Клацид® (125 мг/5 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Клацид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кларитромицин
Дәрілік түрі
Суспензия дайындауға арналған 125 мг/5 мл немесе 250 мг/5 мл, 100 мл түйіршіктер
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат - 125 мг немесе 250 мг кларитромицин,
түйіршіктің қосымша заттары: карбопол 974 Р, повидон (К90), тазартылған су
түйіршіктердің қабығы: гипромеллоза фталаты (НР-55), майсана майы
басқа да қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, мальтодекстрин, сахароза, титанның қостотығы (Е 171), ксантан шайыры, біріктірілген жеміс хош иістендіргіші, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы.
Сипаттамасы
Түйіршіктер - ақтан ақ дерлік түске дейінгі, жеміс хош иісі бар жеңіл сусымалы түйіршіктер;
Қалпына келтірілген суспензия – жеміс хош иісі бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, құрамында бөлшектер бар мөлдір емес суспензия.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелік пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитромицин.
АТХ коды J01FA09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
Бастапқы фармакокинетикалық мәліметтер кларитромициннің таблетка түрін зерттеу кезінде алынды. Бұл мәліметтер асқазан-ішек жолынан препараттың жылдам сіңетіндігін, ал кларитромицин 50 мг таблеткаларының абсолюттік биожетімділігі шамамен 50% құрағанын көрсетті. Сіңірілуінің басталуы да, микробиологиялық-белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің түзілуі де ас ішу кезінде сәл кідірген, бірақ препаратты аш қарынға қабылдаған кездегі биожетімділік дәрежесі өзгермеген.
Таралуы, биотрансформациясы және элиминациясы
In vitro
In vitro зерттеулер, кларитромицин адам плазмасы ақуыздарымен, орташа алғанда, 70%-ға жуық деңгейде байланысатынын, клиникалық елеулі концентрацияларда 0.45 мкг/мл-ден 4.5 мкг/мл дейінгі көрсетті.
Бауыр функциясының бұзылулары
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде кларитромициннің тепе-теңдік концентрациялары дені сау адамдардағы осындайдан өзгешеленбейді; алайда, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде 14-OH-кларитромициннің концентрациялары төмен болған. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде 14-OH-кларитромициннің түзілуінің төмендеуі дені сау адамдардағы осындайлармен салыстырғанда, кларитромициннің бүйректік клиренсінің артуымен кемінде ішінара біркелкіленіп отырған.
Бүйрек функциясының бұзылулары
Кларитромициннің фармакокинетикасы препаратты 500 мг бірнеше дозасы түрінде қабылдаған, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде де өзгерген. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде кларитромицин мен оның 14-OH-метаболитінің плазмадағы концентрациялары, жартылай шығарылу кезеңі, Cmax және Cmin және AUC, дені сау адамдарға қарағанда жоғары болды. Бұл параметрлерінің ауытқулары бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесімен өзара байланысты болған: бүйрек функциясының айқынырақ бұзылуында айырмашылықтар айтарлықтай болған («Қолдану тәсілі мен дозалары» бөлімін қараңыз).
Егде жастағы пациенттер
500 мг кларитромициннің бірнеше дозасын ішке қабылдаған дені сау жастар мен дені сау егде жастағылардың қатысуымен жүргізілген салыстырмалы зерттеуде, препараттың плазмадағы концентрациясы жоғары болған, ал шығарылуы – жасырақ топпен салыстырғанда егде жастағылар тобында баяулау болған. Алайда кларитромициннің бүйректік клиренсінің креатинин клиренсімен өзара байланысуы кезінде, екі топ арасында айырмашылықтар болмаған. Осы нәтижелерден, кларитромициннің фармакокинетикасына білінетін кез келген әсер жас шамасына емес, бүйрек функциясымен байланысты деген қорытынды жасалды.
Микобактериялық инфекциялары бар пациенттер
АИТВ инфекциясы бар пациенттер әдеттегі дозаларын (таблеткалар ересектер үшін, суспензия балалар үшін) қабылдағаннан кейінгі кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің тепе-теңдік концентрациялары, дені сау адамдарда байқалғанға ұқсас болған. Алайда микобактериялық инфекцияларды емдеуге арналған жоғарырақ дозаларында, кларитромициннің концентрациялары, әдеттегі дозаларында байқалғаннан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Кларитромицинді тәулігіне 15-30 мг/кг дозада екі бөліп қабылдаған АИТВ инфекциясы бар балаларда, Cmax тепе-теңдік мәндері әдетте, 8-ден 20 мкг/мл дейінді құраған. Алайда кларитромициннің педиатриялық суспензиясын тәулігіне 30 мг/кг дозада екі бөліп қабылдаған АИТВ-инфекциясы бар балаларда, Cmax 23 мкг/мл-ге жеткен. Препараттың жоғарырақ дозаларын қабылдаған кезде жартылай шығарылу кезеңі кларитромицинді әдеттегі дозаларда қабылдаған дені сау адамдардағы осындаймен салыстырғанда ұзарған. Осындай дозаларын қолданған кезде плазмадағы концентрациясының жоғарылауы мен жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы кларитромициннің дозаға тәуелсіз фармакокинетикасына байланысты.
Кларитромицин асқорыту жолынан жылдам әрі жақсы сіңеді. Микробиологиялық белсенді 14-ОН-кларитромицин бауыр арқылы бірінші өткен кезде түзіледі. Препаратты тамақпен бірге қабылдағанда сіңуі мен 14-ОН-кларитромицин түзілуінің басталуы біраз кідіріп жүреді, бірақ жалпы биожетімділігі өзгермейді. Кларитромициннің фармакокинетикасы дозаға тәуелді болмаса да, тұрақты концентрациялары препаратты қабылдағаннан кейін 2 күн ішінде анықталады.
Бесінші дозасын қабылдағаннан кейінгі (кларитромициннің 250 мг суспензиясы) фармакокинетикалық параметрлері: кларитромицин үшін Сmax – 1.98 мкг/мл, АUС – 11.5 мкг•сағ/мл, Тmax – 2.8 сағат және Т½ – 3.2 сағат және 14-ОН-кларитромицин үшін сәйкесінше – 0.67 мкг/мл, 5.33 мкг•сағ/мл, 2.9 сағатты және 4.9 сағатты құраған.
Кларитромициннің организм тіндеріндегі концентрациялары қан сарысуындағыға қарағанда бірнеше есе жоғары. Тонзиллярлық және өкпе тіндерінде кларитромициннің жоғары концентрациялары байқалады. Кларитромициннің ортаңғы құлақ сұйықтығындағы концентрациясы қан сарысуындағы концентрациясынан артық. In vitro мәліметтерге сәйкес, кларитромицин адам қаны плазмасының ақуыздарымен клиникалық сәйкесінше 0.45-тен 4.5 мкг/мл дейінгі концентрацияларында орташа алғанда 70 %-ға жуық байланысады. 14-ОН-кларитромицин бүйрекпен бөлініп шығатын негізгі метаболиті болып табылады, және қабылданған дозасының шамамен 10–15 %-ын құрайды. Дозасының қалдығының көп бөлігі нәжіспен, негізінен өтпен шығарылады. Бастапқы заттың 5–10 %-ы нәжіспен бөлініп шығады.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде және дені сау еріктілерде, бауыр дисфункциясы кезіндегі 14-ОН-кларитромицин концентрациясының төмендеу болуынан басқа кларитромициннің тепе-теңдік концентрациясының айырмашылығы жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған, 500 мг кларитромицинді қабылдаған пациенттерде, фармакокинетикалық параметрлерінің мәндері бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне байланысты артқан.
Пациенттердің жас шамасы кларитромициннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейді.
АИТВ жұқтырған балаларда кларитромицинді күніне 15–30 мг/кг дозаларда (дозасы екі қабылдауға бөлінген) қабылдағанда кларитромициннің қан плазмасындағы жоғарырақ концентрациялары және жартылай шығарылу кезеңінің ұзағырақ болғаны байқалған.
Фармакодинамикасы
Кларитромицин гидроксильді CH3O-топтың (OH) эритромициннің лактон сақинасының 6-шы қалпындағы орнын басуы жолымен алынған жартылай синтетикалық макролидтік антибиотик болып табылады,. Кларитромицин дәлірек айтқанда - бұл - 6–О–метилэритромицин А. Бұл антибиотик дәмі ащы, иіссіз дерлік, суда ерімейтін және этанолда, метанолда және ацетонитрилде аз еритін ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ түрінде келеді. Оның молекулалық салмағы 747.96 тең.
Микробиология
Клацидтің® бактерияға қарсы әсері оның сезімтал бактериялардың 5OS-рибосомалық суббірлігімен байланысуымен және ақуыз биосинтезін бәсеңдетуімен білінеді. Препараттың бактериялардың стандартты штамдары мен клиникалық тәжірибеде бөлініп шыққан штамдарға қарсы in vitro тиімділігінің жоғары екендігі анықталды. Оның аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты тиімділігі жоғары. Кларитромициннің ең төменгі тежегіштік концентрациялары (ЕТТК) әдетте, эритромициннің ЕТТК қарағанда екі есе төмен. Кларитромициннің Legionella pneumophila және Mycoplasma pneumoniae қарсы in vitro тиімділігі жоғары. Кларитромицин Helicobacter pylori-ге қарсы бактерицидті әсер етеді, кларитромициннің бейтарап рН кезіндегі белсенділігі, қышқыл рН кезіндегіге қарағанда жоғары. In vitro және in vivo мәліметтер микобактериялардың клиникалық маңызды штамдарына қарсы кларитромицин тиімділігінің жоғары екендігін көрсетеді. In vitro зерттеулер, Enterobacteriaceae және Pseudomonas штамдары, лактозаны ферменттемейтін грамтеріс бактериялар сияқты, кларитромицинге сезімтал емес екенін көрсетті.
Кларитромициннің төменде атап келтірілген микроорганизмдердің штамдарының көпшілігіне қатысты белсенділігі in vitro да, клиникалық тәжірибеден де көрінді.
Аэробты грамоң микроорганизмдер:
Staphylococcus aureus,
Streptococcus pneumoniae,
Streptococcus pyogenes,
Listeria monocytogenes.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Haemophilus influenzae,
Haemophilus parainfluenzae,
Moraxella catarrhаlis,
Neisseria gonorrhоeae,
Legionella pneumophila.
Басқа микроорганизмдер:
Mycoplasma pneumoniae,
Chlamydia pneumoniae (TWAR).
Микобактериялар:
Mycobacterium leprae,
Mycobacterium kansasii,
Mycobacterium chelonae,
Mycobacterium fortuitum,
Mycobacterium avium сomplex (MAC), оған Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare кіреді.
Бета-лактамазалардың өнімдері кларитромициннің тиімділігіне әсер етпейді.
Стафилококтардың метициллин- және оксациллинрезистентті штамдарының көпшілігі кларитромицинге сезімтал емес.
Helicobacter:
H. Pylori.
Ем жүргізілгенге дейін дайындалған өсірінділерде H. pylori бөлініп алынды және емдеуді бастар алдында 104 пациентте ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы анықталды. Олардың ішінен 4 пациентте кларитромицинге резистентті H. pylori штамдары, 2 пациентте – аралық сезімталдығы бар штамдар анықталған, және 98 пациентте сезімтал штамдар болды.
Төмендегідей in vitro алынған мәліметтер бар, бірақ олардың клиникалық маңыздылығы белгісіз. Кларитромицин төмендегі микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне қатысты in vitro белсенділік танытады; алайда кларитромициннің осы микроорганизмдерден туындаған клиникалық инфекцияларды емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі, бақыланатын клиникалық зерттеулермен дәлелденбеген.
Аэробты грамоң микроорганизмдер:
Streptococcus agalactiae,
Streptococci (группы C,F,G),
Viridans group streptococci.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Bordetella pertussis,
Pasteurella multocida.
Анаэробты грамоң микроорганизмдер:
Clostridium perfringens,
Peptococcus niger,
Propionibacterium acnes.
Анаэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Bacteriodes melaninogenicus.
Спирохеттер:
Borrelia burgdorferi,
Treponema pallidum.
Кампилобактериялар:
Campylobacter jejuni.
Кларитромицин бірнеше бактериялардың штамдарына: Haemophilus influenzae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae, Moraxella (Branhamella) catarrhalis, Neisseria gonorrhoeae, H. pylori және Campylobacter spp. қарсы бактерицидті әсер береді.
Кларитромициннің адам организміндегі негізгі метаболиті микробиологиялық белсенді метаболит 14-OH-кларитромицин болып табылады. Микроорганизмдердің көпшілігі үшін бұл метаболиттің белсенділігі тура сондай немесе H. influenzae қатысты екі есе жоғары белсенділігін қоспағанда, бастапқы қосылысына қарағанда белсенділігі 1-2 есе аз. Бастапқы қосылысы мен 14-OH-метаболит in vitro және in vivo жағдайларда, бактериялар штамдарына байланысты, H. influenzae қатысты аддитивті немесе синергиялық әсер тудырады.
Жануарлардағы инфекция модельдеріне жүргізілген эксперименттен алынған мәліметтер, кларитромициннің эритромициннен 2-10 есе белсендірек екендігін көрсеткен. Мысалы, оның эритромицинге қарағанда, тышқандардағы жайылған инфекция кезінде, тышқандардағы теріастылық абсцесте және тышқандардағы S. pneumoniae, S. aureus, S. pyogenes, және H. influenzae тудыратын тыныс жолдарының инфекцияларында тиімділігі жоғарырақ екендігі көрінді. Legionella-инфекциясы бар теңіз шошқаларында бұл әсері айқынырақ болған; кларитромициннің интраперитонеальді тәулігіне 1.6 мг/кг дозасы, эритромициннің тәулігіне 50 мг/кг дозасына қарағанда тиімдірек болды.
Сезімталдыққа жүргізілетін тестілер
Аймақтың диаметрін өлшеуді қажет ететін сандық әдістер, бактериялардың микробқа қарсы препараттарға сезімталдығына айтарлықтай дәл баға береді. Сезімталдықты тестілеуге арналған ұсынылған емшаралардың бірінде, импрегнацияланған 15 мкг кларитромицин (Kirby-Bauer диффузиялық тестісі) дискілері пайдаланылады; интерпретациялау кезінде бұл дискінің кларитромицин үшін ЕТТК мәндері бар бәсеңдету аймақтарының диаметріне ара қатынасы белгіленеді. ЕТТК сорпада немесе агарда сұйылту әдісімен анықталады.
Осы емшараларды жүргізген кезде зертханадан келген сезімталдығы туралы хабарлама, инфекция жұқтыратын микроорганизм, емдеуге жауап беруі әбден мүмкін екендігін көрсетеді. «Резистентті» жазуы бар хабарлама, инфекция жұқтыратын микроорганизм, емдеуге жауап бермеуі ықтимал екенін көрсетеді. «Аралық сезімталдық» жазуы бар хабарлама, бұл препараттың емдік әсері күмәнді болуы мүмкін немесе егер жоғарырақ дозаларын пайдаланса (аралық сезімталдық туралы орташа сезімталдық сияқты айтылады) микроорганизм сезімтал болуы мүмкін екендігін білдіреді.
Сезімталдық, резистенттілік және аралық сезімталдық үшін абсолюттік шектік мәндер ауқымына, қатысты өз еліңіз немесе аймағыңызға арналған деректерді қараңыз.
Қолданылуы
Клацид® сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген. Ондай инфекцияларға мыналар кіреді:
- төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында (бронхитте, пневмонияда және т.б.);
- жоғары тыныс алу жолдарының инфекцияларында (синуситте, фарингитте және т.б.);
- тері және жұмсақ тіндер инфекцияларында (фолликулитте, целлюлитте, тілмеде);
- ортаңғы жедел отитте
- Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare-ден туындаған диссеминацияланған немесе жергілікті микобактериялық инфекцияларда. Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum немесе Mycobacterium kansasii-ден туындаған жергілікті инфекцияларда.
Қолдану тәсілі және дозалары
12 жасқа дейінгі балалар
6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда Клацид® педиатриялық суспензиясын пайдаланып клиникалық зерттеулер жүргізілді. Сәйкесінше, 12 жасқа толмаған балаларға Клацид® педиатриялық суспензиясын (оральді суспензияға арналған түйіршіктер) қолдану керек.
Клацид® педиатриялық суспензиясының (125 мг/5 мл немесе 250 мг/5 мл) балалардағы ұсынылған дозасы күніне екі рет 7.5 мг/кг-ден микобактериялық емес инфекцияларды емдеу үшін ең жоғарғы 500 мг дозасына дейінді құрайды. Емдеу ұзақтығы әдетте, қоздырғыштың түріне және аурудың ауырлығына байланысты 5–10 күнді құрайды. Суспензияны ас ішуге байланыссыз қолданады (сүтпен ішуге болады).
Кестеде, баланың дене салмағы мен суспензия концентрациясына (125 мг/5 мл немесе 250 мг/5 мл) негізделген дозасын анықтау жөніндегі нұсқаулар бар.
1 кесте
Балаларға арналған дозасы жөніндегі ұсынымдар Дене салмағына негізделеді Дозасы мл-мен тәулігіне 2 рет 7,5 мг/кг, тәулігіне 2 рет |
||||
Сәбидің дене салмағы* (кг) |
125 мг/5 мл |
250 мг/5 мл |
||
суспензияның (мл) 1 қабылдауға бөлінген дозасы |
Кларитромицинге (мг) сәйкес келеді |
суспензияның (мл) 1 қабылдауға бөлінген дозасы |
Кларитромицинге (мг) сәйкес келеді |
|
8 – 11 |
2.5 мл |
62.5 мг |
1.25 мл |
62.5 мг |
12 – 19 |
5.0 мл |
125 мг |
2.5 мл |
125 мг |
20 – 29 |
7.5 мл |
187.5 мг |
3.75 мл |
187.5 мг |
30 – 40 |
10.0 мл |
250 мг |
5.0 мл |
250 мг |
* Дене салмағы 8 кг дейінгі балаларға дозасын дене салмағының килограмына есептеп бөлу керек (тәулігіне 2 рет 7.5 мг/кг жуық).
Микобактериялық инфекциялары бар пациенттерде дозалануы
Диссеминацияланған немесе шектелген микобактериялық инфекциялары (Mycobacterium avium, Mycobacterium intracellulare, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium kansasii) бар балаларда суспензия түрінде Клацид® ұсынылған дозасы, пациенттің жағдайы мен аурудың ауырлығына дәрігердің жекелей клиникалық баға беруін ескере отырып, кг дене салмағына тәулігіне 2 рет 7.5-тен 15 мг дейінді құрайды.
Емдеуді препаратты қолданудың клиникалық тиімділігі байқалып тұрған кезге дейін жалғастыра береді (басқа микобактерияға қарсы препараттарды қосу қажет болуы мүмкін).
2 кесте
Микобактериялық инфекциялары бар балалардағы дозасы жөніндегі ұсынымдар Дене салмағына негізделеді |
||
Баланың дене салмағы* (кг) |
Дозасы, мл, тәулігіне 2 рет (Клацид® 250 мг/5 мл) |
|
Тәулігіне 2 рет 7,5 мг/кг |
Тәулігіне 2 рет 15 мг/кг |
|
8 – 11 |
1.25 мл |
2.5 мл |
12 – 19 |
2.5 мл |
5 мл |
20 – 29 |
3.75 мл |
7.5 мл |
30 – 40 |
5 мл |
10 мл |
* Дене салмағы 8 кг дейінгі балаларға дозасын дене салмағының килограмына есептеу қажет (тәулігіне 2 рет 7.5 – 15 мг/кг).
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз балаларда Клацид® дозасының жартысын азайту керек, яғни күніне бір рет 250 мг, немесе ауырлау инфекцияларда күніне екі рет 250 мг. Мұндай пациенттерде емдеу 14 күннен артыққа созылмауы тиіс.
Суспензияны дайындау тәсілі
Түйіршіктері бар құтыға Халықаралық Өндірістік Формулаға сәйкес бекітілген сәйкесінше мөлшерде су қосу және барлық қатты бөлшектері суспензия түріне енгенше сілку қажет. Қатты және/немесе ұзақ сілкімеу керек. Препаратты әр қолданар алдында суспензияны қалпына келтіру үшін құтыны сілку керек. Кларитромициннің дайындалған суспензиядағы концентрациясы немесе 125 мг/5 мл немесе 250 мг/5 мл.
Тағайындалуы
Клацид® педиатриялық суспензиясын дозалау және қолдану үшін бірнеше құрылғы пайдаланылуы мүмкін.
Сақтау
Суспензияны дайындағаннан кейін бөлме температурасында (15°-30°С) сақтау және 14 күн ішінде пайдалану керек. Тоңазытқышта сақтамау керек.
Балалар.
6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларда Клацидтің® педиатриялық суспензиясын пайдаланып клиникалық зерттеулер жүргізілді. Сәйкесінше, 12 жасқа толмаған балаларға Клацид® педиатриялық суспензиясын (оральді суспензияға арналған түйіршіктер) қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Ересектер мен балаларды Клацидпен® емдеу кезінде ең жиі және кең таралған жағымсыз реакциялар іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу және дәм сезудің бұрмалануы болып табылады. Бұл жағымсыз реакциялар әдетте айқын білінбейді және макролидтік антибиотиктердің белгілі қауіпсіздік бейінімен келісіледі. Клиникалық зерттеулер кезінде микобактериялық инфекциялары болған немесе болмаған пациенттер топтары арасында бұл гастроинтестинальді жағымсыз реакциялардың жиілігінде елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ.
Төменде Клацидтің® түрлі дәрілік түрлері мен дозаларының клиникалық зерттеулер кезінде және маркетингтен кейінгі қолданылуы кезінде туындаған жағымсыз реакциялар келтірілген. Кемінде кларитромицинмен ғана байланысты болуы ықтимал жағымсыз реакциялар, ағзалар жүйелері бойынша және туындау жиілігіне қарай бөлінген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100 - <1/10), жиі емес (≥ 1/1000 - <1/100), жиілігі белгісіз (маркетингтен кейінгі қадағалау кезінде анықталған жағымсыз реакциялар, қолда бар мәліметтер бойынша жиілігін анықтау мүмкін емес). Әр топ шеңберіндегі жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар, егер ауырлығына баға беруге мүмкіндік болса, көріністерінің ауырлығының азаю тәртібімен келтірілген.
Жиі
≥ 1/100 <1/10 дейін
Психика тарапынан болатын бұзылулар: ұйқысыздық;
Орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: жиі – дисгевзия , бас ауыруы, дәм сезудің бұрмалануы;
Қантамыр бұзылулары: жиі – вазодилатация1;
Ас қорыту жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: диарея, құсу, диспепсия, жүрек айнуы, іштің ауыруы;
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан болатын бұзылулар: бауырдың функционалдық тестілерінің нормадан ауытқуы;
Тері мен теріасты шелі тарапынан болатын бұзылулар: бөртпе, гипергидроз;
Жиі емес
≥ 1/1000 <1/100 дейін
Инфекциялар және инвазиялар: целлюлит1, кандидоз, гастроэнтерит2, инфекция3, қынаптық инфекция;
Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: лейкопения, нейтропения4, тромбоцитемия3, эозинофилия4;
Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар: анафилактоидтық реакциялар1, аса жоғары сезімталдық;
Метаболизм және тамақтану тарапынан болатын бұзылулар: анорексия, тәбеттің төмендеуі;
Психика тарапынан болатын бұзылулар: үрейлі бұзылыс, мазасыздық және қозу3;
Орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: естен тану1, дискинезия1, бас айналуы, ұйқышылдық, тремор;
Есту мүшелері және лабиринт тарапынан болатын бұзылулар: вертиго, естудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы;
Кардиальді бұзылулар: жүректің тоқтап қалуы1, жүрекшелердің фибрилляциясы1, QT аралығының ұзаруы, экстрасистолалар1, жүрек қағуын сезіну;
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірекорта ағзалары тарапынан болатын бұзылулар: демікпе1, мұрыннан қан кету2, өкпе қантамырларының эмболиясы1;
Асқорыту жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: эзофагит1, гастроэзофагеальді рефлекс ауруы2, гастрит, прокталгия2, стоматит, глоссит, іштің кебуі4, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм;
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан болатын бұзылулар: холестаз4, гепатит4, АЛТ, АСТ, ГГТ4 деңгейінің жоғарылауы;
Тері мен теріасты шелі тарапынан болатын бұзылулар: буллездік дерматит1, қышыну, есекжем, макулопапулёздік бөртпе3;
Тірек-қимыл жүйесі және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар: бұлшықет түйілулері3, қаңқа-бұлшықет сіресуі 1, миалгия2;
Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: қандағы креатинин жоғарылауы1, қандағы мочевина жоғарылауы1;
Жалпы және енгізген жерделі бұзылулар: дімкәстану4, қызба3, астения, кеуденің ауыруы4, қалтырау4, қатты қажу4;
Зертханалық зерттеулер: альбумин-глобулин арақатынасының өзгеруі1, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы4, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы4.
Жиілігі белгісіз*
(жиілігін қолда бар мәліметтер бойынша анықтау мүмкін емес)
Инфекциялар және инвазиялар: жалғанжарғақшалы колит, тілмелі қабыну;
Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: агранулоцитоз, тромбоцитопения;
Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар: анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну;
Психика тарапынан болатын бұзылулар: психоздар, сананың шатасуы, өзін-өзі танымау, депрессия, бағдарсыздық, елестеулер, қорқынышты түстер көру, мания;
Орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: құрысулар, агевзия, паросмия, аносмия, парестезия;
Есту мүшелері және лабиринт тарапынан болатын бұзылулар: естімей қалу;
Кардиальді бұзылулар: «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), қарыншалық тахикардия, қарыншалардың фибриляциясы;
Қантамырлық бұзылулар: қан құйылу;
Асқорыту жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тістердің түсінің өзгеруі;
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан болатын бұзылулар: бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлық сарғаю;
Тері мен теріасты шелі тарапынан болатын бұзылулар: Стивенс–Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрі-дәрмектік тері реакциясы (DRESS), акне;
Тірек-қимыл жүйесі және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар: рабдомиолиз2** , миопатия;
Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит;
Зертханалық зерттеулер: халықаралық қалыптасқан қатынастың жоғарылауы, протромбиндік уақыттың ұзаруы, несеп түсінің өзгеруі.
* Жиілігі белгісіз, өйткені бұл реакциялар туралы саны анықталмаған пациенттер популяциясынан ерікті түрде хабарламалар келген. Олардың жиілігін немесе препаратты қабылдаумен себептік байланысын нақты анықтау үнемі мүмкін бола бермейді. Кларитромицинді қолданудың жалпы тәжірибесі 1 миллиард пациент/күннен астамды құрайды.
** Рабдомиолиз туралы кейбір хабарламаларда кларитромицин басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде тағайындалған, олардың рабдомиолизбен астасатындығы белгілі (статиндер, фибраттар, колхицин немесе аллопуринол сияқты).
1. Жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар шығарылуының тек инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер түрі үшін болған.
2. Жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар шығарылуының тек ұзақ әсер ететін таблеткалар түрі үшін болған.
3. Жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар шығарылуының тек ішу үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер түрі үшін болған.
4. Жағымсыз реакциялары туралы хабарламалар шығарылуының тек жедел босап шығатын таблеткалар түрі үшін болған.
Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, типі мен ауырлығы да ересектердегідей деп күтіледі.
Иммундық жүйенің бұзылуы бар пациенттер
Микобактериялық инфекцияларды емдеу үшін кларитромициннің жоғары дозаларын ұзақ уақыт бойы қабылдаған ЖИТСпен науқастарда және иммундық жүйенің бұзылуы бар басқа пациенттерде, байланысты жағымсыз реакциялары мен негізгі немесе қатарлас аурулардың симптомдарын ажырату үнемі мүмкін болмайды. Клацидті® 1000 мг тәуліктік дозада қабылдаған ересек науқастарда, анағұрлым жиі білінген жағымсыз әсерлер жүрек айнуы, құсу, дәм сезудің бұрмалануы, іштің ауыруы, диарея, бөртпе, іштің кебуі, бас ауыруы, іштің қатуы, естудің бұзылуы, қан сарысуындағы АСТ және АЛТ мөлшерінің жоғарылауы болды. Жиі емес: диспноэ, ұйқысыздық және ауыздың құрғауы. Иммундық жүйенің бұзылуы бар мұндай пациенттерде белгілі бір тестілер үшін зертханалық көрсеткіштерге, олардың нормативтік көрсеткіштерден елеулі ауытқуларын (яғни, аса жоғары немесе төменгі шектерін) талдай отырып, баға берілді. Осы критерийге сәйкес, күніне 1000 мг кларитромицинді қабылдаған пациенттердің 2-3 %-ында, АСТ және АЛТ деңгейлерінің едәуір жоғарылауы және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер санының едәуір төмендегені байқалды. Пациенттердің азғантай пайызында да қандағы мочевина деңгейлерінің жоғарылағаны байқалды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Макролидтер тобының антибиотиктеріне немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
Төмендегі препараттармен бірге тағайындау:
-
астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин
-
қастауыш алкалоидтары (мысалы эрготамин немесе дигидроэрготамин)
-
пероральді қолдануға арналған мидазолам
-
CYP3A4 (ловастатин немесе симвастатин) кеңінен метаболиздейтін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статининдер)
-
колхицин
-
тикагрелор немесе ранолазин.
- Сыртартқыдағы QT аралығының ұзаруы (туа біткен немесе анықталған QT аралығының ұзаруы), қарыншалық жүрек аритмиясы (екі бағыттағы тахикардияны қоса).
- Гипокалиемия (QT аралығының ұзару қаупі).
- Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесулерінің ауыр салдарлары дамуы мүмкіндігіне байланысты, төмендегі дәрілік препараттарды қолдануға болмайды
Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин.
Клацид® пен цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде цизаприд деңгейлерінің жоғарылағаны туралы хабарланған. Бұл QT аралығының ұзаруына және аритмиялардың, соның ішінде қарыншалық тахикардияның, қарыншалардың фибрилляциясы мен «пируэт» типті (torsades de pointes) қарыншалық тахикардияның пайда болуына алып келуі мүмкін. Мұндай әсерлері Клацид® пен пимозидті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде байқалған. («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Макролидтер қандағы терфенадин деңгейлерінің жоғарылауын туғыза отырып, терфенадин метаболизміне әсер етеді, бұл кейде QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардия, қарыншалардың фибрилляциясы және «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) сияқты аритмиялармен қатар жүрген («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Дені сау 14 еріктінің қатысуымен жүргізілген зерттеуде, Клацид® пен терфенадинді бір мезгілде қолдану, терфенадиннің қан сарысуындағы қышқылдық метаболиті деңгейінің 2-3 есе артуына және QT аралығының ұзаруына алып келген, бұл қандай-да бір клиникалық маңызды әсер туғызбаған.
Осыған ұқсас әсерлері астемизол мен басқа макролидтерді бір мезгілде қолданғанда да байқалған.
Қастауыш алкалоидтары.
Постмаркетингтік зерттеулер кларитромицинді мен эрготаминді немесе дигидроэрготаминді бір мезгілде қабылдау тамырлардың түйілуі, аяқ-қол және орталық жүйке жүйесін қоса, басқа тіндердің ишемиясы түрінде білінетін қастауыштың уытты әсеріне алып келетінін көрсетеді. Клацид® пен қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде тағайындауға болмайды. («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Пероральді қолдануға арналған мидазолам
Мидазолам мен таблеткалар түріндегі кларитромицинді (тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қолданғанда, мидазоламды пероральді қабылдаудан кейін мидазоламның AUC 7 есе артқан. Пероральді қолдануға арналған мидазолам мен кларитромицинді бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер).
Клацид® препаратын ловастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз), өйткені олар елеулі дәрежеде CYP3A4 метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың плазмадағы концентрациясының артуын туғызады, осыдан миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі ұлғаяды. Кларитромицинді аталған статиндермен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындаған жағдайлар туралы мәліметтер бар. Егер Клацид® қолдану аса қажет болса, онда Клацид® қолдану кезеңінде ловастатин немесе симвастатинді қабылдауды тоқтата тұру қажет.
Клацид® препаратын статиндермен бірге сақтықпен тағайындау керек. Егер Клацид® пен статиндерді бір мезгілде қолдану аса қажет болса, статиннің тіркелген ең аз дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A арқылы метаболизденбейтін статинді, мысалы флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Миопатияның белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында, пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу қажет.
Басқа дәрілік препараттардың Клацид® препаратына әсері.
CYP3A индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі мүмкін. Бұл кларитромициннің субемдік деңгейлеріне және оның тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұдан өзге, CYP3A индукциялайтын басқа дәрілік заттардың деңгейлерін қадағалау қажет болуы мүмкін, олар кларитромициннің CYP3A тежейгіштік әсерінің салдарынан жоғарылауы мүмкін (сондай-ақ сәйкесінше CYP3A4 тежегішін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды қараңыз). Рифабутин мен Клацид® препаратын бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейінің артуына және кларитромициннің сарысудағы концентрациясының увеит қаупін арттыра отырып, төмендеуіне алып келген.
Төмендегі препараттар кларитромициннің қан сарысуындағы концентрациясына әсер етеді немесе солай деп болжамданады. Клацид® дозасын түзету немесе емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыру қажет болуы мүмкін
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин
Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты P450 цитохромы метаболизмдік жүйесінің күшті индукторлары кларитромициннің метаболизмін жеделдетуі, сол арқылы оның белсенді метаболитінің (14-OH-кларитромициннің) концентрациясын бір мезгілде арттыра отырып, оның плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің түрлі бактерияларға қатысты микробиологиялық әсерінде айырмашылық болғандықтан, Клацид® препараты мен Р450 цитохромы ферменттерінің индукторларын бір мезгілде қабылдау қалаған емдік әсеріне қол жеткізуге кедергі болуы мүмкін.
Этравирин: Этравиринді қабылдағанда, Клацид® экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге қарсы (MAC) тиімділігі аз дәрі болып табылатындықтан, препараттың бұл патогенге қатысты жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті МАС емдеу үшін емнің баламалы нұсқасын қарастыру керек.
Флуконазол
Дені сау 21 еріктіде күніне 200 мг флуконазол мен 500 мг кларитромицинді күніне екі рет бір мезгілде қабылдау кларитромициннің орташа алғандағы ең төменгі тепе-теңдік концентрациясы (Cmin) мен қисық астындағы ауданының (AUC) сәйкесінше 33% және 18%-ға артуына алып келген.
14-ОН-кларитромициннің белсенді метаболитінің тепе-теңдік концентрациясы флюконазолды бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай өзгермеген. Клацид® дозасын түзету қажет емес.
Ритонавир
Фармакокинетикасын зерттеу әрбір сегіз сағат сайын 200 мг ритонавирді және әрбір 12 сағат сайын Клацид® препаратын бір мезгілде қабылдау кларитромицин метаболизмінің елеулі төмендеуіне алып келетінін көрсетті. Сонымен кларитромициннің Cmax 31%-ға артты, Cmin - 182%-ға артты, AUC ритонавирді бір мезгілде тағайындағанда 77%-ға артқан. Іс жүзінде 14-OH-кларитромицин түзілуінің толық тежелгені анықталды. Емдік диапазонының кеңдігіне байланысты, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Клацид® дозасын азайту талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет: креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин пациенттер үшін Клацид® дозасын 50-ға төмендету қажет. КК < 30 мл/мин пациенттер үшін Клацид® дозасын 75 %-ға төмендету қажет. Күніне 1 г-ден асатын Клацид® дозасын ритонавирмен бірге қолданбаған жөн. Дозасын осыған ұқсас түзетуді бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде, атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ-протеазаның басқа тежегіштерімен бірге қолданған кезде жүргізген жөн («Дәрілік препараттармен екі бағытты өзара әрекеттесулер» бөлімін қараңыз).
Клацид® препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері
Аритмияға қарсы препараттар.
Постмаркетингтік тәжірибеде, кларитромицин мен хинидинді немесе дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда «пируэт» типті қарыншалық тахикардия (torsades de pointes) жағдайлары тіркелген.
Клацид® аталған препараттармен бір мезгілде қабылдағанда QT аралығының ұзаруын дер кезінде анықтау үшін ЭКГ-мониторинг жүргізу ұсынылады. Клацид® препаратымен емдеу кезінде аталған препараттардың қан сарысуындағы концентрациясын қадағалау керек. Сондай-ақ кларитромицин мен дизопирамидті бір мезгілде қабылдағандағы гипогликемия жағдайлары туралы хабарламалар бар. Клацид® пен дизопирамидті бір мезгілде қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейіне мониторинг жүргізу керек.
Пероральді гипогликемиялық дәрілер және инсулин.
Натеглинид және репаглинид сияқты белгілі бір гипогликемиялық препараттар мен Клацид® препаратын бір мезгілде қолданғанда CYP3A энзимінің тежелуі бақылануы мүмкін, бұл гипогликемияны туғызуы мүмкін. Глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.
CYP3A-байланысты өзара әрекеттесулері.
CYP3A ферментінің тежегіші ретінде белгілі Клацид® препаратын және бастапқыда CYP3A метаболизденетін кез келген басқа препаратты бір мезгілде қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның емдік әсерін және жағымсыз реакцияларын күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.
Дәрілік заттарда – CYP3A субстраттарын қабылдап жүрген пациенттерде, әсіресе егер соңғысының емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе Клацид® препаратын қолданғанда сақ болу керек.
Клацид® препаратын бір мезгілде қолданып жүрген пациенттерде CYP3A метаболизденетін дәрілік заттардың дозасын өзгерту және мүмкіндігінше, сарысудағы концентрациясына мұқият мониторинг жүргізу қажет болуы мүмкін.
Төмендегі дәрілік препараттардың немесе препараттар тобының бір ғана CYP3A изоферментімен метаболизденетіні белгілі немесе солай деп болжамданады: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин), атиптік психозға қарсы препараттар (мысалы, кветиапин), пимозид, хинидин, рифабутин, сильденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Осыған ұқсас өзара әрекеттесу механизмі Р450 цитохромы жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоин, теофиллин және вальпроатты қолданғанда анықталған.
Омепразол. Клацид® (әрбір 8 сағат сайын 500 мг) және омепразолды (күн сайын 40 мг) бір мезгілде қабылдаған дені сау ересек еріктілерге жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бар. Клацид® препаратымен бір мезгілде қабылдағанда омепразолдың плазмадағы тепе-теңдік концентрациясының артқаны (Cmax, AUC0-24 және t1/2 сәйкесінше 30%-ға, 89%-ға және 34%-ға артқан) анықталған. 24 сағат ішінде асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды бөлек қабылдағанда 5,2 және омепразолды Клацид® препаратымен бірге қабылдағанда 5,7 құрады.
Силденафил, тадалафил және варденафил.
Бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің әрқайсысы кемінде, ішінара CYP3A қатысуымен метаболизденеді, ал CYP3A бір мезгілде қабылданған кларитромицин тежеуі мүмкін. Клацид® пен силденафилді, тадалафилді немесе варденафилді бір мезгілде қабылдау фосфодиэстераза тежегіші экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Бұл препараттарды Клацид® препаратымен бір мезгілде қолданғанда силденафилдің, тадалафилдің немесе варденафилдің дозасын төмендету мәселесін қарастыру керек.
Теофиллин, карбамазепин.
Клиникалық зерттеулер нәтижесі Клацид® препаратымен бірге қолданғанда теофиллин және карбамазепиннің айналыстағы концентрациясының аздаған, бірақ статистикалық тұрғыдан елеулі артуы (p≤0.05) болғанын көрсетеді.
Толтеродин негізінен Р450 цитохромының 2D6-изоформасымен (CYP2D6) метаболизденеді. Алайда CYP2D6 жоқ пациенттерде метаболизм CYP3A арқылы жүреді. Бұл популяцияда CYP3A бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрациясының елеулі жоғарылауына алып келеді. Мұндай пациенттер үшін толтеродин дозасын төмендету Клацид® сияқты CYP3A тежегіштерімен қолданғанда қажет болуы мүмкін.
Триазолобензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам)
Мидазолам мен кларитромицин таблеткаларын (күніне екі рет 500 мг) бір мезгілде тағайындағанда, мидазолам көктамыр ішінде енгізілгенде мидазолам AUC 2.7 есе артқан. Мидазоламды Клацид® препаратымен бірге көктамыр ішіне қолданғанда, дозасын дер кезінде түзету үшін, пациенттің жағдайына мұқият мониторинг жүргізу керек.
Мидазоламды оромукозальді жолмен енгізу кезінде препараттың жүйеалдылық элиминация болмауы мүмкін, мұның мидазоламды пероральді емес, көктамыр ішіне енгізген кезде байқалатынға ұқсас өзара әрекеттесуге алып келу ықтималдығы анағұрлым зор.
Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A метаболизденетін басқа да бензодиазепиндерді қолданғанда да сол сақтық шараларын сақтау керек. Элиминациясы CYP3A байланыссыз бензодиазепиндер (темазепам, нитразепам, лоразепам) үшін Клацид® препаратымен клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі дамуының ықтималдығы аз.
Кларитромицин мен триазоламды бір мезгілде қолданғандағы дәрілермен өзара әрекеттесуі және орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) дамығаны туралы постмаркетингтік мәлімдемелер бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық тиімділігінің артуы мүмкіндігін ескере отырып, пациенттің жағдайын бақылауға алу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Колхицин
Колхицин CYP3A үшін де, Р-гликопротеиннің (Рgp) эффлюксті тасымалдаушысы үшін де субстрат болып табылады. Клацид® препараты мен басқа макролидтердің CYP3A және Р-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатындығы белгілі. Клацид® препараты мен колхицинді бір мезгілде қолданған жағдайда, кларитромициннің Р-гликопротеинді және/немесе CYP3A тежеуі колхицин экспозициясының жоғарылауына алып келуі мүмкін. Клацид® пен колхицинді бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Дигоксин
Дигоксин P-гликопротеиннің (Pgp) эффлюксті тасымалдаушысының субстраты болып саналады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілетті екендігі белгілі. Кларитромицин мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда, кларитромициннің Pgp бәсеңдетуі дигоксин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылауларда Клацид® препаратын дигоксинмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің қан сарысуында дигоксин концентрациясының артқаны анықталды. Кейбір пациенттерде дигиталисті уыттылық белгілері, соның ішінде өліммен аяқталу қаупі зор аритмиялар дамыды. Дигоксин мен Клацид® препаратын бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылау керек.
Зидовудин.
АИТВ жұқтырған ересек пациенттердің таблетка түріндегі Клацид® пен зидовудинді бір мезгілде пероральді қабылдауы зидовудиннің тепе-теңдік концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Клацид® бір мезгілде пероральді тағайындалған зидовудиннің сіңірілуіне әсер етеді, бұны Клацид® пен зидовудинді қабылдаулар арасындағы 4-сағаттық аралықты сақтау арқылы елеулі дәрежеде болдырмауға болады. Бұл өзара әрекеттесу Клацид® суспензиясын зидовудинмен және дидеоксиинозинмен бір мезгілде қабылдап жүрген АИТВ жұқтырған балаларда туындамайды. Кларитромицин көктамырішілік инфузия түрінде тағайындалған жағдайда мұндай өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.
Фенитоин және вальпроат.
Кларитромицинді қоса, CYP3A тежегіштерінің, CYP3A метаболизденбейтін деп саналатын дәрілік заттармен (мысалы, фенитоинмен және вальпроатпен) өзара әрекеттесуі туралы өздігінен келіп түскен немесе жарияланған хабарламалар болды. Ондай препараттарды Клацид® препаратымен бір мезгілде тағайындағанда, олардың сарысудағы деңгейін анықтауды жүргізу ұсынылады. Бұл препараттардың сарысудағы концентрациясының артқаны туралы хабарланған.
Дәрілік препараттармен екіжақты бағытталған өзара әрекеттесулері
Атазанавир мен кларитромицин CYP3A субстраты және тежегіші болып табылады. Бұл препараттар арасында екіжақты бағыттағы өзара әрекеттесулер бары расталған. Клацид® препаратын (күніне екі рет 500 мг) атазанавирмен (күніне бір рет 400 мг) бір мезгілде қолдану кларитромицин экспозициясының екі есе артуына, 14-OH-кларитромицин экспозициясының 70%-ға төмендеуіне, және атазанавир AUC 28%-ға артуына алып келді. Емдік диапазонның кеңдігіне байланысты, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Клацид® дозасын төмендету қажет емес. Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/мин дейін) Клацид® дозасы 50%-ға төмендетілуі тиіс. Креатинин клиренсі 30 мл/мин аз пациенттер үшін Клацид® дозасы сәйкесінше дәрілік түрін пайдалану арқылы 75%-ға төмендетілуі тиіс. Клацид® препаратының тәулігіне 1000 мг асатын дозасын протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданбау керек.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары.
Артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты Клацид® препаратын CYP3A4 метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторларымен (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттесулері кезінде кларитромициннің де, кальций өзекшелері блокаторларының да плазмалық концентрациялары артуы мүмкін. Кларитромицин мен верапамилді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалған.
Итраконазол
Итраконазол мен кларитромицин CYP3A субстраты және тежегіші болып табылады, бұл дәрілермен екіжақты бағыттағы өзара әрекеттесуіне алып келеді. Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейлерін арттыруы мүмкін, ал итраконазол кларитромициннің плазмалық деңгейлерін арттыруы мүмкін. Итраконазол мен Клацид® препаратын бір мезгілде қолданғанда күшейтілген немесе ұзартылған фармакологиялық әсерінің көріністері мен симптомдарын анықтау үшін, пациенттер дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.
Саквинавир
Саквинавир мен кларитромицин CYP3A субстраттары және тежегіштері болып табылады, және бұл препараттар арасындағы екіжақты бағыттағы өзара әрекеттесуге дәлел бар. Дені сау 12 еріктіге жүргізілген зерттеу, Клацид® препараты (күніне екі рет 500 мг) мен саквинавирді (жұмсақ желатин капсулалар түрінде, күніне үш рет 1200 мг) бір мезгілде қабылдау саквинавирді жеке-дара қабылдаумен салыстырғанда, саквинавирдің AUC және Cmax тепе-теңдік көрсеткіштерінің 177% және 187%-ға артуын туғызатынын көрсетті. Клацид® препаратын жеке-дара қабылдау кезінде байқалған көрсеткіштермен салыстырғанда, кларитромициннің AUC және Cmax шамамен 40%-ға артқан. Егер дәрілік заттардың екеуі де белгілі бір уақыт аралығында және зерттеудегі дозаларында/дәрілік түрлерінде қолданылса, дозасын түзету қажет емес. Жұмсақ желатинді капсуларды қолданып жүргізілген дәрілермен өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері қатты желатинді капсулалар түріндегі саквинавирді қолданғанда байқалған әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Тек саквинавирді қолданып жүргізілген дәрілермен өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері саквинавир/ритонавирмен емдеу кезінде байқалған әсерлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Саквинавирді ритонавирмен бірге қолданған кезде, ритонавирдің кларитромицинге әсерлері болуы мүмкін екендігін ескеру қажет («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Айрықша нұсқаулар
Клацид® препаратын жүкті әйелдерге пайда/қауіп арақатынасына мұқият баға беріп алмай, әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айында тағайындамау керек.
Басқа антибиотиктермен жағдайдағы сияқты, ұзақ уақыт қолдану препаратқа сезімтал бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс көбеюін туғызуы мүмкін. Асқын инфекция туындаған кезде сәйкесінше емдеуді бастаған жөн.
Препаратты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Клацид® препаратын қабылдаған кезде бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауын қоса, бауыр функциясының бұзылулары, гепатоцеллюлярлы және/немесе сарғаюмен немесе онсыз холестаздық гепатит туралы хабарланды. Бауырдың мұндай дисфункциясы ауыр және әдетте қайтымды болуы мүмкін. Сондай-ақ өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелген, олар күрделі қатарлас аурулармен және/немесе дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдаумен байланысты болған. Анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, іштің қышынуы және тітіркенгіштігі сияқты гепатит симптомдары пайда болса, Клацид® қолдануды дереу тоқтату керек.
Макролидтерді қоса, бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік қолданғанда, ауырлығы жағынан жеңіл дәрежеден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқып тұратын жалғанжарғақшалы колит туралы хабарламалар келіп түскен. Бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік, соның ішінде Клацид® препаратын пайдаланғанда, Clostridium difficile-ден (CDAD) туындаған және ауырлығы жағынан жеңіл дәрежелі диареядан өліммен аяқталатын колитке дейін ауытқып тұратын диарея дамығаны туралы хабарланған.
Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile өсуінің жоғарылауына алып келеді. Антибиотиктерді қабылдағаннан кейінгі диареядан зардап шегіп жүрген барлық пациенттерде CDAD туындау мүмкіндігін ескеру қажет. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдағаннан кейін екі айдан соң CDAD туындау жағдайлары тіркелгендіктен, мұқият медициналық сыртартқыны сұрастыру қажет.
Клацид® негізінен бауырмен шығарылады. Сондықтан препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде, сондай-ақ бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежелі бұзылуы бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек.
Колхицин.
Постмаркетингтік есептерде кларитромицин мен колхицинді бір мезгілде қабылдағанда, әсіресе егде жастағы пациенттерде колхициннің уыттылығы туралы хабарланады, ондай жағдайлардың кейбіреулері бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде туындаған. Ондай пациенттердің кейбіреулерінде өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Клацид® және колхицинді бір мезгілде қабылдауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Клацид® препаратын триазолам және мидазол сияқты көктамыр ішіне немесе оромукозальді енгізуге арналған триазолобензодиазепиндермен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.
QT аралығының ұзару
Кларитромицинді қоса макролидтермен емдеген кезде, жүрек аритмиясы мен «пируэт» типті (torsades de pointes) қарыншалық тахикардия даму қаупімен түйіндескен миокардтың және QT аралығының реполяризациясының ұзарғаны байқалған («Жағымсыз әсері» бөлімін қараңыз). Соған байланысты келесі жағдайлар вентрикулярлы аритмияның («пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса) даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін болғандықтан, мынадай пациенттерге Клацидті® абайлап пайдалану қажет:
жүректің ишемиялық ауруы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, өткізгіштің бұзылуы немесе клиникалық мәнді брадикардиясы бар пациенттерде; гипомагниемия сияқты электролитті теңгерімі бұзылған пациенттерде. Клацид® гипокалиемиясы бар пациенттерге қолданылмауы тиіс («Қолдануға болмайтын» бөлімін қараңыз); QT арттыруын туғыза алатын басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қара); Клацидті® астемизолмен, цизапридпен, пимозидпен және терфенадинмен бір мезгілде тағайындауға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлары» бөлімін қара). Клацидті® туа біткен немесе жүре пайда болған QT аралығының ұзаруы анықталған немесе сыртартқысында қарыншалық аритмиясы бар пациенттерге пайдалануға тыйым салынады. («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз)
Пневмония.
Streptococcus pneumoniae макролидтерге резистенттілігі дамуы мүмкіндігіне байланысты, Клацид® препаратын ауруханалық емес пневмонияны емдеу үшін тағайындаған кезде сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында Клацид® препаратын басқа да сәйкесінше антибиотиктермен біріктіріп қолдану керек.
Тері мен жұмсақ тіндердің ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі инфекциялары.
Мұндай инфекциялардың анағұрлым жиі кездесетін қоздырғыштары Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes болып табылады, олар макролидтерге де резистентті болуы мүмкін. Соған орай, сезімталдыққа тест жүргізу қажет. Егер бета-лактамдық антибиотиктерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайларда (мысалы, аллергияға байланысты), клиндамицин сияқты басқа антибиотиктер бірінші таңдау препараты болуы мүмкін. Қазіргі кезде макролидтер тек тері мен жұмсақ тіндердің инфекцяларының Corynebacterium minutissimum-нен болған инфекциялар сияқты жекелеген түрлерін пенициллиндермен емдеу мүмкін болмаған кезде, кәдімгі безеулерді және тілмелі қабынуларды емдеу үшін ғана пайдаланылады.
Егер анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз немесе эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциялары сияқты аса жоғары сезімталдықтың күрделі жедел реакциялары байқалған жағдайда, Клацид® препаратын қолдануды дереу тоқтату және тез арада сәйкесінше емдеуді бастау керек.
Клацид® препаратын СYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Сонымен қатар кларитромицин мен басқа макролидті препараттар арасында, линкомицин мен клиндамицин сияқты айқаспалы резистенттілік болуы мүмкін екендігін ескеру керек.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер).
Клацид® препаратын ловастатинмен немесе симвастатинмен бірге қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Клацид® препаратын статиндермен бірге тағайындағанда сақтық таныту керек.
Клацид® пен статиндерді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындағаны туралы мәлімдеулер бар. Миопатия белгілері мен симптомдарын анықтау мақсатында, пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу қажет. Егер кларитромицин мен статиндерді бір мезгілде қолдану аса қажет болған жағдайда, статиннің тіркелген ең төменгі дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A метаболизміне тәуелді емес статинді, мысалы флувастатинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз)
Пероральді гипогликемиялық дәрілер/ инсулин.
Клацид® пен пероральді қабылданатын гипогликемиялық дәрілерді (мысалы, сульфонилмочевина туындылары сияқты), және/немесе инсулинді бір мезгілде қолданғанда елеулі гипогликемия туындауы мүмкін. Глюкоза деңгейін мұқият қадағалап отыру ұсынылады.
Пероральді антикоагулянттар.
Клацид® препаратын варфаринмен бір мезгілде қолданған кезде күрделі қан кету және ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) көрсеткіштері мен протромбин уақытының елеулі артуының туындау қаупі бар. Клацид® пен пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданған кезде ХҚҚ көрсеткіштерін және протромбин уақытын жиі бақылау керек.
Қосымша заттар
Оральді суспензияға арналған Клацид® түйіршіктерінің құрамында сахароза бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты қиындықтары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Құрамында сахароза бар екендігін диабетке шалдыққан пациенттерге тағайындаған кезде ескеру қажет.
Жүктілік
Кларитромицинді жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Осы себепті, Клацидті® жүктілік кезінде пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият талдап алмай қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу кезеңі
Клацид® препаратын бала емізу кезінде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Кларитромицин ана сүтімен бөлініп шығады.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кларитромициннің көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ. Көлік құралдары мен механизмдерді басқарар алдында Клацид® препаратын қолданған кезде туындауы мүмкін бас айналуы, вертиго, сананың шатасуы және бағдарсыздықтың туындау мүмкіндігін ескеру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары
Қолда бар есептер кларитромициннің көп мөлшерін ішке қабылдау асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз симптомдардың пайда болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сыртартқысында биполярлық бұзылысы бар, 8 г кларитромицинді қабылдаған бір пациентте психикалық жағдайдың өзгерісі, параноидтық мінез-құлық, гипокалиемия және гипоксемия дамыған.
Емі:
Артық дозалануымен қатар жүретін жағымсыз реакцияларын сіңірілмеген препаратты дереу элиминациялау және демеуші ем жолымен емдеу керек. Басқа макролидтерге қатыстылығы сияқты, гемодиализ немесе перитонеальді диализдің қан сарысуындағы кларитромицин мөлшеріне айтарлықтай әсер ету ықтималдығы аз.
Үйлесімсіздігі
Ақпарат жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бірінші ашылуы бақыланатын, тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған төсемесі бар, бұралатын полипропилен қақпақпен тығындалған, тығыздығы жоғары полиэтиленнен (HDPE) жасалған құтыларда 100 мл-ден.
Құты ақ полистиролдан жасалған өлшеуіш қасықпен немесе полипропиленнен жасалған өлшеуіш еккішпен және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолданылуы жөніндегі нұсқаулығымен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыдағы дайын суспензияны дайындалған күннен бастап 14 күн сақтауға болады.
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылуы
Рецепт арқылы
ӨндірушіАббви С.р.л., Италия
Виа Понтина, Kм 52, 04011 Камповерде ди Априлиа ЛТ
Тіркеу куәлігінің иесі
Абботт Лабораториз ГмбХ, Ганновер, Германия
Қаптаушы
Аббви С.р.л., Италия
Виа Понтина, Kм 52, 04011 Камповерде ди Априлиа ЛТ
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Абботт Казахстан» ЖШС, 050059 Алматы қ., Достық даңғ., 117/6, Хан Тәңірі 2
тел.: + 7 727 244 75 44
факс: +7 727 244 76 44;
e-mail: pv.kazakhstan@abbott.com
SOLID 1000297883 v 6.0