Кирин

МНН: Спектиномицин
Производитель: LABORATORIO ITALIANO BIOCHIMICO FARMACEUTICO LISAPHARMA S.P.A.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Spectinomycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012845
Информация о регистрации в РК: 20.10.2014 - 20.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Кирин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Спектиномицин

Дәрілік түрі

Инъекция үшін суспензия дайындауға арналған 2.0 г ұнтақ

3.2 мл « 9 мг/мл бензил спиртімен инъекцияға арналған бактериостатикалық су» еріткішімен жиынтықта

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – 2000.0 мг спектиномицинге баламалы, спектиномицин дигидрохлоридінің пентагидраты

«9 мг/мл бензил спиртімен инъекцияға арналған 3,2 мл бактериостатикалық су» еріткіші

бір ампуладағы еріткіштің құрамы: 28,8 мг бензил спирті, 3,2 мл дейін инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы басқа да препараттар. Спектиномицин.

АТХ коды J01XX04

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейінгі сіңуі төмен, б/і енгізгеннен кейінгі сіңуі жоғары.

Плазма ақуыздарымен байланысуы мардымсыз. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясы, тиісінше, 100 және 160 мкг/мл құрайды, қайталап енгізу плазмадағы концентрациясын аздап арттырады (препарат жиналып қалмайды). Бүйрек қызметі қалыпты болған кезде қанда ең жоғары концентрациясы шегіне 2 г дозада бұлшықет ішіне (б/і) енгізгеннен кейін 1 сағаттан соң және 4 г дозада енгізгеннен кейін 2 сағаттан соң жетеді. Несепте жиналады, сілекейде болымсыз концентрацияда болады. Таралу көлемі - 0,33 л/кг. Жартылай шығарылу кезеңі – 1-3 сағат, 48 сағаттан соң толық шығарылады (көбінесе өзгермеген күйінде бүйректер арқылы - 75). Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі (КК) минутына 20 мл-ден төмен) жартылай шығарылу кезеңі – 10-30 сағат. Гемодиализ кезінде 50-ға шығарылады. Препарат гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейді.

Фармакодинамикасы

Кирин – Streptomyces тектес саңырауқұлақтардан өндірілетін кең ауқымда әсер ететін антибиотик. Құрылымы бойынша канамицинмен және гентамицинмен ұқсас аминоциклдық қосылыс, аминогликозидтер болып табылмайды және оларға тән уытты әсері жоқ.

Көбінесе грамтеріс микроорганизмдерге әсер етеді, Neisseria gonorrhoeae-ға қатысы өте белсенді (оның ішінде тұрақсыз, пенициллиназаны жасап шығаратын гонококктар немесе хромосомалар арқылы тұрақты болатын төзімді түрлері). Бактериостатикалық әсер етеді – бактериялық жасушаларда ақуыздың синтезін бұзып, рибосоманың 30S суббірлігімен байланысады. Жоғары концентрацияда сезімтал микроорганизмдерге бактерицидті түрде әсер етіп, жасуша жарғақшасының тұтастығын бұзады. Chlamydia spp. және Treponema pallidum қатысты белсенді емес.

Қолданылуы

  • еркектердегі жедел және созылмалы соз уретритінде және простатитте

  • әйелдердегі жедел және созылмалы соз цервицитінде және проктитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Суспензия дайындау үшін құтының ішіндегісіне 3-3,2 мл еріткіш қосып, жақсылап шайқап сұйылту керек. 5 мл суспензияда 400 мг/мл спектиномицин бар. Дайындалған суспензия дереу қолданылуы тиіс. Суспензияны енгізу үшін G-20 инесі қолданылады.

Ересектер:

Бір реттік дозасы – бұлшықет ішіне енгізілетін 2 г Кирин (дайындалған 5 мл суспензия).

 

Бір реттік доза 4 г-ға дейін арттырылуы мүмкін. Создың созылмалы баяу өтетін түрінде Кирин 24 сағат аралықпен екі рет тағайындалуы мүмкін.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • енгізген жердің ауыруы

  • аллергиялық реакциялар (есекжем, қышыну, тері гиперемиясы, қалтырау, қызба, анафилактикалық шок)

  • диурездің төмендеуі, мочевина концентрациясының жоғарылауы, уртикарий және олигоурия

  • бас айналу, ұйқысыздық

  • жүректің айнуы, құсу, іштің түйілуі

  • гемоглобиннің, гематокриттің, креатинин клиренсінің төмендеуі, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің және сілтілік фосфатазаның жоғарылауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • спектиномицинге асқын сезімталдық

  • мерезді емдеу кезінде пайдалану

  • бауыр жеткіліксіздігі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кирин литийдің клиренсін төмендетеді, ол литийдің емдік және уыттық әсерлерінің күшеюіне әкеп соғады. Қанда литийдің концентрациясына мониторинг жүргізу, оның дозасын түзету қажет.

Айрықша нұсқаулар

Жыныстық серігі-еркекке жұқпаның алдын-алу үшін мүшеқапты пайдаланған жөн; жұқпаның қайталануына жол бермеу үшін жыныстық серігін де бір мезгілде емдеу қажет.

Диализ спектиномициннің плазмадағы деңгейін 50-ға төмендетеді.

Бүйрек қызметі төмендеген науқастарда шығарылу уақыты едәуір артады.

Балалар

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде созды емдеуге арналған бірінші қатардағы препарат.

Киринмен емдеген кезде бала емізуді тоқтата тұру керек.

Препараттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

 

Бас айналған кезде автокөлікті басқаруды және қауіпті механизмдермен жұмыс жасауды тоқтата тұру қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлер симптомдарының күшеюі

Емі: белгілеріне қарай

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.0 г препараттан (спектиномицинге шаққанда) резеңке тығынмен тұмшаланып тығындалған, алюминий қалпақшамен қаусырылған түссіз шыныдан жасалған құтыларда.

Әрбір құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

Еріткіш 3.2 мл-ден ашуға арналған белгісі бар қоңыр түсті ампулаға құйылады. Әрбір ампулаға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

Препараты бар 1 құты және 1 ампула еріткішімен полиэтиленді үлбірмен жабылған поливинилхлоридті пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші :

«LABORATORIO ITALIANO BIOCHIMICO FARMACEUTICO LISAPHARMA S.P.A.», ИТАЛИЯ

Via Licinico, 11 – 22036 Erba (Como), Italy

(031) 64 12 57

(031) 64 41 82/ (031) 61 10 04

 

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Медокеми Лтд», Кипр

1-10 Constantinoupoleos street, 3011, Limassol, Cyprus.

Tel: 00 357 25 867600, Fax: 0035725560863

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

«Медокеми Лтд», Кипр

Тұтынушылардан Қазақстан Республикасы аумағында өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы “Медокеми Лтд” өкілдігі

Алматы қ-сы, Мұқанов к-сі, 241, 1Б кеңсе, тел/факс 313-73-76

E-mail: medochemie@mail.ru

Прикрепленные файлы

057588511477976697_ru.doc 55.5 кб
050911911477977859_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники