КМ-Бальзамические®

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010860
Информация о регистрации в РК: 07.12.2012 - 07.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Бальзамдық®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: 0.05 г тополин, 0.5 г «Қызыл май» полифитті майы бар

қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.

Сипаттамасы

Крем тәріздес-қоңырлау түстен қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер.

Тоңазытқышта сақтағанда, балауыз кристалдануы мүмкін, ол бөлме температурасында жоғалады.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар

АТЖ коды G01AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Тополиннің құрамы қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, зеңге қарсы, жараны жазатын қасиеттері бар мына биологиялық белсенді заттардан тұрады: флавоноидтар, терпеноидтар, органикалық қышқылдар, эфир майлары, бальзамдар, шайырлар, аминқышқылдары және басқа.

«Қызылмай» полифитті майының қабынуға қарсы, регенерерациялаушы, сергіткіш, түйілуді басатын, антиоксиданттық, уыттануға қарсы, жараны жазатын қсиеттері бар.

«КМ – Бальзамдық»® суппозиторийлері қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жараны жазатын әсер береді.

Қолданылуы

Кешенді емдеу құрамында:

- кольпитте, вагинитте, жатыр мойнының эрозиясында

- циститте, уретритте, простатитте

- проктитте, геморройда, анус жарығында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ректальді немесе қынап арқылы 1 суппозиторийден күніне 1-2 реттен, 10-15 күн бойы

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамындағы құрамдастарына аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдастарына жоғары жеке сезімталдық болуы мүмкін

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде мәліметтер жоқ болғандықтан, дәрілік затты балаларға ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін аналарға емдік дозаларда пайдалануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 немесе 10 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. Бір (10 суппозиторийден) немесе екі (5 суппозиторийден) пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызыл май» фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қаласы, Ипподром көшесі, 6

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Қызыл май» фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы: «Қызыл май» фирмасы»

Қазақстан Республикасы,

Алматы қаласы, Ипподром көшесі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

Прикрепленные файлы

024669951477976935_ru.doc 42.5 кб
702755321477978089_kz.doc 43 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники