикалық әсер береді, ас қорытуды жақсартады, қыжылды жоюға ықпал етеді.

Қолданылуы

Асқазан-ішек жолы ауруларына кешенді ем жүргізгенде емдік-профилактикалық дәрі ретінде ұсынылады:

  • жоғары қышқылдықтағы гастритте

  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында

  • жедел және созылмалы панкреатитте

  • метеоризмде

Қолдану тәсілі мен дозалары

1 сүзгіш-пакетті 100-150 мл қайнаған суға демдеп, 10-15 минут тұндырып қояды, асқа дейін 20-30 минут бұрын жылы күйінде күніне 3 рет қабылдайды. Емдеу курсы 10-20 күн

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Жүктілік, лактация кезеңі

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бір рет қолдануға арналған немесе полипропилен үлбірге қосымша қапталған сүзгіш-пакеттерге 1,5 г салынған. 20 сүзгіш-пакеттен қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге полиэтилен үлбірмен қапталған фирмалық картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, күн көзінен қорғалған жерде, 8-180С температура аралығында сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК,

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

807013561477977022_ru.doc 49.5 кб
604995661477978203_kz.doc 73.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники