Кеплерон

МНН: Тиоколхикозид
Производитель: Мефар Илач Санаи А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тиоколхикозид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022229
Информация о регистрации в РК: 08.07.2021 - 08.07.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Кеплерон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тиоколхикозид

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 4 мг/2 мл

Құрамы

2 мл ерітінді құрамында

Белсенді заттиоколхикозид 4мг,

Қосымша заттар: натрий хлориді, хлорсутек қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, сәл сарғыш түсті ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да орталықтық әсері бар миорелаксанттар. Тиоколхикозид.

АТХ коды M03BX05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Абсорбция

Тиоколхикозидтің бұлшықет ішіне инъекциясынан кейін орташа ең жоғары концентрациясы 30 минуттан соң байқалады және 4 мг дозада 113 нг/мл және 8 мг дозада 175 нг/мл жетеді. AUC көрсеткіштері 4 мг дозада 283 нг с/мл және 8 мг дозада 417 нг с/мл тең.

Сондай-ақ SL18.0740 метаболитінің фармакологиялық белсенділігі дозаны қабылдағаннан кейін 11.7 нг/мл орташа ең жоғары концентрациясымен төмен мәнінде 5 сағаттан соң байқалады, ал AUC 83 нг с/мл тең. Белсенді емес SL59.0955 метаболиті үшін деректер жоқ. Ішке қабылдағаннан кейін тиоколхикозид плазмада байқалмайды. Тек екі метаболиті бар:

фармакологиялық белсенді метаболит SL18.0740 және белсенділігі жоқ метаболит SL59.0955. Екі метаболит үшін де тиоколхикозидті қабылдағаннан кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына 1 сағаттан соң жетеді. Тиоколхикозидтің 8 мг бір дозасынан кейін SL18.0740 метаболитінің орташа ең жоғары концентрациясы 60 нг/мл жуықты құрайды, ал AUC 130 нг с/мл тең. SL59.0955 метаболитінің көрсеткіштерінің деректері айтарлықтай төмен: орташа ең жоғары концентрациясы 13 нг/мл жуықты құрайды, ал AUC 15.5 нг с/мл-ден (3 сағатқа дейін) 39.7 нг с/мл (24 сағатқа дейін) дейін.

Таралуы

Тиоколхикозидтің таралуының айқындалған көлемі 8 мг бұлшықетішілік инъекциядан кейін 42.7 л жуықты құрайды. Екі метаболитке қатысты деректер жоқ.

Биотрансформациясы

Тиоколхикозид ішке қабылдағаннан кейін агликон 3-деметилтиоколхицин немесе SL59.0955 метаболитке метаболизденеді. Бұл кезең негізінен дәрілік затты қолданудың осы тәсілінде өзгермеген тиоколхикозидтің айналымда болмауымен түсіндірілетін ішек метаболизмі көмегімен жүзеге асады.

Ары қарай SL59.0955 тиоколхикозидтің фармакологиялық белсенділігіне тең болып саналатын SL18.0740-қа конъюгацияланады, осылайша препаратты ішке қабылдағаннан кейін фармакологиялық белсенділігін демеп тұрады. Сонымен қатар SL59.0955 дидеметил-тиоколхицинге деметилденеді.

Шығарылуы

t1/2 тиоколхикозидтің бұлшықетішілік инъекциясынан кейін 1,5 сағатты құрайды, ал плазмалық клиренсі 19.2 л/с тең.

Ішке қабылдағаннан кейін жалпы радиобелсенділігі негізінен нәжіспен шығарылады (79%), несеппен шығарылуы небәрі 20% құрайды. Несеппен және нәжіспен өзгермеген тиоколхикозид шығарылмайды. SL18.0740 пен SL59.0955 несепке және нәжіске түседі, дидеметил-тиоколхикозид тек нәжіспен шығарылады.

Тиоколхикозидті қабылдағаннан кейін SL18.0740 метаболиті айқын t1/2 3.2-7 сағат ішінде шығарылады, ал t1/2 SL59.0955 метаболиті 0.8 сағатқа жуықта шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бұлшықет босаңсытатын әсер білдіреді (бұлшықет релаксанты). Тиоколхикозид –колхицин мен күкірттің табиғи псевдоалкалоиды жартылай синтетикалық зат болып табылады. Бұлшықетті босаңсытатын әсер білдіреді (бұлшықет релаксанты). Тиоколхикозид орталықтық шығу тегімен бұлшықет түйілуін азайтады немесе қайтарады. Бұлшықет босаңсытатын әсері висцеральді бұлшықеттерде байқалады.

Курареге ұқсайтын әсері жоқ. Әсер ету механизмі бойынша орталықтық әсер етуімен миорелаксанттарға жатады, салдануды және бұлшықеттің шеткергі қозғалыс пластинкасының әсер ету күшінің амплитудасының төмендеуін туындатпайды.Тиоколхикозидтің GABA және глицинергиялық рецепторлардың агонисі ретінде іріктеп бұлшықет босаңсытатын әсер ететіні анықталған.

Тиоколхикозидтің глициномиметикалық қасиеттері жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінде әсер етуімен байланысты, оның ревматизмде немесе жарақаттарда пайда болатын рефлекторлық түйілулерде, сондай-ақ шығу тегі мимен байланысты бұлшықеттер түйілуде маңызы зор.

Препарат салдануды туындатпайды, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесіне әсер етпейді.

Тиоколхикозид in-vitro зерттеулерде тек стрихнинге сезімтал ГАМК және глицинергиялық рецепторлармен байланысады. ГАМК-рецептордың антагонисі ретінде әсер ететін Тиоколхикозид супраспинальді деңгейде регуляторлық кешенді механизм көмегімен өзінің тиімді бұлшықет босаңсытатын әсерін білдіруі мүмкін, әйтсе де оның глицинергиялық әсер ету механизмін жоққа шығаруға болады.

Тиоколхикозидтің ГАМК рецепторлармен өзара әрекеттесуінің сипаттамасы сандық және сапалық берілуімен қан айналымында негізгі метаболит болып табылатын глюкуронид туындыларындағыдай.

Тиоколхикозидтің және оның негізгі метаболитінің бұлшықет босаңсытатын сипаттамасы in vivo жүргізілген бірнеше тәжірибелік модельдерде көрсетілген.

Тиоколхикозидтің бұлшықет босаңсытатын әсерінің болмауы бұл қосылыстың доминантты супраспинальді әсерге ие екенін білдіреді.

Сонымен қатар, электроэнцефалографиялық зерттеулер көрсеткендей, тиоколхикозид пен оның негізгі метаболиті седативті әсер туындатпайды.

Қолданылуы

- бұлшықеттердің ауырумен жүретін контрактураларының адъювантты емінде

- жедел спинальді патологиямен ересектер мен 16 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерді симптоматикалық емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер

Тәуліктік доза тәулігіне 2 рет бұлшықет ішіне 2 мл (4 мг) құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 8 мг. Созылмалы ауруларды ұзақ уақыт емдеу үшін ұсынылмайды. Ұсынылатын емдеу мерзімі 3 - 5 күн.

Бұлшықеттердің жедел түйілуінде (құрысуларда) бастапқы тәуліктік доза тәулігіне 2 рет бұлшықет ішіне 2 мл (4.0 мг) құрайды. Ұсынылатын емдеу мерзімі - 3-5 күн.

Физиотерапиялық емшараларға дайындауда бұлшықеттердің босаңсу кезеңі бұлшықетішілік инъекциядан кейін 30-40 минут құрайды.

Балалар

Тиоколхикозидті 16 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың жағымсыз әсерлерінің пайда болу мүмкіндігін бағалау келесі көрсеткіштерге сәйкес келеді: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1,000 < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10,000 < 1/1,000 дейін), өте сирек (< 1/10,000), белгісіз (деректер жеткіліксіз).

Сирек:

- жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар (ұйқышылдық, сананың шатасуы, қозу)

- асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар (диарея, гастралгия, жүрек айнуы, құсу)

- иммунды жүйе тарапынан бұзылыстар (аллергиялық бөртпе, ангионевроздық ісінуді қоса, анафилактикалық реакциялар)

- аллергиялық тері реакциялары

Өте сирек:

  • анафилактикалық шокты қоса, анафилаксия реакциялары

  • жүрек-қантамыры жүйесі қызметінің бұзылыстары (гипотензия)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тиоколхикозидке немесе препарат құрамындағы басқа да заттарға жоғары сезімталдық

- контрацепция қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдер

- жүктілік және лактация кезеңі

- 16 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ. Әйтсе де басқа да миорелаксанттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Кеплеронды қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП), фенилбутазонмен, ауыруды басатын препараттармен, анаболикалық стероидтармен, тыныштандыратын дәрілермен, барбитураттармен және сукцинилхолинмен бір мезгілде қолдануға болады.

Орталық жүйке жүйесін басатын препараттармен, оның ішінде алкогольмен, антигипертензиялық дәрілермен, курареге ұқсайтын препараттармен бір мезгілде қолданғанда миорелаксация күшеюі және ОЖЖ бәсеңдеуі, гипотония дамуы мүмкін.

Препаратты антикоагулянттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені қан кету қаупі артады.

Айрықша нұсқаулар

Кеплеронды бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылуында сақтықпен қолдану керек.

Сыртартқысында аллергиялық реакциялармен науқастарда сақтықпен қолдану керек.

Тиоколхикозид эпилепсиямен зардап шегетін немесе қауіп тобындағы пациенттерде эпилепсия ұстамасын туындатуы мүмкін.

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігімен пациенттер үшін, сондай-ақ егде жастағы пациенттер үшін кеплеронды қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ. Осы пациенттер үшін, әсіресе егде жастағыларға, препараттың төмен дозалары ұсынылады.

Клиникаға дейінгі зерттеулер көрсеткендей, 8 мг дозада күніне екі рет пероральді қабылдағанда тиоколхикозидтің метаболиттерінің біреуі М2 (SL59.0955) анеуплоидияны

(хромосомалардың қалыптағыдан өзгеше саны немесе орналасуы) туындатады. Анеуплоидия – тератогендіктің, эмбрион мен шаранаға уытты әсерінің, өздігінен болатын аборттың дамуына әкелетін хромосомалық ақау түрлерінің біреуі. Тиоколхикозидтің ерлердің фертильділігіне теріс әсер ететіні, сондай-ақ обырдың дамуының қауіп факторы болып табылатыны қосымша анықталған.

Препараттың ең жоғары дозасын және емделу күндерін шектеу ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға қатысты деректер жоқ. Осылайша, эмбрион мен шаранаға әлеуетті қаупі белгісіз. Осының салдарынан, тиоколхикозидті жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Тиоколхикозид емшек сүтіне өтеді, сондықтан емшекпен қоректендіру кезінде қолдануға болмайды.

Фертильділік

Зерттеулерде тиоколхикозидтің 12 мг/кг дозада атжалмандардың фертильділігіне жағымсыз әсері анықталған жоқ. Тиоколхикозид пен оның метаболиттері концентрациясының әртүрлі деңгейлерінде анеугенді әсер білдіреді, ол фертильділіктің нашарлауының қауіп факторы болып табылады.

Дәрілік заттың көлік құралын және басқа әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік жүргізу қабілетіне әсері туралы дәл деректер жоқ. Әйтсе де сирек жағдайларда ұйқышылдық байқалады, сондықтан емделу кезінде зейінді жоғары жұмылдыру және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін көлік құралын жүргізгенде және басқа әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақтық шараларын сақтау керек.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану симптомдары тиоколхикозид қабылдайтын пациенттерде тіркелген жоқ.

Симптомдары: жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: пациенттерді клиникалық бақылауды, сондай-ақ симптоматикалық және демеуші емді қамтамасыз ету.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан түссіз, I типті шыны ампулаларда. 6 ампуладан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннене кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Мефар Илач Санаи А.Ш., Түркия

Стамбул қ-сы, Курткой, Пендик, Рамазаноглу, Ансар к-сі №20

Тіркеу куәлігінің иесі

Гранд Медикал Групп АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдар (ұсынымдар) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Гранд Медикал Групп АГ» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Мамыр-4, 297А үй, 3 кеңсе

Тел/факс: 8 (727) 228 17 83

Ұялы тел.: +7701 – 991-74-35

 

Прикрепленные файлы

657600451477976201_ru.doc 59.5 кб
364945341477977445_kz.doc 98 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники