Клотримазол (крем, 1%, ФАРМАПРИМ ООО)

МНН: Клотримазол
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clotrimazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020660
Информация о регистрации в РК: 18.02.2020 - 18.02.2025

Инструкция

Саудалық атауы

КЛОТРИМАЗОЛ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клотримазол

Дәрілік түрі

1% 15 г крем

Құрамы

1 г кремнің құрамында

белсенді зат – 10 мг клотримазол,

қосымша заттар: цетостеарил спирті, октилдодеканол, полисорбат 60, сорбитан моностеараты, цетилпальмитат, бензил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті біртекті крем

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Клотримазол

АТХ коды D01AC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Сыртқа қолдануға арналған имидазол туындылары тобының әсер ету ауқымы кең зеңге қарсы препарат. Клотримазолдың әсер ету механизмі саңырауқұлақтардың жасушалық жарғақшасының құрамына кіретін эргостерин синтезінің бұзылуымен байланысты, бұл жарғақшаның өткізгіштігін өзгертеді және әрі қарай жасуша лизисін тудырады.

Дерматофиттерге, ашытқы тәрізді және зеңді саңырауқұлақтарға, сонымен қатар түрлі-түсті теміреткі (pityriasis versicolor) қоздырғышына және эритразма қоздырғышына қатысты белсенді. Грамоң (streptococcus spp., staphylococcus spp.) және грамтеріс (bactoroides spp., gardnella vaginalis) бактерияларға, сондай-ақ trichomonas vaginalis, corynebacterium minutissimum қатысты микробқа қарсы әсер береді.

Фармакокинетикасы

Сыртқа қолдану кезінде белсенді зат іс жүзінде жүйелі қан ағымына сіңірілмейді және жүйелі әсер көрсетпейді.

Қолданылуы

- дерматофиттер, зеңді және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар және клотримазолға сезімтал басқа қоздырғыштар туындатқан терінің зеңді жұқпалары

- кебек тәрізді теміреткі

- эритразма

- салдарлы пиодермиядан асқынған микоздарда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Клотримазол кремді терінің алдын ала тазартылған және құрғатылған зақымданған жерлеріне тәулігіне 2-3 рет жұқа қабатпен жағу ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына және орналасқан жеріне байланысты жеке-жеке анықталады. Толық сауығуға қол жеткізу үшін жедел қабыну симптомдары немесе субъективтік шағымдары жоғалғаннан кейін бірден креммен емделуді тоқтатуға болмайды.

Емдеу ұзақтығы орташа 4 апта; кебек тәрізді теміреткіде – 1-3 апта; эритразмада – 2-4 апта болуы тиіс; аяқ терісінің зеңді ауруларында емді ауру симптомдары басылғаннан кейін 2 апта бойы жалғастыру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек – кремді жаққан жердің қызаруы, ауыруы, күйдіру, қышынуы, аллергиялық реакциялар, жанаспалы дерматит, папула, ісіну, есекжем, терінің жарылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Полиендік антибиотиктермен (амфотерицин В, нистатин) бір уақытта қолданғанда зеңге қарсы әсерін төмендетуі мүмкін. Үлкен дозаларда қолданылатын дексаметазон клотримазолдың зеңге қарсы әсерін тежейді. Клотримазолдың антимикотикалық әсері п-оксибензой қышқылының пропил эфирінің жоғары жергілікті концентрацияларын күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Көздің шырышты қабығынына кремнің түсуінен аулақ болу керек.

4 апта бойы клиникалық жақсару болмағани жағдайда диагнозды растау үшін және аурудың басқа себебін жою үшін микробиологиялық зерттеу жүргізу қажет.

Жоғары сезімталдық немесе тітіркену реакциялары пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және басқа ем таңдау қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клиникалық және тәжірибелік зерттеулерде Клотримазол кремін жүктілік немесе бала емізу кезінде қолдану әйелдің немесе ұрықтың (баланың) денсаулығына теріс ықпалын тигізетіні анықталмаған.

Клотримазол кремін тағайындаудың жөнділігі туралы мәселе дәрігерден кеңес алғаннан кейін жеке шешілуі тиіс.

Клотримазол кремін емізу кезінде тікелей сүт безі терісіне жағуға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті жүргізу және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін Клотримазол крем препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

15 г кремнен алюминий сықпада.

1 сықпадан қолданылу жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ,

Кринилор к-сі, 5, Порумбень кенті, Криулень ауд.,

Молдова Республикасы, MD-4829

www.farmaprim.md

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ фирмасының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Алматы қ., Гоголь к-сі, 86, 528 кеңсе, тел. 8-727-2796518, farmaprim.kz@farmaprim.md

 

Прикрепленные файлы

411311151477976683_ru.doc 45.5 кб
740344271477977814_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники