Кларанта 250 (Кларитромицин)

МНН: Кларитромицин
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025607
Информация о регистрации в РК: 08.02.2022 - 08.02.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Кларанта 250

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі, дозалануы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 250 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Кларитрамицин.

АТХ коды J01FA09

Қолданылуы

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға:

- бактериялық фарингит

- ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі ауруханадан тыс пневмония

- жедел бактериялық синусит (талапқа сай диагностикаланған)

- созылмалы бронхиттің жедел өршуі

- ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі тері инфекциялары және жұмсақ тіндер инфекциялары

- ересектерде Helicobacter Pylori-мен астасқан ойық жараларды емдеу үшін (бактерияға қарсы емдік сызбалармен және ойық жараларды емдеп жазуға арналған тиісті дәрімен сәйкес біріктірілімде)

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- макролидті антибиотиктерге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- кларитромицинді және келесі препараттардың қандай да бірін бір мезгілде қолдану: астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин (бұл QT аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, жүрекшелер фибрилляциясын және пируэтті қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, жүрек аритмияларының дамуына әкелуі мүмкін), эрготамин немесе дигидроэрготамин (бұл эргоуыттануға әкелетіндіктен), ловастатин, симвастатин (рабдомиолизді қоса, миопатияның пайда болу қаупіне орай)

- анамнезде QT аралығының ұзаруы немесе пируэтті қарыншалық тахикардияны (torsade de pointes) қоса, қарыншалық жүрек аритмиялары бар пациенттер

- бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер колхицин мен Р-гликопротеинді немесе CYP3A4 күшті тежегішін бір мезгілде қолдану

- бүйрек функциясының айқын бұзылуы (креатинин клиренсі минутына 30 мл аз пациенттерге)

- макролидтер тобының антибиотиктеріне жоғары сезімталдық

- порфирия

- жүктілік және лактация кезеңі

- бауыр функциясының ауыр сипатты бұзылуы

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде препаратты абайлап қолдану керек. Кларитромицин қолданғанда, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауын қоса, бауыр функциясының бұзылуы және сарғаюмен немесе онсыз гепатоцеллюлярлы және/немесе холестаздық гепатит хабарланды. Бауыр функциясының осы бұзылуы ауыр дәрежеде болуы мүмкін және әдетте қайтымды болады. Кейбір жағдайларда, негізінен, күрделі негізгі аурулармен және/немесе қатарлас дәрі-дәрмектік емдеумен астасқан өліммен аяқталған бауыр жеткіліксіздігі хабарланды. Анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну немесе іш аумағының ауыруы сияқты гепатит көріністері мен симптомдары пайда болғанда кларитромицин қолдануды дереу тоқтату қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препарат бауыр жеткіліксіздігі ауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс. Осындай жағдайларда дозаны 50% азайтуға немесе препаратты қабылдаулар арасындағы үзілісті ұзартуға болады.

Басқа жай-күйлер

Кларитромицин мен колхицинді бірге қолданғанда, әсіресе, егде жастағы пациенттерде, оның ішінде бүйрек жеткіліксіздігі аясында колхицин уыттылығының (оның ішінде өліммен аяқталған) дамуы хабарланды.

Кларитромицин мен триазолбензодиазепиндерді, мысалы, триазолам, мидазоламды бір мезгілде сақтықпен қолдану керек («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлерін» қараңыз).

QT аралығының ұзару қаупіне орай, кларитромицинді torsades de pointes және QT аралығы ұзаруының дамуына жоғары бейімділікке байланысты денсаулық жағдайы бар пациенттерде абайлап қолдану керек.

Маңызды сақтандыру шаралары

Пневмония

Макролидтерге Streptococcus pneumoniae төзімділігінің болуы мүмкін екендіктен, кларитромицин ауруханалық емес пневмонияны емдеуге тағайындалғанда сезімталдыққа тест өткізу маңызды. Ауруханалық пневмония жағдайында кларитромицинді басқа тиісті антибиотиктермен біріктірілімде қолдану керек.

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі тері және жұмсақ тіндер инфекциялары

Аталған инфекцияларды бәрінен жиірек Staphylococcus aureus және Streptococcus pyogenes микроорганизмдері тудырған, олардың әрқайсысы макролидтерге төзімді болуы мүмкін. Сондықтан сезімталдыққа тест өткізу маңызды. Бета-лактамды антибиотиктер қолдану мүмкін емес жағдайларда (мысалы, аллергия) алғашқы таңдау препараттары ретінде басқа антибиотиктерді, мысалы, клиндамицин қолдануға болады. Қазіргі уақытта макролидтер тек терінің және жұмсақ тіндердің кейбір инфекцияларын емдеуде рөл атқарады, мысалы: Corynebacterium minutissimum туғызған инфекциялар (эритразма), acne vulgaris, тілмелі қабыну; әрі пенициллиндермен емдеуді қолдануға болмайтын оқиғаларда.

Анафилаксия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, DRESS-синдром, Шенлейн-Генох ауруы сияқты аса жоғары сезімталдықтың ауыр жедел реакциялары дамығанда кларитромицинмен емдеуді дереу тоқтатып, бірден тиісті емді бастау керек.

Кларитромицин СYP3A4 цитохромы ферментінің индукторларымен бір мезгілде тағайындалғанда абайлап қолданылу керек («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлерін» қараңыз).

Кларитромицин мен басқа макролидтер, сондай-ақ линкомицин мен клиндамицин арасында айқаспалы төзімділік болуы мүмкін екеніне назар аударған дұрыс.

Микробқа қарсы кез келген емді, оның ішінде кларитромицинді H. pylori инфекциясын емдеу үшін қолдану микробтық төзімділік дамуына әкелуі мүмкін.

Пероральді гипогликемиялық препараттар/инсулин

Кларитромицин мен пероральді гипогликемиялық препараттар және/немесе инсулинді бір мезгілде қолдану айқын гипогликемияға әкелуі мүмкін. Кларитромицинді натеглинид, пиоглитазон, репаглинид, розиглитазон сияқты кейбір гипогликемиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда СҮР3А ферментін тежеу салдарынан гипогликемия туындауы мүмкін. Қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг ұсынылады.

Пероральді антикоагулянттар. Кларитромицин мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда күрделі қан кетулер және протромбин уақытының едәуір ұзару қаупі болады. Кларитромицин мен пероральді антикоагулянттарды біріктіріп қолданғанда протромбин уақытын мұқият бақылап отыру керек.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері.

Кларитромицин, ловастатин мен симвастатинді бір мезгілде қарсы көрсетілімді, өйткені статиндер СҮР3А4 арқылы қарқынды метаболизденеді және кларитромицинмен бірге емдеу олардың плазмалық концентрациясын арттырады, бұл рабдомиолизді қоса, миопатия қаупін арттырады. Осы статиндермен кларитромицин қабылдап жүрген пациенттерде рабдомиолиз туралы хабарламалар алынды. Егер кларитромицинмен емдемеуге болмаса, кларитромицинмен емдеу кезеңінде ловастатинмен немесе симвастатинмен емдеу курсы тоқтатыла тұруы тиіс.

Кларитомицин статиндермен тағайындалғанда сақтық шарасын қадағалау қажет.

Кларитромицинді статиндермен бір мезгілде қолданбауға болмайтын жағдайларда, статиндердің тіркелген ең төмен дозасын тағайындау ұсынылады.

СҮР3А ферментіне метаболизмі тәуелденбейтін статиндерді (мысалы, флувастатин) пайдалануды қарастыруға болады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды Кларанта 250-мен, олардың үйлесімі өзара әрекеттесулердің ауыр салдарын туындатуы мүмкіндігінен, бірге қолдануға қатаң тыйым салынады:

Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин

Кларитромицин мен цизапридті бір мезгілде қолданған пациенттерде, цизаприд деңгейінің жоғарылағаны анықталды. Бұл QТ аралығының ұзаруына және қарыншалық тахикардияны, қарыншалар фибрилляциясын және екі бағыттағы тахикардияны қоса, жүрек аритмиясының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған ұқсас әсерлер кларитромицинді және пимозидті бір мезгілде қолданған пациенттерде белгілі болған.

Жекелеген жағдайларда QТ аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардиясы, қарыншалар фибрилляциясын және екі бағыттағы тахикардиясы бар жүрек аритмиясын туындататын макролидтер қабылдағанда терфенадин метаболизмінің өзгерістері туралы мәлімдемелер бар.

Қастауыш алкалоидтары

Кларитромицинді және эрготамин немесе дигидроэрготаминді бірге қабылдау тамырлардың түйілуі, аяқ-қол ишемиясы және орталық жүйке жүйесін қоса, басқа да тіндердің түйілуі түрінде білінетін қастауыштардың уытты әсеріне алып келуі мүмкін. Кларанта 250 және қастауыш алкалоидтарын бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде.

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер)

Кларанта 250-ді статиндермен бірге қолдануды сақтықпен тағайындау керек.

Кларанта 250-ді ловастатинмен немесе симвастатинмен бірге қабылдауға болмайды, өйткені бұл статиндер елеулі дәрежеде CYP3A4 метаболизденеді, ал кларитромициннің болуы олардың концентрациясының плазмадағы артуын туындатады, осыдан миопатия және рабдомиолиз даму қаупі ұлғаяды. Бұл статиндермен кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз туындаған жағдайлар туралы мәліметтер бар. Егер Кларанта 250 қолдану міндетті түрде керек болса, онда Кларанта 250 қолдану кезеңінде ловастатин немесе симвастатинді қабылдауды тоқтату керек.

Егер Кларанта 250 препаратымен статиндерді бір мезгілде қалайда қолдану керек болса, онда CYP3A4 метаболизміне байланысы жоқ, мысалы флувастатин сияқты статинді тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек. Статиннің ең төмен мүмкін дозасын ұсыну керек. Пациенттерде миопатияның белгілері мен симптомдарын қадағалау керек.

Басқа дәрілік препараттардың Кларанта 250-ге емдік әсеріне ықпалы

CYP3A4 индукциялайтын препараттар (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай) кларитромициннің метаболизмін жылдамдатуы мүмкін. Бұл Кларанта 250 тиімділігі төмендеуіне соқтыратын кларитромициннің емдік концентрацияларының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Бұдан басқа CYP3A4 жоғарылататын басқа дәрілік заттардың деңгейін бақылау талап етілуі мүмкін, олар кларитромициннің CYP3A4 тежейтін әсері салдарынан жоғарылауы мүмкін (сондай-ақ CYP3A4 тежегішін медициналық қолдану бойынша нұсқаулықтарды қараңыз). Рифабутин мен Кларанта 250-ді бір мезгілде қабылдау рифабутин деңгейі артуына және сарысудағы кларитромицин деңгейі төмендеуіне, сондай-ақ увеит қаупі ұлғаюына алып келетіні белгілі.

Төмендегі препараттар кларитромициннің айналымдағы концентрациясының өзгерісін туындатады, болмаса теориялық тұрғыда туындатуы мүмкін. Кларанта 250 дозасын түзету талап етілуі мүмкін. Сондай-ақ емнің басқа да нұсқаларын қарастыру керек.

Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин

Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин сияқты цитохром P450 метаболизмдік жүйесінің қуатты индукторлары кларитромициннің метаболизмін жылдамдатуы мүмкін, осылайша бір мезгілде дәл сондай микробиологиялық белсенділік көрсететін метаболит 14(R)-гидрокси-кларитромицин (14-OH-кларитромицин) деңгейін арттыра отырып, оның плазмадағы деңгейін төмендетеді. Кларитромицин мен 14-OH-кларитромициннің әртүрлі бактерияларға микробиологиялық әсерінде айырмашылық болғандықтан Кларанта 250-ді энзим индукторларымен бірге қабылдау дұрыс емдік әсеріне кедергі болуы мүмкін.

Этравирин

Этравирин қабылдағанда, Кларанта 250 экспозициясы төмендейді, ал оның белсенді метаболиті 14-OH-кларитромициннің концентрациясы жоғарылайды. 14-OH-кларитромицин микобактериялық кешенге қарсы (MAC) тиімділігі аз дәрі болғандықтан, бұл патогенге қатысты препараттың жалпы тиімділігі өзгеруі мүмкін. Осы себепті МАС емдеу үшін емнің баламалы нұсқасын қарастыру керек.

Флуконазол

Күніне 200 мг флуконазолды және күніне екі рет 500 мг кларитромицинді бір мезгілде қабылдау кларитромициннің ең аз тепе-тең орташа концентрациясының (Cmin) және қисық астындағы ауданның (AUC) тиісінше 33% және 18% жоғарылауына әкелді. 14-ОН-кларитромициннің белсенді метаболитінің тепе-тең концентрациясы флюконазолмен бірге қолданғанда елеулі өзгермеген. Кларанта 250 дозасын түзету талап етілмейді.

Ритонавир

Әрбір сегіз сағат сайын бір мезгілде 200 мг ритонавирді және әрбір 12 сағатта Кларанта 250 қолдану кларитромицин метаболизмінің елеулі тежелуіне алып келетінін көрсетті. Ритонавирмен бірге қолданғанда, кларитромициннің Cmax 31%-ға артты, Cmin - 182%-ға азайған, AUC - 77%-ға ұлғайған. Іс жүзінде 14-OH-кларитромицин түзілуінің толық тежелуі анықталды. Емдік диапазонының кеңдігіне байланысты бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Кларанта 250 дозасын азайту талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде дозаны түзету қажет: СLCR минутына 30-60 мл болғанда Кларанта 250 дозасын 50-ға, CLCR минутына 30 мл болғанда 75-ға төмендету қажет. Күніне 1 г-нан асатын Кларанта 250 дозасын ритонавирмен бірге қолданбаған жөн. Дозаны осылай түзетуді бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге ритонавирді фармакокинетикалық күшейткіш ретінде, атазанавир мен саквинавирді қоса, АИТВ-протеазаның басқа тежегіштерімен бірге қолданған кезде жүргізген жөн.

Кларанта 250-дің басқа дәрілік препараттарға әсері

Аритмияға қарсы препараттар

Кларитромицинді хинидинмен немесе дизопирамидпен бір уақытта қабылдағанда екі бағытты тахикардия (torsades de pointes) туындаған жағдайлар тіркелген.

Кларанта 250-мен аталған препараттарды бір уақытта қабылдағанда QT аралығының ұзаруын мезгілінде анықтау үшін ЭКГ-мониторингтеуді жүргізу ұсынылады. Кларанта 250-мен ем кезінде қан сарысуындағы аталған препараттың концентрациясын қадағалау керек.

Сондай-ақ постмаркетингтік есептерде кларитромицин мен дизопирамидті бір уақытта қабылдағанда гипогликемия жағдайлары тіркелген. Кларанта 250 және дизопирамидті бір уақытта қабылдағанда қандағы глюкоза деңгейін қадағалау керек.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер және инсулин

Натеглинид және репаглинид сияқты жекелеген гипогликемиялық препараттар CYP3A4 энзимін кларитромицинмен тежеуді туындатуы мүмкін, осыдан барып оларды бір уақытта қабылдағанда гипогликемия туындауы мүмкін. Кларанта 250 қабылдауда қант диабеті бар науқастарда глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.

CYP3A4 өзара әрекеттесуі

CYP3A4 ферментінің және негізінен CYP3A4 метаболизденетін кез келген басқа препараттың тежегіші ретінде белгілі Кларанта 250-мен бірге қолдану соңғысының қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның емдік әсерін және жағымсыз реакциялар туындау қаупін күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін.

CYP3A4 субстраттары – дәрілік заттарымен, әсіресе егер CYP3A4-субстрат емдік диапазоны тар болса (мысалы, карбамазепин) және/немесе осы энзиммен экстенсивті метаболизденсе, ем қабылдаушы пациенттерде Кларанта 250 қолданғанда сақ болу керек.

Кларанта 250-ді бір мезгілде қолданушы пациенттерде CYP3A4 метаболизденетін дәрілік заттардың дозасын өзгерту және сарысулық концентрациясының мониторингі қажет болуы мүмкін.

Төмендегі дәрілік препараттардың немесе препараттар тобының бір ғана CYP3A4 изоферментімен метаболизденетіні белгілі: альпразолам, астемизол, карбамазепин, цилостазол, цизаприд, циклоспорин, дизопирамид, қастауыш алкалоидтары, ловастатин, метилпреднизолон, мидазолам, омепразол, ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттар (мысалы, варфарин), пимозид, хинидин, рифабутин, сильденафил, симвастатин, такролимус, терфенадин, триазолам және винбластин, бірақ бұл тізім толық емес. Осыған ұқсас өзара әрекеттесу механизмі цитохром Р450 жүйесінің басқа изоферментімен метаболизденетін фенитоин, теофиллин және вальпроат қолданғанда анықталған.

Омепразол

Омепразолды (40 мг күн сайын) Кларанта 250 (500 мг әрбір 8 сағат сайын) бір мезгілде қабылдағанда омепразолдың плазмадағы тепе-тең концентрациясының (тиісінше Cmax, AUC0-24 және t1/2 - 30%-ға, 89%-ға және 34%-ға ұлғайған) артқаны анықталған. Асқазандағы pH көрсеткішінің орташа мәні омепразолды бөлек қабылдағанда 5.2 және омепразолды Кларанта 250 бірге қабылдағанда 5.7 құрады.

Силденафил, тадалафил және варденафил

Оларды Кларанта 250 бірге қолданғанда фосфодиэстераза (сильденафил, тадалафил және варденафил) тежегіштерінің плазмалық концентрациясының ұлғаю ықтималдығы бар, бұл фосфодиэстераза тежегіштерінің дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.

Теофиллин, карбамазепин

Кларанта 250-мен бірге қолданғанда теофиллин және карбамазепиннің айналымдағы концентрациясының аздаған, бірақ статистикалық елеулі артуы болған (p≤0,05).

Толтеродин

Толтеродин негізінен цитохром Р450 (CYP2D6) 2D6-изоформасымен метаболизденеді. Алайда CYP2D6 жоқ пациенттерде метаболизм CYP3A4 арқылы жүреді. Бұл популяцияда CYP3A4 бәсеңдеуі толтеродиннің плазмалық концентрациясының елеулі жоғарылауына алып келеді. Бұндай пациенттер үшін толтеродин дозасының төмендеуі Кларанта 250 сияқты CYP3A4 тежегіштерін қолданғанда ғана қажет болуы мүмкін.

Триазолбензодиазепиндер (мысалы, алпразолам, мидазолам, триазолам)

Мидазоламды және кларитромицин таблеткаларын бір мезгілде тағайындағанда, мидазоламды вена ішіне енгізгенде мидазолам AUC 2.7 есеге ұлғайған.

Триазолам мен альпразоламды қоса, CYP3A4 метаболизденетін басқа да бензодиазепиндерді қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек. Элиминациясы CYP3A4 (темазепам, нитразепам, лоразепам) байланыссыз бензодиазепиндер үшін Кларанта 250 клиникалық елеулі өзара әрекеттесу дамуының ықтималдығы аз.

Кларанта 250-мен триазоламды бірге қолданғанда дәрілермен өзара әрекеттесуі және орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар (ұйқышылдық және сананың шатасуы сияқты) дамығаны туралы мәлімдеулер бар. ОЖЖ тарапынан фармакологиялық тиімділігінің артуы мүмкіндігін ескере отырып, пациентті бақылау керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Колхицин CYP3A4 үшін, сондай-ақ p-гликопротеинді эффлюксті тасымалдаушы үшін де субстрат болып табылады. Кларанта 250 және басқа да макролидтер CYP3A4 және p-гликопротеиннің тежегіштері болып табылатыны белгілі. Кларанта 250 мен колхицинді бір уақытта қолданған жағдайда Р-гликопротеинді және CYP3A4 кларитромицинмен тежеу колхицин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін.

Кларанта 250 және колхицинді бірге қабылдау қарсы көрсетілімде.

Дигоксин P-гликопротеин (Pgp) субстраты болып саналады. Кларитромициннің Pgp бәсеңдетуге қабілеті бары белгілі. Бір уақытта қолданған жағдайда Pgp бәсеңдету дигоксин экспозициясының артуына алып келуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылауларда Кларанта 250 және дигоксинді бірге қабылдап жүрген пациенттердің қан сарысуында дигоксиннің концентрациясы артқаны анықталды. Кейбір пациенттерде дигиталисті уыттылық белгілері, соның ішінде потенциалды фатальді аритмиялар дамыды. Кларанта 250-ді қолданғанда пациенттердің қан сарысуында дигоксиннің концентрациясын мұқият бақылау керек.

Зидовудин

Кларанта 250 таблеткалары мен зидовудинді АИТВ жұқтырған ересек пациенттер бір мезгілде ішу арқылы қабылдағанда зидовудиннің тепе-тең концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Оларды бір мезгілде ішу арқылы қабылдағанда Кларанта 250 зидовудиннің сіңуіне әсер етеді, бұны Кларанта 250 мен зидовудин қабылдау арасындағы 4-сағаттық аралығын сақтау жолымен елеулі дәрежеде болдырмау мүмкіндігі бар. Фенитоин және вальпроат

Кларанта 250 сияқты CYP3A4 тежегіштері және метаболизмінде теориялық тұрғыда CYP3A қатыспайтын (мысалы, фенитоин және вальпроат) препараттар арасында өзара әрекеттесу болатыны анықталды.

Бұндай препараттарды Кларанта 250-мен бірге тағайындағанда олардың сарысудағы деңгейіне талдау жүргізу ұсынылады. Бұл препараттардың сарысудағы концентрациясы артқаны туралы мәлімдеулер бар.

Дәрілік препараттармен екі бағытты өзара әрекеттесулер

Атазанавир

Кларитромицин және атазанавир CYP3A4 субстраты және тежегіші болып табылады. Бұл препараттар арасында екі бағытты өзара әрекеттесулер бары расталған. Кларанта 250 (күніне екі рет 500 мг) пен атазанавирді (күніне бір рет 400 мг) бірге қолдану кларитромицин экспозициясының екі есе артуына, 14-OH-кларитромициннің экспозициясының 70%-ға төмендеуіне, және атазанавир AUC 28%-ға ұлғаюына алып келеді. Кларитромицин елеулі емдік уақыт аралығымен сипатталатындықтан бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде Кларанта 250 дозасын төмендету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі орташа пациенттер үшін (креатинин клиренсі 30-дан 60 мл/мин дейін) Кларанта 250 дозасы 50%-ға төмендетілуі тиіс. Креатинин клиренсі 30 мл/мин аз пациенттер үшін Кларанта 250 дозасы 75%-ға тиісті дәрілік түрлерді пайдалану жолымен төмендетілуі тиіс. Протеаза тежегіштерімен бірге қабылдағанда Кларанта 250 дозасы күніне 1000 мг аспауы тиіс.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары

Артериялық гипотензия даму қаупіне байланысты Кларанта 250 және CYP3A4 метаболизденетін кальций өзекшелерінің блокаторларымен (мысалы, верапамил, амлодипин, дилтиазем) бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Өзара әрекеттесулерде кларитромициннің де, сондай-ақ кальций өзекшелерінің блокаторларының да плазмалық концентрациялары артуы мүмкін. Кларитромицинді верапамилмен бірге қабылдаған пациенттерде артериялық гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз байқалған.

Итраконазол

Кларитромицин және итраконазол екі тарапты бағыттағы дәрілік өзара әрекеттесулерге әкелетін CYP3A4 субстраты және тежегіші болып табылады.

Кларитромицин итраконазолдың плазмалық деңгейін арттыруы мүмкін, бұл арада итраконазол кларитромициннің қан плазмасындағы деңгейін ұлғайтуы мүмкін. Итраконазолды Кларанта 250-мен бірге қолданғанда күшейтілген немесе ұзартылған фармакологиялық тиімділігінің білінулері мен симптомдарын анықтау үшін пациенттер дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.

Саквинавир

Кларитромицин және саквинавир CYP3A4 субстраты және тежегіші болып табылады. Бұл препараттар арасындағы екі бағыттағы өзара әрекеттесу расталған. Кларанта 250 (күніне екі рет 500 мг) пен саквинавирді (жұмсақ желатин капсулаларда, 1200 мг күніне үш рет) бір мезгілде қабылдау саквинавирді жеке дара қабылдаумен салыстырғанда саквинавирдің AUC және Cmax тепе-тең көрсеткіштерінің 177% және 187%-ға ұлғаюын туындатады. Кларанта 250 жеке дара қабылдаумен салыстырғанда кларитромициннің AUC және Cmax көрсеткіштері шамамен 40%-ға артқан. Зерттелетін дозалау мен дәрілік түрде қолданған жағдайда доза түзету талап етілмейді. Егер саквинавир ритонавирмен бір уақытта тағайындалған жағдай болса ритонавирдің кларитромицинге болжамды әсерін ескеру керек.

Арнайы сақтандырулар

Антибиотиктерді ұзақ уақыт немесе қайталап қолдану сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің шамадан тыс өсуін туғызуы мүмкін. Асқын инфекция пайда болғанда кларитромицин қолдануды тоқтатып, тиісті емді бастау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Кларитромицинді жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану қауіпсіздігі анықталмады. Сондықтан пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаусыз препаратты әйелдердің осы санатында қолдану ұсынылмайды. Кларитромицин емшек сүтімен бөлінеді.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер ету деректері жоқ. Алайда, автокөлік пен басқа механизмдерді басқару алдында құрысулар, бас айналу, вертиго, елестеулер, сананың шатасуы, бағдардан жаңылу және басқалары сияқты жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін екенін ескеру қажет.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Кларанта 250 препаратының дозасы күніне екі рет 250 мг құрайды, өте ауыр инфекцияларда дозаны күніне екі рет 500 мг дейін арттырады.

Емдеу ұзақтығы 6-14 күнге созылады.

Кларанта 250 препаратын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

12 жастан асқан балаларға күніне екі рет 250 мг-ды құрайды, өте ауыр инфекцияларда дозаны күніне екі рет 500 мг-ға дейін арттырады.

Қолдану тәсілі

Ішке қбылданады.

Таблетканы шайнамай, бүтіндей жұту керек.

Кларитромицинді ас ішуге байланыссыз тағайындауға болады, өйткені ас биожетімділік дәрежесіне әсер етпейді.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді

Емдеу ұзақтығы

Емдеуші дәрігер белгілейді

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: жүрек айну, құсу.

Емі: асқазанды шаю және демеуші ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін емдеуші дәрігерден кеңес алу қажет

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Кларитромицинмен емдеу кезіндегі ең жиі және жалпы жағымсыз реакциялар іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу және дәм сезудің бұрмалануы болып табылады. Осы жағымсыз реакциялар, әдетте, жеңіл білініп, макролидті антибиотиктер қауіпсіздігінің белгілі бейінімен сәйкестікте болады.

- диарея, құсу, іштің ауыруы, жүрек айну, дәм сезу түйсіктерінің өзгеруі, иіс сезу және дәм сезу бұзылыстары

- есекжем, анафилаксиялық шок және Стивенс-Джонсон синдромына дейінгі ауырлығы орташа тері бөртпесі, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен және жүйелі көріністермен (DRESS) қатар жүретін дәрі-дәрмектік тері реакциясы, акне, Шенлейн-Генох ауруы

- тілдің қабынуы, стоматит және ауыз қуысының ашытқылы микозы, анорексия, панкреатит, тіл және тіс түсінің өзгеруі

- тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, эозинофилия, агранулоцитоз

- бас айналу, бас ауыру, үрейлену, күйгелектік

- мазасыздық, ұйқысыздық, түнгі қорқыныштар, сананың көмескіленуі, елестеулер және болжамды психоз

- сарғаюмен немесе онсыз бауыр-жасушалық және/немесе холестаздық бауыр дисфункциясы және бауыр ферменттерінің жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігі

- гипогликемия

- естімей қалу, құлақтағы шыңыл

- қарыншалық экстрасистолия, QT аралығының кеңеюі, қарыншалық тахикардия, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны қоса

- инфекция, қынаптық инфекциялар

- демікпе, мұрыннан қан кету, өкпе тамырларының эмболиясы

- эзофагит, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, гастрит, прокталгия, стоматит, глоссит, іштің кебуі, ауыз кеберсуі, демікпе, метеоризм

- бұлшықеттер түйілуі, қаңқа-бұлшықет сіресуі, миалгия

- қан креатинині мен мочевинасының жоғарылауы

- дімкәстану, қызба, астения, кеуденің ауыруы, қалтырау, қатты қажу

- альбумин-глобулин арақатынасының өзгеруі, қан сарысуындағы сілтілік фосфатаза және лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы

- жалған жарғақшалы колит, тілмелі қабыну, эритразма

- рабдомиолиз (кларитромицин статиндермен, фибраттармен, колхицинмен немесе алопуринолмен бір мезгілде қолданылғанда рабдомиолиз туындауы туралы кейбір хабарламаларда), миопатия

- бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

- протромбин уақытының ұзаруы, несеп түсінің өзгеруі

Иммундық жүйе бұзылуы бар пациенттер.

Микобактериялық инфекцияларды емдеу үшін ұсынылғанына қарағанда, ұзақ уақыт кларитромициннің жоғары дозаларын қолданған ЖИТС-пен науқастарда және иммундық жүйе бұзылуы бар басқа пациенттерде препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакцияларды және негізгі немесе қатарлас аурулар симптомдарын ажырату үнемі мүмкін бола бермейді.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 таблетка құрамында

белсенді зат: 250 мг кларитромицин

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон, тазартылған су, натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, кремнийдің коллоидты қостотығы, магний стеараты

қабығы: инстакоат Аква-III (IA-III-40474) (полиэтиленгликоль, гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары WS (Е 104))

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Аджанта Фарма Лимитед

Аджанта Хаус

Чаркоп, Кандивли (3)

Мумбай, 400067, Үндістан

тел.: 91-22-66061000

e-mail: info@ajantapharma.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Аджанта Фарма Лимитед

Аджанта Хаус, Чаркоп, Кандивли (3)

Мумбай 400067, Үндістан

тел.: 91-22-66061000

e-mail: info@ajantapharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасындағы Аджанта Фарма Лимитед филиалы

Қазақстан Республикасы

050062, Алматы қ.

3 ықшам ауданы, 43А үй,

3, №4, №7, №8 кабинеттер

е-mail: puneet.kapur@ajantapharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ConsultAsia ЖШС

Алматы қ., Шевченко к-сі, 165 Б, 204-206 кеңсе

тел.: +77051708825/+77051708876 (24 сағаттық қолжетімділік)

факс: +727-379-42-58

e-mail: pv@consultingasia.kz

info@consultingasia.kz

Прикрепленные файлы

ЛВ_Кларанта_250_от_18.01_.2022_docx_.docx 0.07 кб
ЛВ_Кларанта_250_каз_испр.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники