КАСАРК (8 мг, Киевмедпрепарат) (Candesartan)

МНН: Кандесартан
Производитель: ПАО Киевмедпрепарат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Candesartan
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022207
Информация о регистрации в РК: 17.08.2021 - 17.08.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 53.06 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Касарк

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кандесартан

Дәрілік түрі

8 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 100% затқа шаққанда кандесартан цилексетилі, 8 мг;

қосымша заттар: кальций кармелозасы, жүгері крахмалы, гидроксипропилцеллюлоза, лактоза моногидрат, магний стеараты, полиэтиленгликоль (ПЭГ 8000).

Сипаттамасы

Ақ және ақ дерлік түсті, дөңгелек пішінді, екі жақ бет дөңес таблеткалар. Таблетканың бетіндегі мәрмәрлікке жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне ықпалын тигізетін препараттар. Ангиотензин II антагонистері. Кандесартан.

АТХ коды C09CA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кандесартан цилексетилі пероральді түрде қолдануға болатын дәрі ізашары болып табылады. Ол асқазан-ішек жолынан сіңірілуі кезінде күрделі эфир гидролизі жолымен белсенді зат – кандесартанға айналады, АТ1-рецепторларымен мықты байланысады және баяу диссоциациялайды. Таблетканың абсолютті биожетімділігі 40% құрайды. Қан сарысуында орташа ең жоғары концентрацияға (Сmах) таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң жетеді. Сарысуда кандесартанның концентрациялары дозаға байланысты емдік дозалар шегінде жоғарылайды.

Кандесартананың фармакокинетикасында жынысқа байланысты айырмашылықтар байқалмайды. Тамақ ішудің «сарысудағы концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданға (AUC) айтарлықтай ықпалы жоқ.

Кандесартан плазма ақуыздарымен жоғары дәрежеде (99%-дан көбірек) байланысады. Кандесартанның көзге көрінерліктей таралу көлемі 0,1 л/кг құрайды.

Кандесартан, негізінен, организмнен несеппен және өтпен бірге өзгермеген күйінде шығарылады және тек аздаған шамада ғана бауырлық метаболизм жолымен шығарылады.

Кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 9 сағатты құрайды. Көп реттік дозаларды қабылдағаннан кейін препарат организмде жиналып қалмайды.

Кандесартанның жалпы плазмалық клиренсі шамамен 0,37 мл/мин/кг құрайды, ал бүйректік клиренсі – шамамен 0,19 мл/мин/кг. Кандесартанның бүйректік экскрециясы гломерулярлы сүзілу жолымен де, сонымен қатар белсенді тубулярлы секреция жолымен де жүзеге асырылады. 14С-таңбаланған кандесартан цилексетилінің пероральді дозасын қабылдағаннан кейін, дозаның шамамен 56%-ы нәжістен кандесартан түрінде және 10%-ы белсенді емес метаболит түрінде анықталса да, дозаның шамамен 26%-ы несеппен бірге кандесартан түрінде және 7%-ы белсенді емес метаболит түрінде шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы.

Егде жастағы (65 жастан асқан) адамдарда кандесартанның Сmax және AUC мәндері, жас пациенттермен салстырғанда, сәйкесінше, шамамен 50%-ға және 80%-ға жоғарылаған. Алайда Касарктің белгіленген дозасын қабылдағаннан кейін АҚ реакциясы және жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі жас пациенттер мен егде жастағы адамдарда бірдей болады.

Бүйрек функциясының ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты болатын пациенттермен салыстырғанда, кандесартанның Сmax және AUC мәндері көп реттік қабылдаудан кейін, сәйкесінше, шамамен 50%-ға және 70%-ға жоғарылайды, ал препараттың жартылай шығарылу кезеңі өзгермеген күйінде қалады. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиісті өзгерулер, сәйкесінше, шамамен 50%-ды және 110%-ды құрайды, ал препараттың жартылай шығарылу кезеңі 2 есе артады.

Гемодиализде жүрген пациенттерде кандесартанның AUC көрсеткіші бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде байқалған көрсеткішке ұқсас.

Бауыр функциясының ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жеткіліксіздігі бар пациенттерде кандесартанның AUC көрсеткішінің 23%-ға жоғарылауы білінеді.

Фармакодинамикасы

Ангиотензин ІІ ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің алғашқы вазоактивті гормоны болып табылады, оның артериялық гипертензияның (АГ), жүрек функциясы жеткіліксіздігінің және басқа да жүрек-қантамыр ауруларының патофизиологиясында рөлі бар. Қантамырлардың тарылуы, альдостерон секрециясының стимуляциясы, тұз бен су гомеостазының реттелуі және жасушалардың өсу стимуляциясы сияқты ангиотензин ІІ-нің негізгі физиологиялық әсерлері 1 типті рецепторға (АТ1) негізделген болып табылады.

Кандесартан рецептормен мықты байланысуымен, олармен баяу диссоциациясымен АТ1-рецепторлары үшін селективті ангиотензин ІІ рецепторының антагонисі болып табылады. Оның агонисінің белсенділігі жоқ. Кандесартан АӨФ тежемейді, ол ангиотензин І-ді ангиотензин ІІ-ге айналдырады және брадикининді бұзады. АӨФ-ке және брадикининді немесе Р субстанцияны потенциялауға әсері жоқ. Егер кандесартанның әсерін АӨФ тежегішінің әсерімен салыстырса, онда кандесартан қабылдап жүрген пациенттерде жөтелдің дамуы сирек кездеседі.

Кандесартан басқа гормондардың рецепторларымен байланыспайды және, белгілі болғандай, жүрек-қантамырды реттеуде рөлі бар иондық өзектерді бөгемейді. АТ1-рецепторлардың антагонизмі дозаға байланысты плазмадағы ренин деңгейінің, ангиотензин І және ангиотензин ІІ деңгейлерінің жоғарылауына, сондай-ақ қан плазмасында альдостерон концентрациясының төмендеуіне әкеледі.

Артериялық гипертензия.

Артериялық гипертензияда кандесартан артериялық қысымның (АҚ) дозаға байланысты, ұзақ уақыттық төмендеуіне әкеледі. Гипертензияға қарсы белсенділігі жалпы шеткергі кедергінің азаюымен жүзеге асады, ол жүректің жиырылу жиілігінің рефлекторлы жоғарылауымен қатар жүрмейді. Ешқайсысы да алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін ауыр немесе күшейген АГ-ні немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін реактивті әсерді көрсетпейді.

Кандесартан цилексетилінің бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін гипертензияға қарсы әсерінің басталуы әдетте 2 сағат ішнде басталады. Тұрақты түрде емдегенде кез келген дозамен АҚ өте көбірек төмендеуіне 4 апта ішінде қол жеткізіледі және ұзақ уақыт емдеген кезде сақталады. Мета-талдау деректеріне сай, дозаны тәулігіне бір рет 16-дан 32 мг-ге дейін арттырудың орташа қосымша әсері шамалы болды. Жекелей ауытқушылықты ескерсек, кейбір пациенттерде орташадан да көбірек әсерді күтуге болады.

Кандесартан цилексетилін тәулігіне бір рет қолданғанда ол, дозалар аралығы ішінде ең жоғары және ең төмен әсер арасындағы аздаған айырмашылығымен, АҚ-ның тиімді және тепе-тең төмендеуін 24 сағат бойы қамтамасыз етеді.

Кандесартан бүйректік қан ағынын арттырады және/немесе гломерулярлы сүзілу жылдамдығына әсер етпейді немесе оны арттырады, сол кезде қантамырлық кедергі және сүзілу функциясы төмендеген болып саналады.

Қант диабетінің II типінен зардап шегіп жүрген, артериялық гипертензиясы бар пациенттерде 8-16 мг доза кандесартан цилексетилімен 12 апталық емдеу қандағы глюкоза деңгейіне немесе липидтік бейінге жағымсыз әсерін тигізбейді.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі.

Кандесартан цилексетилімен емдеу өлімді төмендетеді, жүрек функциясының жеткіліксіздігі себебіне байланысты ауруханаға жатқызу деңгейін төмендетеді және сол жақ қарыншаның систолалық функциясы бұзылған пациенттерде симптомдарды қайтарады.

Кандесартанның жүрек-қантамыр ауруларынан өлімнің және, жүрек функциясының жеткіліксіздігі себебінен, ауруханаға алғаш жатқызу жиілігінің төмендеуіне оң ықпалы, жасқа, жынысқа және қатар жүргізілетін емге қарамай-ақ, өзгерген жоқ. Кандесартан сондай-ақ бір мезгілде β-блокаторларды да, сонымен қатар АӨФ тежегіштерін де қабылдап жүрген пациенттерде тиімді; оң әсерге АӨФ тежегіштерін пациенттің мақсатты дозада қабылдап жүрген-жүрмегеніне қарамай-ақ қол жеткізіледі.

Жүрек функиясының жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншаның систолалық функциясының бұзылуы бар (сол жақ қарыншаның лықсу фракциясы ≤ 40%) пациенттерде кандесартан жүйелік қантамырлық кедергіні және өкпенің қылтамырлық қысымын төмендетеді, плазмада рениннің белсенділігін және ангиотензин ІІ концентрациясын арттырады, сондай-ақ альдостерон деңгейін төмедетеді.

Қолданылуы

- эссенциалдық гипертензияда

- жүрек жеткіліксіздігінде және сол жақ қарыншаның систолалық функциясы бұзылғанда (сол жақ қарынша фракциясының төмендеуі ≤ 40%) – ангиотензинөзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен емдеуге қосымша ретінде немесе АӨФ тежегіштері жақпаған жағдайда қолданады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Артериялық гипертензияда дозалануы.

Касарктің ұсынылатын бастапқы дозасы және әдеттегі демеуші дозасы тәулігіне бір рет 8 мг құрайды. Көптеген жағдайларда гипертензияға қарсы әсерге 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Дозаны тәулігіне бір рет 16 мг-ге дейін арттыруға болады. Егер тәулігіне 16 мг дозамен 4 апта емдегеннен кейін артериялық қысымды (АҚ) жеткілікті бақылауға қол жеткізілмесе, онда дозаны тәулігіне бір рет 32 мг-ге дейін арттыруға болады.

Емдеуді АҚ реакциясына сәйкес түзету қажет.

Егде жастағы пациенттерге қолдану. Егде жастағы пациенттерде бастапқы дозаны түзету керек емес.

Айналымдағы қанның қантамырішілік көлемі азайған пациенттерге қолданылуы. Артериялық гипотензия қаупі бар пациенттер үшін, егер айналымдағы қан көлемінің азаюы мүмкін болса, 4 мг бастапқы дозаны қарастырған жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігінде қолданылуы. Гемодиализде жүрген пациенттерді қоса, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін бастапқы доза 4 мг құрайды. Дозаны АҚ ескеріп титрлеген жөн. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы (креатинин клиренсі < 15 мл/мин) науқастарға қолдану тәжірибесі шектеулі.

Бауыр жеткіліксіздігінде қолданылуы. Бауырдың ауырлығы жеңілден орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерге препараттың тәулігіне бір рет 4 мг бастапқы дозасы ұсынылады. Дозаны АҚ ескеріп түзетуге болады. Касаркті бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестазы бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Қатар жүргізілетін ем. Гидрохлортиазидті қосымша тағайындаудың Касаркпен бірге гипертензияға қарсы аддитивті әсері болатыны анықталды.

Негроидты нәсіл пациенттеріне қолданылуы. Кандесартанның гипертензияға қарсы әсері басқа нәсілдерге қарағанда негроидты нәсілде аз білінеді. Демек, кандесартанды дозаны арттыру жағына қарай титрлеу және АҚ бақылау үшін қатар жүргізілетін ем басқа нәсілді өкілдерге қарағанда негроидты нәсілге жататын пациенттерге жиі қажет болады.

Жүрек жеткіліксіздігінде қолданылуы. Касарктің әдетте ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Тәулігіне бір рет 32 мг мақсаттық дозаға немесе жағымды ең жоғары дозаға дейін арттыру жағына қарай титрлеу ең кемінде 2 апта құрайтын уақыт аралығынан кейін дозаны екі еселеу жолымен жүзеге асырылады. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді зерттеу бүйрек функциясына әрдайым баға беруді, соның ішінде қан сарысуындағы креатининге және калийге мониторинг жүргізуді қамтуы тиіс.

Касаркті АӨФ тежегіштерін, бета-блокаторларды, диуретиктерді және дигиталисті немесе осы дәрілік заттардың біріктірілімін қолдануды қоса, жүрек жеткіліксіздігіне байланысты басқа еммен бірге де қолдануға болады. АӨФ тежегіштерінің, калий жинақтаушы диуретиктердің (мысалы, спиронолактонның) және Касарктің біріктірілімі ұсынылмайды, оны потенциалды артықшылықтарын және қауіптерін мұқият бағалағаннан кейін ғана қолданған жөн.

Пациенттердің ерекше топтары. Егде жастағы немесе айналымдағы қан көлемі азайған, бүйрек немесе бауырдың ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін бастапқы дозаны түзету керек емес.

Балалар

Артериялық гипертензияны және жүрек жеткіліксіздігін емдегенде Касаркті балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Қолдану тәсілдері.

Ішке қабылдайды. Касаркті тәулігіне 1 рет тамақ ішуге қарамай-ақ қабылдаған жөн. Тамақ ішу кандесартанның биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.

Жағымсыз әсерлері

Кандесартанды қабылдаған кездегі жағымсыз реакциялар жеңіл әрі уақытша. Жағымсыз әсерлердің пайда болуының жалпы жиілігі дозаға немесе жасқа байланысты екендігін көрсетеді.

Артериялық гипертензия

Кандесартан цилексетилін қолданған кезде кең таралған (˃1/100) келесі жағымсыз реакциялар болуы мүмкін:

- бас айналу/вертиго, бас ауыру.

- тыныс алу жолдарының инфекциялары.

- жалпы алғанда кандесартанның зертханалық көрсеткіштерге клиникалық тұрғыдан маңызды әсері байқалмайды. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің басқа тежегіштерін қолданған кезде гемоглобин деңгейінің аздап төмендегені білінеді. Касарк қабылдап жүрген пациенттер үшін зертханалық көрсеткіштерді ұдайы бақылау қажетті болып табылмайды. Алайда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қан сарысуындағы калий мен креатинин деңгейлеріне мезгіл-мезгіл бақылау жүргізу ұсынылады.

Жүрек жеткіліксіздігі

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кандесартанның жағымсыз әсерінің бейіні осы препараттың фрмакологиялық қасиеттеріне және пациенттердің денсаулық жағдайына сәйкес келеді.

Кең таралаған жағымсыз реакцияларға (≥1/100, <1/10) мыналар жатады:

- артериялық гипотензия

- гиперкалиемия

- бүйрек жеткіліксіздігі

- креатинин, мочевина және калий деңгейлерінің жоғарылауы.

Қан сарысуында креатинин және калий деңгейлеріне мезгіл-мезгіл мониторинг ұсынылады.

Өте сирек (<1/10000) артериялық гипертензияны және жүрек функциясының жеткіліксіздігін емдеген кезде келесі жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.

- лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз

- гиперкалиемия, гипонатриемия

- бас айналу, бас ауыру

- жөтел

- жүректің айнуы

- «бауыр» ферменттері деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы немесе гепатит

- ангионевроздық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, қышыну

- арқаның ауыруы, артралгия, миальгия.

- осыған бейім пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кандесартан цилексетиліне немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестаз;

- қант диабеті (1 немесе 2 типті) немесе бүйректің орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ <60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде кандесартан цилексетилін құрамында алискирен бар препараттармен біріктіріп қолдану;

- жүктілік және лактация кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Зерттелген препараттарға гидрохлортиазид, варфарин, дигоксин, пероральді контрацептивтер (этинилэстрадиол/левоноргестрел), глибенкламид, нифедипин, эналаприл жатады.

Калий жинақтаушы диуретиктерді, калий препараттарын, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды, немесе басқа дәрілік заттарды (мысалы, гепаринді) бір мезгілде қолдану калий деңгейін арттыруы мүмкін. Калий деңгейін бақылауды тиісінше жүзеге асырған жөн.

Литийді АӨФ тежегіштерімен қатар қолдану кезінде қан сарысуындағы калий концентрациясы және уыттылығы қайтымды түрде жоғарылауы мүмкін.

Осындай әсер ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен бірге де туындауы мүмкін. Сондықтан кандесартанды литиймен бірге қолдану ұсынылмайды. Егер біріктірілімдердің қажеттілігіне айғақтамалар бар болса, литийдің сарысулық деңгейлеріне мұқият мониторинг ұсынылады.

Ангиотензин II рецепторларының антагонистерін қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (мысалы, ЦОГ-2 селективті тежегіштерімен, ацетилсалицил қышқылымен (тәулігіне > 3 г) және қабынуға қарсы селективті емес стероидты емес дәрілермен) бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсері бәсеңдеуі мүмкін.

АӨФ тежегіштерімен болған жағдайдағы сияқты, ангиотензин II рецепторларының антагонистерін және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді бір мезгілде қолдану, әсіресе емнің басында-ақ бүйрек функциясы бәсеңдеген пациенттерде, болуы мүмкін бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының нашарлау және қан сарысуында калий деңгейінің жоғарылау қаупі ұлғаяды. Бұл біріктірілімді әсіресе егде жастағы адамдарға сақтықпен қолданған жөн. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдауы тиіс, сондай-ақ қатар жүргізілетін емді бастағаннан кейін бүйрек функциясына мониторинг және ары қарай мезгіл-мезгіл бақылау жүргізу қажет.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек жеткіліксіздігі.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежейтін басқа препараттармен бірге болған жағдайдағы сияқты, бүйрек функциясының өзгерулерін осыған бейім, Касарк қабылдап жүрген пациенттерден күтуге болады.

Артериялық гипертензиясы (АГ) және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Касаркті қолданған кезде қан сарысуындағы калий және креатинин деңгейлерін мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйректің терминальді сатысындағы жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі < 15 мл/мин) науқастарға қолдану тәжірибесі шектеулі. Осы пациенттер үшін бір мезгілде АҚ-ға мұқият мониторинг жүргізе отырып, Касарк дозасын мұқият таңдаған жөн.

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жағдайына баға беруге, әсіресе егде жастағы (75 жастан асқан) пациенттерде және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда, бүйрек функциясын мезгіл-мезгіл бағалау қамтылуы тиіс. Касарк дозасын титрлеу кезінде қан сарысуындағы креатинин және калий деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.

Жүрек жеткіліксіздігінде АӨФ тежегіштерімен қатар емдеу.

Жағымсыз әсерлер қаупі, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінде және гиперкалиемияда, кандесартанды АӨФ тежегіштерімен біріктіріп қолданған кезде жоғарылауы мүмкін. Бұл пациенттер мұқият бақылауды қажет етеді.

Гемодиализ.

Гемодиализ жүргізу кезінде АҚ, қан плазмасы көлемінің азаюы және ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділенуі салдарынан, АТ1 рецепторының блокадасына аса сезімтал болуы мүмкін. Гемодиализде жүрген пациенттер үшін Касарк дозасын мұқият таңдау және АҚ бақылау қажет.

Бүйрек артерияларының стенозы.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпалын тигізетін басқа дәрілік заттар, мысалы, АӨФ тежегіштері, бүйрек артерияларының билатеральді стенозы немесе жалғыз бүйрекке әкеп соғатын артериялар стенозы бар пациенттерде қандағы мочевина және қан сарысуындағы кретинин деңгейін арттыруы мүмкін. Осындай әсерді ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қолданған кезде де күтуге болады.

Бүйрек трансплантациясы.

Бүйрек трансплантациясын жақын арада бастан кешкен пациенттерге Касаркті қолдану тәжірибесі жоқ.

Артериялық гипотензия.

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді Касаркпен емдеу кезінде артериялық гипотензия пайда болуы мүмкін. Ол АГ бар және айналымдағы қан көлемі төмендеген пациенттерде, мысалы, диуретиктердің жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде пайда болуы мүмкін. Емдеуді сақтықпен бастаған және гиповолемияны түзету жөнінде шаралар қабылдаған жөн.

Анестезия және хирургиялық араласымдар.

Ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен ем қабылдап жүрген пациенттерде артериялық гипотензия ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің бөгелуі салдарынан анестезия және хирургиялық араласым кезінде дамуы мүмкін. Өте сирек жағдайдарда артериялық гипотензия соншалықты ауыр болуы мүмкін, ол көктамырішілік сұйықтықтарды және/немесе вазопрессорларды қолдануды қажет етуі мүмкін.

Қолқа немесе митральді клапан стенозы, обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия.

Қолқаның немесе митральді клапанның гемодинамикалық тұрғыдан маңызды стенозы немесе обструктивті гипертерофиялық кардиомиопатиядан зардап шегіп жүрген пациенттерді емдеген кезде, қантамырларды кеңейтетін басқа дәрілер жағдайындағы сияқты, аса сақ болу қажет.

Алғашқы гиперальдостеронизм.

Алғашқы гиперальдостеронизмі бар пациенттер әдетте ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін тежеу арқылы әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілік заттарға әсер бермейді. Сондықтан Касаркті қолдануға кеңес берілмейді.

Гиперкалиемия.

Касаркті калий жинақтаушы диуретиктермен, калий препараттарымен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен, немесе калий деңгейін арттыруға қабілетті басқа дәрілік заттармен (мысалы, гепарин) бір мезгілде қолдану артериялық гипертензиясы бар пациенттерде калийдің сарысулық деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Калий деңгейіне тиісінше мониторингті жүзеге асырған жөн.

Жүрек жеткіліксіздігі бар, Касарк қабылдап жүрген пациенттерде гиперкалиемия пайда болуы мүмкін. Қан сарысуында калий деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады. АӨФ тежегіштерін, калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактонды) және Касаркті біріктіру ұсынылмайды, және оның потенциалды артықшылықтарын және қауіптерін мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады.

Жалпы мәліметтер.

Қантамырлық тонус және бүйрек функциясы көбіне ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне байланысты болатын пациенттерде (мысалы, бүйрек артериясының стенозын қоса, жүректің ауыр іркілген жеткіліксіздігі бар пациенттер) осы жүйеге ықпалын тигізетін басқа дәрілік заттармен емдеу жедел артериялық гипотензиямен, азотемиямен, олигуриямен немесе, сирек жағдайларда, бүйрек жедел жеткіліксіздігімен астасты. Осындай әсерлердің мүмкіндігін ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистерін қолданған кезде де жоққа шығаруға болмайды. Гипертензияға қарсы басқа кез келген жағдайдағы сияқты, ишемиялық кардиомиопатиясы немесе ишемиялық цереброваскулярлы ауруы бар пациенттерде АҚ төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкеп соғуы мүмкін.

Касаркті сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы мәселелелері, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоз мальабсорбциясы бар пациенттердің қабылдамағаны жөн.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері.

Кандесартанның автокөлікті басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне ықпалы зерттелген жоқ. Алайда Касаркпен емдеу кезінде бас айналумен және қатты қажығыштықпен қатар жүруі мүмкін артериялық гипотензияның пайда болуы мүмкін екендігіне көңіл бөлген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозаланудың негізгі көріністеріне симптоматикалық гипотензияны және бас айналуды жатқызуға болады.

Емі: симптоматикалық артериялық гипотензия пайда болған кезде симптоматикалық емді бастаған және өмірлік маңызды функцияларды бақылаған жөн. Пациентті аяқтарын көтеріңкіреп шалқасынан жатқызған жөн. Егер бұл жеткіліксіз болса, инфузия жолымен, мысалы, изотониялық тұзды ерітінді арқылы қан плазмасының көлемін арттыру қажет. Егер жоғарыда аталған шаралар жеткіліксіз болса, симптоматикалық дәрілік заттарды қолдануға болады.

Кандесартан гемодиализ жолымен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған мөрі бар алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді 3 немесе 9 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Киевмедпрепарат» ЖАҚ

Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Киевмедпрепарат» ЖАҚ

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

Прикрепленные файлы

847809591477976208_ru.doc 87 кб
848236571477977455_kz.doc 131.5 кб
10747_19_i.pdf 0.94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники.