Клевипрекс (100 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Клевипрекс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Клевидипин
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне енгізуге арналған 0.5 мг/мл, 50 мл және 100 мл эмульсия
Құрамы
1 мл эмульсияның құрамында
белсенді зат – 0,5 мг клевидипин,
қосымша заттар: соя майы, глицерин, олеин қышқылы, динатрий эдетаты, жұмыртқа фосфолипидтері, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Сүт тәрізді ақ мөлдір емес эмульсия.
Фармакотерапиялық тобы
Негізінен тамырларға әсер ететін кальций өзекшелерінің іріктелген блокаторлары. Дигидропиридин туындылары. Клевидипин
АТХ коды C08CА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Клевидипин қарқынмен таралады және организмде метаболизденеді, бұл оның жартылай шығарылу кезеңінің өте қысқа екенін білдіреді. Инфузияны тоқтатудан кейін артериялық қанда клевидипин концентрациясы төмендейді. Жартылай шығарылу кезеңінің бастапқы фазасы шамамен 1 минут құрайды, осы уақыт ішінде 85-90% клевидипинге дейін шығарылады. Соңғы фазасының жартылай шығарылу уақыты 15 минутқа жуық.
Таралуы: қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 99,5%. Тепе-тең таралу көлемі 0,17 л/кг құрайды.
Биотрансформациясы: Клевидипин эфирлік байланыс гидролизі арқылы, бірінші кезекте, қандағы және тамырдан тыс тіндердегі эстеразалармен қарқынды метаболизденеді, бұл оның организмнен шығарылуына бауыр немесе бүйрек дисфункциясының әсер ету ықтималдығын азайтады. Бастапқы метаболиттері күрделі эфир тобының гидролизі арқылы түзілетін карбон қышқылының және формальдегидтердің метаболиттері болып табылады. Карбон қышқылының метаболиті гипотензиялық дәрі ретінде белсенді емес. Әріқарай ол глюкурондану немесе тотығу жолымен тиісті пиридин туындысына дейін метаболизденеді. Қанды бастапқы дигидропиридин метаболитінен тазалау коэффициенті 0,03 л/сағ./кг құрайды, ал терминалдық жартылай шығарылу кезеңі 9 сағатқа жуық созылады.
Зертханалық жағдайлардағы зерттеулер клевидипин мен оның метаболитінің клиникалық жағдайларда жеткен концентрацияларында Р450 цитохромы жүйесі ферменттерін (CYP ферменттері) бәсеңдетпейді немесе көтермелемейді.
Шығарылуы:
Радиобелсенді таңбаланған клевидипиннің клиникалық зерттеулері кезінде дәрілік зат 83% дейін несеппен (63-74%) және нәжіспен (7-22%) шығарылған. Препараттың 90%-дан астамы алғашқы 72 сағат ішінде шығарылды.
Фармакодинамикасы
Клевидипин – бұл тамырлық тегіс бұлшықеттер жасушаларына кальций иондарының ағып келетін аралық буыны болып табылатын L-типті дигидропиридинді кальций өзекшелерінің блокаторы.
Клевипрекс қан қысымының қажетті деңгейіне жеткенше титрленеді. Клевипрекс әсері базалық систолалық қысымның 25% шамасына жеткенде платоға жақындайды. Ең жоғары әсерінің жартысына жететін инфузия жылдамдығы шамамен 10 мг/сағат құрайды.
Әсерінің басталу уақыты: Операциядан кейінгі пациенттер тобында Клевипрекс жылдамдығы 0,4 мкг/кг/мин (шамамен 1-2 мг/сағ.) инфузия басталған соң 2-4 минут ішінде систолалық қан қысымының 4-5% төмендеуін туындатады.
Әсерінің сақталуы: Клевипрекстің 72 сағатқа дейін созылған үздіксіз инфузиясының зерттеулері кезінде төзімділік пен гистерезис дамуының қандай да бір дәлелдері болған жоқ.
Препарат әсерінің аяқталуы: Көпшілік пациенттер қан қысымы деңгейінің толық қалыпқа келуіне инфузияны тоқтатудан кейін 5-15 минут ішінде жетеді.
Клевипрекстің 72 сағатқа дейін созылған үздіксіз инфузиясының зерттеулерінде басқа гипотензиялық емге көшірілмеген пациенттерде Клевипрекспен емделуді тоқтатудан кейін «рикошетті» гипертензия туындауының кейбір айғақтары болды.
Гемодинамикасы: Клевипрекс дозаға тәуелденетін жүйелі тамырлық кедергінің азаюын туындатады.
Жүректің жиырылу жиілігі: жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы тамырлардың кеңеюіне және қан қысымының төмендеуіне қалыпты реакция болып табылады; кейбір пациенттерде жүректің жиырылу жиілігінің осылай жоғарылауы анық айқын болуы мүмкін.
Электрофизиологиялық әсерлері: Дені сау еріктілерде Клевидипин немесе оның негізгі метаболиті – карбон қышқылының емдік дозадағы және емдік дозасынан асып кететін (тепе-тең концентрациясынан шамамен 2,8 есе асып кететін) концентрацияларда микокардтың реполяризация кезеңін ұзартпаған.
Қолданылуы
- ішуге арналған ем мүмкін болмаған немесе қалаусыз болған кезде
қан қысымын төмендету үшін.
Қолдану тәсілі және дозалары
Мониторинг
Инфузия кезінде организмнің негізгі тіршілік функцияларының тұрақты көрсеткіштеріне жеткенше артериялық қысым мен жүректің жиырылу жиілігін үздіксіз бақылаңыз. Клевипрекстің ұзаққа созылатын инфузияларын алатын және басқа гипотензиялық емге ауыстырылатын пациенттерді инфузияны тоқтатудан кейін, кем дегенде, 8 сағат бойы «рикошетті» гипертензияның болжамды туындауы тұрғысынан бақылау керек. Бұл пациенттерге қан қысымын бақылау барысында кейіннен түзету қажет болуы мүмкін.
Ұсынылатын дозалануы
Клевипрекс көктамыр ішіне қолдануға арналған. Препараттың дозасын артериялық қысымның керекті деңгейіне жеткенше титрлеңіз. Артериялық қысымның алынған сандарына және пациенттің реакциясына қарай әркімге жеке дозалаңыз.
Бастапқы доза: Клевипрекстің көктамырішілік инфузиясын 1-2 мг/сағаттан бастаңыз.
Дозаны титрлеу: Дозаны бастапқыда қысқа уақыт аралығы өткенде (90 секундқа дейін) екі еселеуге болады. Артериялық қысымның көзделген көрсеткішіне жақындағанда дозаны арттыру екі еседен аз болуы тиіс, ал дозаны түзету арасындағы уақыт әр жолы 5-10 минутқа дейін ұзартылуы тиіс. Дозаны сағатына шамамен 1-2 мг арттыру, әдетте, систолалық қысымның 2-4 мм сын. бағ. қосымша төмендеуіне әкелуі тиіс.
Демеуші дозалар: Пациенттердің көпшілігі қалаулы емдік реакцияға сағатына 4-6 мг дозада жетеді. Гипертонияның ауыр түріне шалдыққан науқастарға сағатына 32 мг дейінгі доза қажет болуы мүмкін, бірақ ондай доза пайдаланылатын емдеу тәжірибесі шектеулі.
Ең жоғары доза: Көптеген пациенттер сағатына ең жоғары 16 мг немесе одан аз дозада ем алған. Сағатына 32 мг дейінгі дозамен емдеудің шектеулі қысқа мерзімді тәжірибесі бар. Липидтік жүктеменің шектелуіне қарай, 24 сағат ішінде 1000 мл-ден көп емес немесе сағатына, орта есеппен, 21 мг Клевипрекс инфузиясы ұсынылады. Әртүрлі дозаларда ұзақтығы 72 сағаттан артық инфузия жасаудың болымсыз тәжірибесі бар.
Гипотензиялық дәріні ішу арқылы қабылдауға ауысу: Клевипрекстің көктамырішілік инфузиясын тоқтатыңыз немесе тиісті ішуге арналған ем тағайындалғанда дозаның титрленуін күрт азайтыңыз. Ішуге арналған гипотензиялық дәрілік зат тағайындалғанда ішу арқылы дәрі әсер ете бастағанша өтетін кешігу уақытын есепке алыңыз. Қалаулы әсерге жеткенше артериялық қысымға мониторинг жасауды жалғастырыңыз.
Ерекше топтар: Пациенттердің ерекше топтарында арнайы зерттеу жүргізілмеген. Патологиялық бауыр функциясы (мыналардың біреуі немесе бірнешеуі: сарысулық билирубиннің жоғары деңгейі, АSТ/ SGOT, ALT / SGPT) бар 78 пациент және бүйрек жеткіліксіздігінің орташа және ауыр түріне шалдыққан 121 пациент Клевипрекспен емделген. Осы пациенттерге қолайлы Кливипрекс инфузиясының бастапқы жылдамдығы сағатына 1-2 мг құрайды.
1 кесте дозаны мг/сағ. – мл/сағ. есептеуге нұсқау болып табылады
Дозаны есептеу Доза (мг/сағ.) |
Доза (мл/сағ.) |
1 |
2 |
2 |
4 |
4 |
8 |
6 |
12 |
8 |
16 |
10 |
20 |
12 |
24 |
14 |
28 |
16 |
32 |
18 |
36 |
20 |
40 |
22 |
44 |
24 |
48 |
26 |
52 |
28 |
56 |
30 |
60 |
32 |
64 |
|
Эмульсиямен жұмыс істеу және инфузия жасау ережелері
-
Клевипрекспен жұмыс істегенде антисептика ережелерін ұстаныңыз. Клевипрекс болжанбаған жұқпа жұқтыру жағдайында 12 сағатқа дейінгі мерзімде микроорганизмдердің өсу жылдамдығын тежеуге арналған құрамында 0,005% динатрий этераты бар бір реттік парентеральді дәрі болып табылады. Дегенмен де, Клевипрекс микроорганизмдердің өсуін демеуі мүмкін, микробқа қарсы өнім емес. Ластануынан күдіктенсеңіз, пайдаланбаңыз. Тығынын тескеннен кейін өнімді 12 сағат ішінде пайдаланып, кез келген пайдаланылмаған бөлігін жою қажет.
-
Клевипрекс микроорганизмдердің өсуін 12 сағатқа дейінгі мерзімге тежейді, оны микроорганизмдерге, эпидермалық стафилококктарға және серратий марсессенсіне (энтеробактерияға) қатысты сынақтардың деректері айғақтайды.
-
Клевипрекс көлемі 50 немесе 100 мл құтыларда алдын ала араластырылған және пайдалануға дайын стерильді күйде жеткізіледі. Пайдаланбас бұрын эмульсияның енгізу алдындағы біртектілігін қамтамасыз ету үшін құтыны бірнеше рет абайлап аударыңыз. Енгізер алдында парентеральді дәрілік өнімдерде механикалық қосылыстардың және түс өзгерісінің бар-жоғын ерітінді мен контейнер мүмкіндік беретін әр жолы тексеріңіз. Құю жылдамдығын калибрлеуге мүмкіндік беретін инфузиялық құрылғыны пайдаланып, Клевипрексті енгізіңіз. Инфузия жасауға коммерциялық тұрғыда қолжетімді стандартты пластик канюляны пайдалануға болады. Құюға орталық көктамырлық немесе шеткергі көктамырлық катетерлерді пайдаланыңыз.
-
Клевипрекс препаратын басқа дәрілік препараттармен араластыру ұсынылмайды.
-
Клевипрексті сұйылтуға болмайды, бірақ оны мына заттармен енгізуге болады:
- Инъекцияға арналған су,
- Инъекцияға арналған натрий хлориді (0,9%),
- Инъекцияға арналған декстроза (5%),
- Инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді қосылған декстроза (5%),
- Инъекцияға арналған Рингер лактат ерітіндісі қосылған декстроза (5%),
- Инъекцияға арналған Рингер лактат ерітіндісі,
- Амин қышқылдары ерітіндісі (10%)
Жағымсыз әсерлері
- жүрек айну, құсу
- бас ауыру
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі
- жыпылықтағыш аритмия
Гипертониялық аурудың ауыр немесе эссенциальді түріне шалдыққан пациенттердің <1%-да хабарланған жағымсыз реакциялар:
- миокард инфарктісі, жүректің тоқтауы
- естен тану
- ентігу
Постмаркетингтік және басқа клиникалық тәжірибе
- қан триглицеридтерінің жоғарылауы
- ішек бітелісі
- жоғары сезімталдық
- гипотония
- жүрек айну
- өкпенің оттегімен қанығуының төмендеуі (өкпедегі қанды патологиялық шунттау дамуы мүмкін)
- рефлекторлы тахикардия.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сояға немесе жұмыртқа ақуызына аллергиялық реакция
- липидтік алмасу бұзылулары (мысалы, егер ол гиперлипидемиямен қатар жүрсе, патологиялық гиперлипидемиясы, липидтік нефрозы немесе жедел панкреатиті бар пациенттерде)
- ауыр қолқа стенозы (өйткені, жүктеменің төмендеуінен соң миокардқа оттегінің аз түсуін күтуге болады)
- 18 жасқа дейінгі балаларға (18 жасқа толмаған пациенттердегі клевидипин қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Клевидипин мен оның метаболиттері клиникалық мәнді концентрацияларында Р450 цитохромы жүйесінің кез келген ферменттерін бәсеңдетпейді және көтермелемейді. Клевидипиннің басқа препараттармен өзара әрекеттесу қуаты төмен.
Клевидипиннің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі бойынша клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.
Айрықша нұсқаулар
Асептикалық жағдайларды қадағалау қажеттілігі
Асептикалық технологияны пайдаланыңыз және тығын тесілген соң 12 сағат ішінде пайдаланылмаған кез келген өнімді жойыңыз (Дозалануы мен енгізілуін қараңыз).
Гипотония және рефлекторлы тахикардия
Клевипрекс жүйелі гипотензияға және рефлекторлы тахикардияға әкелуі мүмкін. Егер осы жағдайлардың бірі пайда болса, Клевипрекс дозасын азайту қажет. Клевипрекс тудырған тахикардияда бета-блокаторлармен қысқа мерзімді емдеудің шектеулі тәжірибесі бар. Осы мақсатта бета-блокаторларды пайдалану ұсынылмайды.
Липидтер тұтыну
Клевипрекс құрамында мл мөлшеріне шамамен 0,2 г липид (2,0 ккал) бар. Липидтік алмасудың елеулі бұзылулары бар пациенттерге липидтердің түсуін шектеу қажет болуы мүмкін. Осы пациенттерге Клевипрекс құрамында енгізілген липидтер санын компенсациялау үшін тағаммен бір мезгілде түсетін липидтер мөлшерін азайту қажет.
Теріс инотропты әсер
Дигидропиридинді кальций өзекшелерінің блокаторлары теріс инотропты әсер және жүрек жеткіліксіздігінің өршуін тудыруы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жай-күйін мұқият қадағалау қажет.
Бета-блокаторларды шығару
Клевипрекс бета-блокатор болып табылмайды және жүректің жиырылу жиілігін төмендетпейді. Сондықтан да бета-блокаторларды күрт тоқтатқанда осы әсерін қамтамасыз ете алмайды. Осыған орай, бета-блокаторлар олардың дозаларын біртіндеп азайтумен тоқтатылуы тиіс.
«Рикошетті» гипертензияның дамуы
Клевипрексті құю емін ұзақ уақыт алатын және басқа гипотензиялық емге көшірілмейтін пациенттер «рикошетті» гипертензия туындау жағдайына қатысты инфузияны тоқтатудан кейін, кем дегенде, 8 сағат бойы қадағалануы тиіс.
Феохромоцитома
Клевипрексті феохромоцитомамен байланысты гипертензияны емдеу кезінде пайдалану туралы ақпарат жоқ.
Пациенттерге арналған ақпарат
• Тұрақты гипертензиясы бар пациенттерге оларға өз денсаулық ахуалын үнемі қадағалау қажет екенін хабарлаңыз, және, егер бұл мүмкін болса, пациенттерді ішуге арналған гипотензиялық дәрілік заттарды нұсқауларға сәйкес қабылдауға ынталандырыңыз.
• Пациенттерге жаңа гипертониялық криздің мына белгілерінің кез келгені: неврологиялық симптомдар, көріністік өзгерістер немесе іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің бар екенінің айғағы болғанда шұғыл медицина қызметкеріне қаралуға кеңес беріңіз.
Егде жастағы пациенттер
Клиникалық зерттеулер барысында Клевипрекс алған 1406 нысанның (гипертензиясы бар1307) 620-сы ≥65 жаста болды, ал 232-сі ≥75 жаста болды. Осы және олардан жас пациенттер арасындағы қауіпсіздігі мен тиімділігінде үлкен өзгешелік болмаған. Хабарланған басқа да клиникалық зерттеулер барысында егделеу және жастау пациенттер арасындағы реакциясында айырмашылықтар анықталмаған. Жалпы, егде жастағы пациент үшін доза сақтықпен титрленіп, әдетте, науқастардың осы санатында бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясының үлкен жиілікте төмендеуін және қатарлас аурулардың немесе басқа дәрілік емнің болуын есепке алып, әдетте, ең төмен дозаларынан басталуы тиіс.
Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану
Жүкті әйелдерді емдеуге Клевипрексті пайдалануға қатысты талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жоқ. Адам үшін әлеуетті қаупі айқын емес.
Клевидипиннің емшек сүтіне өтуі анықталмаған.
Клевипрекс препаратын, әйелдің клиникалық жай-күйі клевидипинмен емдеуді талап ететін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Клевипрекс қатаң түрде стационарлық жағдайларда тағайындалады, сондықтан пациент автокөлік жүргізу немесе қауіпті техниканы пайдалану сияқты шапшаң реакцияны талап ететін әр алуан міндеттерді орындауын шектейді.
Артық дозалануы
Адамдарға жасалған клиникалық сынақтар кезінде артық дозалану тәжірибесі алынбаған. Клиникалық сынақтар барысында сағатына 106 мг немесе 1153 мг ең жоғары жалпы дозасына дейінгі Клевипрекстің ең жоғары дозалары енгізілді. Артық дозаланудың негізгі зардаптары гипотония мен рефлекторлы тахикардия болады деп күтіледі.
Клевипрекс енгізуді тоқтату 5-тен 15 минутқа дейінгі кезең ішінде гипотензиялық әсерінің төмендеуіне алып келеді.
Емі: Артық дозалануына күдік туындаған жағдайда Клевипрекс енгізуді дереу тоқтатып, пациенттің қан қысымын қалыпта ұстау қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Көктамыр ішіне енгізуге арналған эмульсия, 0.5 мг/мл.
Алюминий қаусырмасы бар сұр бромбутилді резеңке тығынмен тығындалған I типті шыны құтыда 50 мл немесе 100 мл препараттан. Құтыға өздігінен желімденетін қағаз заттаңба жапсырылады.
Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 2 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Тығынын тескеннен кейін препаратты қолдану кезеңі 12 сағаттан аспауы тиіс.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Fresenius Kabi Austria GmbH», Австрия
Тіркеу куәлігінің иесі
Медисинз Компани ЮК Лтд.,
115 L Милтон Парк, Абингдон, Оксфордшир
OХ14 4SA, Ұлыбритания
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Raifarm» (Райфарм) ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42,
«Экспо-Сити» кеңсе орталығы, 15/3В корпус
Телефон нөмірі: 8-(717-2) 66-92-78.
Факс нөмірі: 8-(717-2) 66-92-78
Электронды пошта: lyubov.tsoy@raifarm.com