КМ - Боярышник

МНН: Боярышника плоды
Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013694
Информация о регистрации в РК: 09.09.2014 - 09.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Долана

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шөп - шайы

Құрамы

1сүзгі – пакеттің құрамында

белсенді зат:

долана жемістері 2.0 г

Сипаттамасы

Долана жемісінен алынған, сәл тұтқыр тәттілеу дәмі бар қоңыр-қызылсары түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес кардиотонустық дәрі. Долана жемісінің құрамында флаваноидтар (кверцетин, гиперин, гиперозид, витексин), органикалық қышқылдар (лимон, олеан, урсол, кратегус, кофе, хлороген), каротиноидтар, иіткіш заттар, майлы майлар, пектиндер, триритерпен және флавон гликозидтері, фитостериндер, холин, қант, витаминдер бар. Жүрек бұлшықеттері жиырылуын күшейтеді, оның қозғыштығын азайтады.

Спазмолитикалық және гипотензивті әсер етеді, коронарлық тамырлар мен ми тамырларын іріктеп кеңейтеді. Жүрек гликозидтерінің әсеріне миокард сезімталдығын арттырады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында мынадай кезде:

- ангионевроздарда

- жыпылықтайтын аритмияда

- пароксизмальдік тахикардияда

- бастапқы сатыдағы артериялық гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

1 сүзгі-пакетті 100-150 мл қайнаған су құйып, 10-15 минут демдеп қояды, ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 сүзгі – пакеттен күніне 2-3 рет жылы күйінде қабылдау керек. Емдеу курсы 1 ай.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- үлкен дозада ұзақ қолданғанда: брадикардия, гипотензия

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- долана жемістеріне жекелей жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- гипотония

- аритмии

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтерімен біріктіріп қолданғанда кардиотонустық әсерінің күшеюі, бета-адреноблокаторлармен - гипотензивтік әсерінің күшеюі жүреді.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде пайдалану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ұзақ және үлкен дозада қолданғанда артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия болуы мүмкін

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.0 г-ден бір реттік қолдануға арналған сүзгі - пакетте.

20 сүзгі – пакет қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған фирмалық қорапқа салынады. Нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа жазуға жол беріледі. Қораптар

полиэтилен үлбірмен жабылады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

Прикрепленные файлы

927399241477976648_ru.doc 44 кб
133427311477977788_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники