Киндинорм Н

Производитель: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ - Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019751
Информация о регистрации в РК: 15.05.2018 - 15.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Киндинорм Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Түйіршіктер

Құрамы

10 г препараттың құрамында

белсенді заттар: Chamomilla dil. D12 25.00 мг

Kalium phosphoricum dil. D6 25.00 мг

Staphisagria dil. D12 25.00 мг

Valeriana dil. D6 25.00 мг,

қосымша зат - сахароза.

Сипаттамасы

Пішіні шар тәрізді біртекті, күңгірт беткейлі түйіршіктер. Түйіршіктер бір біріне жабыспауы тиіс.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Психостимуляторлар және ноотроптар. Басқа да психостимуляторлар және ноотроптар.

АТХ коды N06ВX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикаcы

Препарат құрамында ингредиенттер дозасының тым аз болуына байланысты фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Киндинорм Н – біріктірілген гомеопатиялық препарат, белсенді ингредиенттері қозғыштық, мазасыздық, ашушаңдық сияқты симптомдарды әлсіретеді. Киндинорм Н оқуға қабілеттілікті жоғарылатуға, есте сақтау мен зейін қоюды жақсартуға ықпал етеді, сондай-ақ когнитивті және мінез-құлық бұзылыстарын қайтарады.

Қолданылуы

  • зейін қою мен жинақылық жеткіліксіздігі, ашушаңдық мазасыздық, оқудағы қиындықтар, ұйқы бұзылуы немесе жалпы әлсіздік жағдайы бар (ең алдымен балаларда) мінез-құлық бұзылыстарында

Қолдану тәсілі және дозалары

1-ден 5 жасқа дейінгі балалар: 2 түйіршіктен тәулігіне 1-3 рет

6-дан 11 жасқа дейінгі балалар: 3 түйіршіктен тәулігіне 1-3 рет

Ересектер және 12 жастағы және одан үлкен балаларға: 5 түйіршік тәулігіне 1-3 рет

Симптомдар жеңілдеген кезде қабылдау жиілігін азайту керек.

Түйіршіктерді ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, тамақтанудан жарты сағат бұрын немесе тамақтанудан жарты сағаттан соң қабылдау керек. Қажет болғанда түйіршіктерді судың аздаған мөлшерінде ерітуге болады.

Жағымсыз әсерлері

- жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін

Жағымсыз реакциялары болған кезде тиісті әрекеттер жасау қажет.

Ескерту: Гомеопатиялық дәрілік заттарды қолданған кезде уақытша бастапқы жаман әсері болуы мүмкін. Мұндай жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңескен жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Бұл гомеопатиялық препаратты қабылдау басқа дәрілік препараттармен емдеуді жоққа шығармайды.

Басқа препараттарды, рецептісіз берілетін препараттарды қоса, қабылдап жүрген жағдайда дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Ескерту: Зиянды әдеттер: алкоголь және темекі шегу, сондай-ақ көтермелеуші дәрілер гомеопатиялық препараттардың әсеріне жағымсыз ықпал етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректердің жоқ екендігін ескере отырып, 1 жастан кіші балаларға Киндинорм Н қолдануға болмайды.

Препаратты 8 апта қабылдағаннан кейін жақсармаған немесе жағдайы нашарлаған болса, емдеу тактикасын қайта қарау керек.

Киндинорм Н құрамында сахароза бар. Сирек тұқым қуалайтын аурулары бар (непереносимость фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахароза-изомальтаздық жеткіліксіздік) емделушілер препаратты қабылдамауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Барлық дәрілік препараттардағы сияқты, жүктілік және емшекпен қоректендіру кезінде Киндинорм Н қолдану, егер анасы үшін күтілетін пайдасы ұрыққа (балаларға) төнетін ықтимал қатерден асып түсетін жағдайда ғана мүмкін болмақ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Киндинорм Н көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қазіргі кезге дейін артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 г түйіршіктен пластмасса қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыда.

1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Дойче Хомеопати-Унион

ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ

Оттоштрассе 24

76227 Карлсруэ

Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Дойче Хомеопати-Унион

ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ

Оттоштрассе 24

76227 Карлсруэ

Германия

Эсклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ., Жетысу-2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com

 

Прикрепленные файлы

501374281477976925_ru.doc 49.5 кб
032654711477978099_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники