Кворекс®

МНН: Клопидогрел
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clopidogrel
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018891
Информация о регистрации в РК: 29.06.2018 - 29.06.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 135.85 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кворекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клопидогрел

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 75 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 99.18 мг клопидогрел бисульфаты

(клопидогрелге шаққанда) 75,0 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, коповидон (Коллидон VA 64), кросповидон ХL-10, тальк, кремнийдің коллоидты қостотығы (аэросил), магний стеараты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), титанның қостотығы (Е 171), триацетин, вазелин майы.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, ақ немесе крем реңді ақ түсті, қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, гепаринді қоспағанда. Клопидогрел

АТХ коды B01AC04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бір реттік және қайталанған пероральді дозаларын күніне 75 мг қабылдағанда клопидогрел тез сіңеді. Өзгермеген клопидогрелдің плазмадағы орташа жоғары концентрациялары (бір 75 мг пероральді дозасынан кейін шамамен 2,2-2,5 нг/мл) дозалағаннан 45 минуттан кейін білінген.

Клопидогрел мен оның негізгі циркуляцияланатын метаболиті плазма ақуыздарымен қайтымды байланыс түзеді (сәйкесінше 98 және 94%). Бұл байланыс концентрациялардың кең ауқымында қанықпаған болып табылады.

Клопидогрел бауырда қарқынды метаболизмге ұшырайды. Клопидогрел екі негізгі жолмен метаболизденеді: бірі эстеразаларға негізделген және карбон қышқылының белсенді емес туындысына дейін гидролизденуге алып келеді (қан ағымындағы метаболиттердің 85%-ы), екіншісі көптеген Р450 цитохромаларына негізделген. Алдымен клопидогрел аралық метаболит, 2-оксо-клопидогрелге дейін метаболизденеді. Аралық метаболиті 2-оксо-клопидогрелдің келесі метаболизмі белсенді метаболит, клопидогрелдің тиолдық туындысына алып келеді. Метаболизмінің бұл жолы CYP3А4, CYP2С19, CYP1А2 және CYP2В6-ға негізделген. Белсенді тиолдық метаболиті тромбоциттер рецепторларымен тез әрі қайтымсыз байланысқа түседі, сол арқылы тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді.

Клопидогрелді қабылдағаннан кейін, шамамен 50%-ы несеппен және шамамен 46%-ы - нәжіс массаларымен 120 сағат ішінде шығарылады.

75 мг бір таблеткасын қабылдағаннан кейін клопидогрелдің жартылай шығарылу кезеңі 6 сағатты құрайды. Циркуляцияланатын негізгі (белсенді емес) метаболитінің бір рет және қайталап қабылдағаннан кейінгі жартылай шығарылу кезеңі 8 сағатты құрайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Клопидогрелдің күніне 75 мг қайталанған дозаларынан кейін бүйректің күрделі ауруы бар емделушілерде (креатинин клиренсі 5-тен 15 мл/мин дейін) аденозиндифосфат тудырған (АДФ) тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі әлсіздеу болды (25%), алайда, қан кету уақытының ұзақтығы күніне 75 мг қабылдайтын дені сау субъектілерде байқалғандағыға ұқсас болды. Клиникалық көтерімділігі барлық науқастарда жақсы болды.

Бауыр функциясының бұзылуы

Клопидогрелдің 10 күн бойы күніне 75 мг қайталанған дозаларынан кейін бауырдың ауыр бұзылулары бар науқастарда АДФ тудырған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі дені сау субъектілерде байқалған бәсеңдеуге ұқсас болды. Қан кету уақытының орташа ұзақтығы екі топтағыларда да ұқсас болды.

Фармакодинамикасы

Кворекс® - тромбоциттер агрегациясының тежегіші. Аденозиндифосфаттың (АДФ) тромбоциттердің беткейінде орналасқан оның рецепторларымен байланысын және келесі гликопротеин IIb/IIIа кешенінің белсенділенуін іріктеп тежейді, сол арқылы тромбоциттер агрегациясын тежейді. Тромбоциттерді тежеу үшін клопидогрел биоөзгеріске түсуі қажет. Сондай-ақ Кворекс®, басқа агонистер туғызған тромбоциттер агрегациясына АДФ-тан босап шыққан тромбоциттер белсенділігінің артуын бөгеу арқылы кедергі жасайды. Клопидогрелдің әсері тромбоциттің бүкіл тіршілігі бойына жалғасады, тромбоцитарлық қызметі клопидогрелді тоқтатқаннан кейін 7-10 күннен кейін қалпына келеді. Кворекстің® (тәулігіне 75 мг) емдік дозаларын ұзақ уақыт бойы тағайындағанда тромбоциттер агрегациясының елеулі тежелуі емдеудің бірінші күні-ақ байқалады, сосын антиагреганттық әсері біртіндеп артады және препаратты жүйелі қабылдаудың 3-7 күні ең жоғарғысына жетеді. Емдік дозаларын ұзақ уақыт қабылдағанда орташа тежелу деңгейі 40 және 60 % арасында болады. Емдеу аяқталғаннан кейін Кворекстің® тромбоциттер агрегациясына әсері және қан кету уақыты әдетте 5 күн бойы төмендейді. Препарат жаңа ишемиялық бұзылулардың статистикалық жиілігінің сенімді төмендеуіне алып келеді (миокард инфарктісі, ишемиялық инсульт пен кенеттен болатын өлім).

Қолданылуы

Ересектерге төмендегідей атеротромботикалық өзгерістердің алдын алу үшін көрсетілген:

- миокард инфарктісінде (бірнеше күннен кемінде 35 күнге дейін)

- ишемиялық инсультте (7 күннен кемінде 6 айға дейін)

- шеткергі артериялардың диагностикаланған ауруында

- жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында:

- ST сегменті жоғарылауынсыз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромында (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісінсіз миокард инфарктісі), соның ішінде теріастылық коронарлық араласу барысында коронарлық стенттің жылжытылуына ұшыраған науқастарға ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктіріліп,

- ST сегменті артуымен жедел миокард инфарктісі, тромболитикалық емдеу жүргізуге жарамды дәрі-дәрмекпен емделіп жүрген науқастарға АСҚ-мен біріктіріліп

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен егде жастағылар:

Кворексті® тәулігіне бір рет 75 мг ас ішуге байланыссыз қабылдау керек.

Жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромынан зардап шегетін ауруларда:

- ST сегментінің артуынсыз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісінсіз миокард инфарктісі): емдеу бір реттік жүктемелік 300 мг дозасынан басталып, сосын тәулігіне бір рет 75 мг дозасымен жалғастырылуы тиіс (ацетилсалицил қышқылымен тәулігіне 75 – 325 мг дозада). Ацетилсалицил қышқылының жоғары дозалары қан кету қаупінің артуына ұласатындықтан, ацетилсалицил қышқылының дозасын 100 мг асырмау керек. Емдеу ұзақтығын, орташа алғанда 3-тен 12 айға дейін емдеуші дәрігер анықтайды.

- ST сегментінің жоғарылауымен жедел миокард инфарктісі:

Кворексті® 75 мг-ге тең тәуліктік бір реттік дозада, ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп немесе басқа тромболитиктермен немесе оларсыз 300 мг жүктемелік дозасынан бастап қабылдау керек. 75 жастан асқан науқастарда Кворекспен® емдеуді жүктемелік дозасынсыз бастау керек. Біріктірілген емді белгілері пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ерте бастау және кемінде төрт апта бойы жалғастыру керек.

Педиатрияда қолданылуы

Кворексті® балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарға Кворексті® сақтықпен қолдану керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылуы бар науқастарға Кворексті® сақтықпен қолдану керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- гематома

- мұрыннан қан кету

- асқазан-ішектен қан кету, іш өтуі, іштің ауыруы, диспепсия

- соғылулар

- пункция орнынан қан кету

Кейде

- тромбоцитопения, лейкопения, эозинофилия

- бассүйекішілік қан кету (өліммен аяқталуы мүмкін),

бас ауыруы, парестезиялар, бас айналуы

- көздің қанталауы (конъюнктивальді, окулярлы, ретинальді)

- құсу, жүрек айнуы, іштің қатуы, метеоризм, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит,

- бөртпе, қышу, пурпура

- гематурия

- қан кету уақытының ұзаруы, нейтропения, тромбоцитопения

Сирек

- ретроперитонеальді қан кету

- нейтропения

Өте сирек

- тромботикалық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), апластикалық анемия, панцитопения, агранулоцитоз, ауыр тромбоцитопения, гранулоцитопения, анемия

- сарысу құю ауруы, анафилактоидтық реакциялар

- елестеулер, сананың шатасуы

- дәм сезудің бұзылуы

- операциялық жарадан ауыр қан кету, васкулит, артериялық гипотензия

- бронх түйілуі, интерстициальді пневмонит, қан түкіру, өкпеден қан кету

- стоматит, панкреатит, колит, соның ішінде ойық жаралы, асқазан-ішектен және өліммен аяқталатын ретроперитонеальді қан кету

- бауырдың функционалдық тестілерінің патологиялық көрсеткіштері, гепатит, бауырдың жедел жеткіліксіздігі

- буллёздік дерматит (уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, көптүрлі эритема), ангионевротикалық ісіну, эритематоздық бөртпе, есекжем, экзема және жалпақ теміреткі

- миалгиялар, артралгиялар, артриттер, гемартроз

- гломерулонефрит, қан креатинині деңгейінің артуы

- қызба синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе дәрілік препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық

- бауыр қызметінің ауыр бұзылулары

- жедел патологиялық қан кету, соның ішінде, өңештің ойық жараларында немесе бассүйекішілік қан құйылудағы асқазан мен 12 елі ішектің ойық жараларынан қан кету

- жүктілік және лактация кезеңі

- галактоза көтере алмаушылығы, Лаппа лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозы мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Оральді антикоагулянттар

Клопидогрелді оральді антикоагулянттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қан кетуді күшейтуі мүмкін.

Гликопротеин IIb/IIIа тежегіштері

Клопидогрелді жарақатпен, хирургиялық немесе басқа патологиялық жағдайлармен байланысты қан кету қаупінің артуына ұшырауы мүмкін және гликопротеин IIb/IIIа тежегіштерін қабылдап жүрген науқастарда сақтықпен қолдану керек.

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ)

Клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылы арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесу болуы мүмкін, ол қан кету қаупінің жоғарылауына алып келеді. Сәйкесінше, бұл препараттарды бір мезгілде қолдануды сақтықпен жүргізу керек.

Гепарин

Гепаринді бір мезгілде қолдану клопидогрел туғызған тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуіне әсер еткен жоқ. Клопидогрел мен гепариннің арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі болуы мүмкін, ол қан кету қаупінің жоғарылауына алып келеді. Сәйкесінше, бұл препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты талап етеді.

Тромболитикалық дәрілер

Клиникалық маңызды қан кетулердің жиілігі тромболитикалық дәрілер мен гепаринді АСҚ-мен бірге қолданғандағыға ұқсас.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСП):

ҚҚСП-мен өзара әрекеттесулерін клиникалық зерттеулер болмағандықтан, қазіргі кезде барлық ҚҚСП-ға асқазан-ішектен қан кетулер қаупінің артуы тән. Осылайша ҚҚСП, соның ішінде ЦОГ-2 тежегіштері мен клопидогрелді тағайындау сақтықты қажет етеді.

Омепразол, эзомепразол, флувоксамин, флуоксетин, моклобемид, вориконазол, флуконазол, тиклопидин, ципрофлоксацин, циметидин, карбамазепин, окскарбамазепин және хлорамфеникол

Клопидогрелмен бірге қолдану CYP2С19 ферментінің бәсеңдеуіне байланысты, клопидогрелдің белсенді метаболитінің дәрілік концентрацияларының төмендеуіне алып келеді, сол арқылы клопидогрел өзінің белсенді метаболитіне дейін метаболизденеді. Клопидогрелді бұл препараттармен бір мезгілде қолданудан бас тартқан жөн.

Протондық сорғы тежегіштері

Егер бұл аса қажет болмаса, протондық сорғы тежегіштерін бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн. Н2 бөгегіштері мен антацидтер сияқты асқазандағы қышқылдылықты төмендететін басқа дәрілік заттар клопидогрелдің антитромбоцитарлық белсенділігіне әсер ететіні туралы дәлелдер жоқ.

Атенолол, нифедипин

Клопидогрелмен клиникалық маңызды фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі байқалған жоқ.

Фенобарбитал, циметидин және эстрогендер

Бірге қолдану клопидогрелдің фармакодинамикалық белсенділігіне айтарлықтай әсер етпейді.

Дигоксин, теофиллин

Клопидогрелді бір мезгілде қолдану бұл препараттардың фармакокинетикасына әсер етпейді.

Антацидтік дәрілер

Клопидогрелдің сіңірілу дәрежесін өзгертпейді.

Фенитоин, толбутамид және Р4502C9 цитохромының көмегімен метаболизденетін ҚҚСП.

Клопидогрелмен біріктіріп қабылдау аталған дәрілік заттардың плазмадағы деңгейлерінің жоғарылауына алып келуі мүмкін, өйткені клопидогрелдің метаболиті, карбон қышқылы, Р4502C9 цитохромы белсенділігін бәсеңдетуі мүмкін. Алайда фенитоин мен толбутамидті клопидогрелмен бір мезгілде қауіпсіз қолдануға болады.

Несеп айдағыштар, β-блокаторлар, АПЭ тежегіштері, кальцийдің антагонистері, препараттар, холестеринді төмендететін дәрілер, коронарлық вазодилататорлар, диабетке қарсы дәрілер (соның ішінде инсулин), эпилепсияға қарсы дәрілер және GPIIb/IIIa антагонистері клопидогрелмен біріктіріп қабылдау клиникалық тұрғыдан айтарлықтай жағымсыз өзара әрекеттесулерді туғызбайды.

Айрықша нұсқаулар

Қан кету қаупіне және гематологиялық жағымсыз әсерлерге байланысты емдеу аясында қан кетуді көрсететін клиникалық симптомдар пайда болған жағдайда шеткергі қан көрінісін бақылау және/немесе басқа да сәйкесінше талдаулар жүргізу қажет. Басқа антитромбоцитарлық препараттар сияқты, Кворексті® жарақатпен, хирургиялық немесе басқа да патологиялық жағдайларға байланысты қан кету қаупінің жоғарылауына ұшыраған, науқастар жағдайында, сондай-ақ, АСҚ-мен, гепаринмен, гликопротеин IIb/IIIа тежегіштерімен немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен, соның ішінде ЦОГ-2 тежегіштерімен емделіп жүрген науқастар жағдайында сақтықпен қолдану керек. Науқастарда, жасырын қан кетуді қоса, әсіресе, емдеудің бірінші аптасында және/немесе жүрекке жасалған инвазивтік емшаралардан немесе хирургиялық араласудан кейін қан кету белгілерінің бар екендігін мұқият бақылау қажет.

Егер науқасқа элективті хирургиялық араласу жоспарланса және тромбозға қарсы әсері уақытша жағымсыз болса, Кворексті® қабылдауды операцияға дейін 7 күн бұрын тоқтату керек. Кез-келген операция және кез-келген жаңа дәрілік препаратты қабылдар алдында науқастар дәрігерлер мен дантистерге Кворексті® қабылдап жүргендігін ескерту қажет. Кворекс® қан кету уақытын ұзартады және патологиялық өзгерістері бар, қан кетуге бейім (әсіресе, асқазан-ішектен және көзішілік) науқастар жағдайында сақтықпен қолдану қажет.

Науқастарға қан кетуді тоқтату үшін Кворексті® қабылдағанда (бір өзін немесе АСҚ-мен біріктіргенде) көп уақыт қажет болатындығын , сондай-ақ, егер қандай-да бір әдеттен тыс қан кету туындаса, (орналасуы немесе ұзақтығы бойынша) өзінің емдеуші дәрігеріне хабарлау керектігін ескерту қажет.

Кворексті® қолданғаннан кейін, өте сирек, ал кейде қысқа экспозициядан кейін, неврологиялық өзгерістер, бүйрек функциясының бұзылуымен немесе қызбамен қатар жүретін тромбоцитопениямен және микроангиопатиялық гемолитикалық анемиямен сипатталатын тромботикалық тромбоцитопениялық пурпура жағдайлары (ТТП) болуы мүмкін. ТТП өліммен аяқталу болатын, плазмаферезді қоса, дереу емдеуді қажет ететін жағдай.

Мәліметтер жоқ болғандықтан, Кворексті® жедел ишемиялық инсульттен кейінгі бастапқы 7 күнде ұсынуға болмайды.

Кворекстің® құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын сирек галактоза көтерімділігінің бұзылуы бар, Лаппа лактазасы тапшылығымен және глюкоза және галактозаның малабсорбциясы синдромымен науқастарға бұл препаратты қабылдауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлік басқарғанда немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасағанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Белгілері қан кету уақытының ұзаруы, артынан қан кетудің асқынуларымен.

Емі: клопидогрелдің фармакологиялық белсенділігінің у қайтарғысы табылған жоқ. Егер қан кету уақытының ұзаруын тез түзету қажет болса, тромбоциттер трансфузиясы Кворекстің® әсерлерін тоқтатуы мүмкін.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпаратты қорапшада көрсетуге жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81,

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

750056371477976404_ru.doc 93.5 кб
633987111477977652_kz.doc 94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники