Кломезол

МНН: Клотримазол, Метронидазол, Неомицин
Производитель: ФАРМАПРИМ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Производные имидазола
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010894
Информация о регистрации в РК: 01.11.2018 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 8061/07/12/18/21
Информация о регистрации в РБ: 05.03.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Кломезол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: 500 мг метронидазол, 200 мг неомицин сульфаты, 150 мг клотримазол,

қосымша заттар: полисорбат-80, адипин қышқылы, натрий лаурилсульфаты, вазелин майы, суппоцир АМ (қатты май).

Сипаттамасы

Конус тәрізді цилиндр-пішінді, ақ немесе сарғыш реңді ақ суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа және саңылауы бар стержені және шүңгіме тәрізді ойығы болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған, микробтарға қарсы препараттар. Имидазол туындылары.

АТХ коды G01AF

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қынап ішіне қолданғанда метронидазолдың биожетімділігі 20%-ға жуықты құрайды. Бауырда метаболизденеді. Гидроксильді метаболиттер белсенді. Метронидазолдың жартылай шығарылу кезеңі 6-11 сағатты құрайды. Бүйректер (20%-ға жуығы өзгермеген күйінде) және ішек арқылы шығарылады. Клотримазол - дозаның 3-10%-ға жуығы сіңеді. Бауырда белсенді емес метаболиттерге дейін биотрансформацияланады және бүйрек пен ішек арқылы шығарылады. Қынап секретінде жоғары концентрациялар және қанда төмен концентрациялар 48-72 сағат бойы сақталады. Неомицин – шырышты қабықтар арқылы өтпейді.

Фармакодинамикасы

Жергілікті қолдануға арналған, микробтарға қарсы, зеңге қарсы және протозойға қарсы әсері бар біріктірілген препарат. Метронидазол – протозойға қарсы және бактерияларға қарсы әсері бар 5-нитроимидазол туындысы. Мыналарға қатысты белсенді: грамтеріс анаэробтар - Bacteroides spp., Bacteroides fragilis тобын қоса есептегенде, Fusobacterium spp.; грамоң анаэробтар - Clostridium spp., Eubacterium spp., анаэробтық грамоң кокктар, Peptococcus spp. және Peptostreptococcus spp қоса есептегенде; қарапайымдылар – Trichomonas vaginalis, Giardia intestinalis, Entamoeba histolytica. Метронидазол молекуласының нитротобы, электрондар акцепторы сияқты, қарапайымдылардың және анаэробтардың тыныс алу желісіне еніп (электронды тасымалдаушы ақуыздармен бәсекелеседі), тыныс алу үдерістерін бұзады және жасушаның тіршілігін жояды. Анаэробтардың кейбір түрлерінде ДНҚ синтезін тежейді және олардың деградациясына әкеледі.

Клотримазол - имидазол туындысы, зеңге қарсы жергілікті қолданылатын дәрі. Әсер ету механизмі зеңдердің жасушалық жарғақшасының құрамдас бөлігі болып табылатын эргостерол синтезінің бұзылуымен жүзеге асады. Әсер ету ауқымы кең. Дерматофиттерге, Candida albicans, Malassezia furfur; Corynebacterium minutissimum, Streptococcus spp., Staphylococcus spp., Trichomonas vaginalis қатысты белсенді.

Неомицин – бактерицидтік әсер ету ауқымы кең аминогликозидтер тобының антибиотигі. Әсер ету механизмі рибосомаға тікелей әсер етуімен және бактериялық жасуша ақуызы синтезінің тежелуімен жүзеге асады. Препаратқа сезімтал, бірқатар грамоң және грамтеріс микроорганизмдер, соның ішінде Escherichia coli, Shigella spp., Proteus spp., Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Mycobacterium tuberculosis. Pseudomonas aeruginosa және Streptococcus spp. қатысты белсенділігі төмен. Патогендік саңырауқұлақтарға, вирустарға және анаэробтық микроорганизмдерге қатысты белсенді емес.

Қолданылуы

- сезімтал микрофлорадан болған этиологиясы бактериялық, трихомонадалық, зеңдік немесе аралас вагиниттерде

- инвазиялық емшаралар мен гинекологиялық операцияларға дейін және олардан кейін қынаптың асқынжұқпасының алдын алуға (жасанды түсік, жатыр мойнының диатермокоагуляциясы, гистерография, эндометрий биопсиясы, жатырішілік спираль орналастыру); кортикостероидтармен, иммуносупрессорлармен, цитостатиктермен, антибиотиктермен емдегенде

Қолдану тәсілі және дозалары

Қынап ішіне.

Жедел вагиниттерде: 1-2 күн бойы тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 1 суппозиторийден, содан кейін 6-8 күн бойы кешке 1 суппозиторийден.

Созылмалы вагиниттерде: 8-10 күн бойы кешке 1 суппозиторийден.

Гинекологиялық операция мен инвазиялық емшараға дейін және одан кейін: түнге қарай бір суппозиторийден.

Суппозиторийлерді қолдану тәсілі

Суппозиторийді жатқан күйде қынапқа мүмкіндігінше тереңірек енгізеді. Суппозиторийді бөлшектемеген жөн, өйткені препаратты сақтағанда осылай өзгерту белсенді затының таралуын бұзады.

Жағымсыз әсерлері

- іштің ауыруы немесе түйілуі, ауыздан металл дәм тату, ауыз ішінің құрғауы, іш қату, диарея, тәбеттің жоғалуы, жүректің айнуы, құсу

- бас ауыру, қимыл-қозғалыстың бұзылуы (атаксия), бас айналу, психоэмоциональді бұзылулар, шеткергі невропатия (препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда), құрысулар

- лейкопения

- тері бөртпелері, соның ішінде есекжем, терінің қызаруы, тітіркену, қышыну, бөртпе, температураның жоғарылауы, Квинке ісінуі

- жергілікті реакциялар: күйдіру сезімі, қышыну, әсіресе емнің бас кезінде, олар әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді және препараттың қынаптың тітіркенген шырышты қабығына ықпалымен белгілі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдық

- жүктіліктің алғашқы триместрі, лактация кезеңі

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қыздықты қыз)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда метронидазол әсері тікелей емес антикоагулянттардың әсерін күшейтеді.

Дисульфираммен бір мезгілде қолданған кезде ОЖЖ тарапынан бұзылулар байқалуы мүмкін.

Литий препараттарымен бір мезгілде қолданғанда соңғысының уыттылығының жоғарылағаны байқалуы мүмкін.

Фенобарбиталмен бір мезгілде қолданғанда қандағы метронидазол деңгейі төмендейді.

Циметидинмен бір мезгілде қолданғанда қандағы метронидазол деңгейі жоғарылауы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр қызметінің ауыр бұзылуларында, қанның түзілуі бұзылғанда (лейкопения) және жүйке жүйесінің ауруларында сақтықпен тағайындайды.

Препаратты қолданған кезде жыныстық қатынасты тоқтата тұрған жөн. Суппозиторийлерді пайдалану суппозиторий негізінің латекспен немесе каучукпен өзара әрекеттесуі есебінен, механикалық контрацепциялардың (презервативтер, қынаптық диафрагмалар) сенімділігін төмендетуі мүмкін.

Жұқпаны қайталап жұқтыруға жол бермеу үшін жыныстық қатынастағы сыңарын да бір мезгілде емдеу қажет, ал трихомонадалық вагинит жағдайында – ішке қабылдауға арналған препараттармен.

Емделу кезінде және емдеу курсын аяқтағаннан кейін 24-48 сағат ішінде алкоголь қабылдауды тоқтата тұрған жөн (дисульфирамин тәрізді реакциялар пайда болуы мүмкін).

Балалар

Қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Препаратты 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (қыздықты қыздарға) тағайындамайды

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің II және III триместрлерінде тек ана үшін пайдасы ұрық үшін қаупінен басым болған жағдайда ғана қолданылады.

Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізу тоқтатылуы тиіс. Емшек емізуді емдеуді аяқтағаннан кейін 24-48 сағаттан соң қайта бастауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті жүргізу және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Препараттың сіңуінің төмен болуына байланысты, қынап ішіне қолданғанда артық дозалануы екіталай.

Препаратты ұсынылатын дозадан асып кететін дозаларда жергілікті қолдану өмір үшін қауіпті реакцияларды туындатпайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ

Кринилор к-сі, 5,

Порумбень а., Криулень ауд.,

Молдова Республикасы, MD – 4829

www.farmaprim.md

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ, Молдова Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «ФАРМАПРИМ» ЖШҚ фирмасының өкілдігі,

Алматы қ-сы, Гоголь к-сі, 86, 528 кеңсе, тел. 8-727-2796518, farmaprim.kz@farmaprim.md

стр. 5 из 5

Прикрепленные файлы

471343081477976892_ru.doc 54.5 кб
778482351477978057_kz.doc 65.5 кб
8061_07_12_18_p.pdf 0.24 кб
8061_07_12_18_s.pdf 0.3 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ