Клималанин

МНН: Бета-аланин
Производитель: Лаборатории Бушара-Рекордати
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для применения в гинекологии
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019000
Информация о регистрации в РК: 30.06.2017 - 30.06.2022
Номер регистрации в РБ: 10856/20
Информация о регистрации в РБ: 29.09.2020 - 29.09.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Клималанин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - 400.0 мг бета-аланин,

қосымша заттар: магний стеараты, глицерин пальмитил стеараты, гидратацияланған кремний, бидай крахмалы, тазартылған су*.

* - соңғы өнімде болмайды.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, шеттері қиғашталған, ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТЖ коды G02CX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың фармакокинетикасы жөніндегі деректер ұсынылмаған

Фармакодинамикасы

Бета-аланин (Клималаниннің белсенді заты) гистаминнің кенеттен босатылуына қарсы әсер ететін, бірақ Н1-рецепторлары бөгетінің болмауына байланысты гистаминге қарсы белсенділікті иеленбеген амин қышқылы болып табылады.

Ең бастысы ысынулар, жылуды, ыстықты сезіну, бас ауыруы түріндегі вегетативтік реакциялардың себебі болып табылатын тері тамырларының шеткері вазодилатациясын қайтарады.

Әйел жыныс гормондары аналық безі сөлінісінің төмендеуі кезіндегі вазомоторлық реакциялардың физиологиялық механизмі гипоталамустың термореттеуші орталықтарында нейротрансмиттер теңгерімінің бұзылуына негізделген. Препарат шеткергі рецепторлардың осы үдеріске қатысатын нейротрансмиттерге сезімталдығының жоғарылауына ықпал етеді.

Қолданылуы

- климактериялық кезеңге байланысты «ысынуларда»

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке күніне 1-2 таблеткадан қабылдайды. Дозаны күніне 3 таблеткаға дейін көбейтуге болады.

Бір реттік ең жоғары дозасы 3 таблетка.

Ең жоғары тәуліктік дозасы 3 таблетка.

Емдеу курсының ұзақтығы «ысынулар» қайтқанша, 5 күннен 10 күнге дейін. Симптомдар қайта пайда болған кезде емдеу курсын қайталап жүргізген жөн. Препаратқа дағдылануды туындатпайтындықтан, вазомоторлы клиникалық бұзылулардың бүкіл кезеңі бойы емдеуді ұзақтығын шектеместен ұзартуға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну

Сирек

- аяқ-қолдың қысқа мерзімді шымылдауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бета-аланинге және препараттың басқа да қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- препарат құрамында бидай крахмалы болуына байланысты глютенге жоғары сезімталдық немесе көтере алмаушылық

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гормондармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Препарат нейролептиктермен немесе барбитураттармен кешенді қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Организмде судың кідіруін және дене салмағының артуын туындатпайды. Тыныштандыратын әсер бермейді, дағдылануды болдырмайды.

Жүктілік

Препараттың әйелдерде климакс кезеңінде қолданылатындығына байланысты толық клиникалық деректер жоқ.

Лактация кезеңі

Препараттың емшек сүтімен бөлінуі туралы мәліметтердің болмауына байланысты ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары – қазіргі кезде артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Лаборатории БУШАРА-РЕКОРДАТИ»

68 рю Маржолен, 92300 Леваллуа-Перре, Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лаборатории БУШАРА-РЕКОРДАТИ»

68 рю Маржолен, 92300 Леваллуа-Перре, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

 

 

Прикрепленные файлы

476773351477977065_ru.doc 56 кб
384194561477978233_kz.doc 83 кб
10856_20_p.pdf 0.76 кб
10856_20_s.pdf 0.82 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ