Кеторол® Экспресс
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кеторол® Экспресс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Кеторолак
Дәрілік түрі
Ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 10 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 10 мг кеторолак трометамині
қосымша заттар:
микрокристалды целлюлоза (Avicel РН101), кремнийдің қостотығы (Syloid 244 FP), бутилгидроксианизол, маннитол (Pearlitol SD 200), кросповидон, сахароза, хош иісті жалбыз, сары лакталған хинолин (Е104), магний стеараты
Сипаттамасы
Бозғылт-сары түсті, дөңгелек пішінді, екі жақ беті тегіс, жиегі кертілген, бір жақ бетінде «׀» таңбасы бар таблеткалар,
Фармакотерапиялық тобы
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы стероидты емес препараттар. Сірке қышқылы туындылары және тектес заттар. Кеторолак.
АТХ коды М01АВ15
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін кеторолак асқазан-ішек жолына жақсы сіңеді, 10 мг дозаны ашқарынға қабылдағаннан кейін 40 минуттан соң қан плазмасында Cmax мәніне (0.7-1.1 мкг/мл) жетеді. Майы мол тамақ қанда кеторолактың Сmax төмендетеді және оған жетуін 1 сағатқа кідіртеді. Препараттың 99%-ы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады, гипоальбуминемияда қандағы бос заттардың мөлшері артады.
Биожетімділігі — 80–100%. Кеторолактың 10 мг тәулігіне 4 рет пероральді түрде (субтерапиялықтан жоғары доза) қабылдағанда Сss (0.39-0.79 мкг/мл) жету уақыты 24 сағатты құрайды. Vd – 0.15-0.33 л/кг. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде кеторолактың Vd 2 есеге, ал оның R-энантиомерінің Vd 20%-ға артады.
Емшек сүтіне өтеді: Әйел-ана 10 мг кеторолакты қабылдағаннан кейін емшек сүтінде Сmax мәніне 2 сағаттан соң жетеді және препараттың алғашқы дозасынан кейін 7.3 нг/мл және екінші дозасынан кейін 7.9 нг/л құрайды. Енгізілген дозаның 50%-дан көбірегі бауырда метаболизденіп, фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес метаболиттер түзеді. Негізгі метаболиттері бүйрек арқылы шығарылатын глюкуронидтер және р-гидроксикеторолак болып табылады. Бүйрек арқылы (91%) және ішек арқылы (6%) шығарылады.
Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде 10 мг дозаны ішке қабылдағаннан кейін T1/2 2,4–9 сағатты құрайды. T1/2 егде жастағы пациенттерде артады және жастарда азаяды. Бауыр функциясының бұзылулары T1/2 мәніне ықпалын тигізбейді. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде плазмадағы креатинин концентрациясы 19–50 мг/л (168–442 мкмоль/л) болғанда T1/2 10,3–10,8 сағатты, бүйрек функциясының айқынырақ жеткіліксіздігінде 13,6 сағаттан астамды құрайды.
10 мг пероральді түрде қабылдағанда жалпы клиренсі сағатына 0,025 л/кг құрайды; Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде (плазмадағы креатинин концентрациясы 19–50 мг/л болғанда) — сағатына 0,016 л/кг.
Гемодиализбен шығарылмайды.
Фармакодинамикасы
Кеторолак трометамині – ауыруды сездірмейтін және қабынуға қарсы әсері бар қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСД). Кеторолак трометаминінің негізгі әсер ету механизмі, басқа да ҚҚСП сияқты, оның фармакологиялық әсерінде - простагландиндер синтезінің тежелуінде көрініс береді. ҚҚСП шеткері жерде көбірек белсенді.
Кеторол® Экспресс седативтік және анксиолитикалық әсер көрсетпейді, апиындық рецепторларға ықпалын тигізбейді. Кеторолак трометаминінің тынысты бәсеңдететін әсері жоқ, және апиындық анальгетиктердің әсерінен туындайтын тыныстың тарылуын және седативтік әсерді күшейтпейді. Кеторолак трометамині дәріге тәуелділікті туындатпайды. Препаратты қабылдауды күрт тоқтатудан кейін тоқтату симптомдары туындамайды.
Қолданылуы
- операциядан кейінгі кезеңде айқындылығы орташа және күшті жедел ауыру синдромын, сондай-ақ қажет болғанда, апиындық анальгетиктермен, қысқа мерзімдік басу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Кеторол® Экспресс, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткаларды шайнауға немесе сору үшін тілге салуға болады. Препарат сумен немесе сусыз қабылдануы мүмкін (тамақ ішуге байланысты емес).
Емдеудің қысқа курсы тағайындалады және 5 күн ішінде қолданылады, ұзақ емдеу үшін ұсынылмайды.
Ересектер
Әрбір 4 – 6 сағат сайын 10 мг-ден. Тәуліктік доза 40 мг-ден аспауы тиіс.
Кеторолды парентеральді түрде қабылдап жүрген науқастар үшін, ересектер үшін жалпы тәуліктік доза 90 мг және 65 жастан асқан егде жастағы пациенттер, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер және салмағы 50 кг-ден азырақ пациенттер үшін 60 мг-ден аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз дәрілік реакциялар жиілігі бойынша келесі ұйғарымды пайдаланып ретке келтірілген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректермен баға беру мүмкін емес).
Ас қорыту жүйесі тарапынан:
Жиі:
- гастралгия, диарея;
Жиі емес:
- стоматит, метеоризм, іш қату, құсу, асқазанның толу сезімі
Сирек:
- жүректің айнуы, асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жаралы зақымдануы (соның ішінде шеткері және/немесе қан кетумен — абдоминальді ауыру, спазм немесе эпигастральді аймақтың ашып ауыруы, мелена, кофе тұнбасы типті құсу, жүректің айнуы, қыжыл), холестаздық сарғаю, гепатит, гепатомегалия, жедел панкреатит
Несеп шығару жүйесі тарапынан:
Сирек:
- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, белдің ауыруы, гематурия, азотемия, гемолиздік-уремиялық синдром (гемолиздік анемия, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, тромбоцитопения, пурпура), несепті жиі шығару, олигурия, полиурия, интерстициальді нефрит, генезі бүйректік ісінулер
Жиілігі белгісіз:
- несеп шығарудың іркілуі
Сезім мүшелері тарапынан:
Сирек:
- естудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы, көрудің бұзылуы (соның ішінде көрудің жіті болмауы)
Жиілігі белгііз:
- дәмнің бұзылуы
Тыныс алу жүйесі тарапынан:
Сирек:
- бронхтың түйілуі немесе диспноэ, ринит, көмейдің ісінуі (ентігу, тыныс алудың қиындауы)
Жүйке жүйесі тарапынан:
Жиі:
- бас ауыру, бас айналу, ұйқышылдық
Сирек:
- асептикалық менингит (қызба, бастың қатты ауыруы, құрысулар, мойын және/немесе арқа бұлшықеттерінің сіресуі), аса жоғары белсенділік (көңіл-күйдің өзгеруі, мазасыздық), елестеулер, депрессия, психоз
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:
Жиі емес:
- артериялық қысымның жоғарылауы
Сирек:
- өкпенің ісінуі, естен тану жағдайлары
Қан түзу ағзалары тарапынан:
Сирек:
- анемия, эозинофилия, лейкопения
Гемостаз жүйесі тарапынан:
Сирек:
- операциядан кейінгі жарадан қан кету, мұрыннан қан кету, тік ішектен қан кету
Тері және теріасты тіндері тарапынан:
Жиі емес:
- тері бөртпесі (соның ішінде макулопапулезді бөрте), пурпура
Сирек:
- эксфолиативті дерматит (қалтырау орын алатын немесе онсыз қызба, терінің қызаруы, қатаюы немесе қабыршақтануы, таңдай бадамша безінің ауырушаңдығы), есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы
Аллергиялық реакциялар:
Сирек:
- анафилаксия немесе анафилактоидтық реакциялар (бет терісі түсінің өзгеруі, тері бөртпесі, есекжем, терінің қышуы, тахипноэ немесе диспноэ, қабақтың ісінуі, тілдің ісінуі, периорбитальді ісіну, ентігу, тыныс алудың қиындауы, кеуде қуысында ауырлық, ысылдап дем алу)
Басқалары:
Жиі:
- ісінулер (беттің, сирақтың, тобықтың, саусақтардың, өкшенің; дене салмағының жоғарылауы)
Жиі емес:
- қатты тершеңдік
Сирек:
- қызба
Жиілігі белгісіз:
- гиперкалиемия, гипонатриемия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- кеторолакқа немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға жоғары сезімталдық
- бронх демікпесінің, қайталанатын мұрын полипозының және мұрын маңы қуыстарының толық немесе толық емес үйлесуі және ацетилсалицил қышқылының немесе басқа да ҚҚСП жақпаушылығы (соның ішінде анамнезде)
- ҚҚСП қабылдау әсерінен туындаған есекжем, ринит (анамнезде)
- пиразолон қатарындағы дәрілік заттардың жақпаушылығы
- гиповолемия (оның туындау себептеріне тәуелді емес)
- айғақталған гиперкалиемия
- асқазан-ішек жолының өршу фазасындағы эрозивті-ойық жаралы зақымданулар, асқазан-ішек жолынан қан кетулер, соның ішінде анамнезінде
- ішектің қабыну аурулары
- гипокоагуляция (соның ішінде гемофилия)
- қан түзудің бұзылулары
- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден азырақ)
- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі немесе бауырдың белсенді ауруы
- қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілермен бір мезгілде қабылдау
- пробенецидпен бір мезгілде қабылдау
- пентоксифиллинмен бір мезгілде қабылдау
- қан кетудің даму қаупінің жоғарылауы (соның ішінде операциядан кейін)
- күмәнді немесе айғақталған цереброваскулярлық қан кету, геморрагиялық диатез
- фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, лапп-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
- жүктілік, босанулар және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)
- кез келген күрделі операция алдында профилактикалық анальгетик ретінде
- коронарлық тамырларды байланыстыру операциясынан кейінгі ауыруды емдеу үшін
Хирургиялық операция кезінде қан кетудің даму қаупінің жоғары болуына байланысты, Кеторолакты премедикация, демеуші анестезия және ауруды сездірмеу үшін дәрілік зат ретінде қолдану ұсынылмайды.
Кеторолак созылмалы ауыруды емдеу үшін қолданылмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кеторолак адамның плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесінің күшті екендігін (орта есеппен 99,2%-ға) көрсетеді, мұндайда байланысу концентрацияға тәуелді емес болып табылады.
Келесі дәрілік заттарды бірге қолдану ұсынылмайды:
Кеторолакты ASA = АСҚ (ацетилсалицил қышқылы, аспирин) негізіндегі басқа препараттармен немесе, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, басқа ҚҚСД-мен (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен) бірге пайдаланбау керек, өйткені мұндай жағдайда ҚҚСД әсер етуімен байланысты күрделі жағымсыз құбылыстардың индукциялану қаупі жоғарылауы мүмкін (Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз).
Кеторолак тромбоциттердің агрегациясын тежейді, тромбоксанның концентрациясын төмендетеді және қан кетулердің ұзақтығын арттырады. Аспириннің ұзаққа созылатын әсерінен айырмашылығы, тромбоциттер функциясы кеторолакты қолдануды тоқтатқаннан кейін 24-48 сағат ішінде қалыпты жағдайына оралады.
Кеторолакты варфарин сияқты антикоагулянттармен біріктіріп қолдануға болмайды, өйткені ҚҚСД және антикоагулянттарды бірге қолдану коагуляцияға қарсы әсердің күшеюін туындатуы мүмкін (Қолдануға болмайтын жағдайлар бөлімін қараңыз).
Зерттеулер кеторолак және варфарин немесе гепарин арасында өзара әрекеттесулердің елеулі дәрежесін көрсетпесе де, қан кетулердің жоғары қаупі кеторолакты және гемостазға ықпал ететін емдік препараттарды, соның ішінде антикоагулянттардың (варфариннің) емдік дозаларын, гепариннің профилактикалық төмен дозаларын (әрбір 12 сағат сайын 2500-5000 бірлік) және декстрандарды бір мезгілде пайдаланумен байланысты болуы мүмкін.
Қолда бар деректер бойынша, простагландиндер синтезін тежейтін кейбір дәрілік заттарды пайдаланғанда, плазмадағы литий концентрациясының артуына әкелетін литийдің бүйректік клиренсінің тежелуі байқалады. Кеторолактың жәрдемімен емделу кезінде плазмадағы литий концентрациясының жоғарылау жағдайлары тіркелді.
Пробенецидті кеторолакпен бір мезгілде, қан плазмасында кеторолак концентрациясының және оның жартылай шығарылу кезеңінің артуына байланысты, қолданбау керек.
Мифепристонды қолданудан кейін сегіз – он екі күн ішінде ҚҚСД пайдаланбау керек, өйткені ҚҚСД мифепристонның әсерлерін бәсеңдетуі мүмкін.
Кеторолакты окспентифиллинмен бір мезгілде қолданған кезде қан кетулерге жоғары бейімділік туындайды.
Кеторол® Экспресс басқа дәрілік заттармен бір мезгілде сақтықпен қолданылуы керек:
Басқа да ҚҚСД сияқты, препаратты кортикостероидтармен бірге қолданғанда, асқазан-ішек жолында ойық жаралардың немесе қан кетулердің даму қаупінің жоғарылауына байланысты, сақтық танытқан жөн (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз).
Антитромбоцитарлық агенттер және серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер (SSRI=СКҚСТ) ҚҚСД-мен біріктірілген жағдайларда асқазан-ішектік қан кетулердің (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз) пайда болуының жоғары қаупі бар.
Оқулық деректері бойынша, простагландиндердің синтезін тежейтін кейбір дәрілік заттар метотрексаттың клиренсін төмендетеді, сондықтан оның уыттылығын арттыруы мүмкін.
Кеторолак трометамині дигоксиннің қан ақуыздарымен байланысуына ықпалын тигізбейді. Зерттеулер салицилаттың емдік (300 мкг / мл) концентрацияларында кеторолактың байланысуы шамамен 99,2%-дан 97,5%-ға дейін төмендейтіндігін көрсетті, бұл қан плазмасындағы байланыспаған кеторолак концентрацияларының есектік екі есе артуы болып табылады. Дигоксиннің, варфариннің, ибупрофеннің, напроксеннің, пироксикамның, ацетаминофеннің (парацетамолдың), фенитоиннің және толбутамидтің емдік концентрациялары кеторолактың ақуыздармен байланысуына ықпалын тигізбейді.
Несеп айдайтын дәрілермен бірге қолдану диурездік әсердің төмендеуіне және ҚҚСД нефроуыттылығының даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Барлық ҚҚСД сияқты, препаратты циклоспоринмен қатар пайдаланғанда, нефроуыттылықтың даму қаупінің жоғарылауына байланысты, сақтықпен қолдану керек.
ҚҚСД-ні такролимуспен бірге қолданған жағдайда нефроуыттылықтың даму қаупі бар болады.
ҚҚСД диуретиктердің және гипертензияға қарсы дәрілік заттардың әсерін төмендетуі мүмкін. ACE = АӨФ (ангиотензинөзгертуші фермент) тежегіштерін және/немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін ҚҚСД-мен біріктіріп қолданғанда, әдеттегідей, қайтымды болып табылатын бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің даму қаупі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттерде немесе егде жастағы пациенттерде) жоғарылауы мүмкін.
Демек, дәрілік заттарды біріктіру, әсіресе егде жастағы адамдарда, сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс. Пациенттерге дозалау тиісінше есептелуі (мүмкіндігінше барынша ең жоғары дәлдікте) тиіс, мұндайда қатар жүргізілетін емнің басында және мезгіл-мезгіл кейінгі кезеңдерде бүйрек функциясына мониторинг жүргізуге көңіл бөлу керек.
ҚҚСД жүрек гликозидтерімен бірге қолданған кезде жүрек функциясының жеткіліксіздігін өршітуі, GFR = ШСЖ (шумақтық сүзілу жылдамдығын) төмендетуі және плазмадағы жүрек гликозидтерінің деңгейін арттыруы мүмкін.
Кеторолак операциядан кейінгі ауыруды жеңілдету үшін қолданылған кезде қатарласқан апиындық анальгезияға қажеттілікті азайтатындығын көрсетті.
Деректер ҚҚСД хинолонды қатардың антибиотиктерін қолданумен байланысты құрысулардың даму қаупін арттыруы мүмкін екендігін көрсетеді. ҚҚСД және хинолондарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде құрысулардың даму қаупінің жоғарылауы туындауы мүмкін.
ҚҚСД-ні зидовудинмен бірге қабылдау гематологиялық уыттылық қаупін арттырады. HIV (+) = АИТВ-да, зидовудинмен және ибупрофенмен бір мезгілде ем қабылдап жүрген, гемофилиясы бар науқастарда гемартроз (буындардың қуыстарында қанның жиналуы) және гематома қаупінің жоғарылағанын айғақтайтын деректер бар.
Эпилепсияға қарсы препараттармен (фенитоин, карбамазепин) бірге қабылдағанда ұстамалар жиілігі күшейеді. Психотроптық препараттармен (флуоксетин, тиотиксин, алпразолам) бір мезгілде қабылдағанда науқастарда елестеулер пайда болады.
Кеторолакты және деполяризацияланбайтын бұлшықет релаксанттарын бір мезгілде қабылдағанда науқастарда ентігу пайда болады.
Айрықша нұсқаулар
ҚҚСД тромбоциттердің агрегациясын төмендететін болғандықтан, қанның ұю жүйесі бұзылған науқастарға кторолакты сақтықпен тағайындау қажет.
Жағымсыз әсерлер бақылау симптомдарына сәйкес, өте қысқа уақыт кезеңі ішінде тиімді ең төмен дозаны қолданғанда барынша ең төменге азаюы мүмкін.
Асқазан-ішектік ойық жаралар, қан кетулер және тесілу
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, соның ішінде кеторолакпен емді қолдану салдарынан өлімге әкелуі мүмкін, және алдын ала ескертетін симптомдармен немесе онсыз немесе анамнезіндегі асқазан-ішек жолына қатысты бұдан бұрын болған күрделі проблемаларды емдеудің кез келген сәтінде асқазан-ішектік ойық жаралардың, қан кетулердің және тесілулердің болғаны туралы мәлімделді.
90 мг-ден көбірек кеторолактың орташа тәуліктік дозасын бұлшықет ішіне қабылдаған 65 жастан кіші пациенттерде, парентеральді апиындарды қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, асқазан-ішек жолының клиникалық тұрғыдан күрделі қан кетулердің жоғары көрсеткіштері байқалды.
Егде жастағы адамдарда қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдануға байланысты жағымсыз әсерлердің, әсіресе өлімге ұшыратуы мүмкін асқазан-ішектік қан кетулердің және тесілулердің туындау жиілігі жоғары болады.
Анамнезінде ойық жарасы бар, әсіресе күрделі қан кетулер немесе тесілулер болған пациенттерде, немесе егде жастағы пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды, әсіресе кеторолакты вена ішіне енгізгенде дозаның артуымен бірге асқазан-ішек жолынан қан кетулердің, ойық жараның немесе тесілулердің туындау қаупі жоғарылайды. Клиникалық тұрғыдан күрделі асқазан-ішектік қан кетулердің қаупі дозаларға байланысты. Бұл пациенттерде емдеуді қолжетімді ең аз дозадан бастау керек. Мұндай пациенттер үшін, сондай-ақ бір мезгілде аспириннің аз дозасын немесе асқазан-ішек жолы үшін қауіпті арттыруы мүмкін басқа препараттарды бір мезгілде қабылдауды керек ететін пациенттер үшін цитопротекторлармен (мысалы, мизопростолмен немесе протонды помпа тежігіштерімен) біріктірілген ем тағайындалуы тиіс. Бұл жасқа байланысты асқазан-ішектік қан кетулердің туындау қаупінің тобы қабынуға қарсы стероиды емес препараттардың барлығы үшін тән болып табылады. Жас пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы адамдарда плазмадан жартылай шығарылу кезеңі жоғарылаған және кеторолактың плазмалық клиренсі азайған. Препарат дозалары арасына ұзағырақ аралық ұсынылады.
Қабынуға қарсы стероиды емес препараттарды анамнезінде ішектің қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге абайлап тағайындау керек, өйткені осы жағдайлар нашарлауы мүмкін. Анамнезінде асқазан-ішектік уыттылығы бар, әсіресе егде жастағы пациенттер ең әуелі емдеудің бастапқы сатыларында әдеттен тыс құрсақішілік симптомдар (әсіресе асқазан-ішектік қан кетулер) туралы мәлімдеуі тиіс. Кеторолакты вена ішіне қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішектік қан кетулер немесе ойық жаралар туындаған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.
Ойық жаралардың немесе қан кетулердің туындау қаупін арттыруы мүмкін пероральді қолдануға аралған кортикостероидтар сияқты препараттарды, серотонинді кері қармап қалатын жеке тежегіштерді немесе аспирин сияқты антитромбицитарлық препараттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге сақтық шараларын орындау керектігі ұсынылады.
Варфарин сияқты антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерге препаратты пайдалануға болмайды.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар сияқты, вена ішіне енгізілген кеторолак дозасының артуы және емдеу курсының ұзаруы салдарынан туындайтын асқазан-ішектік асқынулардың дәрежесі және пациенттер пайызы жоғарылауы мүмкін. Клиникалық тұрғыдан күрделі асқазан-ішектік қан кетулердің туындау қаупі препаратты дозасына байланысты. Бұл әсіресе вена ішіне кеторолактың 60 мг-ден көп тәуліктік орташа дозасын қабылдап жүрген пациенттерге қатысты. Анамнезінде ойық жаралы ауру кеторолакпен ем қолдану кезінде күрделі асқазан-ішектік асқынулардың туындау ықтималдылығын арттырады.
Гематологиялық әсерлері
Коагуляцияның бұзылулары бар пациенттер Кеторолакты қабылдамауы керек. Коагуляцияға қарсы ем қабылдап жүрген пациенттер Кеторолакты осы препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде қан кетулердің туындау қаупінің тобында болады. Кеторолакты және гепариннің профилактикалық төмен дозасын (әрбір 12 сағат сайын 2500 - 5000 бірлік), сондай-ақ декстранды бір мезгілде қолдану айқын зерттелген жоқ, сондықтан да қан кетулердің туындау ықтималдылығының жоғарылауына себеп болуы мүмкін. Антикоагулянттарды қабылдап жүрген немесе төмен дозалы гепаринді қабылдап жүрген пациенттер кеторолакты қолданбауы керек. Гемостазға жағымсыз ықпал ететін басқа препараттарды қабылдап жүрген пациенттер Кеторолакт қолданған кезде бақылауда болуы тиіс. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде операциядан кейінгі клиникалық тұрғыда маңызды қан кетулер 1%-дан аз болды.
Кеторолак тромбоциттердің агрегациясын тежейді және қан кетулер уақытын ұзартады. Қанның ұйығыштығы қалыпты пациенттерде коагуляция уақыты артты, бірақ екіден он бір минутқа дейінгі қалып шегінде. Аспиринді қолданудан ұзаққа созылатын әсерінен айырмашылығы, тромбоцитарлық функциясы кеторолакты қолдануды тоқтатқаннан кейін 24-тен 48 сағатқа дейін қалыпқа оралады.
Кеторолакты бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізіп периоперациялық пайдаланумен байланысты операциядан кейін жарадан қан кетулердің болғаны туралы мәлімдемелер бар. Сондықтан кеторолак қан кетулердің туындау қаупі үлкен операциялар жасалған пациенттерге қолданылмауы тиіс. Гемостаз көрсеткіштерінің ауытқуларына жол берілмейтін жағдайларда, мысалы, косметикалық немесе бір күндік хирургияда, простатаға резекцияда немесе тонзилэктомияларда ерекше сақтық танытқан жөн. Кеторолакты қолданған кезде жарадан қан кету және мұрыннан қан кету белгілері туралы мәлімделді. Дәрігерлер кеторолактың және циклооксигеназаны тежейтін қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілердің фармакологиялық тұрғыдан ұқсастығына, сондай-ақ қан кетулердің туындау қаупіне, әсіресе егде жастағы адамдарда, мұқият болуы тиіс.
Тері реакциялары
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолданумен байланысты, эксфолиативті дерматит, Стивенс – Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, кейбіреулері өлімге әкелетін күрделі тері реакциялары туралы өте сирек мәлімделді. Осындай реакциялардың туындауы бойынша қауіп тобындағы пациенттер емнің бас кезінде-ақ байқалды: мұндай реакциялар көп жағдайда емдеудің алғашқы айында туындады. Тері бөртпелерінің, шырышты қабықтардың зақымдануының алғашқы көріністерінде немесе препаратқа аса жоғары сезімталдықтың басқа да белгілерінде кеторолакпен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Жүйелік қызыл жегі және Шарп синдромы
Жүйелік қызыл жегісі және Шарп синдромы бар пациенттер асептикалық менингиттің туындау қаупінің тобында болады.
Кардиоваскулярлық патологияларда және шеткері ісінулерде натрийдің/сұйықтықтың іркілуі
Анамнезінде артериялық гипертензиясы және/немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қарау керек, өйткені қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеуге байланысты сұйықтықтың іркілуі және ісінушілік туралы мәлімделген.
Сұйықтықтың іркілуі, артериялық гипертензия және шеткері ісіну, кеторолакты қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдап жүрген кейбір пациенттерде байқалды, сондықтан осы препаратты жүрек функциясының жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы немесе ұқсас патологиялары бар пациенттер сақтықпен қабылдауы керек.
Препараттың кардиоваскулярлық және цереброваскулярлық әсері
Анамнезінде гипертензиясы және/немесе жүрек функциясының жеңіл немесе орташа конгестивті жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін тиісінше мониторинг және кеңес алу қажет болып табылады, өйткені қабынуға қарсы стероиды емес препараттарды қабылдау салдарынан сұйықтықтың іркілуі және ісіну туралы мәлімделді.
Эпидемиологиялық деректер коксибтерді немесе қабынуға қарсы стероидты емес кейбір препараттарды (әсіресе жоғары дозаларда) пайдалану артериялық тромбоздық асқынулардың (мысалы, миокард инфарктісінің немесе инсульттің) туындау қаупінің аздаған жоғарылауына себепші болуы мүмкін. Кеторолактың миокард инфарктісі сияқты тромбоздық асқынулардың санын арттыру қабілетінің байқалмағанына қарамастан, әйтсе де негізінде кеторолакты қолданған кезде мұндай қауіпті жоққа шығаратын жеткіліксіз деректер бар.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, жүректің анықталған ишемиялық ауруы, шеткері артериялық ауруы және/немесе цереброваскулярлық бұзылысы бар пациенттер кеторолакты тек мұқият тексерілуден кейін ғана қабылдауы тиіс. Кардиоваскулярлық аурулардың туындау қаупінің факторлары бар пациенттерді (мысалы, гипертензияда, гиперлипидемияда, қант диабетінде және шылым шеккенде) емдеуді бастағанға дейін ұқсас шешім қабылдануы тиіс.
Кардиоваскулярлық бұзылулар, бүйрек және бауыр функциясының бұзылулары
Бүйректік перфузияны қамтамасыз етуде демеуші рөл атқаратын қан және/немесе бүйректік қан ағыны көлемінің бәсеңдеуіне себеп болуы мүмкін патологиялары бар пациенттерді сақтықпен тексеру керек. Мұндай пациенттерде қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолдану, препараттың дозасына байланысты, бүйректік простагландин құрылысының әлсізденуіне себеп болуы және бүйрек функциясының айқын жеткіліксіздігін өршітуі мүмкін. Мұндай реакциялардың жоғары қаупі қан жоғалту немесе күшті сусыздану салдарынан көлемі тапшылығынан жүдеген пациенттерде, бүйрек функциясы бұзылған, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде, егде жастағы адамдарда және диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерде болады. Мұндай пациенттерде бүйрек функциясын бақылау керек. Әдетте қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеуді тоқтатудан кейін емдеуді бастар алдындағы жағдайға дейін сауығу болуы керек. Операция кезінде, гиповолемияны туындататын, жоғалған сұйықтықтың/қанның қалпына келуінің бұзылуы бүйректік дисфункцияға себеп болуы мүмкін, ол өз кезегінде Кеторолакты қолданған кезде күшеюі мүмкін. Сондықтан дегидратация түзетілуі және пациент қалыпты емделгенге дейін сарысулық мочевинаны және креатининді, диурезді маманның қатаң бақылауы ұсынылуы тиіс. Бүйректік диализде жүрген пациенттер үшін кеторолак клиренсі қалыпты көрсеткіштердің шамамен жартысына дейін азайды және жартылай шығарылуының уақытша кезеңі шамамен 3 есеге жоғарылады.
Бүйрекке әсер етуі
Қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттар сияқты, кеторолак бүйрек функциясының бұзылуы немесе бүйрек аурулары анамнезінде бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс, өйткені ол простагландин синтезінің күшті әсер ететін тежегіші болып табылады. Нефроуыттылық бүйректік простагландиндер бүйрек перфузиясын демеуде демеуші рөл атқаратын айналымдағы қан және/немесе бүйректің қан ағыны көлемінің азаюын туындататын патологиялары бар пациенттерде кеторолакты және қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттарды қолданған кезде байқалғандықтан, сақтық таныту керек.
Мұндай пациенттерде кеторолакты немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттарды қолдану, дозаларына байланысты, простагландиннің бүйректік формациясының қысқаруын өршітуі және бүйрек функциясының айқын жеткіліксіздігін немесе бүйрек функциясының декомпенсацияланған жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Мұндай реакциялардың туындау қаупі бүйрек функциясының бұзылуы, гиповолемия, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, бауыр дисфункциясы бар, сондай-ақ диуретиктер қабылдап жүрген пациенттерде және егде жастағы адамдарда үлкен болады. Кеторолакты немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін әдетте препаратты қабылдау алдындағы жағдайға дейін сауығу керек.
Сондай-ақ простагландин синтезін баяулататын басқа препараттармен бірге кеторолак трометамолын қолдану аясында сарысулық мочевинаның, креатининнің және калийдің жоғарылағаны туралы мәлімделді, олар препараттың бір дозасын қолданудан кейін де туындауы мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: Кеторолак трометамол және оның метаболиттері ең бірінші кезекте бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар (сарысулық креатинин 160 мкмоль/л-ден көбірек) пациенттердің кеторолакты қабылдауына болмайды. Бүйрек функциясының бұзылуы әлсіздеу болатын пациенттер кеторолактың азайтылған дозасын (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне тәулігіне 60 мг-ден аспайтын) қабылдауы тиіс және олардың бүйректік статусы дәрігердің тұрақты бақылауында болуы тиіс.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін пайдалану: бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде цирроз болғандықтан, кеторолактың клиренсінде немесе жартылай шығарылуының ақырғы кезеңінде клиникалық тұрғыдан маңызды еншқандай өзгерістер байқалған жоқ.
Бауыр функциясының бір немесе одан көбірек көрсеткіштерінің шектеулі жоғарылауы көрініс беруі мүмкін. Бұл бұзылулар өзгермелі болуы мүмкін, өзгеріссіз қалуы мүмкін немесе емді жалғасуымен бірге өршуі де мүмкін. Бақыланатын клиникалық сынамаларда қан сарысуында аланин-аминотрансферазаның немесе аспартатаминотрансферазаның елеулі (қалыптан 3 есе жоғары) жоғарылауы пациенттердің 1%-нан азырағында көрініс берді. Бауыр ауруларымен байланысты дамитын клиникалық белгілерде немесе симптомдарда немесе аурудың жүйелік көріністерінде кеторолак қабылдауды тоқтату керек.
Анафилаксиялық (жалған анафилаксиялық) реакциялар
Анафилаксиялық (жалған анафилаксиялық) реакциялар (анафилаксияны, бронхтың түйілуін, гиперемияны, бөртпелерді, гипотонияны, ларингеальді ісінуді және Квинке ісінуін қоса, бірақ бұлармен шектелмейді) аспиринге, қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға немесе вена ішіне енгізілетін кеторолакқа аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде, сонымен қатар мұндай анамнезсіз пациенттерде көрініс беруі мүмкін. Мұндай құбылыстар анамнезінде Квинке ісінуі, бронхтық түйілуге (мысалы, демікпеге) қайта белсенділігі немесе мұрын полиптері бар пациенттерде көрініс беруі мүмкін. Анафилаксия сияқты жалған анафилаксиялық реакциялар өліммен аяқталуы мүмкін. Сондықтан кеторолак анамнезінде демікпесі бар пациенттер үшін, сондай-ақ мұрын полиптерінің айқын немесе ішінара синдромы, Квинке ісінуі және бронхтың түйілулері бар пациенттер үшін қолданылмауы тиіс.
Сақтық шаралары және ұрпақ өрбіту функциясына ықпал етуі
Кеторолакты пайдалану, циклооксигеназа/простагландин синтезін баяулататын басқа да препараттар сияқты, ұрпақ өрбіту функциясын бұзуы мүмкін, сол себепті препаратты жүкті болғысы келіп жүрген әйелдерге қабылдау ұсынылмайды. Ұрықтану қиындығы бар немесе ұрпақ өрбіту функциясына қатысты зерттеуден өтіп жүрген әйелдер Кеторолакты қолдануды тоқтатуы керек.
Сұйықтықтың іркілуі және ісінушілік
Кеторолакты қолданған кезде сұйықтықтың іркілуі, гипертензия және ісінушілік туралы мәлімделді, сондықтан жүрек функциясының жеткіліксіздігі, гипертензиясы немесе соған ұқсас жағдайлары бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек.
Метотрексатты бір мезгілде қолдануда сақтық ұсынылады, өйткені простагландин синтезін баяулататын кейбір препараттар метотрексаттың клиренсін азайтты және оның уыттылығын күшейтті.
Дәрілік препаратты шамадан тыс пайдалану және оған тәуелділік
Кеторолак тәуелділікті туындатпайды. Препаратты қабылдауды тоқтатумен байланысты және кеторолакты вена ішіне қолдануды күрт тоқтатудан кейін ешқандай да симптомдар байқалған жоқ.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Кеторолакты тағайындағанда науқастарда орталық жүйке жүйесі тарапынан (бас айналу, ұйқышылдық) және сезім мүшелері тарапынан (естудің нашарлауы, құлақтың шуылдауы, көрудің бұзылуы) жағымсыз құбылыстар дамитындықтан, зейін қою және реакцияның жылдамдығын қажет ететін жұмыстарды орындауға жол бермеу ұсынылады.
Артық дозалануы
Симптомдары: абдоминальді ауырулар, жүректің айнуы, құсу, асқазанның және он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы, эрозиялық гастрит, бүйрек функциясының бұзылуы, метаболизмдік ацидоз. Сирек, бірақ асқазан-ішектік қан кетулер, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі болуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, адсорбенттерді (белсендірілген көмір) енгізу, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
Пішінді ұяшықты 2 немесе 10 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Dr. Reddy’s Laboratories Limited., Үндістан
Тіркеу куәлігінің ұстаушысының атауы:Dr. Reddy’s Laboratories Limited., Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі: 050057 Алматы қ., 22 линия к-сі, 45, тел: +77017633805 факс: 87273941294, mail: Maira.Zhagiparova@drreddys.com