Кларидол (сироп, 100 мл)

МНН: Лоратадин
Производитель: Шрея Лайф Саенсиз Пвт. Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Loratadine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019447
Информация о регистрации в РК: 07.12.2012 - 07.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Кларидол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лоратадин

Дәрілік түрі

Шәрбат, 100 мл

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат – 5 мг лоратадин,

қосымша заттар: қант, пропиленгликоль, лимон қышқылы (моногидрат), сорбитол ерітіндісі, натрий сахаринаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий бензоаты, динатрий эдетаты, Супра сансет сары бояғышы FCF (Е110), аралас жеміс жұпары, Америка балмұздағы дәмдеуіш қоспасы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, дәмі тәтті, қызғылт сары түсті сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі әсер ететін басқа да антигистаминдік препараттар

АТХ коды R06AX13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін препарат асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді. Тамақтану шәрбатты қолдану кезінде препараттың сіңірілуіне әсер етпейді. Лоратадиннің ең жоғары концентрациясына қабылдағаннан кейін 1,3-2,5 сағаттан соң жетеді.

Таралуы

Плазма ақуыздарымен байланысуы – 97%. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді. Лоратадин және оның белсенді метаболиті тепе-тең концентрацияға қолданудың 5-ші күні жетеді.

Метаболизм

Белсенді метаболит – дезкарбоэтоксилоратадин түзе отырып, CYP3A4 және аз дәрежеде CYP2D6 изоферменттерімен бауырда метаболизденеді.

Шығарылуы

Лоратадиннің жартылай шығарылу кезеңі 3-20 сағатты (орта есеппен 8,4 сағатты), дезкарбоэтоксилоратадинде – 8,8-92 сағатты (орта есеппен 28 сағатқа жуық) құрайды. Лоратадин несеппен және өтпен бірге шығарылады.

Ең жоғары концентрация егде жастағы емделушілерде 50 %-ға, бауырда алкогольмен зақымдануы бар емделушілерде – аурудың ауырлығы ұлғайған сайын артады.

Егде жастағы емделушілерде лоратадиннің жартылай шығарылу кезеңі 6,7-37 сағатты (орта есеппен 18,2 сағатты), дезкарбоэтоксилоратадинде – 11-38 сағатты (орта есеппен 17,5 сағат) құрайды.

Бауырдың алкогольмен зақымдануында лоратадиннің жартылай шығарылу кезеңі аурудың ауырлығы ұлғайған сайын артады.

Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерде және гемодиализ жүргізген кезде лоратадиннің фармакокинетикасы мүлдем дерлік өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Ұзақ әсер ететін гистаминді Н1-рецепторлар бөгегіші. Гистаминнің және С4 лейкотриеннің толық жасушалардан босап шығуын тежейді. Аллергиялық реакциялардың дамуына жол бермейді және барысын жеңілдетеді. Аллергияға қарсы, қышынуға қарсы, экссудатқа қарсы әсер етеді. Капиллярлардың өткізгіштігін азайтады, тіндердің ісінуінің алдын алады, тегіс бұлшықеттердің түйілуін қайтарады. Орталық жүйке жүйесіне ықпалын тигізбейді (ұйқышылдықты тудырмайды, психомоторлы қызметке, зейінге, жұмыс қабілетіне, ойлау қабілетіне ықпалын тигізбейді) және дағдылануды тудырмайды (гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы өтпейтін болғандықтан).

Аллергияға қарсы әсері 30 минуттан кейін дамиды, ең жоғары шегіне 8-12 сағаттан кейін жетеді және 24 сағат бойы жалғасады.

Қолданылуы

  • маусымдық және жыл бойғы аллергиялық ринитте және осы ауруға байланысты симптомдарды – түшкіруді, мұрынның шырышты қабығының қышуын, ринореяны жоюға

  • аллергиялық конъюнктивитте

  • поллинозда

  • есекжемде (соның ішінде созылмалы идиопатиялық есекжемде)

  • аллергиялық қышитын дерматоздарда

  • жәндіктердің шағуына аллергиялық реакциялар

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке қолданады.

Ересектерге (оның ішінде егде жастағыларға) тәулігіне 1 рет 10 мг (2 шай қасық) тағайындайды. Тәуліктік дозасы – 10 мг.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілерге Кларидолды, лоратадиннің клиренсі бұзылуы мүмкін болғандықтан, тәулігіне бастапқыда 5 мг (1 шай қасық) дозада тағайындаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

  • бас айналу, бас ауыру, қатты қажығыштық

  • ұйқысыздық, ұйқышылдық

  • ауыз ішінің құрғауы, жүректің айнуы, құсу, гастрит, диарея, бауыр қызметінің бұзылуы, гепатит

  • жүрек соғуын сезіну, тахикардия

  • аллергиялық реакциялар (оның ішінде бөртпе, анафилаксия)

  • жөтел

  • алопеция

  • қалтырау, гиперемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік

  • лактация кезеңі (бала емізу кезінде)

  • балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кларидолды эритромицинмен, циметидинмен, кетоконазолмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында лоратадиннің концентрациясы артуы мүмкін (мұның клиникалық маңызы жоқ және ЭКГ-ге ықпалын тигізбейді).

Микросомальді тотығу индукторлары (фенитоин, барбитураттар, зиксорин, рифампицин, фенилбутазон, үшциклді антидепрессанттар) және этанол лоратадиннің тиімділігін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Жалған-жағымсыз нәтижелерді және оңды реакциялар айқындылығының төмендеуін болғызбау үшін терінің қандай да бір диагностикалық аллергосынамаларын жүргізуге дейін 48 сағат бұрын Кларидол қабылдауды тоқтату қажет.

Бауыр мен бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде Кларидолды абайлап тағайындаған жөн. Бауыр немесе бүйрек қызметтері бұзылған (бүйректік клиренсі < 30 мл/мин) науқастарда емнің басында дозаны төмендету ұсынылады.

5 мл шәрбатта қант (500 мг), сорбитол ерітіндісі (100 мг), натрий сахаринаты (4 мг) бар, осыны қант диабеті бар емделушілерді емдеген кезде ескерген жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұрған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, тахикардия, бас ауыру.

Емі: асқазанды шаю, құстырту, белсенділендірілген көмір тағайындау. Қажет болған кезде симптоматикалық ем жүргізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын төсемімен бұрандалы металл қақпағы бар күңгірт шыны құтыға 100 мл шәрбаттан құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты алғаш ашылғаннан кейін 15 күн бойы құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Shreya Life Sciences Pvt. Ltd. (Шрея Лайф Саенсиз Пвт. Лтд.)

Shreya House, 301/A, Pereira Hill Road, Adheri (E), Mumbai – 400 099, India

Тіркеу куәлігінің иесі

Шрея Лайф Саенсиз Пвт. Лтд. (Shreya Life Sciences Pvt. Ltd.)

Shreya House, 301/A, Pereira Hill Road, Adheri (E), Mumbai – 400 099, India

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31, 105 кеңсе

Тел./факс: (727) 278 59 53, 278 59 51

e-mail: zh_kanat@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

802288051477976935_ru.doc 69.5 кб
538409641477978090_kz.doc 84.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники