Кверцетин

МНН: Кверцетин
Производитель: Борщаговский ХФЗ НПЦ ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, снижающие проницаемость капилляров
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018797
Информация о регистрации в РК: 31.10.2022 - 31.10.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Кверцетин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Түйіршіктер 2 г

Құрамы

1 г түйіршіктердің құрамында

белсенді зат - кверцетин (100 % құрғақ затқа шаққанда) 0.04 г,

қосымша заттар: алма пектині, глюкоза моногидраты, қант.

Сипаттамасы

Жасылдау реңді сары түсті түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Ангиопротекторлар. Қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін препараттар. Қылтамырлардың өткізгіштігін төмендететін басқа да препараттар.

АТХ коды С05С Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат жақсы сіңеді. Басқа фармакокинетикалық параметрлері зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Флавоноид кверцетин көптеген өсімдік тектес флавоноидты гликозидтердің, оның ішінде рутиннің көмірсулы емес биологиялық белсенді компоненті болып саналады және Р тобының витамин препараттарына жатады. Антиоксидантты, жарғақша тұрақтандырғыш әсерімен байланысты болатын қылтамыр тұрақтандырғыш қасиеттерінің салдарынан препарат қылтамырлар өткізгіштігін төмендетеді. Кверцетин арахидон қышқылы метаболизмі липооксигеназды жолы блокадасының нәтижесінде қабынуға қарсы әсерді иеленеді, лейкотриендер, серотонин және басқа да қабыну медиаторларының синтезін төмендетеді.

Кверцетин қабынуға қарсы дәрілерді қолданумен байланысты ойық жараға қарсы әсерін байқатады, сондай-ақ радиопротекторлық белсенділігі бар (рентгендік - және гамма- сәулемен емдеуден кейін).

Кверцетиннің кардиопротекторлық қасиеттері антиоксидантты әсері мен қан айналымын жақсарту арқасында кардиомиоциттердің энергетикалық қамтамасыз етілуі жоғарылауына негізделген. Жараның жылдам жазылуында Кверцетиннің репаративтік қасиеттері байқалады. Препарат сүйек тіндерінің кері үлгілеу үдерісіне әсер етуі мүмкін, ол берік иммуномодулдеуші белсенділігін байқатады. Эксперименталдық түрде диуретикалық, спазмолитикалық, антисклеротикалық қасиеттері де анықталды. Кверцетин артериялық қысымды қалпына келтіреді және инсулиннің босатылуын көтермелеуге, тромбоциттердің бірігуін жылдамдатуға, тромбоксан синтезін бәсеңдетуге қабілетті.

Кверцетин эстрогендер рецепторларымен де байланысады. Препарат эстрогенге ұқсайтын қасиеттерінің арқасында (пролингидроксилазаға ықпал етуі, ісіктер некрозы мен интерлейкиндер синтезі факторын бәсеңдетуі) проостеокласты әсерлерге ие.

Қолданылуы

- қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаудан туындаған ас қорыту өзегінің жоғары бөліктеріндегі эрозиялық-ойық жара зақымданулардың алдын алуда

біріктірілген ем құрамында

- рентген - және гамма – сәулелендіру емінен кейінгі жергілікті сәулелі зақымдануда, сондай-ақ олардың алдын алу үшін

- ауыз қуысы шырышты қабығының эрозиялық-ойық жара ауруларында, пародонтозда

- жұмсақ тіндердің іріңді-қабыну ауруларында

- климактерикалық синдромда

- вертебральді-ауыру синдромында

- остеохондроздың нейрорефлекторлық білінуінде

- созылмалы гломерулонефритте

- нейроциркуляторлық дистонияда

- жүректің ишемиялық аурулары мен ІІ-ІІІ функционалдық класы ширығу стенокардиясында

Қолдану тәсілі және дозалары

Кверцетинді жергілікті және ішке қолданғанда пайдаланады. Ересектерге тағайындайды.

Жергілікті қолдану үшін: 2 г Кверцетин түйіршіктерін 45–50 ºС температурадағы 10 мл суда біртекті тұтқыр масса (гель) алынғанға дейін ерітеді.

Ішке қолдану үшін: 1 г (1/2 шай қасық) Квецетин түйіршіктерін 100 мл жылы суда ерітеді.

Пародонтозда және ауыз қуысының эрозиялық-ойық жаралы ауруларында алдын ала стерильді салфеткаға жағып алынған гельмен аппликацияны күнделікті біреуін жасайды.

Жұмсақ тіндердің іріңді-қабыну ауруларын кешенді емдеуде Кверцетинді жергілікті және ішке сол дозаларда тағайындайды: жергілікті – 2 г Кверцетин түйіршіктерінен алынған гельмен аппликация тәулігіне 2 рет, ішке – 1 г (1/2 шай қасық) түйіршіктер тәулігіне 2 рет.

Сәуле аурулары кезінде жергілікті зақымданулардың алдын алу және емдеу ішін препаратты жергілікті және ішке тағайындайды. Гельмен аппликацияны дененің зақымданған бөліктеріне тәулігіне 2 – 3 рет жағады. Ішке тәулігіне 3 – 4 рет тамақтануға дейін 30 минут бұрын 1 г тағайындайды. Радионуклидтермен ласталған аймақтарда тұратын науқастарға Кверцетинді ішке тәулігіне 2 рет тамақтануға дейін 30 минут бұрын 1 г (1/2 шай қасық) түйіршіктерден тағайындайды.

Омыртқа остеохондрозының нейрорефлекторлық білінулерін,созылмалы гломерулонефритті, жүректің ишемиялық ауруларын кешенді емдеуде, сондай-ақ қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің ульцерогенді әсер етуіне жол бермеу үшін препаратты тәулігіне үш рет 1 г дозада қабылдау тағайындалады. Ересектерге Кверцетинді қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде ішке 2 г дозада тәулігіне 3 рет қабылдауға болады.

Нейроциркуляторлық дистонияда 2 г Кверцетин түйіршіктері препаратын күніне екі рет бір ай бойы тағайындайды.

Климактериялық, вертебральді-ауыру синдромының кешенді еміне 1 г Кверцетин түйіршіктерін тәулігіне 3 рет қабылдауды кіргізеді. Емдеу мерзімі 6 айды құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (бөрту, терінің қышуы, Квинке ісінуі)

- ауыздың құрғауы, жүрек айну

- бас ауыруы, саусақтардың шаншуын сезіну

- орташа гипотензия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кверцетинге, Р-витаминді белсенділіктегі препараттарға және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- айқын артериялық гипотензия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кверцетинді бірге қолданғанда:

- аскорбин қышқылы препараттарымен әсерлерінің еселенуі байқалады;

- қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен соңғыларының қабынуға қарсы әсері күшейеді;

- кверцетин органикалық нитраттармен артериялық гипотензия туғызуы мүмкін;

- фибринолитиктермен кверцетин тромболитикалық емдеу тиімділігінің артуына әкеледі.

- дигоксинмен қан сарысуында және дигоксиннің «концентрация-уақыт» қисық асты жалпы ауданында ең жоғары концентрация жоғарылайды;

- циклоспоринмен биожетімділігі мен циклоспориннің қандағы концентрациясы жоғарылайды;

- паклитакселмен соңғысының метаболизміне ықпалы болады;

- верапамилмен соңғысының биожетімділігі жоғарылайды;

- тамоксифенмен биожетімділігі жоғарылайды, соңғысының метаболизмі мен шығарылуы төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ қолданғанда препаратқа жоғары сезімталдық аллергиялық реакциялар түрінде байқалуы мүмкін.

Препараттың құрамына сахароза мен глюкоза кіретін болғандықтан тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза, сахароза-изомальтоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерге препаратты қолданбаған жөн.

Педиатрияда қолдану

Препараттың балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге клиникалық қолданылу тәжірибесі жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: бөрту, терінің қышуы.

Емі: препаратты тоқтату; десенсибилизациялайтын ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 г ламинацияланған қағаздан жасалған пакетте. Пакеттер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге қораптық картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Ұсынылатын қолдану кезеңі (ерітілгеннен немесе сұйылтылғаннан кейін): ерітілгеннен кейін бірден қолданылады.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ, 03134, Украина, Киев қ., Мир к-сі, 17.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борщагов ХФЗ» ҒӨО ЖАҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050063, Алматы қ., Әуезов ауданы, «Жетісу-3» ы/а, 25 үй, 27 кеңсе

факс: +7(272) 313-23-34;

E-mail: vadimt58@list.ru

 

Прикрепленные файлы

529630291477977089_ru.doc 70.5 кб
185399531477978251_kz.doc 83.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники