Капсамол® Долор
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Капсамол ® долор
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрігерлік түрі, дозалау
Сыртқа қолдануға арналған крем 0.05%, 40 г және 100 г
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Анестетиктер. Жергілікті анестетиктер. Басқа жергілікті анестетиктер. Капсаицин.
АТХ коды N01BX04
Қолданылуы
Симптоматикалық емдеу, нейропатиялық және бұлшықет ауруының азаюы, атап айтқан, арқаның төмендегі бөлінгендегі аурулар
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
бұршаққынды бұрыш (өсімдік паприкасы, чили бұрышы) препараттарына немесе препараттың кез келген басқа компонентіне алдын ала белгіленген аса жоғары сезімдік реакциясы немесе аллергия;
терінің зақымдануы (ашық жарақаттар, жаралар, терінің қабынуы, тері жұқпасы, экзема, бөрте)
шырышты қабықтарға, әсіресе көз аумағына қолдану
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Капсамол ® Долор кремі 0,05% шырышты қабықтарға немесе көз аймағына жағуға болмайды.
Теріге зақым келтірмеу үшін жағылған жерді қасымау ұсынылады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Капсамол ® Долор кремі 0,05% жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік заттармен, мысалы, басқа жергілікті тітіркендіргіш заттармен (перфузияны күшейтетін және терінің қызаруын тудыратын) немесе ауыруды басатын гельдермен бір мезгілде сол аймаққа жағуға арналмаған.
Бір мезгілде қолданған кезде басқа препараттармен өзара әрекеттесу өнімді алып тастағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін де пайда болуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Емдеу кезінде қосымша жылу көздерінен аулақ болу керек (мысалы, күн немесе инфрақызыл сәуле, электр жылытқышы, жылы су). Терлеуге байланысты физикалық белсенділік салдарынан жылудың әсері де артуы мүмкін. Емдеуді шамадан тыс жылу әсерінен тоқтату керек. Бұл жағдайда артық кремді алып тастау керек.
Егер дәрілік затты қолданған кезде ауыру симптомдары нашарласа, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды Капсамол® Долор кремін 0,05% жүктілік және бала емізу кезінде қолдануды дәрігер пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қарастырған жөн.
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшелігі
Препарат автокөлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Ерекше сақтық шараларын сақтау талап етілмейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалау режимі
Ересектер үшін
Басқа нұсқаулар болмаған жағдайда зардап шеккен аймаққа күніне 2-4 рет кремнің жұқа қабаты қолданылады. Крем жолағы ұзындығы 2 см-ден аспауы керек, кремді сіңіру керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен жасөспірімдер
Балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Әдеттегі дозалау ұсынылады, дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер үшін ұсынылған доза бойынша деректер жоқ.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған емделушілер үшін ұсынылатын доза бойынша деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқы. Кремді қолданғаннан кейін қолыңызды сабынмен және сумен жуыңыз.
Емдеу ұзақтығы
Емдеуді ауырсынуды жеңілдету сәтіне дейін, қажет болған жағдайда 3 аптаға дейін жалғастыру керек. 3 аптадан кейін қолдануды кем дегенде 2 аптаға тоқтату керек.
Егер дәрілік затты қолданған кезде ауыру симптомдары сақталса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы қажет шаралар
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Симптомдары: теріде ыстықты сезіну.
Емі: егер сезіну өте күшті болса және ұзаққа созылса, кремнің артығын салқын сумен және сабынмен кетіруге болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Қажет болған жағдайда медициналық қызметкерге кеңес алуға болады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрінетін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар (қажет болған жағдайда)
Жиілігі белгісіз:
терінің жоғары сезімталдығы және аллергиялық реакциялар (мысалы, есекжем, қолдыраулар немесе жаққан орында көпіршіктер). Мұндай реакциялар туындаған жағдайда емдеуді дереу тоқтату керек.
қолдану орнындағы реакциялар. Белсенді зат жергілікті қан айналымын жақсартады, терінің қызаруы мен жылу, күйдіру сезімін тудырады. Бұл реакциялар өсімдік тектес дәрілік препараттың қалыпты фармакологиялық әсеріне жатады және өздігінен өтеді. Егер күйдіру, шаншу немесе қышыну сезімі ұзаққа созылатын және көтере алмайтын болса, емдеуді тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) жөніндегі ақпараттық базаға тікелей жүгінуге болады
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Верваг Фарма ГмбХ және Ко.КГ Қазақстан Республикасы мен Орта Азиядағы өкілдігі.
050010, Алматы, Зенков к-сі, 59, 154 кеңсе
тел. / факс: (727) 311 67 79, 311 67 99
e-mail: info@woerwagpharma.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г крем құрамында:
белсенді зат - 2.209 – 2.651 г кайен қызыл бұрышы қою стандартталған экстрактісі (Capsicum) (капсаицинге шаққанда 53.0 мг капсаициноидтарға баламалы),
қосымша заттар: сорбитан стеараты, макрогол стеараты, 85% глицерин, орташа тізбекті триглицеридтер, титанның қостотығы (Е 171), феноксиэтанол, тазартылған су, карбомер 980, розмарин майы, натрий гидроксиді, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ерекше иісі бар қоңыр-сары түсті біртекті масса.
Шығарылу түрі және қаптамасы
40 г және 100 г препараттан герметикалық баспаланған және ойықты полипропилен қалпақшамен жабылған, ішкі қорғағыш лагі бар алюминий сықпаларға салынған.
1 сықпадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Сықпаны (40 г) алғаш ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 3 ай
Сықпаны (100 г) алғаш ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 6 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Ц. П. М. Контракт Фарма ГмбХ
83620, Фрюхтлингштрабе 7, Фельдирхен-Вестерхам, Германия
Телефон: +49 07031-620 4-30
Факс: +49 07031-620 4-34
e-mail: info@woerwagpharma.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Верваг Фарма ГмбХ және Ко. КГ
Калвер штрассе 7, 71034 Беблинген, Германия
Телефон: +49 07031-620 4-30
Факс: +49 07031-620 4-34
e-mail: info@woerwagpharma.com
Тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
Верваг Фарма ГмбХ және Ко.КГ Қазақстан Республикасы мен Орта Азиядағы өкілдігі.
050010, Алматы, Зенков к-сі, 59, 154 кеңсе
тел. / факс: 8 (727) 311 67 79, 8 (727) 311 67 99
e-mail: info@woerwagpharma.kz