Кипролис (60 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
- Осы дәрілік зат қосымша мониторинг жүргізілетін топқа жатады. Бұл оның қауіпсіздігі жөнінде жаңа ақпаратты тез анықтауға мүмкіндік береді. Біз денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен байқалған кез келген күмәнді жағымсыз реакциялар туралы мәлімдеп отыруды өтінеміз.
Саудалық атауы
Кипролис
Халықаралық патенттелмеген атауы
Карфилзомиб
Дәрілік түрі, дозалануы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 30 мг және 60 мг
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Карфилзомиб
ATХ коды: L01XX45
Қолданылуы
Кипролистің леналидомидпен және дексаметазонмен немесе тек дексаметазонмен біріктірілімі бұдан бұрынғы емдеудің ең кемінде бір желісін қабылдаған, көптеген миеломасы бар ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- Белсенді затқа және «Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- Емшек емізу кезеңіндегі әйелдерге.
Кипролис басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолданылатын болғандықтан, емдеудің қосымша қарсы көрсетілімдері жөнінде ақпарат алу үшін препараттардың қолдану жөніндегі нұсқаулықтарымен танысып шығу керек.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жалпы сақтық шаралары
Карфилзомиб - цитотоксикалық зат. Сондықтан Кипролисті қолдануға және дайындауға сақтықпен қарау керек. Қолғаптар мен басқа қорғаныс құралдарды пайдалану ұсынылады.
Ерітіндіні қалыпқа келтіру және вена ішіне енгізуге дайындау
Ішінде Кипролис препараты бар құтыда микробтарға қарсы консерванттар жоқ және тек бір реттік пайдалануға ғана арналған. Препаратты қалпына келтіру және енгізуге дайындауды асептика жағдайында орындау қажет.
Қалпына келтірілген ерітіндіде 2 мг/мл концентрациядағы карфилзомиб бар. Ерітіндіні қалыпқа келтірер алдында препаратты дайындау жөніндегі нұсқаулықты толық оқып шығыңыз.
- Тура пайдаланар алдында құтыны тоңазытқыштан шығарып алыңыз.
- Пациенттің бастапқы ДБА негізінде, сізге қажет болатын Кипролистің дозасын (мг/м2) және құтылар санын есептеп алыңыз. ДБА 2,2 м2-ден көбірек болатын пациенттер 2,2 м2-ге тең ДБА үшін қарастырылған дозаны қабылдауы тиіс. Емдеу кезінде салмағы ≤ 20%-ға өзгерген жағдайда дозаны түзету қажет емес.
- Асептика тәртібін сақтай отырып, ерітіндіні қалыпқа келтіру үшін 21G немесе одан көбірек өлшемді инені ғана (сыртқы диаметрі 0,8 мм немесе одан аз инелер) пайдалануға болады, әрбір құтыға инъекцияға арналған 15 мл (30 мг дозадағы құтылар үшін) немесе 29 мл (60 мг дозадағы құтылар үшін) стерильді суды құтының қақпағын шаншып тесу арқылы, көбіктің түзілуін барынша азайту мақсатында, ерітіндінің ағысын ҚҰТЫНЫҢ ІШКІ ҚАБЫРҒАСЫНА бағыттай отырып, баяу енгізеді.
- Құтыны шамамен 1 минут бойы немесе ішіндегісі толық ерігенге дейін ақырын және баяу айналдырады және/немесе төңкереді. ҚҰТЫНЫ СІЛКІЛЕУГЕ БОЛМАЙДЫ. Егер көбік түзілсе, ерітіндіні қоя тұрады, яғни көбік жоғалғанша (шамамен 5 минут) және ерітінді мөлдір болғанша күте тұрыңыз.
- Препаратты енгізер алдында ерітіндіде ерімеген бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегендігін білу тұрғысында қарап, тексеріп шығыңыз. Қалыпқа келтірілгеннен кейін препарат мөлдір түссіз немесе сарғыш ерітінді болуы тиіс, және егер ерітіндінің түсі өзгерсе немесе ішінде ерімеген бөлшектері бар болса, ерітіндіні енгізуге болмайды.
- Құтыда қалған пайдаланылмаған препаратты, оның мөлшеріне қарамай, жою қажет.
- Қалауыңыз бойынша, Кипролисті инфузиялық пакеттің жәрдемімен енгізуге болады. Препаратты ағынды немесе болюс түрінде қолдануға тыйым салынады.
- Инфузиялық пакетті пайдаланған жағдайда есептелген дозаны құтыдан алу үшін 21G немесе одан көбірек өлшемді инені ғана (сыртқы диаметрі 0,8 мм немесе одан аз инелер) пайдалану керек. Алынған дозаны содан кейін ішінде инъекцияға арналған 5%-дық глюкоза ерітіндісі бар, көлемі 50 немесе 100 мл инфузиялық пакетте ерітеді.
Утилизация
Пайдаланылмаған дәрілік препаратты немесе оның қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Карфилзомибтің метаболизмі негізінен пептидазаның және эпоксидгидролазаның әсер етуімен жүзеге асырылады, демек, Р450 цитохромы жүйесінің тежегіштерін және индукторларын бір мезгілде қолдану карфилзомибтің фармакокинетикалық бейініне ықпалын тигізбеуі тиіс.
Іn vitro зерттеулер карфилзомибтің адамның өсірінді гепатоциттерінде CYP3A4 ферментін индукцияламайтындығын көрсетті. Карфилзомибтің 27 мг/м2 дозасының (ұзақтығы 2 – 10 минуттық инфузия түрінде), CYP3A ферментіне ықпал етуіне баға беру үшін пероральді мидазолам пайдаланылған клиникалық зерттеу мидазоламның фармакокинетикасының карфилзомибті бір мезгілде қолданғанда өзгермейтіндігін көріністеді, бұл CYP3A4/5 субстраттарының метаболизмін карфилзомибтің баспауы тиіс екендігін және адам организмінде CYP3A4 индукторы болып табылмайтындығын көрсетті. Ұқсас клиникалық зерттеулерде 56 мг/м2-ге тең доза зерттелген жоқ. Дегенмен, карфилзомибтің емдік концентрацияларда CYP1A2, 2C8, 2C9, 2C19 және 2B6-ға индукциялайтын әсер беретіндігі-бермейтіндігі әзір анықталмады. Карфилзомибті осы ферменттердің субстраттары болып табылатын, құрамына, мысалы, оральді контрацептивтер кіретін дәрілік заттармен біріктіріп қолданғанда сақтық шараларын жүргізген жөн.
Емдеу кезінде жүктіліктің басталуына жол бермеудің тиімді әдістерін пайдалану қажет; сондықтан оральді контрацептивтерді қабылдап жүрген пациенттер контрацепцияның альтернативті тиімді әдісін таңдауы тиіс.
Карфилзомиб in vitro жағдайларында CYP1A2, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19 және 2D6 ферменттерін тежемейді, сондықтан ол осы ферменттердің субстраттары болып табылатын дәрілік заттардың экспозициясына тежегіш әсерін тигізеді деп күтілмейді.
Карфилзомиб Р-гликопротеиннің (P-gp) субстраты болып табылады, бірақ BCRP субстраты емес. Алайда, Кипролистің вена ішіне енгізілетіндігін және қарқынды метаболизмге түсетіндігіні ескерер болсақ, карфилзомибтің фармакокинетикалық бейініне P-gp тежегіштерінің немесе индукторларының немесе BCRP-нің ықпал етуі мүмкін екендігі екіталай. Іn vitro жағдайларында емдік дозаларды енгізуден кейін күтілетіннен аз 3 мкМ концентрацияларда қолданғанда карфилзомиб P-gp субстратының – дигоксиннің эффлюкстік тасымалын 25%-ға бәсеңдетеді. Карфилзомибті P-gp субстраттарымен (мысалы, дигоксин, колхицин) біріктіріп қолданғанда сақтық шараларын орындау керек.
Іn vitro жағдайларында карфилзомиб ОАТР1В1 тежейді, мұндайда жартылай ең жоғары тежелу концентрациясы IC50 = 2,01 мкМ, бірақ OATP1B3, OAT1, OAT3, OCT2 және BSEP сияқты басқа да тасымалдаушыларды карфилзомибтің жүйелік деңгейде тежеу қабілетінің бар-жоқтығы анықталған жоқ. Карфилзомиб адамның UGT2B7 ферментіне тежегіш әсер бермейді, бірақ адамның 5,5 мкМ-ге тең UGT1A1 белсенділігін басады. Дегенмен, карфилзомибтің тез шығарылуына және әсіресе инфузия аяқталғаннан кейін 5 минуттан соң оның жүйелік концентрациясының тез төмендеуіне назар аударар болсақ, OATP1B1 және UGT1A1 субстраттарымен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулердің төмен болуы ықтимал.
Арнайы сақтандырулар
Кипролис басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолданылатын болғандықтан, емдеуді бастар алдында дәрілік заттардың қолдану жөніндегі нұсқаулықтарымен танысып шығу қажет. Леналидомидтің Кипролиспен біріктіріліп тағайындалуы мүмкін екендігін ескеріп, леналидомидпен емделу кезінде жүктіліктің басталуына жол бермеуге қатысты талаптарға және жүктілікке тест жүргізуге ерекше назар аударған жөн.
Жүрек тарапынан бұзылулар
Кипролисті қолданғаннан кейін жүрек функциясы жеткіліксіздігінің (мысалы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі, өкпенің ісінуі және лықсу фракциясының төмендеуі), миокард ишемиясының және миокард инфарктісінің бастапқы даму немесе өршу жағдайлары орын алды. Кипролис препаратын енгізгеннен кейін бір тәуліктен аз уақыт өткен соң жүрек тоқтауы салдарынан өлімге әкелу жағдайлары байқалды және жүрек жеткіліксіздігімен және миокард инфарктімен байланысты өлімге әкелу жағдайлары туралы хабарламалар бар. Препаратты қабылдаумен байланысты болуы мүмкін әсерлер «Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы» бөлімінде көрсетілген.
Алғашқы курс ішінде препаратты енгізер алдында сұйықтықты адекватты тұтынуды қамтамасыз ету қажет, бірақ мұндайда гиперволемия белгілерін анықтау мақсатында, жүрек функциясы жеткіліксіздігінің қауіп тобына кіретін пациенттердің жай-күйін де міндетті түрде бақылау керек.
Емдеуді бастағанға дейін диагностикаланған жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, және жүрек функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупінің тобына кіретін пациенттерде тұтынатын сұйықтықтың жалпы көлемі клиникалық көрсетілімдеріне сәйкес түзетілуі мүмкін.
Ауырлығы 3 немесе 4 дәрежедегі кардиологиялық бұзылулар дамыған жағдайда Кипролиспен емдеуді олар басылғанша тоқтатады, ал содан кейін пайдасы мен қаупіне баға беру нәтижелерінің негізінде 1 деңгейге төмендеген дозаны қолданып, емдеуді қайта жаңғырту мәселесін қарастырады.
Жүрек функциясы жеткіліксіздігінің қаупі егде жастағы (≥ 75 жас) пациенттерде жоғарылайды. Сонымен қатар, азиялық тектегі пациенттерде жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі артады.
Емдеуді бастамас бұрын, жүрек-қантамырлары патологиясының даму қаупін мұқият бағалау ұсынылады.
Жүрек функциясының Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясының (NYHA) шкаласы бойынша ІІІ немесе IV класына жататын жеткіліксіздігі бар, жақын арада миокард инфарктісін басынан өткерген және өткізгіштіктің дәрілік заттармен бақыланбайтын бұзылулары бар пациенттер клиникалық зерттеулерге жіберілген жоқ. Мұндай пациенттер кардиологиялық асқынулардың өте жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін. Жүрек функциясының NYHA шкаласы бойынша ІІІ немесе IV класына жататын жеткіліксіздігінің белгілері немесе симптомдары бар, жақын арада (мұның алдындағы 4 айда) миокард инфарктісін басынан өткерген немесе бақыланбайтын стенокардиясы немесе аритмиясы бар пациенттерді Кипролиспен емдеуді бастар алдында жан-жақты медициналық тексеруден өткізу көрсетілген. Осындай тексеру аясында науқастың артериялық қысымына және инфузия теңгерімін демеуге ерекше назар аударылатын әрекетті оңтайландыруға мүмкіндік беретін ақпарат алу қажет. Осы пациенттерді әрі қарай емдеуді бүкіл сақтық шараларын жасай және қатаң бақылауға ала отырып, жүргізу керек.
Электрокардиограммадағы өзгерулер
Клиникалық зерттеулерде QT аралығының ұзару жағдайлары тіркелді. Кипролистің QT аралыққа ықпалы етуі мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды.
Тыныс алу жүйесіне уыттылық әсері
Кипролис қабылдаған пациенттерде жедел респираторлық дистресс-синдромының (ЖРДС), тыныс алу функциясының жедел жеткіліксіздігінің және пневмонит пен өкпенің интерстициальді ауруы сияқты өкпенің жедел диффуздық инфильтрациялық ауруларының жағдайлары тіркелді. Осы бұзылулардың кейбіреулері өліммен аяқталды.
Осындай құбылыстар байқалған жағдайда пациенттің жай-күйіне баға беру және пациенттің жағдайы қалпына келгенге дейін Кипролисті қолдануды тоқтату керек, содан кейін пайдасы мен қаупін талдау нәтижелерінің негізінде емдеуді қайта жаңғырту жөніндегі мәселені қабылдайды.
Өкпе гипертензиясы
Кипролис препаратымен емделген пациенттерде өкпе гипертензиясының даму жағдайлары байқалды. Кейбір жағдайларда өліммен аяқталғаны жөнінде мәлімдемелер алынды. Осы ауруға күдіктенген кезде пациентке тиісінше тексеру көрсетілген. Өкпе гипертензиясы айғақталған жағдайда өкпе функциясы бастапқы деңгейіндегі қалпына келгенше Кипролисті қолдануды тоқтату керек, ал содан кейін пайдасы мен қаупіне баға беру нәтижелерінің негізінде Кипролиспен емдеуді қайта жаңғырту жөніндегі мәселені қарастыру керек.
Ентігу
Кипролиспен ем қабылдаған пациенттерде ентігуге шағымдар жиі пайда болды. Ентігу пайда болған жағдайда жүрек-өкпе патологиясын, оның ішінде жүрек жеткіліксіздігі мен өкпе синдромдарын болдырмау үшін тексеру жүргізу қажет. Ауырлығы 3 немесе 4 дәрежедегі ентігу дамыған жағдайда Кипролисті қолдануды ентігу басылғанға дейін немесе тыныс алу сипаты бастапқы деңгейге дейін қалпына келгенше тоқтатады, содан кейін пайдасы мен қаупіне баға беру нәтижелерінің негізінде Кипролиспен емдеуді қайта жаңғырту жөніндегі мәселені қарастырады.
Артериялық гипертензия
Кипролис қабылдаған пациенттерде гипертониялық кризді және асқынған гипертониялық кризді қоса, артериялық гипертензия жағдайлары тіркелді. Осы бұзылулардың кейбіреулері өліммен аяқталды. Ем басталғанша және емдеу барысында гипертензияға мониторинг жүргізу ұсынылады. Кипролис қабылдайтын барлық пациенттерге артериялық гипертензияны анықтау мақсатында ұдайы тексеру және, қажеттілік туындаса, ем тағайындау көрсетілген. Егер артериялық гипертензияны бақылау мүмкін болмаса, Кипролистің дозасын төмендету қажет. Гипертониялық криз дамыған жағдайда, ол басылғанға немесе артериялық қысым бастапқы деңгейдегі қалпына келгенге дейін Кипролис препаратын қолдануды тоқтатады, содан кейін пайдасы мен қаупіне баға беру нәтижелерінің негізінде Кипролиспен емдеуді қайта жаңғырту жөніндегі мәселені қарастырады.
Бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі
Кипролиспен емдеуден өткен пациенттерде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің жағдайлары жөнінде мәлімдемелер алынды. Кейбір жағдайларда өліммен аяқталғаны жөнінде мәлімдемелер алынды. Бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі Кипролиспен монотерапия қабылдаған, кеш сатыдағы қайталанатын немесе рефрактерлі көптеген миеломасы бар пациенттерде жиі диагностикаланды. III фазада жүргізілген клиникалық зерттеулерде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігіне байланысты жағымсыз құбылыстардың жиілігі бастапқы креатинин клиренсі төменірек болған пациенттерде, бастапқы креатинин клиренсі жоғарырақ болған пациенттермен салыстырғанда, жоғары болды. Пациенттердің көбісінде креатинин клиренсі уақыт өте келе өзгерген жоқ. Бүйрек функциясының көрсеткіштерін айына ең болмағанда бір рет немесе клиникалық нұсқауларда қарастырылғандай жиілігімен өлшеп тұру қажет, мұндай мониторинг бастапқы креатинин клиренсі төменірек пациенттер үшін аса маңызды мәнге ие. Қажет болған жағдайда препаратты төмендетілген дозада енгізе бастайды немесе тоқтатады.
Ісік лизисінің синдромы
Кипролис қабылдаған пациенттерде ісік лизисі синдромының (ІЛС), соның ішінде өліммен аяқталған жағдайлары тіркелген. Ісік жүктемесі жоғары пациенттерде ІЛС қаупінің жоғары дәрежеде болатындығына назар аудару қажет. Алғашқы курс ішінде Кипролисті енгізер алдында сұйықтықты адекватты тұтынуды қамтамасыз ету керек және, қажет болған жағдайда, кейінгі курстар кезінде гидратацияны жалғастырған жөн.
ІЛС қаупі жоғары топқа кіретін пациенттерді емдегенде несеп қышқылының мөлшерін төмендететін дәрілік заттарды тағайындау жөніндегі мәселені қарастыру керек. Емдеу кезінде пациенттерге ІЛС анықтау мақсатында мониторинг қолданылады, сонымен қан сарысуындағы электролиттер мөлшерін ұдайы өлшеу және, ол қалпынан тыс болса, дереу түзету шараларын жасау керек. ІЛС диагнозы қойылған жағдайда Кипролисті қолдануды ІЛС басылғанға дейін тоқтату керек.
Инфузиялық реакциялар
Кипролисті қолдану аясында инфузиялық реакциялар, соның ішінде өмірге қауіп төндіретін жағдайлар тіркелді. Мұндай реакциялардың симптомдары температураның жоғарылауын, қалтырауды, артралгияны, миалгияны, бетке қан тебуді, беттің ісінуін, құсуды, әлсіздікті, тыныстың тарылуын, гипотензияны, естен тануды, кеуденің кернеу сезімін немесе стенокардияны қамтуы мүмкін. Инфузиялық реакциялар Кипролисті енгізгеннен кейін бірден немесе инфузиядан кейін 24 сағатқа дейін дамуы мүмкін. Мұндай реакциялардың жиілігін және ауырлығын төмендету үшін Кипролисті енгізер алдында пациенттерге дексаметазон енгізілуі тиіс.
Қан кетулер және тромбоцитопения
Кипролиспен ем қабылдап жүрген пациенттерде қан кету жағдайлары (мысалы, гастроинтестинальді, өкпелік және бассүйекішілік) тіркелді, олар көбіне тромбоцитопениямен байланысты болды. Осындай жағдайлардың кейбіреулері өліммен аяқталған.
Кипролистің әсерінен туындайтын тромбоцитопения үшін тромбоциттер санының әрбір 28 күндік курстың 8 немесе 15-ші күнінде барынша ең төмен деңгейге дейін азаюы және келесі курстың басында тромбоциттердің бастапқы санының қалпына келуі тән.
Кипролиспен емделу кезінде тромбоциттер санын өте жиірек анықтап отыру қажет. Қажет болған жағдайда, препаратты төмендетілген дозада енгізеді немесе тоқтатады.
Вена тромбозы жағдайлары
Кипролис қабылдаған пациенттерде, тереңдегі веналар тромбозын және өкпе артерияларының өліммен аяқталатын тромбоэмболиясын қоса, веналық тромбоэмболиялық асқынулар жағдайлары тіркелді.
Тромбоэмболия қаупінің белгілі факторлары, соның ішінде анамнезінде тромбозы бар пациенттерге мұқият мониторинг қолданылады. Модификацияланатын барлық қауіп факторларын (мысалы, шылым шегу, артериялық гипертензия және гиперлипидемия) барынша ең азға азайту қажет. Сондай-ақ тромбоз қаупін арттыруы мүмкін басқа препараттармен (мысалы, эритропоэзды стимуляциялауға арналған дәрілер немесе гормонның орнын алмастыратын препараттар) біріктіріп қолданғанда сақтық таныту керек. Пациентке және емдеуші дәрігерге тромбоэмболия белгілеріне және симптомдарына қатысты қырағылық көрсету ұсынылады. Пациенттерге тыныстың тарылуы, кеуденің ауыруы, қан түкіру, қолдың немесе аяқтың ісінулері, немесе аяқ-қолдың ауыруы сияқты симптомдар дамыған жағдайда олардың медициналық жәрдемге жүгінуі тиіс екендігіне нұсқау беру қажет.
Тромбозға, әрбір нақты жағдайда пайдасына және қаупіне баға бере отырып, профилактика тағайындау жөніндегі мәселені қарастырған жөн.
Гепатоуыттылық
Гепатоуыттылықтың даму, соның ішінде өліммен аяқталу жағдайлары жөнінде мәлімделді. Кипролис препараты қан сарысуында трансаминазалар деңгейінің жоғарылауын туындатуы мүмкін. Қажет болған жағдайда препаратты төмендетілген дозада енгізеді немесе тоқтатады. Емдеуді бастар алдында пациенттерге бауыр ферменттері мен билирубиннің мөлшерін анықтауға талдау жүргізілуі тиіс және әрі қарай осы зерттеуді, бастапқы көрсеткіштеріне қарамай, карфилзомибпен емдеудің бүкіл курсы бойы айына бір рет жүргізу керек.
Тромбоздық микроангиопатия
Кипролис қабылдаған пациенттерде, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпураны және гемолитикалық уремиялық синдромды (ТТП/ГУС) қоса, тромбоздық микроангиопатия жағдайлары тіркелген. Осы бұзылулардың кейбіреулері өліммен аяқталған. ТТП/ГУС белгілерінің және симптомдарының пайда болуын мониторинг жүргізу қажет. Осы диагнозға күмәнданғанда Кипролисті қолдануды тоқтату және пациентте болуы мүмкін ТТП/ГУС-ті тексеру керек. Егер ТТП/ГУС диагнозы айғақталмаса, Кипролиспен емдеуді қайта жаңғыртуға болады. ТТП/ГУС-ті басынан өткерген пациенттерге Кипролиспен емдеуді қайталап тағайындаудың қауіпсіздігі анықталған жоқ.
Артқы қайтымды энцефалопатия синдромы
Кипролис қабылдаған пациенттерде артқы қайтымды энцефалопатия синдромы (АҚЭС) жағдайлары тіркелді. Бұрын қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы (ҚАЛС) деп аталған АҚЭС сирек неврологиялық бұзылыс болып табылады, ол артериялық гипертензиямен қатар, құрысулармен, бас ауырумен, енжарлықпен, сананың шатасуымен, соқырлықпен, санасының өзгеру жағдайымен және басқа да көру және неврологиялық бұзылулармен көрініс беруі мүмкін, ал осы диагнозды айғақтау үшін нейрорентгенологиялық зерттеу жасалады. АҚЭС-ке күдіктенген жағдайда Кипролисті қолдануды тоқтатқан жөн. АҚЭС-ті басынан өткерген пациенттерге Кипролиспен ем тағайындаудың қауіпсіздігі анықталған жоқ.
B гепатиті вирусының (ВГВ) реактивациясы
Кипролис препаратын қабылдаған пациенттерде, B гепатиті вирусының (ВГВ) реактивациясы жағдайлары байқалды.
Карфилзомибпен емдеуді бастар алдында пациенттердің барлығында ВГВ қатысты мониторинг жүргізу қажет. ВГВ серологиялық талдауының нәтижелері оң пациенттерде вирусқа қарсы препараттарды қолданып профилактика жүргізу мәселесін қарастыру керек. Ондай пациенттерде емдеу кезінде және емдеу аяқталғаннан кейін ВГВ реактивациясының клиникалық және зертханалық белгілеріне қатысты мониторинг жүргізу қажет. Қажет болса, ВГВ инфекциясын емдеу саласындағы сарапшылармен кеңесу керек. ВГВ реактивациясының талапқа сай бақылануына жеткеннен кейін карфилзомибті қолдануды қайта бастаудың қауіпсіздігі зерттелмеген. Сондықтан, қайта бастау мәселесін ВГВ емдеу жөніндегі сарапшылармен бірге шешу қажет.
Үдемелі мультифокустық лейкоэнцефалопатия
Осының алдындағы иммуносупрессивтік емнен кейін немесе сондай еммен бір мезгілде карфилзомибті қабылдаған пациенттерде, үдемелі мультифокустық лейкоэнцефалопатия (ҮМЛЭ) дамыған жағдайлар байқалды.
Карфилзомибті қабылдап жүрген пациенттерде ОЖЖ тарапынан бұзылулардың дифференциалды диагностикасы аясында ҮМЛЭ білдіруі мүмкін кез келген жаңа немесе ушыққан неврологиялық, когнитивтік немесе мінез-құлықтық белгілер мен симптомдарға қатысты мониторинг жүргізу қажет.
ҮМЛЭ күдіктенген жағдайда, препаратты ары қарай енгізуді, сәйкесінше диагностикалық тексеру жүргізетін маман ҮМЛЭ бар-жоқтығын анықтағанға дейін тоқтата тұру қажет. ҮМЛЭ расталған жағдайда, карфилзомибті қолдану тоқтатылуы тиіс.
Контрацепция
Ұрпақ өрбіте алатын жастағы әйелдер (және/немесе олардың серіктестері) емдеудің бүкіл курсы кезінде және оны аяқтағаннан кейін бір ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс. Еркектер емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін 3 ай бойы, егер олардың серіктесі жүкті болса немесе ұрықтануға қабілетті болса, бірақ контрацепцияның тиімді құралдарын пайдаланбаса, контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс. Карфилзомиб пероральді контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Натрийдің мөлшері
Осы дәрілік препараттың құрамында қалпына келтірілген ерітіндінің мл-не шаққанда 0,3 ммоль (7 мг) натрий бар. Бұған натрийді пайдалану бақыланатын диета сақтап жүрген пациенттерді емдеген кезде назар аудару керек.
Жүктілік және лактация кезінде
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер/еркектердегі және әйелдердегі контрацепция
Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер (және/немесе олардың серіктестері) емдеу курсы ішінде және оны аяқтағаннан кейін бір ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс.
Карфилзомибпен емдеу аясында пероральді контрацептивтердің тиімділігі төмендеуі мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бұдан басқа, карфилзомибті қолданған кезде веналық тромбоэмболиялық асқынулар қаупінің жоғарылауымен байланысты, әйелдер карфилзомибпен емделу кезінде тромбоз қаупімен астасқан гормональді контрацептивтерді қолдануға жол бермеуі тиіс. Егер пациент пероральді контрацептивтерді қабылдаса немесе тромбоз қаупімен астасқан контрацепцияның басқа гормональді әдісін пайдаланса, ол контрацепцияның басқа тиімді затын таңдауы керек.
Еркектер, егер олардың серіктестері жүкті болса немесе ұрықтануға қабілетті болса, бірақ контрацепцияның тиімді заттарын пайдаланбаса, емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін тағы 3 ай бойы контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде карфилзомибті қолдану жөнінде деректер алынған жоқ.
Жануарларға жасалған зерттеулер репродукциялық уыттылықты көрсетті.
Жануарлардагы зерттеулердің нәтижелері және Кипролистің әсер ету механизмі бойынша жүктілік кезінде қолданған жағдайда препарат шаранаға зиянын тигізуі мүмкін. Жүктілік кезінде Кипролисті тек емдеудің потенциалды пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен басым екендігін ақтаған жағдайларда ғана қолдануға болады. Егер жүкті әйелге Кипролис тағайындалса немесе жүктілік осы дәрілік затты қолдану кезінде басталса, пациент шарана үшін потенциалды қауіптен хабардар болуы тиіс.
Леналидомид талидомидтің құрылымдық жағынан ұқсас болып табылады. Талидомид – бұл адамдарға қолданған кезде ауыр және өмірге қатер төндіретін даму кемістігін туындататын тератогендік айқын әсері бар белсенді зат. Жүктілік кезінде леналидомидті қолданған жағдайда тератогендік әсерлердің дамуын күтуге болады. Жүктілікке жол бермеуге қатысты леналидомид үшін қарастырылған бағдарламалардағы жағдайлар, пациенттің нәресте ұрықтандыруға қабілетсіз екендігіне сенімді дәлелдер бар болатын жағдайларды қоспағанда, барлық пациенттерге қолданылуы тиіс. Тиісті ақпаратты леналидомидке арналған дәрілік препараттың қысқа сипаттамасынан караңыз.
Емшек емізу
Адамның емшек сүтімен карфилзомибтің немесе оның метаболиттерінің бөлініп шығатындығы-шықпайтындығы белгісіз. Препараттың фармакологиялық қасиеттерін ескерсек, оның емшек еміп жүрген нәресте үшін қаупін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан Кипролис қабылдап жүрген әйелдердің емдеу курсы кезінде және оны аяқтағаннан кейін кем дегенде 2 күн бойы, сақтық шаралары ретінде, балаларды емізуіне тыйым салынады.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кипролис көлік құралын басқару және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау қабілетіне аздап ықпалын тигізеді.
Клиникалық зерттеулерде қажығыштық, бас айналу, естен тану, көрудің бұлыңғырлануы, ұйқышылдық және/немесе қан қысымының төмендеуі сияқты жағымсыз құбылыстар байқалды. Кипролиспен ем қабылдап жүрген пациенттерге осы симптомдардың қандай да болсын біреуі пайда болған жағдайда рөлге отырмауға және құрал-жабдықтармен жұмыс жасамауға кеңес беріледі.
Үйлесімсіздік
Үйлесімділігіне зерттеулер жүргізілмегендіктен, дәрілік препаратты басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі Кипролисті инъекцияға арналған концентрациясы 9 мг/мл (0,9%) натрий хлоридінің ерітіндісімен араластыруға болмайды.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Кипролиспен емдеу ісікке қарсы ем жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүзеге асырылуы тиіс.
Дозалау режимі
Доза пациенттің дене бетінің бастапқы ауданының (ДБА) негізінде есептеледі. ДБА 2,2 м2-ден көбірек болатын пациенттер 2,2 м2-ге тең болатын ДБА-ға қарастырылған дозаны алуы тиіс. Емделу кезінде салмақ 20% аз немесе баламалы өзгерген жағдайда дозаны түзету қажет емес.
Кипролистің леналидомидмен және дексаметазонмен біріктірілімі
1 кестеде көрсетілгендей, леналидомидпен және дексаметазонмен біріктіріп қолданғанда Кипролис үш апта бойы (1, 2, 8, 9, 15 және 16 күндері) әрбір аптада кейінгі екі күн бойы вена ішіне ұзақтығы 10 минуттық инфузия түрінде енгізіледі, содан кейін 1 кестеде көрсетілгендей 12 күндік (17-ден бастап 28-ші күнді қоса) үзіліс жасайды. Әрбір 28 күндік кезең емдеудің бір курсы болып табылады.
1-ші курстың 1-ші және 2-ші күнінде Кипролис 20 мг/м2 тең (44 мг-ден асырмай) старттық дозада енгізіледі. Егер бұл дозаның жағымдылығы жақсы болса, онда 1-ші курстың 8-ші күні оны 27 мг/м2 дейін (60 мг-ден асырмай) арттырады. 13-ші курстан бастап Кипролистің дозасын 8-ші және 9-шы күндері қабылдамай өткізіп жібереді.
Емдеу ауру өршігенге дейін немесе қолайсыз уыттылық дамығанға дейін жалғастырылуы мүмкін.
Егер емдеуші дәрігер Кипролисті леналидомидпен және дексаметазонмен біріктіріп 18 курстан көбірек қолдану мүмкіндігін қарастырса, онда әрбір жеке жағдайда емдеуші дәрігер пайда/қаупіне баға беруі тиіс, өйткені оны 18 курстан көбірек қолданғанда карфилзомибтің жағымдылығына және уыттылығына қатысты алынған деректер саны шектеулі болды.
Кипролиспен біріктіріп қолданғанда леналидомид 1-ден бастап 21-ші күндері 25 мг дозада пероральді түрде тағайындалады, дексаметазон 40 мг дозада пероральді түрде немесе вена ішіне 28 күндік курстың 1, 8, 15 және 22-ші күндері тағайындалады. Егер, мысалы, бүйрек функциясының бастапқыдан бұзылулары бар пациенттерде леналидомидтің старттық дозасын тиісінше төмендету қажеттілігі туындаса, леналидомид препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулықта берілген қолданыстағы нұсқауларды орындауы қажет. Дексаметазонды Кипролисті енгізуден 30 минут – 4 сағат бұрын қабылдау керек.
1 кесте. Кипролистің леналидомидпен және дексаметазонмен біріктіріліміa
|
1-ші курс |
||||||||||
1-апта |
2-апта |
3-апта |
4-апта |
||||||||
1-ші күн |
2-ші күн |
3 – 7-ші күндер |
8-ші күн |
9-шы күн |
10 – 14-ші күндер |
15-ші күн |
16-шы күн |
17 – 21-ші күндер |
22-ші күн |
23 – 28-ші күндер |
|
Кипролис (мг/м2) |
20 |
20 |
– |
27 |
27 |
– |
27 |
27 |
– |
– |
– |
Дексаметазон (мг) |
40 |
– |
– |
40 |
– |
– |
40 |
– |
– |
40 |
– |
Леналидомид |
Тәулігіне 25 мг |
– |
– |
||||||||
|
2 – 12-ші курстар |
||||||||||
1-ші апта |
2-ші апта |
3-ші апта |
4-ші апта |
||||||||
1-ші күн |
2-ші күн |
3 – 7-ші күндер |
8-ші күн |
9-шы күн |
10 – 14-ші күндер |
15-ші күн |
16-шы күн |
17 – 21-ші күндер |
22-ші күн |
23 – 28-ші күндер |
|
Кипролис (мг/м2) |
27 |
27 |
– |
27 |
27 |
– |
27 |
27 |
– |
– |
– |
Дексаметазон (мг) |
40 |
– |
– |
40 |
– |
– |
40 |
– |
– |
40 |
– |
Леналидомид |
Тәулігіне 25 мг |
– |
– |
||||||||
|
13-ші курс және кейінгі курстар |
||||||||||
1-ші апта |
2-ші апта |
3-ші апта |
4-ші апта |
||||||||
1-ші күн |
2-ші күн |
3 – 7-ші күндер |
8-ші күн |
9-шы күн |
10 – 14-ші күндер |
15-ші күн |
16-шы күн |
17 – 21-ші күндер |
22-ші күн |
23 – 28-ші күндер |
|
Кипролис (мг/м2) |
27 |
27 |
– |
– |
– |
– |
27 |
27 |
– |
– |
– |
Дексаметазон (мг) |
40 |
– |
– |
40 |
– |
– |
40 |
– |
– |
40 |
– |
Леналидомид |
Тәулігіне 25 мг |
– |
– |
a.Инфузияның ұзақтығы 10 минутты құрайды және емдеудің осы режимін қолданудың бүкіл кезеңі ішінде өзгермеуі тиіс.
Кипролистің дексаметазонмен біріктірілімі
Дексаметазонмен біріктіріп қолданғанда Кипролис үш апта бойы (1, 2, 8, 9, 15 және 16-шы күндері) әрбір аптада кейінгі екі күн бойы вена ішіне ұзақтығы 30 минуттық инфузия түрінде енгізіледі, содан кейін 2 кестеде көрсетілгендей 12 күндік (17-ден бастап 28-ші күнді қоса) үзіліс жасайды. Әрбір 28 күндік кезең емдеудің бір курсы деп саналады.
1-ші курстың 1 және 2-ші күнінде Кипролис 20 мг/м2 тең (44 мг-ден асырмай) старттық дозада енгізіледі. Егер бұл дозаның жағымдылығы жақсы болса, онда 1-ші курстың 8-ші күні оны 56 мг/м2 дейін (123 мг-ден асырмай) арттырады.
Емдеу ауру өршігенге дейін немесе қолайсыз уыттылық дамығанға дейін жалғастырылуы мүмкін.
Егер Кипролисті дексаметазонмен ғана біріктіріп тағайындаса, онда соңғысын пероральді түрде қабылдайды немесе 28 күндік курстың 1, 2, 8, 9, 15, 16, 22 және 23-ші күндері вена ішіне 20 мг дозада енгізеді. Дексаметазонды Кипролистен 30 минут – 4 сағат бұрын қабылдау керек.
2 кесте. Кипролистің дексаметазонмен ғана біріктіріліміa
|
1-ші курс |
||||||||||||
1-ші апта |
2-ші апта |
3-ші апта |
4-ші апта |
||||||||||
1-ші күн |
2-ші күн |
3 – 7-ші күндер |
8-ші күн |
9-шы күн |
10–14-ші күндер |
15-ші күн |
16-шы күн |
17 – 21-ші күндер |
22-ші күн |
23-ші күн |
24 – 28-ші күндер |
||
Кипролис (мг/м2) |
20 |
20 |
– |
56 |
56 |
– |
56 |
56 |
– |
– |
– |
– |
|
Дексаметазон (мг) |
20 |
20 |
– |
20 |
20 |
– |
20 |
20 |
– |
20 |
20 |
– |
|
|
2-ші курс және кейінгі барлық курстар |
||||||||||||
1-ші апта |
2-ші апта |
3-ші апта |
4-ші апта |
||||||||||
1-ші күн |
2-ші күн |
3 – 7-ші күндер |
8-ші күн |
9-шы күн |
10 – 14-ші күндер |
15-ші күн |
16-шы күн |
17–21-ші күндер |
22-ші күн |
23-ші күн |
24 – 28-ші күндер |
||
Кипролис (мг/м2) |
56 |
56 |
– |
56 |
56 |
– |
56 |
56 |
– |
– |
– |
– |
|
Дексаметазон (мг) |
20 |
20 |
– |
20 |
20 |
– |
20 |
20 |
– |
20 |
20 |
– |
|
a.Инфузияның ұзақтығы 30 минутты құрайды және ол емдеудің осы режимін қолданудың бүкіл кезеңі ішінде өзгермеуі тиіс.
Біріктірілген дәрілік ем
Белдемелі герпес вирусы (Herpes zoster) реактивациясының қаупін төмендету мақсатында Кипролиспен ем қабылдап жүрген пациенттерге вирусқа қарсы профилактикалық ем тағайындау жөніндегі мәселені қарастыру керек.
Пациентте байқалған қауіп факторларына, және оның әрбір нақты жағдайдағы клиникалық статусына баға бере отырып, Кипролистің дексаметазонмен немесе леналидомидпен және дексаметазонмен біріктірілімімен ем қабылдап жүрген пациенттерде тромбоздарға профилактика тағайындау ұсынылады. Қатар жүргізілетін басқа ем тағайындау (мысалы, антацидтерді профилактикалық тағайындау) қажет болған жағдайда қолданыстағы леналидомид және дексаметазон препараттарына арналған дәрілік препараттың қысқа сипаттамасымен танысып шыққан жөн.
Гидратация, инфузиялық терапия және электролиттік теңгерімге мониторинг
1-ші курс ішінде препаратпен инфузия алдында сұйықтықтың адекватты қажеттілігін қамтамасыз ету қажет, ол ісік лизисі синдромының және нефроуыттылықтың даму қаупінің жоғары тобына кіретін пациенттер үшін аса маңызды. Барлық пациенттерге гиперволемия белгілерін анықтау мақсатында мониторинг көрсетілген, және қажетті сұйықтық мөлшері пациенттің жекелей қажеттілігін ескеріп түзетілуі тиіс. Емдеуді бастағанға дейін диагностикаланған жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, және жүрек функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупінің тобына кіретін пациенттерде пайдаланылатын сұйықтықтың жалпы көлемі клиникалық көрсетілімдеріне сәйкес түзетілуі мүмкін.
Гидратацияның ұсынылатын режимі сұйықтықты пероральді түрде (1-ші курстың 1-ші күніне дейін 48 сағат бойы тәулігіне 30 мл/кг) енгізуді де, сонымен қатар вена ішіне (1 курс бойы препараттың әрбір дозасы алдында вена ішіне енгізу үшін 250 мл-ден 500 мл-ге дейінгі ерітінді) енгізуді де қамтиды. Қажет болған жағдайда алғашқы курс кезінде Кипролис инфузиясынан кейін пациентке 250 мл – 500 мл сұйықтық вена ішіне қосымша енгізілуі мүмкін. Қажет болғанда пероральді және/немесе вена ішіне гидратацияны кейінгі курстар кезінде жалғастырады.
Кипролиспен емдеу кезінде қан сарысуындағы калий мөлшеріне мониторинг - айына бір рет немесе клиникалық көрсетілімдері бар болса, жиірек анықтау керек, мұндайда өлшеу жиілігі біріктірілген дәрілік еммен (мысалы, гипокалиемияның даму қаупін анық арттыратын дәрілік заттарды қолдану) және қатар жүретін ауруларды емдеуді бастағанға дейінгі калий деңгейіне тәуелді болуы тиіс.
Дозаны түзетудің ұсынылған тәртібі
Кипролис дозасын оның уыттылығының негізінде түзету керек. Ұсынылатын шаралар және дозалау режиміндегі өзгерулер 3 кестеде берілген. Дозасын төмендету деңгейлері 4 кестеде көрсетілген.
3 кесте. Кипролиспен емдеу кезіндегі дозалар түзетулері
Гематологиялық уыттылық |
Ұсынылатын әрекеттер |
|
- Егер нейтрофилдердің абсолюттік саны ≥ 0,5 x 109/л дейін жоғарыласа, сол дозаны қолданып емдеуді жалғастыру керек
|
|
|
|
- Егер тромбоциттер саны ≥ 10 x 109/л дейін артса және/немесе қан кету басылса, емдеуді сол дозада жалғастырады
|
Гематологиялық емес уыттылық (нефроуыттылық) |
Ұсынылатын әрекеттер |
|
- Бүйрек функциясы бастапқының 25%-на дейін қалпына келгеннен кейін Кипролиспен емдеуді қайта жаңғырту керек, дозаны 1 деңгейгеа төмендету мүмкіндігін қарастыру керек
|
Басқа гематологиялық емес уыттылық |
Ұсынылатын әрекеттер |
|
|
aДозаны төмендету деңгейлерімен танысу үшін 4 кестені қараңыз
4 кесте. Кипролис дозасын төмендету деңгейлері
Емдеу режимі |
Кипролис дозасы |
Кипролис дозасының алғашқы төмендетілуі |
Кипролис дозасының екінші төмендетілуі |
Кипролис дозасының үшінші төмендетілуі |
---|---|---|---|---|
Кипролис, леналидомид және дексаметазон |
27 мг/м2 |
20 мг/м2 |
15 мг/м2 a |
|
Кипролис және дексаметазон |
56 мг/м2 |
45 мг/м2 |
36 мг/м2 |
27 мг/м2 a |
Ескерту. Дозаны төмендеткен жағдайда Кипролис инфузиясының ұзақтығы өзгермеген күйінде қалады
aЕгер симптомдар басылмаса, Кипролиспен емдеуді тоқтату керек
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Кипролис және дексаметазон біріктірілімінің зерттеулеріне бүйрек функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуына жол берілді, бірақ Кипролис және леналидомид біріктірілімінің зерттеулерінен шығарылды. Сондықтан креатинин клиренсі (КК < 50 мл/мин) пациенттерде Кипролистің леналидомидпен және дексаметазонмен біріктірілімін қолдану жөнінде алынған деректер саны шектеулі болды. Емдеуді бастағанға дейін байқалған бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде леналидомидтің старттық дозасын тиісінше төмендету үшін леналидомид препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулықта берілген нұсқауларды орындау қажет.
Қолда бар фармакокинетикалық деректер бойынша, бүйрек функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар немесе диализде жүрген пациенттерде Кипролистің старттық дозасын түзету қажет емес. Алайда III фазаға жүргізілген клиникалық зерттеулерде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігіне байланысты жағымсыз құбылыстар жиілігі, креатинин клиренсі бастапқыда жоғарырақ болған пациенттермен салыстырғанда, бастапқы креатинин клиренсі төменірек пациенттерде жоғары болды.
Емдеуді бастар алдында бүйрек функциясына баға беру қажет және әрі қарай бүйрек функциясының көрсеткіштеріне ең кемінде айына бір рет немесе клиникалық нұсқауларда қарастырылғандай жиі баға беру керек, әсіресе мұндай мониторинг бастапқы креатинин клиренсі көбірек төмен (КК < 30 мл/мин) пациенттер үшін маңызды мәнге ие. Емдеу уыттылығы байқалған жағдайда дозаны тиісінше түзету қажет (3 кестені қараңыз). Бастапқы креатинин клиренсі < 30 мл/мин пациенттерде препараттың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде алынған деректер саны шектеулі болды.
Кипролистің диализдік клиренсі зерттелмегендіктен, бұл дәрілік препаратты диализ процедурасынан кейін енгізу керек.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Кипролистің леналидомидпен және дексаметазонмен немесе тек дексаметазонмен ғана біріктірілімін қолдануға жүргізілген зерттеулерге қамтылған жоқ.
Кипролистің фармакокинетикасы бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде зерттелген жоқ. Қолда бар фармакокинетикалық деректерге сәйкес, бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде Кипролистің старттық дозасын түзету қажет болмайды. Алайда, бауыр функциясының бастапқы жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде, бауыр функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда, бауыр функциясының патологиялық өзгерістерінің, ≥ 3 дәрежедегі жағымсыз құбылыстардың және күрделі жағымсыз құбылыстардың жиілігі жоғары болды. Емдеуді бастар алдында пациенттерде бауыр ферменттері мен билирубин мөлшерін анықтау қажет, әрі қарай осы зерттеуді, бастапқы көрсеткіштеріне қарамай, карфилзомибпен емдеудің бүкіл курсы ішінде айында бір рет жүргізу керек (3 кестені қараңыз). Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылулары бар пациенттерге ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені пациенттердің осы тобында препараттың тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде алынған деректер өте шектеулі болды.
Егде жастағы пациенттер
Жалпы алғанда, клиникалық зерттеулерде жағымсыз құбылыстардың жиілігі (жүрек функциясының жеткіліксіздігін қоса), < 75 жастағы пациенттермен салыстырғанда, ≥ 75 жастағы пациенттердің тобында жоғары болды.
Балалар
Балаларда Кипролистің қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Деректер алынбады.
Енгізу тәсілі мен жолы
Кипролис вена ішіне енгізіледі. 20/27 мг/м2 дозалау режимінде инфузия ұзақтығы 10 минутты құрайды. 20/56 мг/м2 дозалау режимінде инфузия ұзақтығы 30 минутты құрайды.
Кипролисті ағынды немесе болюстік енгізуге рұқсат етілмейді.
Кипролисті тура енгізер алдында және инфузияны аяқтау бойына инфузиялық жүйені натрий хлоридінің ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған глюкозаның 5%-дық ерітіндісімен жуып-шаю керек.
Кипролисті басқа дәрілік заттармен араластыруға немесе енгізуге болмайды.
Дәрілік препаратты енгізер алдында ерітіндінің қалыпқа келгені жөніндегі нұсқаулармен танысу үшін «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімін қараңыз.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Клиникалық зерттеулер арқылы алынған қолдағы мәліметтер бұл препараттың артық дозалануда қауіпсіздігі туралы қорытынды жасауға жеткіліксіз. Кипролис препаратын 200 мг дозада қате қабылдағаннан кейін, қатты қалтырау, гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоцитопения және лимфопения байқалды.
Карфилзомиб артық дозаланған кезде тағайындалуы мүмкін спецификалық антидот белгісіз. Артық дозаланған жағдайда пациентті, атап айтқанда «ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімінде берілген Кипролис препаратының жағымсыз реакцияларының дамуы тұрғысында бақылау көрсетілген.
Дәрі қабылдамас бұрын дәрігеріңізден немесе фармацевтіңізден кеңес алыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы
Кипролис препаратымен емдеу кезінде туындауы мүмкін ауыр жағымсыз реакциялар жүрек жеткіліксіздігін, миокард инфарктісін, жүректің тоқтап қалуын, миокард ишемиясын, өкпенің интерстициальді ауруын, пневмонияны, жедел респираторлық дистресс-синдромды, тыныс алудың жедел жеткіліксіздігін, өкпе гипертензиясын, ентігуді, артериялық гипертензияны, соның ішінде гипертониялық криздерді, бүйректің жедел жеткіліксіздігін, ісік лизисі синдромын, инфузиялық реакцияларды, асқазан-ішектен қан кетулерді, бассүйекішілік қан кетулерді, өкпеден қан кетулерді, тромбоцитопенияны, бауыр жеткіліксіздігін, B гепатиті вирусының реактивациясын, АҚЭС, тромбоздық микроангиопатия мен ТТП/ГУС қамтиды. Кипролис препараты қолданылған клиникалық зерттеулерде, кардиоуыттылық құбылыстары мен ентігу, әдетте, Кипролис препаратымен емдеудің бастапқы сатыларында пайда болған. Анағұрлым жиі кездескен (> 20 % пациентте туындаған) жағымсыз реакциялар анемия, қажу, тромбоцитопения, жүрек айнуы, диарея, дене температурасының жоғарылауы, ентігу, тыныс жолдарының инфекциясы, жөтел және нейтропения болды.
Карфилзомибті бастапқыда 20 мг/м2 дозада енгізгеннен кейін, дозасын PX‑171‑009 зерттеуінде 27 мг/м2 дейін және 2011‑003 зерттеуінде 56 мг/м2 дейін арттырған. 2011‑003 зерттеуінде Кипролис препараты мен дексаметазонды (Kd) қабылдаған топта және PX‑171‑009 зерттеуінде Кипролис препаратын, леналидомид пен дексаметазонды (KRd) қабылдаған топта туындаған жағымсыз реакцияларды салыстырудың нәтижелері, келесі жағымсыз реакциялардың дозаға тәуелді болуы мүмкіндігін көрсетіп отыр: жүрек жеткіліксіздігі (Kd 8,2 %, KRd 6,4 %), ентігу (Kd 30,9 %, KRd 22,7 %), артериялық гипертензия (Kd 25,9 %, KRd 15,8 %) және өкпе гипертензиясы (Kd 1,3 %, KRd 0,8 %).
Жағымсыз реакциялардың тізімі
Жағымсыз реакциялар төменде жиілік санаттары бойынша берілген. Жиілік санаттары клиникалық зерттеулер деректерінің біріктірілген жиынтығындағы (n = 2944) әрбір жағымсыз реакциялар үшін көрсетілген жалпы жиілік негізінде белгіленген. Жиілігінің әрбір санатында жағымсыз реакциялар күрделілігінің кему ретімен берілген.
Өте жиі:
- Пневмония, тыныс алу жолдарының инфекциясы
- Тромбоцитопения, нейтропения, анемия, лимфопения, лейкопения
- Гипокалиемия, гипергликемия, тәбеттің төмендеуі
- Ұйқысыздық
- Бас айналу, шеткері нейропатия, бас ауыру
- Артериялық гипертензия
- Ентігу, жөтел
- Құсу, диарея, іш қату, іштің ауыруы, жүректің айнуы
- Арқаның ауыруы, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет спазмдары
- Қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
- Дене температурасының жоғарылауы, шеткері ісіну, астения, қажығыштық, қалтырау
Жиі:
- Сепсис, өкпе инфекциясы, грипп, белдемелі герпес*, несеп шығару жолдарының инфекциясы, бронхит, гастроэнтерит, вирустық инфекция, назофарингит, ринит
- Фебрильді нейтропения
- Дегидратация, гиперкалиемия, гипомагниемия, гипонатриемия, гиперкальциемия, гипокальциемия, гипофосфатемия, гиперурикемия, гипоальбуминемия
- Үрейлену жағдайы, шатасу жағдайы
- Парестезия, гипестезия
- Катаракта, көздің жіті көрмеуі
- Құлақтың шуылдауы
- Жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, жүрекшелердің фибрилляциясы, тахикардия, лықсу фракциясының төмендеуі, жүрек соғуды сезіну
- Тереңдегі веналар тромбозы, гипотензия, бет қызару
- Өкпе эмболиясы, өкпенің ісінуі, мұрыннан қан кету, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфония, ысылдап дем алу, өкпе гипертензиясы
- Асқазан-ішектен қан кету, диспепсия, тістің ауыруы
- Аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия
- Бөртпе, қышыну, эритема, гипергидроз
- Қаңқа-бұлшықеттің ауыруы, кеуденің сүйек-бұлшықеттерінің ауыруы, сүйектердің ауыруы, миалгия, бұлшықет әлсіздігі
- Бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылулары, бүйректің креатинин клиренсінің төмендеуі
- Кеуденің ауыруы, ауыру, енгізген жердегі реакциялар, грипп тәрізді ауру, әлсіздік
- С-реактивті ақуыз деңгейінің жоғарылауы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы
- Инфузиялық реакция
Жиі емес:
- Clostridium difficile колиті, цитомегаловирусты инфекция, В гепатиті вирусының реактивациясы
- Дәрілік препаратқа аса жоғары сезімталдық
- ГУС
- Ісік лизисі синдромы
- Бассүйекішілік қан құйылу, ми қан айналымының жедел бұзылуы
- Жүректің тоқтап қалуы, миокард ишемиясы, перикардит, перикардиальді жалқық
- Гипертониялық криз, қан кету
- ЖРДС, жедел тыныс алу жеткіліксіздігі, өкпеден қан кету, өкпенің интерстициальді ауыруы, пневмонит
- Асқазан-ішек жолының перфорациясы
- Бауыр жеткіліксіздігі, холестаз
- Полиағзалық жеткіліксіздік синдромы
Сирек:
- ТТП, тромбоздық микроангиопатия
- СЗОЭ
- Гипертониялық криздегі жедел жағдай
- Ангионевротикалық ісіну
* Жиілігі клиникалық зерттеулердің деректерімен аңықталған, ол кезде пациенттердің басымды саны профилактика алған
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард иинфарктісі және миокард ишемиясы
Кипролиске жүргізілген клиникалық зерттеулерде жүрек функциясының жеткіліксіздігі пациенттердің шамамен 7%-да білінді (≥ 3 ауырлық дәрежесі < 5%-да байқалды), миокард инфарктісі пациенттердің шамамен 2%-да диагностикаланды (≥ 3 ауырлық дәрежесі < 1,5%-да байқалды), ал миокард ишемиясы пациенттердің шамамен 1%-да дамыды (≥ 3 ауырлық дәрежесі < 1%-да байқалды). Бұл жағымсыз құбылыстар әдетте Кипролиспен емдеудің ерте кезеңдерінде тіркелді (< 5 курс). Кипролис препаратымен емдеу аясында туындаған кардиологиялық бұзылулары бар пациенттерге жүргізілуге тиісті клиникалық шаралар жөніндегі ақпарат «Арнайы сақтандырулар» бөлімінде көрсетілген.
Ентігу
Ентігу Кипролис препаратына жүргізілген клиникалық зерттеулерге қатысқандардың шамамен 30%-да байқалды. Ентігумен байланысты жағымсыз реакциялардың көбісі күрделі емес (≥ 3 ауырлық дәрежесі пациенттердің < 5%-да білінді), толығымен түзетілетін болды, сирек жағдайларда ғана емдеуді тоқтатуға әкелді және емдеудің ерте кезеңдерінде тіркелді (< 3 курс). Кипролиспен емдеу аясында туындаған ентігу бар пациенттерге жүргізілуге тиісті клиникалық шаралар жөніндегі ақпарат «Арнайы сақтандырулар» бөлімінде көрсетілген.
Артериялық гипертензия, гипертониялық криздерді қоса
Кипролисті қолданғаннан кейін гипертониялық криздердің (гипертониялық криздегі жедел немесе асқынған жағдайлары) даму жағдайлары тіркелді. Осы бұзылулардың кейбіреулері өліммен аяқталған. Клиникалық зерттеулерде артериялық гипертензиямен байланысты жағымсыз құбылыстар пациенттердің шамамен 20%-да байқалды және, гипертониялық криз пациенттердің < 0,5%-да тіркелсе де, пациенттердің шамамен 7,5%-да ≥ 3 дәрежедегі жағымсыз құбылыстар дамыды. Анамнезінде артериялық гипертензиясы болмаған пациенттерде және бұрын осы аурудан зардап шеккен пациенттерде артериялық гипертензиямен байланысты жағымсыз құбылыстардың жиілігінде айырмашылықтар болған жоқ. Кипролиспен емдеу аясында туындаған артериялық гипертензиясы бар пациенттерге жүргізілуге тиісті клиникалық шаралар жөніндегі ақпарат «Арнайы сақтандырулар» бөлімінде көрсетілген.
Тромбоцитопения
Тромбоцитопения Кипролиске жүргізілген клиникалық зерттеулерге қатысқандардың шамамен 34%-да тіркелді және шамамен 20%-да ≥ 3 дәрежедегі тромбоцитопения дамыды. Кипролис мегакариоциттерден тромбоциттер бөлінуінің тежелуі арқылы тромбоцитопенияны туындатады, бұл классикалық циклдік тромбоцитопенияға әкеледі, мұндайда тромбоциттер саны 8-ші және 15-ші күні әрбір 28 күндік курс сайын ең төмен деңгейге дейін түсіп кетеді және ол әдетте келесі курстың басында тромбоциттердің бастапқы санының қалпына келуімен астасады. Кипролиспен емдеу аясында дамыған тромбоцитопениясы бар пациенттерге жүргізілуге тиісті клиникалық шаралар жөніндегі ақпарат «Арнайы сақтандырулар» бөлімінде көрсетілген.
Веналық тромбоэмболиялық асқынулар
Кипролис қабылдаған пациенттерде, тереңдегі веналардың тромбозын және өкпе артерияларының өліммен аяқталатын тромбоэмболиясын қоса, веналық тромбоэмболиялық асқынулар жағдайлары тіркелді. Екі рет 3 фазаға жүргізілген зерттеулерде веналық тромбоэмболиялық асқынулардың жалпы жиілігі Кипролис тобында жоғары болды. РХ-171-009 зерттеулерінде мұндай асқынулардың жиілігі KRd тобында 15,6%-ға және Rd тобында 9,0%-ға тең болды. Веналық тромбоэмболиялық ≥ 3 дәрежедегі бұзылулар KRd қабылдаған пациенттердің 5,6%-да және Rd қабылдаған пациенттердің 3,9%-да тіркелді. 2011 003 зерттеулерінде веналық тромбоэмболиялық бұзылулардың жиілігі Kd тобында 12,5%-ға және бортезомиб пен дексаметазонның (Vd) тобында 3,3%-ға тең болды. Веналық тромбоэмболиялық ≥ 3 дәрежедегі бұзылулар Kd тобындағы пациенттердің 3,5%-да және Vd тобындағы пациенттердің 1,8%-да дамыды.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы жеткіліксіздігінің жағдайлары, соның ішінде өліммен аяқталатын, Кипролиспен жүргізілген клиникалық зерттеулерге қатысқандардың < 1%-да тіркелді. Кипролиспен емдеу аясында дамыған бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге жүргізілуге тиісті клиникалық шаралар жөніндегі ақпарат «Арнайы сақтандырулар» бөлімінде көрсетілген.
Шеткері нейропатия
Рандомизацияланған ашық, көп орталықты зерттеуде, алдын ала жоспарланған ЖТҚ талдауы сәтінде, 20/56 мг/м2 дозада ұзақтығы 30 минуттық инфузия түрінде енгізілетін Кипролис пен дексаметазонның біріктірілімі (Kd, n = 464) бортезомиб пен дексаметазон біріктірілімімен (Vd, n = 465) салыстырылды, 2 немесе одан жоғары дәрежелі шеткері нейропатия Kd емдеу режимін қабылдаған, қайталанатын көптеген миеломасы бар пациенттердің 7%-да, және Vd емдеу режимін қабылдаған пациенттердің 35%-да байқалды.
Пациенттердің басқа ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер (≥ 75 жас)
Кипролиске жүргізілген клиникалық зерттеулерде, жалпы алғанда, белгілі бір жағымсыз құбылыстардың жиілігі (жүрек ырғағының бұзылуларын, жүрек функциясының жеткіліксіздігін, ентігуді, лейкопенияны және тромбоцитопенияны қоса) ≥ 75 жастағы пациенттердің тобында, < 75 жастағы пациенттермен салыстырғанда, жоғары болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат — 30 мг, 60 мг карфилзомиб
Қалпына келгеннен кейін 1 мл ерітіндінің құрамында 2 мг карфилзомиб болады.
қосымша заттар — бетадекс сульфобутил эфир натрийі (бета-циклодекстриннің сульфобутил эфирі),
сусыз лимон қышқылы, натрий гидроксиді (рН реттеу үшін)
Сыртқы түрінің сипаттамасы, иісі, дәмі
Көзге көрінетін бөгде бөлшектер іс жүзінде жоқ ақ немесе ақ дерлік түсті лиофилизат (шелпек немесе ұнтақ түрінде).
Қалпына келтірілген ерітінді – бұл көзге көрінетін бөгде бөлшектер іс жүзінде жоқ, түссізден сәл сарғыш түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мг
Фторполимермен ламинацияланған эластомерлі тығынмен, алюминий қалпақшамен және қызыл сары түсті сындырылатын пластик қалпақшамен жабылған, І типті мөлдір шыныдан жасалған, көлемі 30 мл құты.
60 мг
Фторполимермен ламинацияланған эластомерлі тығынмен, алюминий қалпақшамен және қызыл күрең түсті сындырылатын пластик қалпақшамен жабылған, І типті мөлдір шыныдан жасалған, көлемі 50 мл құты.
Таңбаланған құтылар қатты пластик контейнерге салынуы мүмкін.
1 құты қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Әрбір қорапшаға ұзынша түрлі түсті жолақшасы бар, алғашқы ашылуын бақылайтын – қорғаныш заттаңбалар жапсырылған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қалпына келтірілген ерітінді
Құтыдағы, шприцтегі немесе инфузиялық пакеттегі қалпына келтірілген ерітіндінің химиялық және физикалық тұрақтылығы 2°С – 8°С температурада 24 сағат бойы және 25°С температурада 4 сағат бойы сақталады. Ерітіндіні қалыпқа келтіру мен оны енгізу арасындағы аралық 24 сағаттан аспауы тиіс.
Микробиологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда препаратты дереу пайдаланған жөн. Егер ерітінді дайындалғаннан кейін бірден пайдаланылмаса, онда оны пайдалануға ниеттенген адам сақтау мерзімі және оны 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан асырмай сақтау шарттарының жауапкершілігін өзінің мойнына алады.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2°C-8°C температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Өндіруші туралы мәліметтер
Амджен Технолоджи (Айрлэнд) Анлимитед Компани,
Поттери Роуд, Дан Лэйри, Дублин графтығы,
Ирландия
тел/факс: +35312049114
vincento@amgen.com
Қаптаушы
Амджен Европа Б.В.,
Минервум 7061, 4817 ЗК Бреда,
Нидерланды
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Амджен Европа Б.В.,
Минервум 7061, 4817 ЗК Бреда,
Нидерланды
Тел/факс: +31765732343
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Фирма Евросервис-Ист» ЖШС
Нақты мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы,
Бесағаш а., «Луч Востока» ӨК
Тел/факс +7 727 389 95 45
Эл. пошта: safety@euroservice-east.kz