Кардионат
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кардионат
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мельдоний
Дәрілік түрі
100 мг/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітінді
Құрамы
Инъекцияға арналған 5 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – мельдоний дигидраты (триметилгидразиний пропионаты дигидраты) - 500 мг, (сусыз затқа шаққанда – 401 мг),
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да кардиотонустық препараттар. Мельдоний.
АТХ коды C01EВ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көп реттік дозаларды көктамыр ішіне енгізгеннен кейін Cmax 25,50±3,63 мкг/мл жетеді. Организмде, ең бастысы, екі негізгі метаболит түзе отырып, бауырда метаболизденеді, олар бүйрек арқылы шығарылады. Мельдонийді 250 мг, 500 мг және 1000 мг дозада көктамыр ішіне бір реттік қолданудан кейін бастапқы жартылай шығарылу кезеңі 5,56-6,55 сағатты, ақырғы жартылай шығарылу кезеңі – 15,34 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Кардионат - гамма-бутиробетаиннің синтетикалық баламасы, гамма-бутиробетаингидроксиназаны басады, карнитин синтезін және ұзын тізбекті май қышқылдарын жасуша қабығы арқылы тасымалдануын төмендетеді, жасушаларда тотықпаған май қышқылдарының белсенді түрлері – ацилкарнитин және А ацилкофермент туындыларының жиналуына кедергі жасайды.
Миокардтың метаболизмін қалыпты ететін кардиопротекторлық дәрі. Ишемия жағдайларында оттегіні жеткізу және оның жасушаларда тұтыну үдерісінің тепе-теңдігін қалпына келтіреді, АТФ тасымалдануының бұзылуына жол бермейді; осымен бір мезгілде гликолизді белсенді етеді, ол оттегіні қосымша пайдаланусыз өтеді. Карнитин концентрациясының төмендеуі нәтижесінде қан тамырларын кеңейтетін қасиеттері бар гамма-бутиробетаин синтезделуі күшейеді.
Қолданылуы
- жүрек-қантамыр ауруларында: тұрақты кернеулі стенокардиясы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша I-III функционалдық класы), кардиомиопатия, жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің функционалдық бұзылуы;
- ми қан айналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылулары;
- жұмыс қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалдық шамадан тыс ширығу;
- цереброваскулярлық бұзылулар, бас жарақаттары мен энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңі.
Қолдану тәсілі және дозалары
Қоздырғыш әсерлер дамуы мүмкін болғандықтан, препаратты күннің бірінші жартысында қолдану керек.
Жүрек-қантамырлар аурулары және ми қан айналымының бұзылуы кезінде көктамыр ішіне күніне 0,5-1,0 г-ден енгізеді (5-10 мл инъекцияға арналған 0,5г/5мл ерітінді), дозаны түгел бірден немесе оны 2 қабылдауға бөледі.
Жұмыс қабілетінің төмендеуі, артық күш жұмсалғанда, сауығу кезеңінде препаратты көктамыр ішіне 0,5 г-ден тәулігіне 1 рет енгізу керек.
Емдеу курсы – 10-14 күн, содан соң препаратты ішке қабылдауға көшеді.
Жалпы емдеу курсы - 4-6 апта. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.
Егде пациенттер
Бауыр және/немесе бүйрек қызметі бұзылған егде пациенттерге мельдоний дозасы азайтылуы мүмкін.
Бүйрек қызметі бұзылған пациенттер
Препарат организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, бүйрек қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылуы бар пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолданған жөн.
Бауыр қызметі бұзылған пациенттер
Бауыр қызметінің жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылуы бар пациенттерге мельдонийдің аз дозасын қолданған жөн.
Жағымсыз әсері
Жиі:
-
аллергиялық реакциялар, бас ауыру, диспепсия
Сирек:
-
жоғары сезімталдық, аллергиялық дерматит, есекжем, ангионевроздық дерматит, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакция, қозу, қорқыныш сезімі, маза бермейтін ойлар, ұйқының бұзылуы, «дененің тітіркенуін» сезіну, тремор, гипестезия, құлақтың шуылдауы, вертиго, бас айналу, жүріс-тұрыстың бұзылуы, естен тану алдындағы жай-күй, естен тану, жүрек ырғағының өзгеруі, жүректің қағуы, тахикардия/синустық тахикардия, қарыншалық фибрилляция, аритмия, кеудеде жайсыздықты сезіну/кеуденің ауыруы, қан қысымының жоғарылауы/төмендеуі, гипертензиялық криз, гиперемия, бозару, тамақтың қабынуы, жөтел, диспноэ, апноэ, дисгевзия (ауыздың темір татуы), тәбетті жоғалту, лоқсу, жүрек айну, құсу, газ жиналуы, диарея, іштің ауыруы, бөрту, жалпы/макулезді/папулезді бөртулер, қышыну, арқаның ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, поллакиурия, жалпы әлсіздік, дірілдеу, астения, ісіну, беттің ісінуі, аяқтың ісінуі, ыстықты сезіну, суықты сезіну, суық тер, электрокардиограммадағы ауытқу (ЭКГ), жүрек жұмысының жылдамдауы, эозинофилия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-
ауыр бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі (қолдану қауіпсіздігі туралы жеткілікті деректер жоқ)
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Коронарлық тамырларды кеңейткіш дәрілердің, кейбір гипотензиялық дәрілердің, жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді.
Антиангинальді дәрілермен, антикоагулянттармен, антиагреганттармен, аритмияға қарсы дәрілік заттармен, диуретиктермен, бронхолитиктермен біріктіруге болады.
Орташа тахикардия және артериялық гипотензия дамуы мүмкін болғандықтан, нитроглицеринмен, нифедипинмен, альфа-адреноблокаторлармен, гипотензиялық препараттармен және шеткергі вазодилататорлармен біріктірген кезде сақ болған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Бауыр мен бүйректің созылмалы ауруларына шалдыққан пациенттерге препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде сақ болған жөн.
Кардиологиялық бөлімшелерде жедел ағымды миокард инфарктісін және тұрақсыз стенокардияны емдеудің көп жылдық тәжірибесі мельдонийдің жедел ағымды коронарлы синдромда бірінші қатардағы препарат болып табылмайтынын көрсетеді.
Дәрілік препараттың автомобильді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне мельдонийдің әсері туралы деректер жоқ.
Артық дозалануы
Мельдонийдің артық дозалану жағдайлары белгісіз. Препараттың уыттылығы аз және пациенттер денсаулығына қауіпті жағымсыз әсерлер тудырмайды.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл-ден сындыратын нүктесі көрсетілген бейтарап шыны ампулаларда. Ампулаға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Мәскеу эндокриндік зауыты» ФМУК, Ресей
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей
603950, Нижний Новгород қ.
ҚҚП-459, Салганская к-сі 7
тел: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
Веб сайт: http://www.nizhpharm.ru/
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Нижфарм» АҚ ҚР Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 2222-100
факс: (727) 398-64-95
e-mail: almaty@stada.kz