Климаксан гомеопатический
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Гомеопатиялық Климаксан
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Гомеопатиялық таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Cimicifuga racemosa (Cimicifuga) С200, Lachesis mutus (Lachesis) С50, Apis mellifica (Apis) С200;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G02CX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Талдаудың заманауи физика-химиялық әдістерінің сезімталдығы (газдысұйықтықты хроматография, тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндердегі антиденелердің шамадан тыс аздаған мөлшерін бақылауға жағдай туғызбайды, бұл Гомеопатиялық Климаксан препаратының фармакокинетикасын техникалық зерттеуге мүмкіндік бермейді.
Фармакодинамикасы
Тыныштандырғыш әсер етеді. Климактериялық синдромда психоэмоционалдық көріністерін жеңілдетеді (эмоционалдық құбылмалылық, қажу, жылауықтық, депрессия, ұйқының бұзылуы), вегетативті реакциялардың айқындығын («құйылулар», тершеңдік, жүректің қағуы, бас ауыруы, бас айналуы) және зат алмасуының бұзылуын (липидтік алмасуды қалыпқа түсіреді) төмендетеді.
Қолданылуы
Климактериялық синдром көріністерін емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде (ашушаңдық, эмоционалдық құбылмалылық, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы, бас айналуы, жүректің қағуы, тершеңдік, «ысынулар»).
Қолдану тәсілі және дозалары
Бір қабылдауға – 1 таблетка (толық ерігенше ауызда ұстау керек – тамақтану кезінде болмайды). Күніне 2 рет: таңертең және кешке қабылдайды.
Симптомдар ауырлығына қарай препарат қабылдауды күніне 3-4 ретке дейін арттыруға болады.
Препаратты қолданудың ұсынылатын ұзақтығы 6 айды құрайды. Дәрігердің ұсынымы бойынша емдеу курсын қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін басқа да дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың құрамында лактоза моногидраты бар, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар емделушілерге ұсынылмайды.
Препаратпен емдеу курсын жүргізу кезеңінде түзету мүмкіндігі болуы мақсатында сирек дегенде 2 айда 1 рет емдеуші дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Гомеопатиялық Климаксан препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген. Препарат қабылдау қажет болғанда қауіп/пайда арақатынасын ескерген жөн.
Көлік құралдарын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гомеопатиялық Климаксан препараты көлік құралдарын және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Кездейсоқ артық дозаланғанда препарат құрамына кіретін толтырғыштарға байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Гомеопатиялық таблеткалар.
20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ;
Ресей, 127473, Мәскеу қ., 3-ші Самотечный қысқа к-сі, 9 үй.
Тел./факс: (495) 684-43-33.
Тіркеу куәлігінің иесі
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ, Ресей.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ» ҒӨФ» ЖШҚ ҚР өкілдігі
Алматы қ., Жібек жолы к-сі 64, 206 кеңсе.
Тел./факс: 2734713
E-mail: kz@dep.materiamedica.ru