Катаракс (Azapentacene)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Катаракс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көзге тамызатын дәрі, 0.015% , 15 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат - 0.1500 мг (0.1575 мг) натрий азапентацені полисульфонаты (5% артығымен),
қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетрабораты (боракс), калий хлориді, тиомерсал, метилпарагидроксибензоат, пропил-парагидроксибензоат, натрий гидроксидінің 10% ерітіндісі, тазартылған су.
Сипаттамасы
Механикалық қоспаларсыз, қоңыр-қызыл түсті мөлдір ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды S01XА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Азапентаценді жергілікті қолданғанда жүйелік сіңуі нашар.
Фармакодинамикасы
Азапентацен р-бензохинонды туынды болып табылады, көз бұршағының сульфгидрильді тобын тотығудан сақтайды, хиноидты қосылыстардың түзілуін тежейді және көз бұршағының мөлдір емес ақуыздарының сіңірілуіне жағдай жасайды. Көздің алдыңғы камерасындағы сулы ылғал құрамындағы протеолиздік ферменттерді қосымша белсенділендіреді, сөйтіп, бұған дейін пайда болған бұлыңғырланудың сорылуын жеңілдетеді.
Катаракс препаратын қолдануға қатысты қолда бар деректер оны жүйелі түрде қолдану кәріліктен болатын катарактаның дамуына жол бермейтіндігін және қауіп тобындағы пациенттерде көз бұршағының дегенерациясын баяулата отырып, катарактаның дамуын болдырмайтындығын немесе бәсеңдететіндігін көрсетті.
Қолданылуы
кәрілік катарактасында
жарақаттық катарактада
туа біткен катарактада
салдарлық катарактада
Қолдану тәсілі және дозалары
Көзге қолдануға арналған.
Ұсынылатын дозасы зақымданған көз(дер)дің конъюнктивальді қалтасына тәулігіне 3-тен 5 ретке дейін тамызылатын 2 тамшыны құрайды.
Дәрілік затпен инстилляциядан кейін мұрын-жас өзегін қысу немесе қабақты ақырын түсіріп жабу ұсынылады. Бұл дәрілік заттың жүйелік сіңуін және жүйелік жағымсыз әсерлерді азайтады.
Бауыр және/немесе бүйрек функциясы бұзылған адамдарда қолданылуы
Азапентаценді бауыр және/немесе бүйрек функциялары бұзылған пациенттерде қолдану жөнінде нақты деректер жоқ,сондықтан препаратты сақтықпен тағайындаған жөн.
Егде жастағы пациенттерде қолданылуы
Егде жастағы пациенттерде жүйелік сіңірілуі төмен болғандықтан, дозаларды түзетудің қажеті болмайды.
Катаракс ұзақ уақыт емдеуге арналған. Клиникалық жағдай тез басталған жағдайда емдеуді доғару ұсынылмайды.
Құтының ішіндегі заттың ластануына жол бермеу үшін құтының тамшылатқышын кірпіктерге, тері аймақтарына және басқа да заттардың сыртына тигізіп алмаған жөн.
Жергілікті қолданылатын офтальмологиялық бірнеше препараттарды бір мезгілде қолданғанда тамызу арасында ең кемінде 10-15 минут аралықты сақтау қажет.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті
Өте сирек:
көздің тітіркенуі
Жиілігі белгісіз:
- көздің ауыруы
- көздің құрғауы, жас ағудың ұлғаюы
- көрудің бұлыңғырлануы
- көз гиперемиясы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препараттың кез келген компонентіне әр адамда жекелей жоғары сезімталдық
хирургиялық араласымды қажет ететін катаракта, және көздің басқа да аурулары (мысалы, мөлдір қабықтың ойық жарасы)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі қазіргі таңда анықталған жоқ.
Жергілікті бір офтальмологиялық дәрілік затты пайдаланғанда препараттарды қабылдау арасындағы үзіліс кем дегенде 10-15 минутты құрауы тиіс.
Айрықша нұсқаулар
Офтальмологиялық қолдануға арналған.
Катаракс құрамында тиомерсал (консервант), аса жоғары сезімталдық реакциясын туындата алатын сынаптың органикалық қосылысы бар. Аса жоғары сезімталдық реакциялары көрініс берген жағдайда препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.
Сондай-ақ оның құрамында консервант ретінде метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар, олар аллергиялық реакцияларға (баяу типті болуы мүмкін) себеп бола алады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілікте және лактация (емшек емізу) кезеңінде Катараксті қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Катаракс жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге күтілетін емдік әсері шаранада немесе нәрестеде ықтимал жағымсыз әсерлердің потенциалды даму қаупінен басым болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Педиатрияда пайдаланылуы
Балаларда Катараксті қолдану жөнінде жеткілікті тәжірибе жоқ. Катаракс препараты балаларда күтілетін емдік әсер ықтимал жағымсыз әсерлердің даму қаупінен басым болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жанаспалы линзалар
Препаратты тамызар алдында жанаспалы линзаларды көзден алып қою және тамызып болғаннан кейін кем дегенде 15 минуттан соң қайта орналастыру ұсынылады.
Көлік құралдарын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Көзге тамызатын басқа дәрілерді пайдаланған кездегі сияқты, дәріні тамызғаннан кейін көру уақытша көмескі болуы ықтимал, бұл автокөлік құралдарын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін.
Егер тамызғаннан кейін көрудің көмескіленуі пайда болса, онда пациент автокөлік құралдарын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқаруды көздің көруі қалпына келгенше күте тұруы қажет.
Артық дозалануы
Артық дозалану жөнінде бірде-бір жағдай байқалған жоқ.
Емі: препараттың артық мөлшері көзге еніп кеткен жағдайда көзді жылы судың мол мөлшерімен шаю керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тамшылатқыш-тығынмен және қорғаныш сақинасы бар бұрап жабылатын қақпақпен жабдықталған, сыйымдылығы 15 мл полиэтилен құтыда 15 мл препараттан.
Әрбір құтыға заттаңба жапсырылған.
Бір құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 250C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 4 аптадан аспайды.
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Ромфарм Компани С.Р.Л., Отопень қ., Ероилор к-сі 1А, Румыния
тел. +4021 350 46 40, факс: +4021 350 46 41
Тіркеу куәлігінің иесі
Ромфарм Компани Грузия ЖШҚ, Тбилиси қ., Грузия
Тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы
«ROMPHARM COMPANY» S.R.L. («РОМФАРМ КОМПАНИ» С.Р.Л.) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,
050013, Алматы қ., Бұқар жырау бульвары, 33 үй, «Жеңіс» БО, 41 кеңсе,
телефон: 8 (727) 247-07-85, факс: 8 (727) 376-35-88,
электронды пошта: amangul-62@mail.ru