Климаксан (Гранулы гомеопатические)

Производитель: Материа Медика Холдинг НПФ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для применения в гинекологии
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010929
Информация о регистрации в РК: 05.07.2022 - 05.07.2032

Инструкция

Саудалық атауы

КЛИМАКСАН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гомеопатиялық түйіршіктер 10 г

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: Cimicifuga racemosa (Cimicifuga) С200;

Lachesis mutus (Lachesis) С50;

Apis mellifica (Apis) С200,

қосымша заттар-гомеопатиялық түйіршіктер (қант ұнтағы) .

Сипаттамасы

Бөтен иісі жоқ, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, шар тәрізді пішінді бір текті түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды G02CX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратта белсенді ингредиенттердің өте аз дозада болуына байланысты фармакокинетикалық зерттеуді жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препараттың фармакологиялық әсері, құрамына кіретін компоненттерімен түсіндіріледі.

Cimicifuga racemosa аналық без қызметін реттейді, дисменорея кезіндегі ауру сезімін басады, етеккір оралымын қалпына келтіреді. Бас ауруында, ішкі ағзалардың түйілу ауруларында тиімді.

Lachesis mutus үрейді, абыржуды, «құйылуларды», тершеңдікті төмендетуге ықпал етеді. Жүрек соғуының жиілеуінде, ұйқының бұзылуында тиімді.

Apis mellifica климактериялық кезеңдегі қызу құйылуларында, тершеңдікте, қалтырауда қолданылады.

Қолданылуы

- климактериялық синдромында (тітіркенгіштік, көңіл-күйдің құбылмалылығы, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы, бас айналуы, жүректің соғуы, тершеңдік, «құйылулар»).

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір рет қабылдауға – 5 түйіршік (тамақ қабылдаудан тыс, ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек), күніне 2 рет, таңертең және кешке қабылдау керек.

Көріністердің ауырлығына байланысты препаратты қабылдауды күніне 3-4 ретке дейін жоғарлатуға болады.

Тұрақты әсерге жету үшін қолданудың ұсынылған ұзақтығы 6 айды құрайды.

Дәрігердің тағайындауы бойынша емдеу курсын қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлер

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін басқа да дәрілік заттармен үйлесімсіздігі тіркелген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен емделу курсын жүргізгенде, емдеуді түзету мақсатында 2 айда бір рет, емдеп жүрген дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Климаксан жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға тағайындалмаған.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Климаксанның автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Артық дозалануы

Мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольга негізіндегі, көп қабатты біріктірілген материалдан жасалған пакетте 10 г түйіршіктен. 1 пакеттен медицинада қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау қажет.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ; Ресей Федерациясы, 127473, Мәскеу қаласы, 3-й Самотечный қысқа көшесі., 9 үй. Тел./факс: (495) 684-43-33.

Тіркеу куәлігінің иесі:

«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ»ҒӨФ» ЖШҚ өкілдігі

Алматы қ-сы, Жібек жолы к-сі 64, 1 кеңсе.

Тел./факс: 2734713

E-mail: materiamedica.kz@mail.ru

Прикрепленные файлы

891177761477976930_ru.doc 41 кб
378281391477978090_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники