КАФ-ТК
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
КАФ-ТК
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ацетилцистеин
Дәрілік түрі, дозасы
Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 600 мг
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Муколитиктер. Ацетилцистеин.
АТХ коды R05CB01
Қолданылуы
Тыныс алу жолдарының (бронхтар мен өкпе) жедел және созылмалы аурулары кезіндегі секретолитикалық ем, қақырықтың пайда болуы мен шығарылуының бұзылуымен қатар жүреді.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ацетилцистеинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- өршу фазасы кезіндегі асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы
- фенилкетонурия
- тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы
- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Сақтықпен: асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, өңештің веналардың варикозды кеңеюі, қан қақыру, өкпеден қан кету, фенилкетонурия, бронх демікпесі, бүйрекүсті безінің аурулары, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия кезінде тағайындалады.
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Ацетилцистеинді қолдану кезінде бронх демікпесі бар пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет. Бронх түйілуі туындаған кезде, ацетилцистеин қабылдауды тоқтату керек.
Ацетилцистеинді бронх демікпесі бар, анамнезінде асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе асқазанның жағымсыз әсерлері белгілі препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде қолданған кезде сақтық таныту керек.
Бауыр және бүйрек аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Ацетилцистеинді қолдану кезінде өте сирек жағдайларда терінің ауыр аллергиялық реакцияларының (Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы) пайда болуы байқалды. Терінің аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда пациент ацетилцистеин қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Гистаминге төзбеушілігі бар пациенттер ацетилцистеинді қысқа курстарда қабылдауы керек, өйткені гистаминнің метаболизміне төзбеушілік симптомдары пайда болуы мүмкін (мысалы, бас ауыруы, тұмаурату, қышыну).
Құрамында күкірт бар иістің болуы КАФ-TK препаратының өзгеруіне нұсқамайды, бірақ ондағы ацетилцистеиннің белсенді затының құрамымен байланысты.
Ацетилцистинді қолдану, әсіресе емдеудің басында, бронхтағы қақырықты сұйылтуға және сонымен бірге оның көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер пациент қақырықты түсіре алмаса, онда қақырықтың жинақталуын болдырмау үшін постуральді дренаж және аспирация қолданылады.
Қант диабетіне шалдыққан пациенттерге арналған нұсқау: 1 пакет КАФ-ТК құрамында 0,17 НБ бар.
Ацетилцистеиннің секретолитикалық әсері сұйықтықты жеткілікті қабылдау арқылы сақталады.
Тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге сахароза болуына байланысты КАФ-ТК препаратын қабылдауға болмайды.
Жедел аурулар кезінде емдеу курсының ұзақтығы 5 – тен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдеу кезінде бірнеше айға дейін (дәрігердің ұсынымы бойынша) созылады.
КАФ-ТК қабылдау тісті зақымдауы мүмкін (тісжегіге әкелуі мүмкін).
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ацетилцистеин мен жөтелге қарсы дәрілерді бір уақытта қолдану жөтел рефлексінің төмендеуіне байланысты қауіпті секреторлық іркілісті туындатуы мүмкін. Сондықтан бұл нұсқаны біріктірілген емде қолдануға болмайды.
Антибиотиктер
Ацетилцистеинмен бірге қолданғанда антибиотиктердің тиімділігін төмендету туралы деректер осы препараттар бірге қолданылған in vitro зерттеулерімен шектелген.
Алайда, сақтық шарасы ретінде ацетилцистеинді қолданғаннан кейін кем дегенде екі сағаттан кейін пероральді антибиотиктерді қабылдау ұсынылады.
Белсендірілген көмір
Уыттануды емдеу кезінде ацетилцистеин мен белсендірілген көмірді бір мезгілде қабылдау пероральді қабылданған ацетилцистеиннің тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Нитроглицерин
Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір мезгілде қолдану ауыр гипотензияны туындатады және бас ауыруының дамуы мүмкін самай артерисының уақытша дилатациясына әкеледі.
Егер нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір мезгілде қолдану қажет деп саналса, онда пациентте ауыр болуы мүмкін және бас ауыруы түрінде көрінуі мүмкін гипотензияның даму мүмкіндігін мониторингтеу керек. Басқа препараттарды КАФ-TK ерітіндісінде еріту ұсынылмайды.
Ацетилцистеин салицилаттарды анықтаудың колориметриялық сандық талдауына әсер етуі мүмкін.
Ацетилцистеин несеп талдау кезінде кетон денелерін талдау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңі
Ацетилцистеинді жүктілік кезінде және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
КАФ-ТК препараты ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ болып табылады.
Ересектер:
1 пакет ұнтақтан (600 мг) тәулігіне 1 рет (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес келеді)
Ерітінді дайындау:
1 пакет ұнтақты (200 мг) бір стақан ыстық суда ерітіп, араластырып, ыстық күйінде тамақ ішкеннен кейін ішке қабылдау керек.
Жедел аурулар кезінде емдеу курсының ұзақтығы 5 – тен 10 күнге дейін, созылмалы ауруларды емдеу кезінде бірнеше айға дейін (дәрігердің ұсынымы бойынша) созылады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, балаларда гиперсекреция қаупі бар.
Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидот жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіруүшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиісшаралар
Жиі емес
- аллергиялық реакциялар (қышыну, есекжем, тері бөртпесі, Квинке ісінуі, ангионевроздық ісіну, экзантема)
- тахикардия
- артериялық гипотензия
- бас ауыруы
- құлақтағы шуыл
- қызба
- стоматит, іштің ауыруы, диарея, құсу, қыжыл, жүрек айнуы
Сирек
- ентігу, бронх түйілуі (көбінесе бронх демікпесімен байланысты бронх жүйесінің реактивтілігі жоғары пациенттерде)
- диспепсия
Өте сирек
- жоғары сезімталдық реакцияларымен ішінара байланысты қан кетулер мен қан құйылулар
- анафилаксиялық шокқа дейінгі анафилаксиялық реакциялар
- Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы
Белгісіз
- бронх обструкциясы
- беттің ісінуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 пакеттің ішінде 3 г ұнтақ бар
белсенді зат - ацетилцистеин 600.00 мг,
қосымша заттар: сахароза, аскорбин қышқылы, натрий сахарині, «Апельсин» хош иістендіргіші
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Апельсин иісі бар, ішінара бөлшектер агломерациясымен ақтан сарғыштау түске дейінгі ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3 г препараттан фармацевтикалық препараттарға арналған біріктірілген материалдан (буфленнен) жасалған пакеттерге салынады. 10 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru