Кетазол (2%)

МНН: Кетоконазол
Производитель: Медана Фарма АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ketoconazole
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023182
Информация о регистрации в РК: 21.08.2017 - 21.08.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Кетазол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кетоконазол

Дәрілік түрі

Сусабын

Құрамы

100 г сусабын құрамында:

белсенді зат кетоконазол 100 % затқа шаққанда - 2 г;

қосымша заттар: пропиленгликоль 10 г, гипромеллоза 1,2 г, натрий лауретсульфаты 23 г, натрий дисульфиті 0,2 г, макрогол глицерилкокоаты 2 г, имидомочевина 0,2 г, күн батар түстес сары бояғыш 0,04 г, сұйылтылған хлорсутек қышқылы 8,3 % рН 6,0-8,0 дейін, тазартылған су 100 г дейін.

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар сары немесе сары-қызғылт сарыдан қызғылт сары түске дейінгі мөлдір тұтқыр сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Кетоконазол

АТХ коды: D01AС08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кетоконазолдың концентрациясы сусабынды жергілікті қолданғаннан кейін қан плазмасында анықталмайды. Кетоконазол сусабынды бүкіл денеге жергілікті қолданғаннан кейін қан плазмасында анықталады

Фармакодинамикасы

Кетоконазол, имидазол-диоксоланның синтетикалық туындысы, оның Malassezia spp. сияқты ашытқыларға және дерматофиттерге қатысты зеңге қарсы әсері бар. Кетоконазол белсенділігінің кең ауқымы жақсы зерттелген.

Қолданылуы

- Malassezia spp. туындатқан қайызғақ және себореялық дерматит пен кебек тәрізді теміреткі сияқты инфекциялардың профилактикасы және емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдануға арналған.

Терінің зақымданған бөліктеріне немесе бастың шашты бөлігіне 3-5 минутқа жағып, содан соң сумен жуып жібереді.

Емдеу:

қайызғақ және себореялық дерматит: 2-4 апта бойына аптасына 2 рет;

кебек тәрізді теміреткі: күніне бір рет, ең көп дегенде 5 күн бойы.

Профилактикасы:

қайызғақ және себореялық дерматит: 1-2 аптада бір рет;

кебек тәрізді теміреткі: күніне бір рет, ең көп дегенде 3 күн бойы, жаз басталар алдында.

Жағымсыз әсерлері

Төмендегі жағымсыз реакциялар сусабында клиникалық сынақтар немесе маркетингтен кейінгі зерттеулер кезінде қолданғанда тіркелген, кездесу жиілігі бойынша көрсетілген: өте жиі (> 1/10); жиі: (>1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес: (>1/1,000-ден <1/100 дейін); сирек (>1/10,000-нан <1/1,000 дейін); өте сирек (<1/10,000, жиілігі анықталмаған (клиникалық сынақтардың қолда бар деректері бойынша бағалау мүмкін емес).

Иммун жүйесі тарапынан бұзылулар:

сирек – аса жоғары сезімталдық

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:

сирек – дисгевзия

Инфекция және инвазиялар:

жиі емес – фолликулит

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар:

жиі емес –жас ағудың артуы

сирек – көздің тітіркенуі

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар:

жиі емес – алопеция, құрғауды сезіну, күйдіру, шаш құрылымының өзгеруі, тері бөртпесі

сирек – акне, жанаспалы дерматит, тері зақымдануы, қабыршықтану

жиілігі белгісіз – ангионевроздық ісіну, есекжем, шаш түсінің өзгеруі

Жалпы бұзылулар және енгізген орындағы бұзылулар:

жиі емес – эритема, тітіркену, енгізген орындағы қышыну

сирек – аса жоғары сезімталдық, енгізген орындағы пустула

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кетоконазолға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

Айрықша нұсқаулар

Сусабынды пайдаланғанда оның көзге тигізуден сақтану керек. Сусабын көзге тиген жағдайда оны сумен шаю қажет.

Жергілікті глюкокортикостероидтармен ұзақ емдегенде тоқтату синдромын болдырмау үшін, кейіннен 2-3 апта ішінде глюкокортикостероидтарды біртіндеп тоқтата отырып, Кетазол 2% сусабынымен үйлесімде глюкокортикостероидты препараттарды жергілікті қолдануды жалғастыру ұсынылады.

Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Қолданылмайды

Артық дозалануы

Кездейсоқ ішке қабылдаған кезде симптоматикалық және демеуші ем. Аспирацияны болдырмау үшін құстыруға немесе асқазанды

шаюды қолдануға тыйым салынады

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сусабын 2 %.

60 г полипропилен қақпақпен тығындалған полиэтилен сықпада.

Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қартон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15-тен 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Медана Фарма акционерлік қоғамы

98-200 Серадз, Поляк Әскери Ұйымы к-сі 57, Польша.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (610151)

Электрондық пошта complaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610150)

Электрондық пошта phv@santo.kz; infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

кетазол_каз.doc 0.06 кб
кетазол_рус.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту