Клиндамицин (100 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Клиндамицин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Клиндамицин
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - клиндамицин (клиндамицин фосфаты түрінде) 100 мг
қосымша заттар: суппоцир (жартылай синтетикалық глицеридтер)
(Hard fat) - массасы 2 г суппозиторий алу үшін жеткілікті мөлшерде
Сипаттамасы
Цилдиндрконусты пішінді, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторий. Кесіндісін қарағанда ауа және кеуекті өзегі бар және шанақша тәрізді үңгілген болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Антибиотиктер.
АТЖ коды G01AА10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қынап ішіне енгізген кезде жүйелік сіңуі 5%-ға жуықты құрайды. Плацентарлы және гистологиялық бөгет арқылы жақсы өтеді; биологиялық сұйықтықтарға және тіндерге оңай енеді, ГЭК арқылы нашар өтеді (ми қабығы қабынғанда ГЭК өткізгіштігі артады). Клиндамициннің жоғары концентрациялары өттен табылады. Клиндамицин лейкоциттерге және макрофагтарға жиналады. Ұрық ағзаларынан табылады. Ана сүтімен бірге секрецияланады. Бауырда күшті метаболизденіп, белсенді (N-диметилклиндамицин және клиндамицинсульфоксид) және белсенді емес метаболиттер түзеді. Жартылай шығарылу кезеңі 1,5–3,5 сағатты құрайды, бүйректің ауыр сырқаттары бар емделушілерде артады. Дозаның 10%-ға жуығы несеппен бірге және 4%-ға жуығы нәжіспен бірге шығарылады. Экскрециясы баяу, 7 күн бойы. Қаннан диализ арқылы жоғалмайды.
Фармакодинамикасы
Клиндамицин линкозамидтер тобының антибиотиктеріне жатады. Рибосомальді мембрананың 50S суббірлігімен байланысады және микроорганизмдерде ақуыздың синтезін тежейді.
Емдік дозаларда бактериостатикалық әсер береді, жоғары дозаларда сезімтал штамдарға бактерицидті түрде әсер етеді.
Көптеген аэробтық грамоң бактерияларға (Staphylococcus aureus, S.epidermidis, пенициллиназаны түзетін және түзбейтін, Streptococcus spp. (S. faecalis-ді қоспағанда) Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae, Pneumococci); анаэробтық грамтеріс бактерияларға (Bacteroides spp., B.fragilis және B.melaninogenicus топтарын қоса есептегенде, Fusobacterium spp. (F.varium-ді қоспағанда), Veillonella); анаэробтық грамоң спора түзбейтін бактерияларға (Propionibacterium, Eubacterium); анаэробтық және микроаэрофильді грамоң кокктарға (Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp.) белсенді. Клиндамицинге кейбір Actinomyces spp. және Nocardia asteroides штамдары сезімтал. Клиндамицин Chlamydia trachomatis-ге, көптеген Clostridium perfringens және Clostridium tetani штамдарына да белсенді.
Препаратқа Trichomonas vaginalis, Candida albicans төзімді.
Қолданылуы
- жатыр мойнының жұқпаларында
- эндометритте
- түтік пен аналықбез абсцесінде
- препаратқа сезімтал микроорганизмдерден болған сальпингитте, пельвиоперитонитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне. Қолданар алдында бір суппозиторийді, үлбірін суппозиторийдің контуры бойымен алдын ала кесіп, босатып алады да, шалқадан жатып, қынап ішіне мүмкіндігінше терең етіп енгізеді. Ересектерге ұйқыға жатар алдында 3-7 күн қатарынан тәулігіне 1 рет бір суппозиторийден енгізеді.
Жағымсыз әсерлері
-
цервицит, қынаптық кандидоз, вульвовагинит, вагинит/қынаптық жұқпалар, аллергиялық реакциялар
Сирек
-
бас ауыру, бас айналу, дәмнің бұзылуы
-
гипертиреоз
-
іштің ауыруы, іштің түйілуі, диарея, жүректің айнуы, құсу, іш қатуы, диспепсия, ас қорытудың бұзылуы, метеоризм, асқазан-ішектік бұзылулар
-
микробиологиялық тесттерде ауытқулар
-
вульва мен қынаптың шырышты қабығының тітіркенуі, етеккір ораламының бұзылуы, жамбас тұсының ауыруы, жатырдан қан кету, қынаптан бөлінді бөліну, эндометриоз
-
дизурия, глюкозурия, протеинурия
-
терінің қышуы, бөртпе, макулопапулезді бөртпе, эритема, енгізген жердің қышуы, есекжем.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- асқын сезімталдықта
- миастенияда
- бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылуларында
- жүктілікте (I триместр), лактация кезеңінде
Дәрілермен өзара әреекттесуі
Рифампицин препараттарының, аминогликозидтердің – стрептомициннің, гентамициннің әсерлерін күшейтеді, бұлшықеттердің н-холинобөгегіштерден болған босаңсуын ұлғайтады. Эритромицинмен, ампициллинмен, дифенилгидантоинмен, барбитураттармен, аминофиллинмен, кальций глюконатымен және магний сульфатымен үйлеспейді.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік
Клиндамицин плацента арқылы ұрықтың қан ағымы жүйесіне өтеді. Емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Клиндамицин жүктіліктің II және III триместрлерінде қынап ішіне, оның ана үшін болжанған пайдасы ұрық үшін қаупінен басым болған жағдайда ғана, қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат көлік жүргізушілердің және ерекше зейін бөлуді талап ететін құрылғылармен қызмет көрсететін адамдардың реакция шапшаңдығына ықпалын тигізбейді.
Артық дозаланғанда
Препараттың сіңуінің төмен болуына байланысты, артық дозалануы неғайбыл.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтилинмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 3 суппозиторийден.
Пішінді ұяшықты 1 қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 – 25 oC температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
ФАРМАПРИМ ЖШҚ
MD-2028, Молдова Республикасы,
Кишинэу қ-сы, Г. Тудор к-сі 3
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы ауимағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Фирманың өкілі: Абулхаирова Татьяна
Алматы қ-сы, Айнабұлақ-1 ы/а, 20-шы үй, 67-ші пәтер.
Телефон/факс: 252-64-13, 8-777-242-46-49
Email: tissa@indox.ru