Касфоцин

МНН: Каспофунгин
Производитель: Gland Pharma Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Caspofungin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023732
Информация о регистрации в РК: 28.04.2023 - 28.04.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Касфоцин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Каспофунгин

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған ерітінді алу үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 50 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде:

белсенді зат – 55.5 мг каспофунгин ацетаты (50.0 мг каспофунгинге баламалы),

қосымша заттар: сахароза, маннитол, көміртегі қостотығы, концентрацияланған хлорсутек қышқылы; натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі лиофилизацияланған жалпақ кесек немесе ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы басқа препараттар. Каспофунгин.

АТХ коды J02АХ04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Таралуы

Каспофунгин альбуминмен белсенді байланысады. Каспофунгиннің қан плазмасындағы байланыспаған фракциясы дені сау еріктілердегі 3,5 %-дан бастап инвазивтік кандидозы бар пациенттердегі 7,6 %-ға дейін ауытқып тұрады. Таралуы каспофунгиннің плазмадағы фармакокинетикасында елеулі рөл атқарады және альфа- және бета-диспозициялары фазаларының екеуінде де жылдамдығын басқару сатысы болып табылады. Тіндерде таралуы 92 %-ы тіндерге таралған дозасын енгізгеннен кейін 1,5-2 күннен соң ең жоғарғы деңгейіне жеткен. Тіндерге таралған каспофунгиннің азғантай бөлігі ғана, кейін бастапқы қосылыс түрінде плазмаға қайта оралуы ықтимал. Сондықтан, шығарылуы тепе-тең таралуынсыз жүреді, және қазіргі кезде каспофунгиннің таралу көлемінің нақты бағасын алу мүмкін емес.

Биоөзгерісі

Каспофунгин ашық сақиналы қосылысқа дейін өздігінен ыдырауға ұшырайды. Ары қарайғы метаболизміне пептидтік гидролиз және N-ацетилдену кіреді. Каспофунгиннің ашық сақиналы осы қосылысқа дейін ыдырауы кезінде түзілетін екі аралық өнім, плазма ақуыздарымен ковалентті аддуктілерді (немесе қосылыс өнімдерін) түзіп, плазма ақуыздарымен төмен деңгейлі, қайтымсыз байланысуына алып келеді.

In vitro зерттеулер, каспофунгиннің P450 цитохромы 1A2, 2A6, 2C9, 2C19, 2D6 немесе 3A4 ферменттерінің тежегіші болып табылмайтындығын көрсетеді. Клиникалық зерттеулерде, каспофунгин басқа дәрілік препараттардың CYP3A4 метаболизмін индукциялаған жоқ және тежеген жоқ. Каспофунгин P-гликопротеин үшін субстрат болып табылмайды және P450 цитохромы ферменттері үшін әлсіз субстрат болып табылады.

Шығарылуы

Каспофунгиннің плазмадан шығарылуы 10-12 мл/минут клиренсімен баяу жүреді. Каспофунгиннің плазмалық концентрациялары 1 сағат бойы венаішілік бір реттік инфузияларынан кейін полифазалы төмендейді. Қысқа альфа-фазасы инфузиядан кейін бірден орын алады, одан кейін 9-дан 11 сағатқа дейінгі жартылай шығарылу кезеңімен бета-фазасы жүреді. Сонымен қатар, 45 сағаттық жартылай шығарылу кезеңімен қосымша гамма-фазасы пайда болады. Плазмалық клиренсіне әсер ететін басым механизмі экскрециясы немесе биоөзгерісі емес, таралуы болып табылады.

Радиоактивті таңбалы препарат дозасының 75 %-ға жуығы 27 күн ішінде: 41 %-ы несепте және 34 %-ы нәжісте қалпына келген. Енгізгеннен кейінгі алғашқы 30 сағат ішінде каспофунгиннің экскрециясы немесе биотрансформациясы көп болмайды. Экскрециясы баяу жүреді, және радиобелсенділікке ие препараттың жартылай шығарылуының ақырғы кезеңі 12 күннен 15 күнге дейін құрады. Каспофунгиннің аздаған мөлшері өзгеріссіз күйінде несеппен бөлініп шығады (дозасының шамамен 1,4 %-ы).

Каспофунгин дозасын арттырған кезде жинақталуы жоғарылайтын, орташа, дозасына тәуелсіз фармакокинетикасын және бірнеше реттік дозасын енгізген кезде дозасының тұрақты жағдайға жетуге арналған уақытқа тәуелділігін көрсетеді.

Пациенттердің жекелеген топтары

Каспофунгин экспозициясының жоғарылауы бүйрек жеткіліксіздігі бар және бауырдың ауырлық дәрежесі жеңіл жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде, әйелдер мен егде жастағыларда байқалды. Әдетте, жоғарылауы орташа және айтарлықтай көп болмаған және дозасын түзетуді қажет етпеген. Бауырдың ауырлығы орташа жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде немесе салмағы жоғарырақ пациенттерде дозасын түзету қажет болуы мүмкін (төменнен қараңыз).

Дене салмағы: кандидозы бар ересек пациенттердегі популяциялық фармакокинетикалық талдаудан, дене салмағының каспофунгин фармакокинетикасына әсер ететіндігі анықталды. Плазмалық концентрациялары дене салмағының артуына қарай төмендейді. Дене салмағы 80 кг ересек пациентте орташа экспозициясы дене салмағы 60 кг ересек пациенттегіге қарағанда шамамен 23%-ға төмен болады деп болжанған (Қолдану тәсілі және дозаларын қараңыз).

Бауыр жеткіліксіздігі: бауырдың жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде AUC сәйкесінше, шамамен 20 % және 75 %-ға жоғарылады. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер мен бауыр жеткіліксіздігінің кез келген дәрежесі бар балаларда қолданылуының клиникалық тәжірибесі жоқ. Бірнеше реттік дозаларын зерттеуде бауырдың ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде тәуліктік дозасын 35 мг дейін төмендету, бауыр функциясы қалыпты, стандартті режимде қабылдап жүрген ересек сыналушылардан алынғанға ұқсас AUC мәні көрсетті (Қолдану тәсілі және дозаларын қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі: 70 мг бір реттік дозаларын клиникалық зерттеуде каспофунгиннің фармакокинетикасы была схожа у бүйректің жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі от 50 до 80 мл/мин) ересек еріктілер мен бақылау тобындағы сыналушыларда ұқсас болды. бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлығы орташа (креатинин клиренсі 31-ден 49 мл/минутқа дейін), ауыр (креатинин клиренсі 5-тен 30 мл/минутқа дейін) және терминалды сатысы бар (креатинин клиренсі <10 мл/мин, диализ қажет) пациенттерде бір реттік дозасын (AUC үшін 30-дан 49 %-ға дейінгі ауқымда) енгізгеннен кейін, каспофунгиннің плазмалық концентрациялары орташа жоғарылаған. Алайда, инвазивтік кандидозы, өңеш кандидозы немесе инвазивтік аспергиллезі бар, каспофунгиннің бірнеше реттік 50 мг дозаларын күнделікті қабылдаған ересек пациенттерде, жеңіл немесе ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінің болуының каспофунгин концентрациясына елеулі әсері болған жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. Каспофунгин диализге ұшырамайды, сондықтан гемодиализден кейін қосымша дозасы қажет болмайды.

Жыныстық ерекшелік: каспофунгиннің плазмалық концентрациялары ерлердегіге қарағанда, әйелдерде орташа алғанда 17-38 % жоғары болды.

Егде жастағылар: AUC (28 %) пен C24h (32 %) орташа жоғарылауы жастау ерлермен салыстырғанда, егде жастағы ерлерде байқалды. Эмпирикалық ем қабылдаған немесе инвазивтік кандидозы болған пациенттерде, жас шамасының осы сияқты орташа әсері жастау пациенттермен салыстырғанда, жасы үлкен пациенттерде байқалды.

Нәсілдік ерекшелік: пациенттердің фармакокинетикалық мәліметтері, кавказдықтар, қара нәсілділер, латынамерикандықтар мен метистер арасында каспофунгин фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан елеулі айырмашылықтар байқалмағанын көрсетті.

Балалар: каспофунгинді 50 мг/м2 дозада күн сайын (ең көбі тәулігіне 70 мг) қабылдаған балалар мен жасөспірімдерде (12 жас пен 17 жас аралығындағы), каспофунгиннің плазмадағы AUC0-24 сағ мәні тұтас алғанда, тәулігіне 50 мг каспофунгинді қабылдаған ересек пациенттердегі осындаймен салыстырымды. Барлық жасөспірімдерге тәулігіне >50 мг дозалары енгізілді, және нақты алғанда, 8-інің 6-ауы тәулігіне 70 мг ең жоғарғы дозасын қабылдады. Аталған жасөспірімдерде каспофунгиннің плазмалық концентрациялары күніне 70 мг қабылдаған ересектермен салыстырғанда төмен болды, және бұл дозасы көбінесе жасөспірімдерге тағайындалды.

Каспофунгинді 50 мг/м2 дозада күн сайын (ең көбі күніне 70 мг) қабылдаған балаларда (2 жас пен 11 жас аралығындағы), каспофунгиннің плазмадағы AUC0-24сағ мәні бірнеше реттік дозаларынан кейін тәулігіне 50 мг каспофунгинді қабылдаған ересектердегі осындаймен салыстырымды болды.

Күн сайын 50 мг/м2 каспофунгин (ең көбі күніне 70 мг) енгізілген кішкентай балаларда (12 айдан 23 айға дейінгі), каспофунгиннің плазмадағы AUC0-24hr мәні бірнеше реттік дозаларынан кейін тәулігіне 50 мг каспофунгинді қабылдаған ересектер мен тәулігіне 50 мг/м2 қабылдаған үлкен балалардағы (2 жас пен 11 жас аралығындағы) осындаймен салыстырымды болды.

Жалпы алғанда, 3 ай мен 10 ай аралығындағы пациенттерде фармакокинетикасы, тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі қолжетімді мәліметтер шектеулі. Тәулігіне 50 мг/м2 енгізілген 10 айлық бір баладан алынған фармакокинетикалық мәліметтер, AUC0-24hr сәйкесінше 50 мг/м2 және 50 мг дозаларын қабылдаған үлкен балалар мен ересектердегідей ауқымда екендігін көрсетті, ал 50 мг/м2 енгізілген 6 айлық бір балада AUC0-24hr мәні біршама жоғары болды.

Каспофунгин тәулігіне 25 мг/м2 (сәйкесінше орташа тәуліктік дозасы 2,1 мг/кг) енгізілген жаңа туған нәрестелер мен сәбилерде (<3 ай), каспофунгиннің ең жоғарғы концентрациясы (C1hr) және каспофунгиннің бірнеше реттік дозаларынан кейінгі концентрациясы (C24hr) тәулігіне 50 мг каспофунгинді қабылдаған ересктердегі осындайлармен салыстырымды болды. Аталған жаңа туған нәрестелер мен сәбилерде ересектермен салыстырғанда, 1ші күні C1hr мәні салыстырымды болды, ал C24hr орташа деңгейде жоғарылады (36 %). Алайда, C1hr (4-ші күні, орташа геометриялық мәні — 11,73 мкг/мл, 2,63-тен 22,05 мкг/мл дейінгі ауқымда), пен C24hr (4ші күні, орташа геометриялық мәні — 3,55 мкг/мл, 0,13-тен 7,17 мкг/мл дейінгі ауқымда) өзгергіштігі байқалды. Бұл зерттеуде плазма үлгілері сирек алынғандықтан, AUC0-24hr өлшеулері жүргізілген жоқ. Жаңа туған нәрестелер мен 3 айдан асқан сәбилер қатыстырылған проспективтік клиникалық сынақтарда каспофунгиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігін айта кету керек.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Каспофунгин ацетаты Glarea lozoyensis ферментациясы  өнімінен синтезделген липопептидтің (эхинокандиннің) жартылай синтетикалық қосылысы болып табылады Каспофунгин ацетаты көптеген жіпшетәрізді зеңдер мен ашытқылардың жасуша қабырғасының елеулі компоненті бета (1,3)-D-глюканның синтезін тежейді. Бета (1,3)-D-глюкан сүтқоректілердің жасушаларында болмайды.

Каспофунгин Candida ашытқыларына қарсы фунгицидтік белсенділігін танытты. in vitro және in vivo зерттеулер, каспофунгиннің Aspergillus әсері жасушалардың көбеюі мен бөлінуі жүретін гифтердің апикальді ұштары мен тармақталу нүктелерінің лизисіне және қырылуына алып келетінін көрсетеді.

Фармакодинамикалық әсерлері

Каспофунгин Aspergillus тектестерге (Aspergillus fumigatus [N = 75], Aspergillus flavus [N = 111], Aspergillus niger [N = 31], Aspergillus nidulans [N = 8], Aspergillus terreus [N = 52] және Aspergillus candidus [N = 3]) қарсы in vitro белсенділікке ие. Сонымен қатар, тасымалдағыш ақуыздар мутациясына байланысты көптүрлі резистенттілігі бар изоляттары мен флуконазолға, амфотерицин B және 5-флуцитозинге жүре пайда болған және табиғи резистенттілікке ие изоляттарын қоса, Candida тектестерге (Candida albicans [N = 1,032], Candida dubliniensis [N = 100], Candida glabrata [N = 151], Candida guilliermondii [N = 67], Candida kefyr [N = 62], Candida krusei [N = 147], Candida lipolytica [N = 20], Candida lusitaniae [N = 80], Candida parapsilosis [N = 215], Candida rugosa [N = 1] және Candida tropicalis [N = 258]) in vitro белсенділікті де иеленген. Сезімталдығын тестілеу Клиникалық және зертханалық стандарттар институтының (CLSI, бұрын Клиникалық және зертханалық стандарттар жөніндегі Ұлттық комитет [NCCLS] ретінде белгілі) модификациясына сәйкес M38-A2 (Aspergillus тектестер үшін) және M27-A3 (Candida тектестер үшін) әдістерінің көмегімен жүргізілді.

Ашытқылық зеңдер үшін сезімталдығын тестілеудің стандартталған әдістерін Микробқа қарсы сезімталдықты тестілеу жөніндегі Еуропалық комитет (EUCAST) анықтап берді. Каспофунгин үшін MIC ауқымының (ең төменгі бәсеңдеткіш концентрациясы) зертханалар арасындағы елеулі өзгешеліктеріне байланысты, MIC EUCAST шектік мәндері әлі анықталған жоқ. Шектік мәндері болмаса да, анидулафунгинге, сондай-ақ, микафунгинге сезімтал Candida изоляттарын каспофунгинге сезімтал деп есептеу керек. Осы сияқты, анидулафунгин мен микафунгинге резистенттілігі орташа C. Parapsilosis изоляттарын да каспофунгинге орташа-резистентті деп есептеуге болады.

Резистенттілік механизмі

Каспофунгинге сезімталдығы төмен Candida изоляттары емдеу кезінде пациенттердің азғантай санында идентификацияланды (каспофунгин үшін MIC мәні >2 мг/л (MIC 4-30 есе жоғарылаулары). CLSI мақұлдаған, стандартталған MIC тестілеу әдістерін пайдаланғанда) тіркелді. Идентификацияланған резистенттілік механизмі FKS1 және/немесе FKS2 гендерінің мутациялары болып табылады (C. glabrata үшін). Бұл жағдайлар жағымсыз клиникалық нәтижелерге ұласты.

Каспофунгинге in vitro резистенттіліктің дамуы Aspergillus зеңдерінде анықталды. Каспофунгинге резистенттілік инвазивтік аспергиллезі бар науқастарда клиникалық қолданылуы шектеулі кезде байқалды. Резистенттілік механизмі анықталмаған. Candida және Aspergillus түрлі клиникалық изоляттарында каспофунгинге резистенттілік жағдайлары сирек кездесті. Candida каспофунгинге резистенттілігі байқалды, бірақ бұл жағдайлар түріне немесе аймаққа байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі

Ересек пациенттердегі инвазивтік кандидоз: 239 пациент қатысқан клиникалық зерттеуде каспофунгин мен амфотерицин B тиімділігі салыстырылды. 24 пациентте нейтропения, 186 пациентте (77%) кандидемия, 19 пациентте (8%) - кандидоздық перитонит болды. Тәулігіне бір рет 50 мг каспофунгин 70 мг жүктемелік дозасыннан кейін енгізілді, ал амфотерицин B тәулігіне нейтропениясы жоқ пациенттерге 0,6-0,7 мг/кг-ден енгізілді немесе нейтропениясы бар пациенттерге тәулігіне 0,7-1,0 мг/кг-ден енгізілді. Венаішілік емнің орташа ұзақтығы 11,9 күнді құрады (1-ден 28 күнге дейін). Инвазивтік кандидоз еміне жағымды жауаптардың жиілігі каспофунгин үшін (73 % [80/109]) және амфотерицин B үшін (62 % [71/115]) болды [айырмашылығы 12,7 % (95,6 % СА -0,7, 26,0)]. Кандидемиясы бар пациенттерде жағымды жауаптың жиілігі каспофунгин үшін (72 % [66/92]) және амфотерицин B үшін (63 % [59/94]) болды [айырмашылығы 10,0 % (95,0 % СА -4,5, 24,5)]. Жағымды жауаптың жиілігі нейтропениясы бар пациенттерде каспофунгин тобында 7/14 (50 %) және амфотерицин B тобында 4/10 (40 %) құрады. Бұл шектеулі мәліметтер эмпирикалық емнің зерттеу нәтижелерімен расталып отыр. Басқа зерттеуде каспофунгиннің тәуліктік: тәулігіне 50 мг (1 күнгі 70 мг жүктемелік дозасынан кейін) және тәулігіне 150 мг дозалары салыстырылды. Каспофунгин 2 сағат бойы енгізілді (стандартты 1 сағат енгізілуінің орнына). 8% пациентте нейтропения болды. Каспофунгинмен емдеудің соңындағы жағымды жауаптың жиілігі 2 емдеу тобында ұқсас болды: 50 мг және 150 мг каспофунгинмен емдеу топтары үшін, сәйкесінше 72 % (73/102) және 78 % (74/95) (айырмашылығы 6,3 % [95 % СА -5,9, 18,4]).

Ересек пациенттердегі инвазивтік аспергиллез: салыстырмалы емес ашық зерттеуде 69 пациентте каспофунгиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланды. Олардың ішінен 84% пациентте резистенттілік (зеңге қарсы басқа емді кемінде 7 күн бойы пайдаланғанда аурудың үдеуі немесе жақсарудардың болмауы) және 16% пациентте - зеңге қарсы басқа стандартты емнің көтерімсіз болды. Науқастардың көпшілігінде негізгі аурулары болды (микоз - асқыну немесе салдарлы ауру болды): гематологиялық қатерлі ісік [N = 24], алогенді сүйек кемігінің немесе дің жасушаларының трансплантациясы [N = 18], ағзалардың трансплантациясы [N = 8], ауқымды ісік [N = 3] немесе басқа аурулар [N = 10]. Жағымды жауапқа рентген түсірілімдеріндегі клиникалық тұрғыдан елеулі жақсарулар, сондай-ақ, симптомдарыны жақсаруы кірістірілді. Емнің орташа ұзақтығы 33,7 күнді (1-ден 162 күнге дейін) құралы. Жағымды жауап каспофунгиннің кемінде бір дозасын қабылдаған пациенттердің 41 %-ында (26/63) және каспофунгинмен 7 күннен артық емделген пациенттердің 50 %-ында (26/52) болды. Резистенттілік немесе алдыңғы ем көтерімсіз болған пациенттерде жағымды жауаптың жиілігі сәйкесінше 36 % (19/53) және 70 % (7/10) құрады. Аурудың өкпелік және өкпеден тыс түрлері бар пациенттер арасында жауаптың жиілігі сәйкесінше 47 % (21/45) және 28 % (5/18) құрады. Өкпеден тыс аспергиллезі бар (ОЖЖ зақымдануымен) пациенттер арасынан 8-інің 2-еуінде жағымды жауап болды.

Фебрильді нейтропениясы бар ересек пациенттердегі эмпирикалық ем: клиникалық зерттеуде персистирленетін қызбасы [>38,0°C] және нейтропениясы [<500 жасуша/мм3] бар (қатерлі ісіктің химиотерапиясы немесе гематопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы нәтижесіндегі) 1111 пациент каспофунгинді 70 мг жүктемелік дозасынан кейін тәулігіне бір рет 50 мг-ден, немесе липосомалық амфотерицин тәулігіне B 3,0 мг/кг қабылдады. Зеңге қарсы емнің ең көп ұзақтығы 28 күн болды және нейтропения белгілері жойылғаннан кейін 72 сағат бойы жалғастырылуға тиіс болды. 5 күн емдеуден кейін клиникалық жағдайдың нашарлауына және қызбаның жалғаса беруіне байланысты, препараттың дозасы арттырылды: каспофунгинмен емделген 13,3 % пациентте тәулігіне 70 мг дейін және липосомалық амфотерицин B препаратымен емделген 14,3 % пациентте тәулігіне 5,0 мг/кг дейін. Каспофунгинмен емдеудегі (N=1095) жалпы жағымды жауап (33,9 %) липосомалық амфотерицин B препаратымен емдеудегі осындаймен (33,7 %) салыстырымды болды [айырмашылық 0,2 % (95,2 % CI –5,6, 6,0)], бұған зерттеліп отырған препараттың дәрілік уыттылыққа немесе тиімділігінің болмауына байланысты тоқтатылуының болмағаны да (каспофунгин 89,7 % [499/556], липосомалық амфотерицин B 85,5 % [461/539]), нейтропения кезіндегі қызбаның басылуы (каспофунгин 41,2 % [229/556], липосомалық амфотерицин B 41,4 % [223/539]) кірістіріліп отыр. Каспофунгин мен липосомалық амфотерицин B препараттарына жауаптың жиілігі Aspergillus, тектестерден туындаған бастапқы инфекциялар үшін сәйкесінше, 41,7 % (5/12) және 8,3 % (1/12), Candida тектестерден туындаған инфекциялар үшін сәйкесінше 66,7 % (8/12) және 41,7 % (5/12) құрады. Каспофунгин тобындағы пациенттер зеңдердің сирек кездесетін келесі түрлерінен: Trichosporon (1), Fusarium (1), Mucor (1) және Rhizopus (1) туындаған жаңа инфекцияларды жұқтырды.

Балалар

Каспофунгиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі 3 айдан 17 жасқа дейінгі балаларда екі проспективтік, көпорталықты зерттеулерде бағаланды.

Алғашқы рандомизацияланған 2 жас пен 17 жас аралығындағы 82 пациент қатысқан салыстырмалы жасырын зерттеуде каспофунгин (1ші күнгі 70 мг/м2 жүктемелік дозасынан кейінгі венаішілік (в/і) тәулігіне 50 мг/м2) персистирленетін қызбасы мен нейтропениясы бар балалардағы эмпирикалық ем ретіндегі липосомалық амфотерицин B (в/і тәулігіне 3 мг/кг) препаратымен 2:1 емдеу кестесінде (56 пациент каспофунгинді, 26 - липосомалық амфотерицин B қабылдады) салыстырылды. Жағымды жауаптың жалпы жиілігі каспофунгин үшін 46,6 % (26/56) және липосомалық амфотерицин B үшін 32,2 % (8/25) құрады.

Екінші проспективтік, ашық, салыстырмалы емес зерттеуде каспофунгиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі (резервтік ем ретіндегі) инвазивтік кандидозы (N=37), эзофагеальді кандидозы (N=1) және инвазивтік аспергиллезі (N=10) бар 48 балада (6 айдан 17 жасқа дейінгі) бағаланды. Каспофунгин 1ші күнгі 70 мг/м2 жүктемелік дозасынан кейін в/і тәулігіне бір рет 50 мг/м2 енгізілді (тәулігіне 70 мг асырмай). Каспофунгинмен емдеудің соңында жағымды жауап жиілігі мынадай болды: инвазивтік кандидозда 81 % (30/37), инвазивтік аспергиллезде 50 % (5/10) және эзофагеальді кандидозда 100 % (1/1).

Қолданылуы

- ересектер мен балалардағы инвазивтік кандидозды емдеу үшін

- амфотерицин B, амфотерицин B липидтік түрлерін және/немесе итраконазолға резистенттілігі немесе көтере алмаушылығы бар ересектер мен балаларда инвазивтік аспергиллезді емдеу үшін. Резистенттілігі инфекцияның үдеуі немесе осының алдында тиімді емдік дозалардағы зеңге қарсы емнен кейін кемінде 7 күннен соң жақсарудың болмауы ретінде анықталады

- фебрильді нейтропениясы бар ересектер мен балаларда зең инфекцияларына (Candida немесе Aspergillus сияқты) күдіктенген жағдайдағы эмпирикалық емде

Қолдану тәсілі және дозалары

Касфоцинді инвазивтік зең инфекцияларын емдеуде тәжірибесі бар терапевт тағайындауы тиіс.

Ересек пациенттер

1ші күні бір реттік жүктемелік 70 мг дозасын енгізу керек, содан соң күніне 50 мг-ден енгізеді. Дене салмағы 80 кг асатын пациенттерге бастапқы жүктемелік 70 мг дозасынан кейін, күніне 70 мг Касфоцинді енгізу ұсынылады. Жыныстық немесе нәсілдік ерекшелікке байланысты дозасын түзету қажет емес.

Балалар (12 айдан 17 жасқа дейін)

Балаларда (12 айдан 17 жасқа дейінгі) дозасы пациенттің дене беткейінің ауданына (Мостеллер формуласы бойынша) есептеп шығарылады. Барлық көрсетілімдері бойынша 1ші күні бір реттік жүктемелік 70 мг/м2 дозасы (70 мг нақты дозасынан асырмау керек!), содан соң күн сайын 50 мг/м2 (күніне 70 мг нақты дозасынан асырмау керек!) енгізіледі. Егер 50 мг/м2 тәуліктік дозасының көтерімділігі жақсы болғанымен, талапқа сай клиникалық жауаппен қамтамасыз ете алмаса, тәуліктік дозасы күніне 70 мг/м 2 дейін арттыруға болады (70 мг нақты дозасынан асырмау керек!).

Каспофунгиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі жаңа туған нәрестелер мен 12 айға дейінгі сәбилер қатыстырылған клиникалық сынақтарда жеткілікті зерттелмеген. Аталған жас тобындағыларды емдеу кезінде сақтық таныту ұсынылады. Шектеулі мәліметтер, жаңа туған нәрестелер мен 3 йға дейінгі сәбилер үшін каспофунгиннің күніне 25 мг/м2 дозасын, ал 3 айдан 11 айға дейінгі сәбилер үшін - күніне 50 мг/м2 дозасын қарастыруға болатындығын көрсетіп отыр.

Емдеу ұзақтығы

Эмпирикалық емнің ұзақтығы пациенттің клиникалық жауабына негізделуі тиіс. Ем нейтропения басылғаннан кейін (ANC≥ 500) 72 сағатқа дейін созылуы тиіс. Расталған зең инфекциясы бар пациенттер кемінде 14 күн ем қабылдауы тиіс, және емдеуді нейтропения мен клиникалық симптомдары басылғаннан кейін кемінде 7 күн бойы жалғастыру керек.

Инвазивтік кандидозды емдеудің ұзақтығы пациенттің клиникалық және микробиологиялық жауабына негізделуі тиіс. Инвазивтік кандидоздың клиникалық көрінісі жақсарғаннан кейін және микробиологиялық тестілерден теріс нәтижелер алынғаннан кейін, зеңге қарсы пероральді емге ауысу мүмкіндігін қарастыруға болады. Зеңге қарсы ем, өсіріндіні себудің соңғы оң нәтижесінен кейін кемінде 14 күнге созылуы тиіс.

Инвазивтік аспергиллезді емдеу ұзақтығы әр нақты жағдайда және пациенттің негшізгі ауруының ауырлығына, иммуносупрессия мен клиникалық жауаптан кейін қалпына келуіне байланысты белгіленеді. Тұтас алғанда емдеу, симптомдары басылғаннан кейін кемінде 7 күнге созылуы тиіс.

4 аптадан артыққа созылатын емнің қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі. Алайда, қолда бар мәліметтер, каспофунгиннің ұзағырақ емдеу курстары (ересектерде 162 күнге дейін және балаларда 87 күнге дейін) кезінде де жақсы көтерімді екендігін көрсетеді.

Пациенттердің айрықша топтары

Егде жастағылар

Егде жастағы пациенттерде (65 жас шамасындағы және одан үлкен) қисық астындағы ауданы (AUC) шамамен 30 %-ға артқан. Алайда дозасын жүйелі түрде түзету қажет емес. 65 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауырлығы жеңіл дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5 – 6 балл) пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. Фармакокинетикалық мәліметтерге сәйкес, бауырдың ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-ден 9 балға дейін) ересек пациенттерге каспофунгиннің күніне 35 мг дозасы ұсынылады. 1ші күні бастапқы жүктемелік 70 мг дозасын енгізу қажет. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар (Чайльд-Пью шкаласы бойынша 9 балдан жоғары) ересек пациенттерде және бауыр жеткіліксіздігінің кез келген дәрежесі бар балаларда қолданылуының клигникалық тәжірибесі жоқ.

Метаболизмдік ферменттердің индукторларымен бір мезгілде енгізу

Шектеулі мәліметтер, каспофунгинді ересек пациенттерге метаболизмдік ферменттердің кейбір индукторларымен бір мезгілде енгізгенде каспофунгиннің 70 мг жүктемелік дозасынан кейін енгізілетін тәуліктік дозасын 70 мг дейін арттыру ұсынылатынын көрсетеді (Дәрілермен өзара әрекеттесуін қараңыз).  Каспофунгин 12 айдан 17 жасқа дейінгі балаларға метаболизмдік ферменттердің дәл осы индукторларымен бір мезгілде енгізілген кезде (Дәрілермен өзара әрекеттесуін қараңыз), каспофунгиннің ұсынылатын дозасы – күн сайын 70 мг/м 2  (нақты тәуліктік 70 мг дозасынан аспауы тиіс!).

Енгізу тәсілі

Қалпына келтіргеннен және сұйылтқаннан кейін Касфоцин ерітіндісін тәулігіне 1 рет шамамаен 1 сағат бойы баяу венаішілік инфузия жолымен енгізу керек.

КАСФОЦИННІҢ ВЕНАІШІЛІК ИНФУЗИЯҒА АРНАЛҒАН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ

Касфоцинді қалпына келтіру (еріту)

ҚҰРАМЫНДА ГЛЮКОЗА БАР ЕРІТКІШТЕРДІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ, өйткені, Касфоцин құрамында глюкоза бар ерітінділерде тұрақсыз. КАСФОЦИНДІ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРМЕН АРАЛАСТЫРМАҢЫЗ ЖӘНЕ БІР МЕЗГІЛДЕ ЕНГІЗБЕҢІЗ, өйткені Касфоциннің вена ішіне енгізуге арналған басқа субстанциялармен, қоспалармен немесе дәрілік заттармен үйлесімділігі туралы мәліметтер жоқ. Инфузияға арналған ерітіндінің ішінде қатты бөлшектердің бар-жоқтығын немесе түсінің өзгермегендігін көзбен қарап тексеріп шығыңыз.

Кез келген пайдаланылмаған дәрілік препаратты немесе қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

Касфоцин, инфузияға арналған ерітінді алу үшін концентрат дайындауға арналған 50 мг лиофилизат

Ересек пациенттерде қолдану жөніндегі нұсқаулар

1 қадам. Құтыдағы бастапқы (қалпына келтірілген) ерітіндісін дайындау

Сұйылтар алдында ішінде Касфоцин ұнтағы бар салқын құтыны бөлме температурасына дейін жеткізу және асептика сақталатын жағдайларда инъекцияға арналған 10.5 мл суды немесе Рингер ерітіндісін қосу қажет. Препараттың бастапқы ерітіндідегі (50 мг құтыдағы) концентрациясы 5.2 мг/мл құрайды.

Ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған ұнтақ толығымен еріп кетуі тиіс. құтының ішіндегісін мөлдір ерітінді алынғанға дейін абайлап араластырыңыз. Қалпына келтірілген бастапқы ерітіндінің ішінде қатты бөлшектердің жоқтығын немесе түсінің өзгермегендігін көзбен қарап тексеріп шығу керек. Қалпына келтірілген ерітіндіні 25 °C және одан төмен температурада 24 сағат бойы сақтауға болады.

2 қадам. Қалпына келтірілген Касфоцинді инфузияға арналған ерітіндіге қосу

Еріткіштер ретінде инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісі немесе лактат қосылған Рингер ерітіндісі пайдаланылады. Инфузияға арналған ерітіндісін қалпына келтірілген концентраттың сәйкесінше мөлшерін инфузия қалтасына немесе көлемі 250 мл құтыға асептикалық жолмен қосу арқылы дайындайды (төменде 1 кестеде көрсетілгендей). Медициналық көрсетілімдері бойынша, инфузия үшін тәуліктік 50 мг немесе 35 мг дозаларына арналған азайтылған 100 мл көлемін қолдануға болады. Егер ерітінді бұлыңғыр болса немесе тұнба түзілсе, пайдалануға болмайды.

1 кесте. Ересек пациенттер үшін инфузияға арналған ерітіндіні дайындау (50 мг құтыны пайдаланып)

ДОЗАСЫ*

Қалпына келтірілген Касфоциннің венаішілік инфузияға арналған қалтаға немесе құтыға құюға арналған көлемі

Стандартты дайындалуы (қалпына келтірілген Касфоцин 250 мл ерітіндіге қосылады), ақырғы концентрациясы

Азайтылған көлемідегі инфузия (қалпына келтірілген Касфоцин 100 мл ерітіндіге қосылады), ақырғы концентрациясы

50 мг

10 мл

0,20 мг/мл

Азайтылған көлеміне арналған 50 мг

10 мл

0,47 мг/мл

Бауырдың ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі кезінде 35 мг (50 мг бір құтыдан)

7 мл

0,14 мг/мл

Бауырдың ауырлығы орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі кезінде 35 мг (50 мг бір құтыдан) азайтылған көлемі үшін

7 мл

0,34 мг/мл

* барлық құтыларды қалпына келтіру үшін 10,5 мл пайдалану қажет.

Балаларда қолдану жөніндегі нұсқаулар

Балаларда дозасын анықтау үшін дене беткейінің ауданын есептеп шығару

Инфузиялық ерітіндіні дайындар алдында баланың дене беткейінің ауданын (ДБА) келесі формула (Мостеллер формуласы) бойынша есептеп шығару қажет:

Д

Бойы (см)

 

Салмағы (кг)

БА (м2) =

 

>3 ай шамасындағы балаларға арналған 70 мг/м2 инфузиялық ерітіндісін дайындау (50 мг құтысын пайдаланып)

  • Балаға арналған нақты жүктемелік дозасын пациенттің ДБА (жоғарыда есептеп шығарылған) кемегімен келесі формула бойынша анықтаңыз:

    ДБА (м2) х 70 мг/м2 = жүктемелік дозасы

    Тәуліктік демеуші дозасы пациент үшін есептеп шығарылған дозасына қарамастан, 70 мг аспауы тиіс.

  • Салқындатылған Касфоцин құтысын бөлме температурасына дейін жеткізіңіз.

  • Стерильділігін сақтай отырып, инъекцияға арналған 10,5 мл суды қосыңыз.

    a/ Бұл қалпына келтірілген ерітіндіні 25°C немесе одан төмен температурада 24 сағатқа дейін сақтауға болады. b/ Бұл каспофунгиннің құтыдағы 5,2 мг/мл тең болатын ақырғы концентрациясын алуға көмектеседі (50 мг құтыны пайдаланғанда).

  • Құтыдан препараттың есептеп шығарылған жүктемелік дозасына тең көлемін шығарып алыңыз (1 қадам). c/ Стерильділігін сақтай отырып, қалпына келтірілген Касфоциннің аталған көлемін (мл) ішінде 250 мл инъекцияға арналған 0,9 %, 0,45 % немесе 0,225 % физиологиялық ерітінді немесе лактат қосылған Рингер ерітіндісі бар, в/і инфузияға арналған қалтаға (немесе құтыға) ауыстырыңыз. Немесе, ақырғы 0,5 мг/мл концентрациясынан асырмай, қалпына келтірілген Касфоциннің көлемін (мл) инъекцияға арналған 0,9 %, 0,45 % немесе 0,225 % физиологиялық ерітіндісінің немесе лактат қосылған Рингер ерітіндісінің азайтылған көлеміне қосуға болады. Инфузияға арналған бұл ерітіндіні 25°C немесе одан төмен температурада сақталған жағдайда 24 сағат ішінде немесе 2-ден 8°C-ге дейінгі температурада салқындатып сақтаған жағдайда 48 сағат ішінде пайдалану қажет.

    >3 ай шамасындағы балаларға арналған 50 мг/м2 инфузиялық ерітіндісін дайындау (50 мг құтысын пайдаланып)

  • Балаға арналған нақты тәуліктік демеуші дозасын пациенттің ДБА (жоғарыда есептеп шығарылған) кемегімен келесі формула бойынша анықтаңыз:

    ДБА (м2) х 50 мг/м2 = тәуліктік демеуші дозасы

    Тәуліктік демеуші дозасы пациент үшін есептеп шығарылған дозасына қарамастан, 70 мг аспауы тиіс.

  • Салқындатылған Касфоцин құтысын бөлме температурасына дейін жеткізіңіз.

  • Стерильділігін сақтай отырып, инъекцияға арналған 10,5 мл суды қосыңыз.

    a/ Бұл қалпына келтірілген ерітіндіні 25°C немесе одан төмен температурада 24 сағатқа дейін сақтауға болады. b/ Бұл каспофунгиннің құтыдағы 5,2 мг/мл тең болатын ақырғы концентрациясын алуға көмектеседі.

  • Құтыдан препараттың есептеп шығарылған тәуліктік демеуші дозасына тең көлемін шығарып алыңыз (1 қадам). с/ Стерильділігін сақтай отырып, қалпына келтірілген Касфоциннің аталған көлемін (мл) ішінде 250 мл 0,9 %, 0,45 % немесе 0,225 % для инъекцияға арналған физиологиялық ерітінді немесе лактат қосылған Рингер ерітіндісі бар, в/і инфузияға арналған қалтаға (немесе құтыға) ауыстырыңыз. Немесе ақырғы 0,5 мг/мл концентрациясынан асырмай, қалпына келтірілген Касфоциннің көлемін (мл) 0,9 %, 0,45 % немесе 0,225 % физиологиялық ерітіндінің немесе лактат қосылған Рингер ерітіндісінің азайтылған көлеміне қосуға болады. Инфузияға арналған бұл ерітіндіні 25°C немесе одан төмен температурада сақталған жағдайда 24 сағат ішінде немесе 2-ден 8°C-ге дейінгі температурада салқындатып сақтаған жағдайда 48 сағат ішінде пайдалану қажет.

    Дайындау жөніндегі ескертпелер:

  • Ақ немесе ақ дерлік жалпақ кесегі (немесе ұнтағы) толық еріп кетуі тиіс. Мөлдір ерітінді алынғанша абайлап араластырыңыз.

  • Қалпына келтіру кезінде немесе инфузия алдында қалпына келтірілген ерітіндінің ішінде қатты қоспалардың бар-жоқтығын немесе түсінің өзгермегендігін көзбен қарап тексеріп шығыңыз. Егер ерітінді бұлыңғы болса немесе тұнба түзілсе, пайдалануға болмайды.

  • Касфоциннің дозасы көрсетілген құтының ішіндегісі құтыдан қалпына келтірілген 10 мл алғанда, толық тәуліктік дозасын (50 мг) қаматамасыз етеді.

    Касфоцин, инфузияға арналған ерітіндінің 70 мг дозасын (50 мг құтысын пайдаланып) алу үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат

    Ересек пациенттерде қолдану жөніндегі нұсқаулар

    1 қадам. Құтыдағы бастапқы (қалпына келтірілген) ерітіндісін дайындау

    Сұйылтар алдында ішінде Касфоцин ұнтағы бар салқын құтыны бөлме температурасына дейін жеткізу және асептика сақталатын жағдайларда инъекцияға арналған 10.5 мл суды немесе Рингер ерітіндісін қосу қажет. Препараттың бастапқы ерітіндідегі (50 мг құтыдағы) концентрациясы 5.2 мг/мл құрайды.

    Ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған ұнтақ толығымен еріп кетуі тиіс. құтының ішіндегісін мөлдір ерітінді алынғанға дейін абайлап араластырыңыз. Қалпына келтірілген бастапқы ерітіндінің ішінде қатты бөлшектердің жоқтығын немесе түсінің өзгермегендігін көзбен қарап тексеріп шығу керек. Қалпына келтірілген ерітіндіні 25 °C және одан төмен температурада 24 сағат бойы сақтауға болады.

    2 қадам. Қалпына келтірілген Касфоцинді инфузияға арналған ерітіндіге қосу

    Еріткіштер ретінде инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісі немесе лактат қосылған Рингер ерітіндісі пайдаланылады. Инфузияға арналған ерітіндісін қалпына келтірілген концентраттың сәйкесінше мөлшерін инфузия қалтасына немесе көлемі 250 мл құтыға асептикалық жолмен қосу арқылы дайындайды (төменде 2 кестеде көрсетілгендей). Медициналық көрсетілімдері бойынша, инфузия үшін тәуліктік 50 мг немесе 35 мг дозаларына арналған азайтылған 100 мл көлемін қолдануға болады. Егер ерітінді бұлыңғыр болса немесе тұнба түзілсе, пайдалануға болмайды.

    2 кесте. Касфоциннің ақырғы инфузиялық ерітіндісін дайындау (50 мг құтысын пайдаланып)

    Касфоциннің дозасы*

    В/і инфузияға арналған еріткіші бар ыдысқа құйылатын Касфоциннің бастапқы ерітіндісінің көлемі

    Стандартты сұйылтылуы

    (Касфоциннің бастапқы ерітіндісі + 250 мл еріткіш) ақырғы инфузиялық ерітіндінің концентрациясы

    Азғантай көлемде сұйылту (Касфоциннің бастапқы ерітіндісі + 100 мл еріткіш) ақырғы инфузиялық ерітіндінің концентрациясы

    70 мг (из 2 фл. по 50 мг)**

    14 мл

    0.28 мг/мл

    ұсынылмайды

    * барлық құтыларды қалпына келтіру үшін 10,5 мл пайдалану қажет.

    ** 70 мг құтысы жоқ болса, дозасын 50 мг 2 құтыдан дайындауға болады

Жағымсыз әсерлері

Аса жоғары сезімталдық (анафилаксия және гистамин түрткі болуы ықтимал жағымсыз реакциялар) (Айрықша нұсқаулар бөлімін қараңыз) реакциялары туралы хабарланды.

Сонымен қатар, ересектердегі өкпенің ісінуі, респираторлық дистресс-синдром (ARDS) және инвазивтік аспергиллезі бар пациенттердегі рентгенографиялық инфильтраттар туралы хабарланған.

Ересек пациенттер

Каспофунгиннің қауіпсіздігіне жүргізілген клиникалық зерттеулерге препаратты бір немесе бірнеше дозасын қабылдаған 1865 ересек пациент қатысты. Олардың ішінен 564 пациентте фебрильді нейтропения болды (қатерлі ісіктердің химиотерапиясынан немесе гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясынан кейінгі) эмпирикалық ем қабылдады; 382 пациентте инвазивтік кандидоз, 228 пациентте - инвазивтік аспергиллез, 297 пациентте кандидоздың орныққан түрлері және I фазадағы зерттеуге кірістірілген 394 сыналушы болды. Инвазивтік кандидозы мен аспергиллезі бар пациенттердің бірнеше препаратты қатарлас қабылдауды қажет ететін негізгі күрделі аурулары (гематологиялық немесе қатерлі ісіктер, жуырда бастан өткерген қуыстық операциялар, сүйек кемігінің немесе шеткері дің жасушаларының трансплантациясы, АИТВ) болды.

Пациенттердің барлық топтарында жиі хабарланатын инъекция орнындағы реакция флебит болды. Басқа жергілікті реакцияларға эритема, ауыру/ауырсыну, қышыну, ісіну және шымылдатып ашыту сезімі кіреді.

Каспофунгинді қабылдаған барлық ересек пациенттерде (N=1780) тіркелген клиникалық симптомдар мен зертханалық ауытқулар әдетте жеңіл болды және препаратты тоқтатуға сирек жағдайларда ғана алып келді.

Клиникалық зерттеулер және/немесе тіркеуден кейінгі кезеңде тіркелген жағымсыз реакциялар 3 кестеде атап келтірілген.

3 кесте. Ересек пациенттердегі жағымсыз реакциялар

Жүйелер мен ағзалардың бұзылулары

Жиі

(≥1/100 - <1/10 дейін)

Жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін)

Белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша бағалау мүмкін емес)

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

гемоглобин төмендеуі, гематокрит төмендеуі, лейкоциттер санының азаюы

анемия, тромбоцитопения, коагулопатия, лейкопения, эозинофилдер санының артуы, тромбоциттер санының азаюы, тромбоциттер санының көбеюі, лимфоциттер санының азаюы, лейкоциттер санының артуы, нейтрофилдер санының азаюы

 

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

гипокалиемия

гиперволемия, гипомагниемия, анорексия, электролиттер теңгерімінің бұзылуы, гипергликемия, гипокальциемия, метаболизмдік ацидоз

 

Психикалық бұзылыстар

 

үрей, бағдарсыздық, ұйқысыздық

 

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

бас ауыруы

бас айналуы, дисгевзия, парестезия, ұйқышылдық, тремор, гипестезия

 

Көру бұзылулары

 

көз аққабығының сарғаюы, анық көрмеу, қабақтардың ісінуі, көзден жас парлаудың күшеюі

 

Жүрек тарапынан бұзылулар

 

жүрек соғуының жиілеуі, тахикардия, аритмия, жүрекшелердің фибрилляциясы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі

 

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

флебит

тромбофлебит, гиперемия, қан кернеулері, гипертония, гипотония

 

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары мен көкірекорта тарапынан бұзылулар

ентігу

мұрынның бітелуі, фаринголарингеальді ауыру, тахипноэ, бронх түйілуі, жөтел, түнгі пароксизмалық ентігу, гипоксия, сырылдаулар, ысқырып дем алу

 

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

жүрек айнуы, диарея, құсу

іштің ауыруы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыздың құрғауы, диспепсия, асқазандағы жайсыздық, іштің кебуі, асцит, іш қатуы, дисфагия, метеоризм

 

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Бауыр сынамаларының жоғарылауы (аланин-аминотрансфераза (АЛТ), аспартат-аминотрансфераза (АСТ), қандағы сілтілік фосфатаза, конъюгацияланған билирубин, қандағы билирубин)

холестаз, гепатомегалия, гипербилирубинемия, сарғаю, бауыр функциясының бұзылулары, гепатоуыттылық, бауыр бұзылыстары, гамма-глютамилтрансферазаның жоғарылауы

 

Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар

бөртпе, қышыну, эритема, гипергидроз

мультиформалы эритема, макулалық бөртпе, дақты-папулалық бөртпе, қышынумен жүретін бөртпе, есекжем, аллергиялық дерматит, жайылған қышыну, эритемалық бөртпе, жайылған бөртпе, қызылшатәрізді бөртпе, терінің зақымдануы

Уытты эпидермальді некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар

артралгия

арқаның ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, сүйектердің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, миалгия

 

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

 

бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің жедел жеткіліксіздігі

 

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар

гипертермия, қалтырау, инфузия орнының қышынуы

ауыру, катетер енгізілген жердің ауыруы, қажу, қалтырау, ысыну инфузия орнының қызаруы, инфузия орнының тығыздануы, инфузия орнының ауыруы, инфузия орнының ісінуі, инъекция орнындағы флебит, шеткері ісіну, ауырсыну, кеуде қуысындағы жайсыздық, кеуденің ауыруы, беттің ісінуі, дене температурасының өзгергенін сезіну, тығызданулар, инфузия орнының қанталауы, инъекция орнындағы тітіркенуі, инфузия орнындағы флебит, инфузия орнындағы бөртпе, инфузия орнындағы есежем, инъекция орнының қызаруы, инъекция орнының ісінуі, инъекция орнының ауыруы, инъекция орнының домбығуы, дімкәстану, ісіну

 

Зертханалық зерттеулер

Қандағы калий деңгейінің төмендеуі, қандағы альбумин деңгейінің төмендеуі

қандағы креатининнің жоғарылауы, несептегі эритроциттер талдауының оң нәтижесі, жалпы ақуыз деңгейінің төмендеуі, несепте ақуыздың болуы, протромбиндік уақыттың ұзаруы, протромбиндік уақыттың қысқаруы, қандағы натрий деңгейінің төмендеуі, қандағы натрий деңгейінің жоғарылауы, қандағы кальций деңгейінің төмендеуі, қандағы кальцийдің жоғарылауы, қандағы натрий хлориді деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, қандағы магний деңгейінің төмендеуі, қандағы фосфор деңгейінің төмендеуі, қандағы фосфор деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, ішінара белсенділенген тромбопластин уақытының ұзаруы, қандағы бикарбонат деңгейінің төмендеуі, қандағы натрий хлориді деңгейінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің жоғарылауы, артериялық қысымның жоғарылауы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің төмендеуі, несепте қанның болуы, тыныс алу кезіндегі қалыптан тыс сырылдар, көмірқышқыл газ деңгейінің төмендеуі, иммунодепрессанттар деңгейінің жоғарылауы, халықаралық қалыптастырылған қатынастың жоғарылауы, несеп цилиндрлері, несептегі лейкоциттерге талдаудың оң нәтижесі және несептегі pH жоғарылауы.

 

Инвазивтік кандидозы бар 100 ересек пациентте каспофунгиннің тәулігіне 50 мг (1інші күнгі жүктемелік 70 мг дозасынан кейін) және тәулігіне 150 мг дозаларының қауіпсіздігі салыстырылды (51-ші күнге дейін). Жоғары дозасын енгізген кездегі каспофунгиннің қауіпсіздік бейіні тұтас алғанда, каспофунгиннің тәулігіне 50 мг дозасын енгізген кездегі осындаймен ұқсас болып шықты. Күрделі препаратпен байланысты жағымсыз реакциялары немесе каспофунгиннің тоқтатылуына әкеп соқтырған жағымсыз реакциялары бар пациенттердің үлесі екі емдеу тобында салыстырымды болды.

Балалар

Мәліметтерге сәйкес, жағымсыз реакциялары дамуының жалпы жиілігі каспофунгинмен емделген ересектерге тіркелгенге (43,1%; 95% CI -40,0, 46,2) қарағанда, балаларда азырақ (n=171) болды (26,3%; 95% СА -19,9, 33,6). Бірақ, балаларда жағымсыз реакцияларының бейіні ересектермен салыстырғанда басқаша болды. Балаларда каспофунгинмен байланысты ең жиі хабарланатын жағымсыз реакциялар (4 кестені қараңыз) қызба (11,7%), бөртпе (4,7%) және бас ауыруы (2,9%) болды.

4 кесте. Балалардағы жағымсыз реакциялар

Жүйелер мен ағзалардың бұзылулары

Өте жиі (≥1/10)

Жиі (≥1/100 - <1/10 дейін)

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

 

Эозинофилдер санының жоғарылауы

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

 

бас ауыруы

Жүрек тарапынан бұзылулар

 

тахикардия

Қантамырлар тарапынан бұзылулар

 

гиперемия, гипотония

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

 

Бауыр ферменттері (AЛT, AСT) белсенділігінің жоғарылауы

Тері және теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар

 

бөртпе, қышыну

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар

қызба

қалтырау, катетер енгізілген жердің ауыруы

Зертханалық зерттеулер

 

Калий деңгейінің төмендеуі, гипомагниемия, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, фосфор деңгейінің төмендеуі немесе жоғарылауы

Күмәнді жағымсыз реакциялары туралы хабарлау

Дәрілік препарат тіркелгеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялары туралы хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы/қаупі арақатынасына үздіксіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының басқа мамандарынан, кез келген күмәнді жағымсыз реакциялар туралы жағымсыз реакцияларды тіркеудің ұлттық жүйесі арқылы www.dari.kz порталында немесе pdlc@dari.kz. электронды поштасына хабарлауын өтінеміз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

In vitro зерттеулерден, каспофунгиннің P450 цитохромы жүйесінің қандай-да бір ферменттерінің (CYP) тежегіші болып табылмайтындығы анықталды. Клиникалық зерттеулерде каспофунгин басқа заттардың CYP3A4-метаболизмін индукциялаған жоқ. Каспофунгин P‑гликопротеин үшін субстрат болып табылмайды және P450 цитохромы ферменттері үшін әлсіз субстрат болып табылады. Алайда, каспофунгин фармакологиялық және клиникалық зерттеулерде басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесетіндігін көрсетті (төменнен қараңыз).

Айрықша нұсқаулар

Каспофунгин такролимустың концентрациясын 26 %-ға төмендетті. Екі препаратты да қабылдап жүрген пациенттер үшін, такролимустың қандағы концентрацияларының стандартты мониторингтеу және такролимустың дозаларын сәйкесінше түзету міндетті болып табылады.

Зерттеулер, итраконазолмен, амфотерицин В, микофенолятпен, нелфинавирмен немесе такролимуспен бірмезгілде тағайындағанда каспофунгин фармакокинетикасының клиникалық тұрғыдан елеулі дәрежеде өзгермегендігін көрсетті. Каспофунгин өз кезегінде амфотерицин В, итраконазол, рифампицин немесе микофенолят мофетилі фармакокинетикасына әсер еткен жоқ. Қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер шектеулі болғанымен, амфотерицин B, итраконазолды, нелфинавирді немесе микофенолат мофетилін каспофунгинмен қатарлас қолданғанда айрықша сақтық шаралары қажет емес.

Дені сау ересек еріктілерде қатарлас қолданылуының 1-ші күні рифампицин каспофунгиннің AUC 60 %-ға артуын және оның концентрацисының 170 %-ға жоғарылауын туғызды. Қайталап енгізгенде каспофунгин концентрациясы біртіндеп төмендеген. Екі апта енгізуден кейін рифампициннің каспофунгин AUC әсері шектеулі болды, бірақ концентрациясы тек қана каспофунгинді қабылдаған ересек пациенттердегіге қарағанда 30%-ға төмен болды. Өзара әрекеттесу механизміне тасымалдағыш ақуыздардың бастапқы тежелуі және кейіннен индукциялануы түрткі болуы мүмкін. Мұндай әсерін метаболизм ферменттерін индукциялайтын басқа дәрілік препараттар үшін де күтуге болады.

Популяциялық фармакокинетикалық зерттеулердің шектеулі мәліметтері, каспофунгинді индукторлар эфавирензбен, невирапинмен, рифампицинмен, дексаметазонмен, дифенинмен немесе карбамазепинмен бір мезгілде қолдану каспофунгин AUC азаюына алып келуі мүмкін екенін көрсетті. Метаболизмдік ферменттердің индукторларын қатарлас қолданғанда, ересек пациенттерде каспофунгиннің тәуліктік дозасын жүктемелік 70 мг дозасынан кейін 70 мг дейін арттыру мүмкіндігін қарастыру қажет («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Ересектердегі дәрілермен өзара әрекеттесулерінің жоғарыда сипатталған барлық мәліметтері каспофунгиннің 50 немесе 70 мг тәуліктік дозасын қолданып жүргізілген. Каспофунгиннің жоғарырақ дозаларының басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі ресми түрде зерттелген жоқ.

Балалардағы фармакокинетикалық мәліметтерінің регрессиялық талдауының мәліметтері, дексаметазонды каспофунгинмен бір мезгілде қолдану, каспофунгин концентрацияларының клиникалық тұрғыдан елеулі төмендеулеріне алып келуі мүмкін екендігін білдіреді. Бұл мәліметтер, балаларда индукторлармен бірге қолданғанда, концентрацияларының ересектердегіге ұқсас төмендеулері байқалатындығын көрсетуі мүмкін. Балаларда (12 айдан 17 жасқа дейінгі) каспофунгинді рифампицин, эфавиренз, невирапин, фенитоин, дексаметазон немесе карбамазепин сияқты дәрілік заттар клиренсінің индукторларымен бір мезгілде қолданғанда, тәулігіне 70 мг/м2 дозасын қолдану (тәуліктік нақты 70 мг дозасынан асырмай) мүмкіндігін қарастыру керек.

Айрықша нұсқаулар

Каспофунгинді қолданғанда анафилаксия жағдайлары туралы хабарланды. Бұл жағдайда каспофунгинді қабылдауды тоқтату және сәйкесінше ем тағайындау керек. Бөртпені, беттің ісінуін, ангионевроздық ісінуді, қышынуды, ысыну сезімін немесе бронх түйілуін қоса, гистамин түрткі болған жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкіндігі туралы хабарланған, олар препаратты қабылдауды тоқтатуды және/немесе сәйкесінше ем тағайындауды қажет етуі мүмкін.

Шектеулі мәліметтер, каспофунгиннің Candida және  Aspergillus тектестерге жататын азырақ таралған зеңдерге қарсы белсенділігі жоқ екендігін көрсетеді. Каспофунгиннің аталған патогендік зеңдерге қарсы тиімділігі анықталмаған.

Каспофунгиннің циклоспоринмен қатарлас енгізілуіне дені сау ересек еріктілер мен ересек пациенттерде баға берілді. Циклоспориннің 3 мг/кг екі дозасы мен каспофунгинді қабылдаған кейбір дені сау еріктілерде, белсенділігінің бауырдың AЛT және AСT ферменттерінің қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 3 есе немесе одан аз өтпелі жоғарылауы байқалды, олар емдеуді тоқтатқаннан кейін қалыпқа түскен. Тіркеуден кейінгі ретроспективтік зерттеуде каспофунгин мен циклоспоринді 1-290 күн аралығында (орташа алғанда 17,5 күн) бір мезгілде қабылдаған 40 пациентте, бауыр тарапынан күрделі жағымсыз реакциялар байқалған жоқ. Бұл мәліметтер, циклоспоринді қабылдап жүрген пациенттерде, егер күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен асып түсетін болса, каспофунгинді қолдануға болатындығын көрсетеді. Каспофунгин мен циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда бауыр ферменттерін мұқият бақылау қажет.

Бауырдың жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде каспофунгиннің AUC сәйкесінше, шамамен 20 % және 75 %-ға артқан. Бауырдың орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар ересектерде тәуліктік дозасын 35 мг дейін төмендету ұсынылады. Каспофунгинді бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер мен бауыр жеткіліксіздігінің кез келген дәрежесі бар балаларда қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Аталған пациенттерде бауырдың ауырлығы орташа жеткіліксіздігі бар пациенттердегіге қарағанда жоғарырақ экспозициясы күтіледі, сондықтан, каспофунгинді пациенттердің аталған санатында сақ болып қолдану керек.

Бауырдың функционалдық сынамаларындағы зертханалық ауытқулар дені сау еріктілерде, сондай-ақ, каспофунгинмен емделген ересек пациенттер мен балаларда байқалған. Негізгі күрделі аурулары бар, каспофунгинмен қатарлас бірнеше препаратты қабылдаған кейбір ересектер мен балаларда клиникалық тұрғыдан елеулі бауыр дисфункциясы, гепатит және бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді; әйтсе де, каспофунгинмен себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ. Бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқулары бар пациенттерді, каспофунгинмен емдеу кезінде бауыр функциясының нашарлауын анықтау мақсатында қадағалау және каспофунгинмен емдеуді жалғастырудың қаупі/пайдасы арақатынасына қайтадан баға беру қажет.

Бұл дәрілік заттың құрамында сахароза бар. Тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы немесе сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы бар пациенттер Касфоцинді қабылдамауы тиіс.

Каспофунгиннің тіркеуден кейінгі қолданылуы кезінде Стивенс-Джонсон (SJS) синдромы мен уытты эпидермалық некролиз (TEN) жағдайлары туралы хабарланған. Анамнезінде терінің аллергиялық реакциялары бар пациенттерде сақтық таныту қажет.

Балаларда қолданылуы

Жаңа туған нәрестелер мен 3 айға толмаған сәбилердің қатысуымен жүргізілген проспективтік клиникалық зерттеулерде каспофунгиннің қолданылуының қауіпсіздігі мен тиімділігі жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.

Жүктілік

Каспофунгиннің жүкті әйелдерде қолданылуы туралы мәліметтер жоқ немесе шектеулі. Препаратты тағайындау өмір үшін маңызы болып табылатын жағдайларда болмаса, Касфоцинді жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Лактация кезеңі

Каспофунгиннің адамда емшек сүтіне бөлінетін-бөлінбейтіндігі белгісіз. Лактация кезеңінде каспофунгинді қабылдап жүрген әйелдер бала емізуді тоқтатуы керек.

Фертильділік

Каспофунгиннің фертильділікке әсерін бағалауға арналған клиникалық мәліметтер жоқ.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсерін анықтауға арналған зерттеулер жүргізілген жоқ. Касфоцинмен емдеу аясында бас айналуы дамуы мүмкіндігін ескере отырып, автомобиль басқаруда және механизмдермен жұмыс жасауда айрықша сақтық таныту керек.

Артық дозалануы

Байқаусызда бір күнде 400 мг дейінгі каспофунгин енгізілгені туралы хабарланған. Бұл жағдайлар клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз реакцияларына соқтырмаған.

Емі: каспофунгин диализ арқылы шығарылмайды. Арнайы антидоты жоқ. Артық дозалануы кезіндегі емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инфузияға арналған ерітінді алу үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 50 мг.

Препарат түссіз шыныдан жасалған, сыйымдылығы 10 мл (I типті), резеңке тығындармен тығындалған және флип-офф типті пластмасса қақпақтары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған құтыларға салынған.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2-8 0С температурада сақтау керек.

Инъекцияға арналған суда немесе Рингер ерітіндісіндегі қалпына келтірілген бастапқы ерітіндіні 25 0С-ден аспайтын температурада 24 сағаттан асырмай сақтау керек.

Инъекцияға арналған суда немесе Рингер ерітіндісіндегі қалпына келтірілген ақырғы инфузиялық ерітіндіні 25 0С-ден аспайтын температурада 24 сағаттан асырмай және 2-8 0С сақтау температурасында 48 сағаттан асырмай сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші / Қаптаушы

Gland Pharma Limited, Үндістан

Survey No. 143-148, 150&151, Near Gandimaisamma Roads, D.P. Pally, Dundigal Post, Quthbullapur Mandal, R.R. Dist, Hyderabad - 500 043, Telangana, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Rogers Pharma ЖШС, Қазақстан 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефоны, факсы, электронды поштасы):

Rogers Pharma ЖШС, Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ықш. ауд., 157/732

Тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com

Прикрепленные файлы

инструкция_Касфоцин_рус.docx 0.1 кб
Касфоцин_каз.doc 0.28 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту