Кламокс

МНН: Амоксициллин, Клавулановая кислота
Производитель: Билим Илач Сан. ве Тик. А. С.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Амоксициллин в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020994
Информация о регистрации в РК: 03.12.2014 - 03.12.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 67.58 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кламокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 625 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 617.6 мг амоксициллин тригидраты (500.0 мг амоксициллинге баламалы), 317.4 мг калий клавуланаты микрокристалды целлюлозамен (1 : 1) (125.0 мг клавулан қышқылына баламалы),

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы (Aс-Di-Sol), коллоидты сусыз кремний (Аэросил 200), магний стеараты, кросповидон - А типі, микрокристалды целлюлоза (Авицел pH 101),

қабықтың құрамы ақ опадри OY-S-7191: гипромеллоза (НРМС 2910), титанның қостотығы (Е 171), тальк.

Сипаттамасы

Қалыңдығы 6.7 мм-ден көп емес, сопақша пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бета-лактамды бактерияға қарсы препараттар – пенициллиндер. Бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілген пенициллиндер. Клавулан қышқылы + амоксициллин.

АТХ коды J01CR02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Кламоксты ішке қабылдағаннан кейін препараттың екі компоненті де асқазан-ішек жолынан (АІЖ) сіңіріледі. Бір уақытта ас ішу олардың сіңірілуіне әсер етпейді. Қан плазмасындағы концентрациялар шегіне қабылдағаннан кейін шамамен 45 минуттан кейін жетеді. Организм сұйықтықтарындағы концентрациялар шегі плазмалық концентрациялар шегіне жеткеннен кейін 1 сағаттан соң байқалады.

Таралуы

Амоксициллин мен клавулан қышқылы сарысу ақуыздарымен төмен дәрежеде (70 % байланыспаған күйде қалады) байланысады.

Кламокстың екі компоненті де тіндерде және интерстициальді сұйықтықта жақсы таралады –препараттың жоғары концентрациялары плазмада, қақырықта, бронхиальді секретте, өкпе тінінде, ортаңғы құлақта, қуықасты безінде, перитонеальді абсцесте, өт қабында, жатырда, аналық бездерде, май тіндерінде, бұлшықеттерде, сүйекте, теріде, биологиялық сұйықтықтарда (соның ішінде синовиальді, перитонеальді, плевральді, өт, іріңді бөлінулерде) байқалады.

Менингитте гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуі байқалады, бірақ препарат қабынбаған ми қабығы арқылы нашар өтеді.

Амоксициллин мен клавулан қышқылы плаценталық бөгет арқылы өтеді және төмен концентрацияларда емшек сүтінде байқалады.

Шығарылуы

Биологиялық жартылай шығарылу кезеңі амоксициллин үшін 1-1.3 сағатты және клавулан қышқылы үшін 1-1.2 сағатты құрайды.

Организмнен негізгі шығарылу жолы - несеппен, кейбір бөлігі нәжіспен немесе деммен шығарылады. Алғашқы 24 сағат ішінде клавулан қышқылы дозасының 68%-ы несеппен, 17 % - ы деммен және 8%-ы нәжіспен шығарылады.

Ерекше жағдайлардағы фармакокинетикасы

Бүйрек функциясы бұзылғанда екі компоненттің де бүйрек және бүйректен тыс клиренсі төмендейді, бұл плазмада жинақталуына әкеледі.

Фармакодинамикасы

Кламокс – амоксициллин мен калий клавуланатының (клавулан қышқылының калий тұзы) бета-лактамаза тежегішінің жартылай синтетикалық антибиотигінен тұратын бактерияға қарсы белсенділігі бар кең ауқымды пероральді біріктірілген антибиотик.

Амоксициллин – пенициллиннің, 6-аминопенициллан қышқылының негізгі ядросынан алынған ампициллин баламасы, бөлу және өсу кезеңінде пептидогликан (жасуша қабырғасының тірек полимері) синтезін бұзады, бактериялар лизисін туғызады.

Ферментативтік тәсілмен Streptomyces clavuligerus-тен алынған клавулан қышқылы – құрылымдық жағынан пенициллиндерге сәйкес келетін және осы ферменттердің белсенді бөліктерін бөгей отырып, бета-лактамазалар кең ауқымының белсенділігін жоюға қабілетті бета-лактамат. Клавулан қышқылы препараттың үнемі пенициллиндерге және цефалоспориндерге дәрілік резистенттілігін беруге жауапты плазмидтермен байланысты клиникалық тұрғыдан маңызды бета-лактамазаларға қатысты ерекше белсенді. Ол микроорганизмдер лактамазаларының әсеріне амоксициллиннің төзімділігін қамтамасыз етеді және осылайша оның бактерияға қарсы әсер ету ауқымын кеңейтеді.

Кламокстың бактерияға қарсы ауқымына төмендегі микроорганизмдер кіреді:

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecalis, Gardnerella vaginalis, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал), коагулаза-жағымсыз стафилококтар (метициллинге сезімтал), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae1, Streptococcus pyogenes және басқа да бета-гемолитикалық стрептококтар, Streptococcus viridans, Bacillius anthracis, Listeria monocytogenes, Nocardia asteroids тобы

Грамтеріс аэробтар: Actinobacillus actinomycetemcomitans, Capnocytophaga spp., Eikenella corrodens, Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis, Neisseria gonorrhoeae, Pasteurella multocida

анаэробтық микроорганизмдер: Bacteroides fragilis, Fusobacterium nucleatum, Prevotella spp.

Жүре пайда болуы мүмкін резистенттіліктері бар микроорганизмдер

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecium*

Грамтеріс аэробтар: Escherichia coli, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris

Табиғи резистенттіліктері бар микроорганизмдер:

грамтеріс аэробтар: Acinetobacter species, Citrobacter freundii, Enterobacter species, Legionella pneumophila, Morganella morganii, Providencia species, Pseudomonas species, Serratia species, Stenotrophomonas maltophilia;

басқалар: Chlamydia trachomatis, Chlamydophila pneumoniae, Chlamydophila psittaci, Coxiella burnetti, Mycoplasma pneumoniae.

*Жүре пайда болған резистенттіліктері болмағанда табиғи сезімталдығы

1 Пенициллиндерге резистентті Streptococcus pneumoniae штамдардан басқа.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдер штамдары туғызған ауруларда, соның ішінде:

- төменгі тыныс алу жолдарының жұқпаларында (жедел және созылмалы бронхит, пневмония, бронхопневмония)

- жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпаларында (тонзиллит, синусит, ортаңғы отит)

- несеп-жыныс жүйесі жұқпаларында (цистит, уретрит, пиелонефрит)

- тері және жұмсақ тіндер жұқпаларында (фурункул, абсцесс, флегмона, жара жұқпалары)

- сүйек пен буын жұқпаларында (остеомиелит)

- сепсистік аборт, босанған кездегі сепсис, интраабдоминальді сепсисте

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ішке (дене салмағы 40 кг-ден жоғары балалар) жұқпаның жеңіл және орташа ауыр ағымында 12 сағат сайын 1 таблеткадан, ауыр жұқпаларда (төменгі тыныс алу жолдарының жұқпаларында, несеп-жыныс жүйесі жұқпаларында) - 1 таблеткадан 8 сағат сайын тағайындайды.

Таблетканы шайнамай, тұтастай жұту керек.

Кламокс тамақтануға байланыссыз асқазан-ішек жолынан жеңіл сіңіріледі. Асқазан-ішек жолы тарапынан әсерлерін азайту үшін Кламоксты тамақтануға дейін тағайындау керек.

Емдеу курсы - 5-7 күн.

Емді науқастың жай-күйін қайталап бағаламайынша 14 күннен артық созуға болмайды (атап айтқанда остеомиелит) .

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны кестеде келтірілген деректерге сәйкес түзету керек.

Жеңіл дәрежедегі жеткіліксіздік (Креатинин клиренсі > 30 мл/мин)

Орташа дәрежедегі жеткіліксіздік (Креатинин клиренсі 10-30 мл/мин)

Ауыр дәрежедегі жеткіліксіздік (Креатинин клиренсі

< 10 мл/мин)

Дозаны түзету қажет емес.

Жұқпаның ауырлығына сәйкес: Кламокс таблеткасы 625 мг күніне 2-3 рет

Кламокс таблеткасы 625 мг тәулігіне 2 рет

Кламокс таблеткасы 625 мг тәулігіне 1 рет

Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілер

Емді сақтықпен жүргізеді, бауыр функциясына ұдайы мониторинг жүргізіп отырады.

Егде жастағы емделушілер

Кламокс препаратының дозасын төмендетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы емделушілерде дозаны бүйрек функциясы бұзылған емделушілер үшін жоғарыда көрсетілгендей түзету керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі ≥ 10-нан 1-нде, жиі ≥ 100-ден 1-нде және < 10-нан 1-нде, кейде ≥ 1000-нан 1-нде және < 100-ден 1-нде,

сирек ≥ 10000-нан 1-нде және < 1,000-нан 1-нде, өте сирек < 10000-нан 1-нде

Жиі

- тері және шырышты жабындар кандидозы

- жүрек айнуы, құсу, диарея

Препараттың жоғары дозаларын қолданған кезде жүрек айнуы жиі кездеседі. Көрініс дәрежесін төмендету үшін таблеткаларды тамақтанудың басында қабылдау ұсынылады.

Кейде

- бас айналуы, бас ауыруы

- диспепсия

- АЛТ/АСТ бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Сирек

- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения

- мультиформалы эритема

Белгісіз

- қайтымды агранулоцитоз және гемолитикалық анемия, қан кету уақытының және протромбиндік уақыт индексінің жоғарылауы

- ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит

- құрысулар

- антибиотиктік астасқан колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялықты қоса)

- тілдің түкті қараюы (тілдің жіп тәрізді бүртіктерінің созылмалы гиперплазиясы)

- гепатит, холестаздық сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, буллёздік эксфолиативтік дерматит, жедел жайылған экзантема тәрізді пустулёз. Осы симптомдар дамыған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

- интерстициальді нефрит, кристаллурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амоксициллинге, клавулан қышқылына немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- пенициллиндерге, цефалоспориндерге және басқа да бета-лактамдық антибиотиктерге жоғары сезімталдық

- сыртартқысында пенициллиндер тобының антибиотиктерін қабылдаумен туындаған холестаздық сарғаю немесе гепатит

- жұқпалы мононуклеоз

- 12 жасқа дейінгі балаларға немесе дене салмағы 40 кг-ден төмен балаларға

- лимфолейкоз

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кламокс пен метотрексатты бір уақытта қолдану метотрексаттың уыттылығын жоғарылатады.

Аллопуринолмен бірге тағайындау терінің аллергиялық реакцияларының даму жиілігін арттырады.

Кламокс пен антикоагулянттарды бір уақытта қолданғанда протромбиндік уақыт ұзаруы мүмкін (мұндай біріктірілімді қолдану сақтықты қажет етеді).

Дисульфираммен қолдануды болдырмау керек.

Кламокстің тиімділігі төмендеуі мүмкіндігіне байланысты бактериостатикалық антибиотиктермен (макролидтер, тетрациклиндер) біріктіріп қолдануға болмайды.

Рифампицинмен біріктіру антогонисті.

Антибиотиктер пероральді контрацептивтердің тиімділігін төмендететіні көрсетілген.

Кламоксті пробеницидпен бір уақытта қолдану ұсынылмайды. Пробеницид амоксициллиннің өзекшелік секрециясын төмендетеді, оның сарысулық концентрациясын арттырады.

Микофенолат мофетил қабылдайтын емделушілерде Кламокспен бірге қолданғанда микофенол қышқылының белсенді метаболитінің концентрациясы бастапқы дозаны тағайындағанда шамамен 50%-ға төмендейді. Бастапқы доза концентрациясының деңгейін өзгерту микофенол қышқылының жиынтық экспозициясы концентрацияларының өзгеруіне сәйкес келмеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты аллергиялық реакцияларға бейім емделушілерге, сондай-ақ, цефалоспорин қатарлы антибиотиктерге белгілі сезімталдығы жоғары емделушілерге сақтықпен тағайындайды, себебі айқаспалы сезімталдық даму қаупі жоғары. Күрделі аса жоғары сезімталдық дамыған кезде емделушіге тез арада адреналин енгізу керек. Оксигенотерапия, стероидтарды көктамыр ішіне енгізу және интубация кіретін тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.

Кламоксті жұқпалы мононуклеозға күдік туындағанда тағайындауға болмайды, өйткені осы ауруы бар емделушілерде амоксициллин тері бөртпесін туғызуы мүмкін, бұл ауруды диагностикалауды қиындатады.

Кламокспен ұзақ емдеу оған сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуімен қатар жүруі мүмкін.

Антибиотиктерді қолдану аясында жалған жарғақшалы колиттің даму жағдайлары анықталған, оның ауырлығы емделушінің өміріне қауіп төндіретін жеңілден ауыр дәрежеге дейін құбылып отырған. Осылайша, антибиотиктерді қабылдағанда немесе емдеу курсы аяқталғаннан кейін диареясы бар емделушілерде осы патологияның туындау мүмкіндігін назарға алу қажет. Диарея ұзаққа созылған немесе елеулі дамыған жағдайда, іштің аумағында түйілулер болғанда Кламокспен емдеуді жедел тоқтату керек және емделушілер ары қарайғы тексеруге жіберілуі тиіс.

Жалпы алғанда, Кламокс жақсы көтерімді және барлық пенициллиндерге тән уыттылығы төмен. 7 күннен артық емдегенде қан түзу, бауыр және бүйрек функцияларының жай-күйін бақылап отыру керек. .

Препаратты бауыр функциясы бұзылған емделушілерге сақтықпен тағайындайды. Бауыр зақымдалуының белгілері мен симптомдары әдетте емнің барысында немесе емді бастағаннан кейін бірден туындайды, бірақ кейбір жағдайларда емді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта бойы көрінбеуі мүмкін. Әдетте олар қайтымды. Бауыр бұзылулары кейде өте күрделі болуы мүмкін. Ұдайы дерлік олар күрделі бауыр аурулары бар емделушілерде немесе бауырға әлеуетті әсер етуші ретінде белгілі препараттарды бір уақытта қабылдағандарда тіркелген.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде препарат дозасы аурудың ауырлығына сәйкес түзетілуі тиіс.

Бүйрек функциясы төмен емделушілерге тағайындаған кезде немесе жоғары дозаларды пайдаланғанда құрысулар дамуы мүмкін.

Диурезі төмен емделушілерде сирек жағдайларда кристаллурия туындауы мүмкін. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау ұсынылады және амоксициллин кристалдары түзілу ықтималдығын азайту үшін талапқа сай диурезді ұстап тұру керек. Катетері бар емделушілерде олардың жай-күйіне тұрақты баға беріп отыру қажет.

Несептегі глюкоза мөлшерін анықтау үшін амоксициллинмен емдеу кезінде глюкозаның ферментті тотығуы әдісін пайдалану қажет, себебі ферментті емес әдістер жалған оң нәтиже алуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Кламокста клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминдердің эритроциттер жарғақшасымен спецификалық емес байланысуына себеп болуы мүмкін, бұл Кумбстің жалған оң реакциясына әкеледі.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігердің ойынша қажет болған жағдайлардан басқа кезде Кламоксті жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Кламокс бала емізу кезінде тағайындалуы мүмкін. Емшек сүтіне өтетін препараттың іздік мөлшеріне байланысты сенсибилизация даму қаупін қоспағанда емшек еметін сәбилерде жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.

Әйелдерде ұрық қабығы мерзімінен бұрын жарылған кезде және мерзімінен бұрын босанғанда амоксициллин мен клавуланатты біріктіріп профилактикалық емдеу жаңа туған нәрестелерде некротиздейтін энтероколиттің даму қаупінің жоғарылауымен астасқан.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуы, құрысулар сияқты жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты Кламокс препаратын қолдану кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея және электролиттер теңгерімінің бұзылуы.

Емі: симптоматикалық, қажет болғанда – гемодиализ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 таблеткадан салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Билим Илач Сан. ве Тик. А. С., Текирдаг, Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

Билим Илач Сан. ве Тик. А. С., Стамбул, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050040, Алматы қ., Сейфуллин д-лы, 458-460/95, 315 кеңсе,

телефон/факс 8/727/2794732

Прикрепленные файлы

444747661477976588_ru.doc 83.5 кб
662944411477977742_kz.doc 101 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники