Кловейт (Мазь)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кловейт
Халықаралық патенттелмеген атауы
Клобетазол
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған 0,5 мг/г жақпамай.
Құрамы1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат - 0,50 мг клобетазол пропионаты
қосымша заттар: пропиленгликоль, сорбитан сесквиолеинаты, ақ вазелин
Сипаттамасы
Ақ түсті, майлы жұмсақ жартылай мөлдір масса
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Өте белсенді глюкокортикостероидтар. Клобетазол.
АТХ коды D07АD01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Клобетазол пропионаты биоөзгеріске ұшырамай, теріге мүйізгекті қабат арқылы оңай өтеді. Негізінен бауырда биоөзгеріске ұшырайды. Глюкурон қышқылымен қосылыс түрінде және өзгермеген күйінде аздаған мөлшерде негізінен несеппен және аз дәрежеде өтпен шығарылады. Клобетазол пропионатының тері арқылы сіңуі қатпарлы аймақтардағы жұмсақ теріге, эпидермисі зақымданған немесе қабыну үдерісі бар теріге қолданған кезде артады. Дәрілік затты жиі қолданған кезде немесе терінің ауқымды жеріне қолданған кезде глюкокортикостероидтардың жүйелік жағымсыз әсерлерін дамыта отырып, сіңуі мүмкін. Пропионат клобетазолының тері арқылы сіңуі ересектерге қарағанда жас адамдарда қарқынды жүреді.
Фармакодинамикасы
Кловейт сыртқа қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады. Концентрациясы 0,05% жақпамайды жергілікті қолдану қабынуға қарсы, аллергияға қарсы әсер етеді. Липофильдік қасиеттер көрсетеді және тері арқылы организмге оңай өтеді. 2 г жақпамайды қолданғаннан кейін-ақ бүйрекүсті-гипофизарлы жүйені бәсеңдету арқылы адренокортикотропты гормонның (АКТГ) гипофизбен бөлініп шығуын азайтуы мүмкін. Препарат А2 фосфолипаза белсенділігінің бөгелуі және арахидон қышқылының жасуша жарғақшаларының фосфолипидтерінен босап шығуының азаюы нәтижесінде простагландиндер мен лейкотриендердің өндірілуін басу арқылы қабыну үдерістерін азайтады, сондай-ақ, жергілікті аллергиялық реакцияларды бәсеңдету арқылы аллергияға қарсы әсер береді. Жергілікті қан тамырларын тарылту әсерінің нәтижесінде экссудативті реакциялар азаяды, ақуыздардың синтезі, коллагеннің бөлініп шығуы төмендейді. Теріде ақуыздардың ыдырауын жеделдетеді және пролиферативті үдерістерді әлсіретеді.
Қолданылуы
-
себореялы дерматитте, жанаспалы дерматитте, атопиялық дерматитте, псориазда (пустулезді және кең таралған түйіндақты псориаздан басқасы)
-
эритематозды теміреткіде, полиморфты эритемада
-
дискоидты қызыл жегіде, қатты қышытатын жалпақ теміреткіде
-
әлсіздеу глюкокортикостероидтармен емдеу тиімсіз болған кезде, тынбастан қышытатын немесе шамадан тыс кератозы бар жедел ағымды және ауыр, жұқпаланбаған, терінің құрғақ қабыну ауруларын қысқа мерзімде емдеуге
Қолдану тәсілдері және дозасы
Жақпамайды терінің зақымданған жеріне жұқа қабатпен, сәл ысқылай отырып, күніне 1-2 рет жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды.
Емді үздіксіз 2 аптадан астам жүргізуге болмайды.
Жағымсыз әсерлері
-
безеулер, стероидты пурпура, эпидермистің өсуінің бәсеңдеуі, терасты шелінің атрофиясы
-
терінің құрғауы, гипертрихоз немесе шаштың түсуінде, терінің гипо- немесе гиперпигментациясы
-
тері атрофиясы және стриялары, телеангиэктазиялар, периоральді дерматит
-
шаш фолликулаларының қабынуы, атрофиялық жолақтар, салдарлы инфекция
Сирек
– есекжем немесе дақты-папулезді бөртпе
-
окклюзиялық таңғыштың астына қолданған кезде препарат ісінулер, гипертензиялар, төзімділіктің төмендеуі түріндегі резорбциялық әсерді тудыруы мүмкін
-
қабықтың терісіне қолданған кезде глаукоманың немесе катарактаның дамуына әкеп соқтыруы мүмкін
Ұзақ қолданған кезде жүйелік жағымсыз әсерлер болуы мүмкін
- гипоталамустық-гипофизарлық-бүйрек үсті жүйесінің бәсеңдеуі
- Кушинг синдромы
- балалардың өсуінің және дамуының бәсеңдеуі
- гипергликемия, глюкозурия, ісіну, гипертония, иммунитеттің төмендеуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
терінің бактериялық (пиодермиялар), вирустық (қарапайым герпес, желшешек) және зеңдік (микоздар) инфекциялары
-
қызғылт және әдеттегі безеулер, периоральды дерматитте
-
вакцинапрофилактикадан кейін
-
клобетазол пропионатына немесе басқа глюкокортикостероидтарға расталған жоғары сезімталдық жағдайында және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдықта
-
12 жасқа дейінгі балаларға
-
жүктілікте және лактация кезеңі
-
перианальді, генитальді қышыну
-
тұмшаланған таңғыш астында
-
ұзақ мерзім кезінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Глюкокортикостероидтармен емдеу кезінде, антидененің өндірілуінің төмендеуіне байланысты иммунодепрессиялық қасиеттер пайда болуы мүмкін болғандықтан, шешекке және иммунизацияның басқа түрлеріне қарсы вакцинация жүргізбеген жөн. Дәрілік зат иммуносупрессиялық препараттардың әсерін күшейтуі және иммуностимуляциялайтын әсерді әлсіретуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ қолдануды болдырмау керек. Терінің ауқымды аймағына ұзақ қолданған кезде жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі және ісінулердің, гипертензиялардың, гипергликемияның, организм төзімділігінің төмендеу қаупі артады.
Клобетазол пропионатын жергілікті қолданудың ықпалымен, бүйрекүсті-гипофизарлы жүйенің бәсеңдетулі, қанда кортизол деңгейінің азаюы және ятрогенді Кушинг синдромының пайда болуы салдарынан адренокортикотропты гормонның (АКТГ) гипофизбен өндірілуі азаюы мүмкін, ол емдеуді тоқтатқаннан кейін кетеді.
АКГТ арқылы бүйрекүсті безін ынталандырғаннан кейін қандағы және несептегі кортизолды анықтау арқылы бүйрекүсті қыртысының функциясын мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек.
Жақпамайды қолданған жерде инфекция дамыған жағдайда бактерияларға қарсы немесе зеңге қарсы тиісті ем қолдану керек. Егер инфекция симптомдары кетпесе, Кловейт жақпамайын қолдануды инфекция толық жазылғанша тоқтата тұру қажет.
Тарбұрышты немесе кеңбұрышты глаукомасы, катарактасы бар адамдардың қабақ айналасындағы терісіне, аурудың асқынып кету қаупінің болуына байланысты препаратты қолданбаған жөн.
Псориазы бар пациенттерге айрықша сақтық таныту керек, өйткені псориаз кезінде кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда көптеген себептерге байланысты қауіпті болуы мүмкін, оның ішінде төзімділік даму туғызған қайталанған аурулар түрінде, ауқымды іріңді псориаз қаупінде және тесілулерден болған жалпы уыттылық.
Бет терісіне, қолтық астындағы және шап аймағындағы терілерге препаратты аса қажет жағдайларда, сіңуінің жоғарылығын және жағымсыз әсерлердің (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) пайда болу қаупінің жоғарылығын ескере отырып, қолдану керек.
Теріасты шелінің атрофиялық жағдайларында, әсіресе егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Препараттың автокөлік басқару және қауіптілігі зор механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік зат психофизикалық белсенділікті, көлікті басқару және қозғалыстағы механизмдермен қызмет жасау қабілетін шектемейді.
Артық дозалануы
Терінің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғаннан кейін байқалуы мүмкін.
Симптомдары: организм резистенттілігінің төмендеуі, артериялық гипертензия, гипергликемия, ісінулер, Кушинг ауруының симптомдары.
Емі: препаратты тоқтату.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішкі беткейі лакталған алюминий сықпаларға препарат 25 г-ден салынған.
Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25oС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Фармзауыт Jelfa A.Қ.
ul. W.Pola 21, 58-500 Jelenia Góra, Польша
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валеант» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі
Қазақстан, 050059, Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 17 үй,
4Б блогы, 1104 кеңсе
Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517
Элетронды поштасы: Office.KZ@valeant.com