Карновис

МНН: Левокарнитин
Производитель: Medice Arzneimittel Putter GmbH & Co.KG
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levocarnitine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021431
Информация о регистрации в РК: 29.05.2015 - 29.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

КАРНОВИС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левокарнитин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 5 мл

Құрамы

5 мл құрамында

белсенді зат - левокарнитин 1 000 мг,

қосымша заттар: хлорсутек қышқылы 36 %, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ ауруларын және зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Амин қышқылдары және олардың туындылары. Левокарнитин.

АТХ коды А16АA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін левокарнитин барлық тіндерге жеңіл өтеді, жоғары концентрациялар қаңқа бұлшықеттерінде және миокардта құрылады. Қан плазмасында ең жоғары концентрация (Cmax) емдік деңгейде 9 сағатқа дейін сақталады. Адамның плазма ақуыздарымен және альбуминімен байланыспайды. Парентеральді енгізгеннен кейін левокарнитин метаболизмге аз ұшырайды. Ацильді эфир түрінде бүйрекпен шығарылады, бос карнитин қайта сіңіріледі.

Фармакодинамикасы

КАРНОВИС препараты метаболизмдік үдерістерді түзету үшін тағайындалады. Левокарнитин – препараттың белсенді заты, митохондрияда цитоплазмадан жасушалық жарғақша арқылы май қышқылдарын тасымалдағыш ретінде зат алмасу үдерісіне қатысады, онда бұл қышқылдар аденозинтрифосфор қышқылы (АТФ) түрінде метаболизмдік энергияның ауқымды мөлшерін түзумен бета-тотығу үдерісіне ұшырайды.

Ұзаққа созылған гемодиализ бос левокарнитиннің плазмалық деңгейінің біртіндеп төмендеуіне әкеледі (30 µмоль/л-ден төмен), бұл тұрақты бұлшықет түйілулері, қаңқа бұлшықеттерінің әлсіздігі, миопатия, бұлшықет массасының жоғалуы симптомдарымен, гипотензия және анемия симптомдарымен көрінеді.

Левокарнитин майдың 30-40%-ға жойылуын арттырады, ұзын/орташа тізбекпен майлы қатарлы қышқылдардың жойылуын және кофермент-А (СоА) көтермелейді. Организмде карнитин жеткіліксіз болғанда бұлшықет тінінде (қаңқа бұлшықеттерінде, миокардта) липидтердің жинақталуы болады, бұл олардың жиырылу белсенділігін бұзады. Қуатының тасымалдануы мен өндірісіне қажетті, митохондриядан уытты заттарды шығарады және жасушалық алмасу үдерісін оңтайландырады, қолжетімді қуат көзі ретінде ацетилдің жасушалық қорларын жасайды. Левокарнитин тироксиннің жартылай антагонисі бола отырып, гипертиреоз кезінде ақуыздық және май алмасуды қалпына келтіре келе, ақуыздар синтезін арттырады, қанның сілтілік қорын қалпына келтіреді, кетоқышқылдардың және анаэробты гликолиздің түзілуін бәсеңдетеді, лактоцидоз дәрежесін төмендетеді, сондай-ақ, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырады және дене жүктемелерінің көтерімділігін жоғарылатады, бұл ретте гликогеннің үнемді шығындалуына және бауыр мен бұлшықеттерде оның қорларының артуына ықпал етеді. Левокарнитин холиннен алынған ацетилхолин синтезіне қажетті ацетат жеткізеді, СоА (май қышқылдарының тотығуы және синтезі, майлардың биосинтезі, көмірсулар ыдырауы өнімдерінің тотығу өзгерістері) қатысатын зат алмасудың барлық алмасу үдерістерінің ағымын жақсартады. Миокардтың жиырылу қабілетін жоғарылатады, бауырда лецитин синтезін көтермелейді, атеросклероздық түйіндақтарда холестериннің утилизациялау үдерісін жылдамдатады, кардиомиоциттер өткізгіштігін жақсартады. Нейротрофикалық әсер көрсетеді. Апоптоздың дамуын тежейді, зақымдану аумағын шектейді және жүйке тінінің құрылымын қалпына келтіреді. Ишемиялық аумақта метаболизмді қалпына келтіреді, глюкозаның сіңірілуін жақсартады, ақуыздардың ыдырау үдерісін баяулатады, майлардың ыдырау үдерісін жылдамдатады, май тіндерінің көлемін азайтады, қандағы азот тәрізді шлактың жинақталуына кедергі келтіреді.

Левокарнитин анаболикалық әсер көрсетеді, асқазан сөлінің секрециясын көтермелейді, терінің регенераторлық функциясын және Т-супрессорлар қызметін белсендіреді, антиоксиданттық әсер көрсетеді.

Қолданылуы

  • ұзақ уақыт гемодиализ қабылдайтын бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда екіншілік карнитин тапшылығында

Қолдану тәсілі және дозалары

Оңтайлы дозаны анықтау үшін қан плазмасында және несепте бос және ацильді левокарнитиннің деңгейін өлшей отырып, емді бақылау ұсынылады. Қан плазмасында ацильді левокарнитиннің бос левокарнитин деңгейіне арақатынасы 0,35-тен аспауы тиіс.

Дозаны дене салмағына байланысты есептейді. Ұсынылатын дозалар зат алмасудың бұзылуына байланысты.

Әдеттегі доза гемодиализ сеансынан кейін күніне 1-2 ампуланы құрайды.

Препаратты көктамыр ішіне енгізу диализ емшарасының соңында аптасына 3 рет 20 мг/кг дозада өте баяу (2-3 минут бойы) жүргізілуі тиіс. Көктамыр ішіне енгізу ұзақтығы 3 айдан көп емес уақытты құрайды, себебі бұл левокарнитиннің бұлшықеттердегі мөлшерінің қалыпты деңгейінің қалпына келуіне қажетті кезең. Емдеу курсының қайталану қажеттілігі левокарнитиннің қан плазмасындағы мөлшерімен анықталады, оны ұдайы бақылап отыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Дәрігердің тағайындауына сәйкес қолданған кезде жағымсыз әсерлері байқалмайды.

Сирек:

  • жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, препаратты ұзақ қабылдаған кезде диарея

Дозаны төмендету жағымсыз әсерлерді жоюға әкеледі.

  • бұлшықет әлсіздігі, уремиясы бар науқастарда құрысулар

  • аллергиялық реакциялар (терінің қышынуы, тері бөртпесі, есекжем, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок)

  • дененің өзіне тән иісі (дозаны азайту препараттан туындаған жағымсыз иісті басады немесе жоғалтады)

  • тез енгізген кезде көктамыр бойының ауыруы мүмкін, ол енгізу жылдамдығын төмендеткенде қайтады

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты қабылдар алдында дәрігерге басқа препараттарды қабылдағаны жайлы айту керек.

Қант диабеті бар, инсулин немесе пероральді гипогликемиялық препараттарды қабылдайтын емделушілерге препаратты тағайындау глюкозаның сіңірілуі жоғарылауы салдарынан гипогликемию туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл санаттағы емделушілерде емдеу кезінде гипогликемиялық препараттардың дозалау режимін түзету үшін қан плазмасындағы глюкоза деңгейін ұдайы бақылап отыру керек.

Глюкокортикостериодтар препараттың тіндерде (бауырдан басқа) жинақталуына ықпал етеді.

Липой қышқылы, анаболикалар левокарнитин әсерін күшейтеді.

Привалат левокарнитиннің бүйректе шығарылуын арттырады. Вальпроат, эмитин және зидовудин де левокарнитин тапшылығын туғызуы мүмкін.

Холиннің шамадан тыс дозалары карнитиннің синтезі мен белсенділігін тежейді.

Карнитинді түрлі анаболикалық дәрілермен, антиоксидантты және/немесе антигипоксантты белсенділігі бар препараттармен үйлестіруге болады.

Айрықша нұсқаулар

Левокарнитин дағдылануды туғызбайды, себебі адам организмінің физиологиялық сұйықтықтарына ұқсас.

Препараттың көтерімділігін емнің бірінші аптасында және дозаны әрбір көтерген сайын бақылап отыру керек.

КАРНОВИС препаратын созылмалы жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін емделушілерге, тұздардың іркілісінен туындаған ісінулерде, сондай-ақ, кортикостероидты және кортикотропты гормональді препараттарды қолданатын емделушілерге сақтықпен қолдану керек. Калийді қосымша қабылдаусыз ұзақ уақыт қабылдау гипокалиемияға әкелуі мүмкін.

Препаратты қант диабеті кезінде сақтықпен тағайындау керек. КАРНОВИСті қант диабеті бар емделушілерге тағайындау глюкозаның сіңірілуі жақсаруының нәтижесінде гипогликемияның дамуына әкелуі мүмкін. Мұндай емделушілерде плазмадағы глюкоза деңгейі гипогликэмиялық емді реттеу үшін ұдайы бақыланып отыруы тиіс.

Препаратты сыртартқысында аллергиясы ауырлап кеткен емделушілерде сақтықпен қолданады.

Левокарнитиннің жоғары дозаларын пероральді ұзақ қабылдау бүйрек функциясы айқын бұзылған емделушілерде уыттылығы зор метаболиттер, триметиламин (ТМА) және триметиламина-N-тотығы (ТМАО) концентрациясының жоғарылауын туғызуы мүмкін. Карновистің жоғары дозаларын көктамыр ішіне енгізу уытты метаболиттердің жинақталуына әкелмейді.

Препаратты көктамыр ішіне өте баяу (2-3 минут бойы) енгізу керек, себебі препаратты тез енгізу көктамыр бойының ауыруын туғызуы мүмкін.

Препаратты қабылдауды өткізіп алған жағдайда екі есе дозаны қабылдауға болмайды. Бұл жағдайда дәрігердің тағайындауына сәйкес келесі дозаны енгізумен емді жалғастыру ұсынылады.

Препаратты ампуланы ашқаннан кейін бірден пайдалану керек.

Инъекция үшін тек қана таза мөлдір ерітінді пайдаланылады. Ерітінді түсінің өзгеруі, лайлануы немесе шөгіндінің болуы сияқты өзгеріс белгілері болған жағдайда препаратты жою керек.

Кез келген жағымсыз реакция қаупін төмендету үшін препаратты медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықты қатаң орындау керек. Нұсқаулықта сипатталмаған жағымсыз реакциялар пайда болған кезде емдеуші дәрігерге қаралу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Деректердің жеткіліксіз болуына байланысты препаратты жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бұлшықет әлсіздігі туындаған кезде препарат автокөлік басқару және қауіптілігі зор механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Левокарнитинмен артық дозалану нәтижесіндегі уытты көріністер туралы хабарланған жоқ, бірақ үлкен дозаларды енгізген кезде диарея байқалуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан түссіз шыны ампулаларға құйылған.

Ампулаға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

MEDICE Arzneimittel Putter GmbH & Co.KG,

Kuhloveg 37, 58638 Iserlohn, Германия

тел.: +49 (0) 2371/937-0

факс: +49 (0) 2371/937-329

Тіркеу куәлігінің иесі

Assos Ilac Kimya Gida Urunleri Uretim ve Tic. A.S., Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Биофармед» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Бұхар Жырау к-сі 27/5, 275 пәтер

Телефон нөмірі: +7 727 337 58 97

Факс нөмірі: +7 727 337 58 97

Электронды поштасы: s.sitnikova@biofarmed.kz

Прикрепленные файлы

808541851477976505_ru.doc 79.5 кб
911982651477977676_kz.doc 85.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники