Кислота аскорбиновая с апельсиновым вкусом

МНН: Аскорбиновая кислота, Декстроза
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012638
Информация о регистрации в РК: 18.12.2013 - 18.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Апельсин дәмі бар аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 100 мг аскорбин қышқылы

877 мг сусыз глюкоза

қосымша заттар: магний немесе кальций стеараты, тальк, апельсин майы, темірдің сары тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, сопақша пішінді, дәмі қышқыл-тәтті, теңбілдері бар, ақшыл-сарыдан күңгірт-сары түске дейінгі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа препараттармен біріктірілген аскорбин қышқылы.

АТХ коды A11GВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін аскорбин қышқылы аш ішекте толығымен сіңеді. Ішке қабылдағаннан кейін қандағы ең жоғары концентрациясына 4 сағаттан соң жетеді. Жеміс пен жидектердің жаңа дайындалған шырындарын тағаммен қабылдағанда, сілтілі сусын ішкенде ішекте препараттың утилизациясы төмендейді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 25% құрайды. Аскорбин қышқылы лейкоциттерге, тромбоциттерге оңай өтеді, гипофиздің артқы бөлігінде, бүйрек үсті безінің қыртысында, көз эпителийінде, ұрық бездерінің аралық жасушаларында, аналық бездерде, бауырда, мида, көк бауырда, ұйқы безінде, өкпеде, бүйректерде, ішек қабырғаларында, жүректе, бұлшық еттерде, қалқанша безде жинақталады. Негізінен бауырда дезоксиаскорбин қышқылына және одан әрі қарай қымыздықсірке және дикетогулон қышқылына метаболизденеді, олар несеппен шығарылады. Жоғары дозаларда қан плазмасындағы концентрациясы 1,4 мг/дл артып түссе, шығарылуы тез күшейеді, препаратты тоқтатқаннан кейін де, тез шығарылуы сақталуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Апельсин дәмі бар аскорбин қышқылы құрамында аскорбин қышқылы мен глюкоза бар, біріктірілген препарат болып саналады.

Аскорбин қышқылы метаболикалық әсерге ие, зат алмасуын реттеуге қатысады. Антиоксидантты қасиеттерге ие. Көптеген биохимиялық реакциялардағы сутегі тасымалдануын реттейді, трикарбон қышқылы циклінде глюкозаның пайдаланылуын жақсартады, тетрагидрофолий қышқылының түзілуі мен тіндер регенерациясына, стероидты гормондар, коллаген, проколлаген синтезіне қатысады. Гиалуронидазаны басады. Протеолитикалық ферменттерді белсенділендіреді, хош иісті аминқышқылдары, пигменттер мен холестериндердің алмасуына қатысады, бауырда гликогеннің жинақталуына ықпал етеді. Бауырда тыныс алу ферменттерін белсенділендіру есебінен оның детоксикациялық және ақуыз түзу қызметтерін күшейтеді, протромбин синтезін арттырады. Антиденелердің, С3 – компонент комплементінің, интерферонның синтезін көтермелеу есебінен иммунологиялық реакцияны реттейді. Фагоцитозға түрткі болады, организмнің жұқпаға қарсы тұруын арттырады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына, тирозин метаболизміне, фолий қышқылының фолиник қышқылына айналуына, көмірсулар метаболизміне, липидтер мен ақуыздар синтезіне, темір метаболизміне, жасушалық тыныс алу үдерістеріне қатысады, жұқпаларға төзімділіктің қалыптасуына ықпал етеді.

Глюкоза тотығу-тотықсыздану үдерістерін және зат алмасу үдерісін көтермелейді, аскорбин қышқылының детоксикациялық қабілетін күшейте отырып, бауырда гликогеннің барынша қарқынды жинақталуына ықпал етеді.

Қолданылуы

- С витаминінің гипо- және авитаминозының алдын алуда және емдеуде

- геморрагиялық диатезде

- балалардың белсенді өсуі, жүктілік, бала емізу кезеңінде организмнің С витаминіне жоғары қажеттілігінде

- дене және ақыл-ой жүктемесі артқанда

- ұзақ және ауыр аурулардан кейін сауығу кезеңінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтан соң ішке тағайындайды.

Алдын алу мақсатында 14 жастан үлкен балаларға және ересектерге – тәулігіне 1\2 - 1 таблеткадан; 6 жастан 13 жасқа дейінгілерге – тәулігіне 1\2 таблеткадан; жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңде, лактация кезінде 10-15 күн бойы тәулігіне 3 таблеткадан, бұдан кейін алдын алу үшін – 15 күн бойы тәулігіне 1 таблеткадан тағайындайды.

Ересектерге арналған емдік доза күніне 3-5 рет 1\2 – 1 таблетка. Балаларға 6 жастан бастап күніне 2-3 рет 1\2–1 таблетка.

Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ағымына байланысты.

Жағымсыз әсерлері

- ұйқысыздық, бас ауыруы, әлсіздік

- асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, жүрек айнуы, құсу, қыжыл, диарея, гастрит, АІЖ шырышты қабығының ульцерациясы

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, тері гиперемиясы)

- несеп рН-ның транзиторлы төмендеуі, орташа дәрежедегі поллакиурия (тәулігіне 600 мг дозадан аса қабылдаған кезде), үлкен дозаларды ұзақ уақыт қолданған кезде – гипероксалурия, нефролитиаз (кальций оксалатынан), бүйректің гломерулярлы аппаратының зақымдануында, бүйрек қызметінің бұзылуында

- қылтамырлар өткізгіштігінің төмендеуі (тіндер трофикасының нашарлау мүмкіндігі, АҚ көтерілуі, гиперкоагуляция, микроангиопатияның дамуы)

- ұйқы безінің инсулярлы аппарат қызметінің басылуы (гипергликемия, глюкозурия)

- тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гиперкоагуляция, тромбофлебит және тромбозға бейімділік

- қант диабеті

- талассемия

- гемохроматоз

- сидеробластты анемия

- гипероксалурия, нефролитиаз

- глюкозо-6-фосфатдегидрогиназа тапшылығы

- гиперацидті гастрит, АІЖ эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылының синергисі В1 (тиамин) және Р (рутин) витаминдері, ал антагонисі – қалқанша бездің гормондары болып табылады. Қанда салицилаттар, сульфаттар концентрациясын арттырады, бұл бензилпенициллиндер мен тетрациклиндердің кристаллуриясы даму қаупін күшейтіп, ішілетін контрацептивтердікін – төмендетеді. Кумарин туындыларының антикоагулянттық тиімділігін төмендетеді. Ішекте темір препараттарының сіңуін жақсартады. Хинолин қатарындағы препараттар, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ уақыт қолданғанда С витаминінің қорын азайтады.

Барбитураттар аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады. Антипсихотикалық дәрілік заттар (нейролептиктер) - фенотиазин туындыларының терапиялық шығарылуын, амфетамин мен үшциклді антидепрессанттардың өзекшелік реабсобциясын азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Несептас ауруы бар науқастарға сақтықпен тағайындайды, үлкен дозада ұзақ қабылдау ұсынылмайды. Препараттың үлкен дозаларын қабылдау кейбір зертханалық талдаулардың нәтижелеріне (несептегі глюкоза деңгейіне, нәжістегі жасырын қан зерттеулеріне) әсер етуі мүмкін.

Үлкен дозалармен емдеу кезінде бүйрек және ұйқы безі қызметіне, артериялық қысымның деңгейіне бақылау жасау керек.

Жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастаздалатын ісіктері бар емделушілерге аскорбин қышқылын тағайындау үдеріс ағымын ушықтырып жіберуі мүмкін. Бір мезгілде қолданғанда изопреналиннің хронотропты әсерін азайтады.

Организмінде темір құрамы жоғары емделушілер аскорбин қышқылын ең төменгі дозада қабылдау керек. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар емделушілер сақтықпен қолданғандары жөн.

Педиатрияда қолдану

6 жасқа дейінгі балаларға бұл дәрілік түрі тағайындалмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде аскорбин қышқылын жоғары дозаларда қабылдаудың қажеті жоқ. Жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрінде аскорбин қышқылына деген ең аз күнделікті қажеттілік шамамен 100 мг, лактация кезінде – 100 мг құрайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат психомоторлық реакциялар жылдамдығына әсер етпейді, сондықтан препаратты көлік құралдарын немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқаратын адамдарға тағайындауға болады.

Артық дозалануы

Симптомдары: тері бетінің бозаруы, ашығуды сезіну, тахикардия, қатты тершеңдік, діріл.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір және гиперосмостық іш жүргізгіштер (лактулоза) тағайындау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

500-1000 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы.

Алматы қ., Жандосов к-сі 184 «г»,

тел.: 309-74-07, факс: 309-74-14

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы.

Алматы қ., Жандосов к-сі 184 «г»,

тел.: 309-74-07, факс: 309-74-14

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі 184 «г»,

тел.: 309-74-07, факс: 309-74-14,

e-mail: globalzavod@mail.ru.

 

Прикрепленные файлы

345825891477976813_ru.doc 48 кб
971326991477977967_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники