КАНТАБ® Плюс (16 мг/12,5 мг)

МНН: Гидрохлоротиазид, Кандесартан
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Кандесартан в комбинации с диуретиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021641
Информация о регистрации в РК: 11.06.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

КАНТАБ® Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

16 мг/12,5 мг және 32 мг/12,5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 16 мг немесе 32 мг кандесартан цилексетил

12,5 мг гидрохлортиазид,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, полиэтиленгликоль 8000 Р, гидроксипропилцеллюлоза L, кальций карбоксиметилцеллюлозасы, темірдің (III) сары тотығы (Е 172), магний стеараты.

Сипаттамасы

Екі беті ойықты, бір жағында сызығы және екінші жағында «ɳ» белгісі таңбасы бар сары түсті дөңгелек таблеткалар (16 мг/12,5 мг доза үшін)

Екі беті ойықты, бір жағында сызығы бар сары түсті дөңгелек таблеткалар (32 мг/12,5 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Диуретиктермен біріктірілген ангиотензин II антагонистері. Диуретиктермен біріктірілген кандесартан.АТХ коды С09DА06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кандесартан цилексетил мен гидрохлортиазидті бірге қабылдау осы дәрілік препараттардың кез келгенінің фармакокинетикасына клиникалық елеулі ықпалын тигізбейді.

Сіңуі және таралуы

Кандесартан цилексетил

Кандесартан цилексетил - ішке қабылданатын ізашар дәрі. Ас қорыту жолынан сіңгенде эфирлі гидролиз арқылы белсенді зат – кандесартанға жылдам айналады, АТ1-рецепторлармен берік байланысады және баяу диссоциацияланады, агонист қасиеттерін иеленбейді. Кандесартанның абсолютті биожетімділігі кандесартан цилексетил ерітіндісін ішкеннен кейін 40%-ға жуық құрайды. Ішуге арналған ерітіндісімен салыстырғанда, таблеткаланған препараттың салыстырмалы биожетімділігі шамамен 34% құрайды. Қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына (Сmax) препараттың таблеткаланған түрін қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң жетеді. Препарат дозасын ұсынылған шектерде арттырғанда кандесартан концентрациясы дозаға байланысты жоғарылайды. Кандесартанның фармакокинетикалық параметрлері емделушінің жынысына байланысты емес. Ас ішу «концентрация - уақыт» қисығы астындағы ауданына (AUC) маңызды ықпалын тигізбейді, яғни тамақ препарат биожетімділігіне елеулі әсер көрсетпейді. Кандесартан қан плазмасы ақуыздарымен белсенді байланысады (99%-дан аса). Кандесартанның плазмалық таралу көлемі 0,1 л/кг құрайды.

Гидрохлортиазид

Гидрохлортиазид асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді, биожетімділігі шамамен 70% құрайды. Қатарлас ас ішу сіңуін шамамен 15% арттырады. Биожетімділігі жүрек жеткіліксіздігі және айқын ісінулері бар емделушілерде төмендеуі мүмкін. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 60% құрайды. Көріністі таралу көлемі шамамен 0,8 л/кг құрайды.

Метаболизмі және шығарылуы

Кандесартан цилексетилі

Кандесартан, негізінен, организмнен несеппен және өтпен өзгеріссіз күйде шығарылады және мардымсыз дәрежеде ғана бауырда метаболизденеді.

Қолда бар өзара әрекеттесу зерттеулері CYP2C9 және CYP3A4-ке әсерінің жоқ екенін көрсетті. Зертханалық жағдайларда алынған деректер негізінде организмде метаболизмі P450 цитохромының CYP1A2, CYP2A6, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1 немесе CYP3A4 изоферменттеріне тәуелденетін дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуінің болуы күтіледі. Кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 9 сағат құрайды. Препараттың организмде жинақталуы байқалмайды. Кандесартан цилексетилін гидрохлортиазидпен бірге қабылдағаннан кейін кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі өзгеріссіз қалады (шамамен 9 сағат). Монотерапиямен салыстырғанда, біріктірілген препаратты көп рет қабылдағаннан кейін кандесартанның қосымша жиналуы жүрмейді.

Кандесартанның жалпы клиренсі 0,37 мл/мин/кг жуық, осы тұстағы бүйрек клиренсі 0,19 мл/мин/кг жуық құрайды. Кандесартанның бүйректік бөлінуі шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелік сөлініс жолымен жүзеге асады. Радиобелсенді таңбаланған кандесартан цилексетилін ішке қабылдағаннан кейін енгізілген мөлшерінің 26%-ға жуығы кандесартан түрінде және 7%-ы белсенді емес метаболит түрінде несеппен шығарылады, ал енгізілген мөлшерінің 56%-ы кандесартан түрінде және 10%-ы белсенді емес метаболит түрінде нәжістен табылады.

Гидрохлортиазид

Гидрохлортиазид метаболизденбейді және нефронның проксимальді бөлігіндегі шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелік сөлініс жолымен препараттың белсенді түрінде іс жүзінде толық бөлініп шығады. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 8 сағат құрайды. Ішке қабылданған дозаның шамамен 70%-ы 48 сағат ішінде несеппен шығарылады. Кандесартанмен бірге қабылдағанда жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Препараттар біріктірілімін пайдаланғанда, монотерапиясымен салыстырғанда, гидрохлортиазидтің қосымша жинақталуы анықталмаған.

Ерекше топтардағы кандесартан фармакокинетикасы

Егде жастағы емделушілерде (65 жастан асқан), жас емделушілермен салыстырғанда, кандесартан Cmax және AUC, тиісінше, 50% және 80% ұлғаяды. Алайда, КАНТАБ® Плюс қолданылғанда гипотензиялық әсері мен жағымсыз әсерлерінің даму жиілігі емделушілердің жасына байланысты болмайды.

Бүйрек қызметі жеңіл және орташа бұзылған емделушілерде кандесартан Cmax және AUC, тиісінше, 50% және 70% ұлғайған, ал препараттың жартылай шығарылу кезеңі, бүйрек қызметі қалыпты науқастармен салыстырғанда, өзгермейді. Бүйрек қызметі ауыр бұзылған емделушілерде кандесартан Cmax және AUC, тиісінше, 50% және 110% ұлғайды, ал препараттың жартылай шығарылу кезеңі 2 есе ұзарды. Гемодиализде жүрген емделушілерде кандесартанның бүйрек қызметі ауыр бұзылған емделушілердегі сияқты фармакокинетикалық параметрлері анықталды.

Бауыр қызметі жеңіл және орташа бұзылған емделушілерде клиникалық зерттеулер деректеріне сай кандесартан AUC 20%-80% ұлғаюы болды.

Гидрохлортиазид

Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі ұзаққа созылады.

Фармакодинамикасы

КАНТАБ® Плюс – ізашар дәрі түріндегі дәрілік түрде болатын ангиотензин ІІ АТ1-рецепторларының пептидті емес селективті блокаторы - кандесартан (кандесартан цилексетил) мен тиазидті диуретик - гидрохлортиазидтің біріктірілімі.

Ангиотензин II – артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі және басқа жүрек-қантамыр аурулары патогенезінде маңызды рөл атқаратын ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің гормоны. Ангиотензин II негізгі физиологиялық әсерлері – вазоконстрикция, альдостерон өнімдерінің ынталануы, су-электролит жағдайының реттелісі және жасушалық өсудің көтермеленуі. Осы әсерлердің бәрі ангиотензин II-нің 1 типті ангиотензин рецепторларымен (АТ1 рецепторлары) өзара әрекеттесуі арқылы болады.

Кандесартан – 1 типті ангиотензин II рецепторларының (АТ1 рецепторлары) селективті антагонисті, ангиотензин I-ді ангиотензин II-ге айналдыратын және брадикининді ыдырататын ангиотензин өзгертуші ферментті (АӨФ) тежемейді; АӨФ-ке ықпал етпейді және брадикинин жиналуына немесе Р субстанциясына әкелмейді. Кандесартан басқа гормондар рецепторларымен байланыспайды және жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін реттеуге қатысатын ион өзектерін бөгемейді. Ангиотензин II АТ1 рецепторларының бөгелісі нәтижесінде ренин, ангиотензин I, ангиотензин II деңгейінің дозаға тәуелді жоғарылауы және қан плазмасындағы альдостерон концентрациясының төмендеуі болады.

Гидрохлортиазид негізінен бүйрек өзекшелерінің дистальді бөліктеріндегі натрийдің белсенді кері сіңірілуін бәсеңдетеді және натрий иондарының, хлор мен судың бөлінуін күшейтеді. Калий мен магнийдің бүйрекпен бөлінуі дозаға байланысты күшейеді, осы тұста кальций сияқты бұрынғысынан көп мөлшерде кері сіңіріле бастайды. Гидрохлортиазид қан плазмасының және жасушадан тыс сұйықтықтың көлемін азайтады және қанның жүрекпен тасымалдану қарқыны мен АҚ төмендетеді. Ұзақ мерзімді емделу кезінде гипотензиялық әсері артериолалардың кеңею есебінен дамиды.

Гидрохлортиазидті ұзақ уақыт қолданғанда жүрек-қантамыр аурулары және өлімге ұшырау қатерінің азаятыны көрсетілген.

Кандесартан мен гидрохлортиазид жиынтық гипотензиялық әсер көрсетеді.

Артериялық гипертензиядан зардап шегетін емделушілерде КАНТАБ® Плюс жүректің жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) жоғарылауынсыз АҚ тиімді және ұзақ уақыт төмендетеді. Препаратты алғаш қабылдағанда ортостатикалық гипотензия байқалмайды, сондай-ақ артериялық гипертензия емдеу аяқталғаннан кейін күшеймейді. КАНТАБ® Плюс бір рет қабылданғаннан кейін негізгі гипотензиялық әсер 2 сағат ішінде дамиды. Емдеу жалғастырылғанда АҚ тұрақты төмендеуі препарат қабылдағаннан кейін 4 апта ішінде басталады және ұзаққа созылатын емдеу курсы бойына сақталады. КАНТАБ® Плюс күніне бір рет қабылданғанда ең жоғары және орташа әсер ету тиімділігі арасындағы болымсыз айырмашылықпен 24 сағат ішінде АҚ-ды тиімді және жұмсақ түсіреді. Кандесартан мен гидрохлортиазид біріктірілімінің тиімділігі емделушінің жынысы мен жасына байланысты емес.

Қолданылуы

- біріктірілген ем көрсетілімдегі емделушілерде артериялық гипертензияны емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ұсынылатын дозасы – тәулігіне 1 рет 1 таблетка.

КАНТАБ® Плюс ас ішуге қарамастан тәулігіне бір рет қабылдану керек.

Емделушіні КАНТАБ® Плюс еміне көшірер алдында кандесартан дозасын титрлеу ұсынылады. Негізгі гипотензиялық әсеріне, әдетте, емдеу басталғаннан кейін алғашқы 4 аптада жетеді.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде, тиазидтілермен салыстырғанда, ілмекті диуретиктер қолданған дұрыс. КАНТАБ® Плюс препаратымен емдеу басталғанша бүйрек қызметі жеңіл немесе орташа бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі ≥ 30 мл/мин/1,73 м2), гемодиализде жүрген емделушілерді қоса, кандесартан дозасын 4 мг-ден бастап титрлеу ұсынылады.

КАНТАБ® Плюс препараты бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерге (креатинин клиренсі < 30 мл/мин/1,73 м2 BSA) қарсы көрсетілімді.

Айналымдағы қан көлемі азайған емделушілер

Артериялық гипотензия қаупі бар емделушілер үшін, мысалы, айналымдағы қан көлемі азайған емделушілер үшін кандесартан дозасын 4 мг-ден бастап титрлеу ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

КАНТАБ® Плюс препаратымен емдеу үшін жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге кандесартан цилексетил

дозасын арттыру ұсынылады (мұндай емделушілерде ұсынылатын кандесартан цилексетилінің бастапқы дозасы – 4 мг).

Жағымсыз әсерлері

Жиі (> 1/100, < 1/10)

- бас ауыру, бас айналу

- тыныс жолдарының жұқпалары

Өте сирек (< 1/10 000)

- жүрек айну

- жөтел

- лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз

- гиперкалиемия, гипонатриемия

- «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, бауыр қызметінің бұзылуы немесе гепатит

- ангионевротикалық ісіну, бөрту, есекжем, тері қышынуы

- арқаның ауыруы, артралгия, миалгия

- бүйрек қызметінің бұзылуы, бейімділігі бар емделушілердегі бүйрек жеткіліксіздігін қоса

Әдетте, 25 мг немесе одан көп дозада гидрохлортиазидпен емдегенде мынадай жағымсыз әсерлер болды: жиі емес (>1/1000 және <1/100) немесе сирек (<1/1000):

Жиі емес (> 1/1000, < 1/100)

- фотосенсибилизация реакциялары

Сирек (> 1/10 000, < 1/1 000)

- лейкопения, нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения, апластикалық анемия

- анафилактикалық реакциялар

- некрозды васкулит

- респираторлық дистресс-синдром (соның ішінде, пневмония және өкпе ісінуі)

- панкреатит

- сарғаю (бауырішілік холестатикалық)

- уытты эпидермалық некролиз

- бүйрек қызметінің бұзылуы және интерстициальді нефрит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат құрамына кіретін белсенді немесе қосымша компоненттерге, сульфонамидтер туындыларына жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестаз

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/мин/1,73 м2 аз)

- рефрактерлі гипокалиемия және гиперкальциемия

- подагра

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

Сақтықпен: ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек артерияларының екі жақты стенозы, жалғыз бүйрек артериясы стенозы, аортальді және митральді клапанның гемодинамикалық елеулі стенозы, цереброваскулярлық аурулары және ишемиялық жүрек ауруы бар науқастарда, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия, айналымдағы қан көлемі азайған науқастарда, бауыр циррозы, лактоза көтере алмаушылықтан, лактоза және галактоза сіңуінің бұзылуынан зардап шегетін емделушілерде, гипонатриемия, алғашқы гиперальдостеронизм, хирургиялық араласу, бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарда, бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакокинетикалық зерттеулерде КАНТАБ® Плюсті варфаринмен, дигоксинмен, ішуге арналған контрацептивтермен (этинилэстрадиол/левоноргестрел), глибенкламидпен, нифедипинмен үйлестіріп қолдану зерттелген. Клиникалық тұрғыда елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталмаған.

Кандесартан бауырда мардымсыз дәрежеде метаболизденеді (CYP2C9). Өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде препараттың CYP2C9 және CYP3A4-ке ықпал етуі анықталмаған. КАНТАБ® Плюсті гипертензияға қарсы басқа дәрілермен бірге қолдану гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Калий жоғалтуға әкелетін гидрохлортиазид әсерінің калий жоғалуына және гипокалиемияға әкелетін басқа дәрілермен (мысалы, диуретиктер, іш жүргізгіштер, амфотерицин, карбеноксолон, пенициллин G натрий, салицил қышқылы туындылары, стероидтар, АКТГ) күшеюі мүмкін.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа дәрілік заттарды қолдану тәжірибесі калий жинақтаушы диуретиктермен, калий препараттарымен, тұз алмастырғыштармен және қан сарысуындағы калий деңгейін жоғарылатуы мүмкін басқа дәрілермен (мысалы, гепарин) қатарлас емдеудің гиперкалиемия дамуына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.

Диуретиктік дәрілермен индукцияланған гипокалиемия және гипомагниемия оймақгүл гликозидтерінің және аритмияға қарсы дәрілердің болжамды кардиоуытты әсеріне бейімдейді. КАНТАБ® Плюс осындай препараттармен қатарлас қабылданғанда қандағы калий деңгейін бақылау талап етіледі.

Литий препараттарын АӨФ тежегіштерімен немесе гидрохлортиазидпен үйлестіріп тағайындағанда қан сарысуындағы литий концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уыттылық реакцияларының дамуы хабарланды. Осындай реакциялар ангиотензин II рецепторларының антагонистерін пайдаланғанда кездесуі мүмкін, осыған орай, осы препараттарды біріктіріп қолданғанда қан сарысуындағы литий деңгейін бақылау ұсынылады.

Кандесартан биожетімділігі ас ішуге байланысты емес.

Гидрохлортиазидтің несеп айдайтын, натрийуретикалық және гипотензиялық әсері қабынуға қарсы стероидты препараттармен әлсірейді.

Колестипол немесе холестирамин қолданылғанда гидрохлортиазидтің сіңуі әлсірейді.

Деполяризациялаушы миорелаксанттар әсері (мысалы, тубокурарин) гидрохлортиазидпен күшеюі мүмкін.

Тиазидті диуретиктік дәрілер оның аз бөлінуіне орай қандағы кальций деңгейінің жоғарылауын туындатады. Құрамында кальций бар тағам қоспаларын немесе D витаминін қабылдау қажет болғанда қан плазмасындағы кальций деңгейін бақылап, қажет болса, дозаны түзету керек.

Тиазидтер бета-адреноблокаторлар мен диазоксидтің гипергликемиялық әсерін күшейтеді.

Антихолинэргиялық дәрілер (мысалы, атропин, биперидин) асқазан-ішек жолы моторикасының төмендеуіне орай тиазидтер негізіндегі несеп айдағыш дәрілердің биожетімділігін арттыра алады.

Тиазидтер амантадиннің жайсыз әсер ету қаупін арттыруы мүмкін.

Тиазидтер организмнен цитостатикалық дәрілердің (циклофосфамид, метотрексат сияқты) шығарылуын баяулатып, олардың миелобәсеңдетуші әсерін күшейтуі мүмкін.

Гипокалиемия қатері стероидты дәрілік заттарды немесе адренокортикотропты гормонды қатарлас қабылдағанда артуы мүмкін.

Препарат қабылдау аясында алкоголь, барбитураттар немесе анестетиктер қабылдаған кезде ортостатикалық гипотензияның даму жиілігі артуы мүмкін.

Тиазидтермен емдеу глюкозаға төзімділікті төмендетуі мүмкін. Диабетке қарсы препараттардың, соның ішінде инсулиннің дозасын таңдау қажет болуы мүмкін.

Гидрохлортиазид тамыр тарылтатын аминдердің (мысалы, эпинефрин (адреналин)) ықпалын азайтуы мүмкін.

Гидрохлортиазид, әсіресе, йодталған контрастылы заттардың үлкен дозаларымен бірге жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Циклоспоринмен қатарлас қолданғанда гиперурикемия мен подаграның қатері артуы мүмкін.

Баклофен, үш циклды антидепрессанттар немесе нейролептиктерді қатарлас қолдану гипертензияға қарсы әсерінің күшеюіне әкеліп, гипотензия туғызуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Бұл жағдайда, тиазидтілерге қарағанда, ілмекті диуретиктер пайдаланған дұрыс. Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін КАНТАБ® Плюс пайдаланған кезде калий, креатинин және несеп қышқылы деңгейін тұрақты бақылау ұсынылады.

Бүйректі ауыстырып салу

Таяуда бүйрегі ауыстырып салынған емделушілерде КАНТАБ® Плюс қолдану туралы деректер жоқ.

Бүйрек артериясының стенозы

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпал ететін басқа препараттар, мысалы, АӨФ тежегіштері бүйрек артериясының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар емделушілердің қандағы мочевина мөлшерінің және сарысудағы креатинин деңгейінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Осыған ұқсас әсерді ангиотензин II рецепторларының антагонистерінен күту керек.

Айналымдағы қан көлемінің төмендеуі

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне ықпал ететін басқа препараттарға тән сипатталғанындай, интраваскулярлы көлем және/немесе натрий тапшылығы бар емделушілерде симптоматикалық гипотензия дамуы мүмкін. Сондықтан аталған симптомдар жоғалғанша КАНТАБ® Плюс қолдану ұсынылмайды.

Жансыздандыру және хирургиялық араласу

Ангиотензин II антагонистерін алатын емделушілерде жансыздандыру кезінде және хирургиялық араласуларда ренин-ангиотензин жүйесінің бөгелісі нәтижесінде артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Сұйықтық және/немесе вазопрессорларды көктамыр ішіне енгізуді талап ететін ауыр артериялық гипотензия өте сирек болуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылған немесе бауыр ауруы үдеген емделушілерге сұйықтық көлемінің және электролит құрамының болымсыз ауытқулары бауыр комасын туындату мүмкіндігін ескеріп, тиазидтерді сақтықпен қолдану керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге КАНТАБ® Плюс қолдану жөнінде деректер жоқ.

Аортальді және митральді клапан стенозы (гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия)

КАНТАБ® Плюс, басқа вазодилататорлар сияқты, обструкциялық гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар немесе аортальді немесе митральді клапанның гемодинамикалық елеулі стенозы бар емделушілерге тағайындалғанда сақтық шарасын қадағалау керек.

Алғашқы гиперальдостеронизм

Алғашқы гиперальдостеронизмі бар емделушілер, әдетте, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілер еміне төзімді. Осыған орай, мұндай емделушілерге КАНТАБ® Плюс тағайындау ұсынылады.

Су-тұз теңгерімінің бұзылуы

Несеп айдайтын әсері бар препараттар қабылдаудың барлық жағдайындағы сияқты, қан плазмасындағы электролиттерді бақылау керек.

Несеп айдағыш әсер иеленген тиазидтер негізіндегі препараттар кальций иондарының несеппен бөлінуін азайтуға қабілетті және қан плазмасындағы кальций иондары концентрациясының мерзім сайын және болымсыз ұлғаюын туындатады.

Тиазидтер, соның ішінде гидрохлортиазид, су-тұз теңгерімін бұза алады (гиперкальциемия, гипокалиемия, гипонатриемия, гипомагниемия және гипохлоремиялық алкалоз).

Анықталған гиперкальциемия жасырын гиперпаратиреоз белгісі болуы мүмкін. Тиазидті дәрілер қабылдау қалқанша маңы безін зерттеу талдауларының нәтижелерін алғанша тоқтатылу керек.

Гидрохлортиазид калий бөлінісін дозаға тәуелді арттырады, бұл гипокалиемияға себеп болуы мүмкін. Гидрохлортиазидтің осындай әсері, егер оны кандесартан цилексетилімен қолданса, аз көрініс береді. Гипокалиемия қатері бауыр циррозынан зардап шегетін емделушілерде, диурез жоғарылаған емделушілерде және тұз мөлшері төмен сұйықтық қабылдайтын емделушілерде, әрі кортикостероидтармен емдеу курсынан қатар өтетін немесе адренокортикотропты гормон қабылдайтын емделушілерде жоғары болады.

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін препараттарды қолдану тәжірибесі негізінде КАНТАБ® Плюс пен калий бөлінісін арттыратын несеп айдайтын дәрілерді қатарлас қолданудың орнын құрамында калий бар тағам қоспаларын немесе қан плазмасындағы калий мөлшерін арттыруға қабілетті басқа препараттар қолданумен толтыруға болады.

КАНТАБ® Плюсті ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен немесе ангиотензин II рецепторларының тежегіштерімен қолдану, әсіресе, егер емделуші жүрек жеткіліксіздігінен немесе бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін болса, мұндай жағдайлар құжат жүзінде тіркелмесе де, гипокалиемия туғызуы мүмкін.

Тиазидтердің магний бөлінісін арттырып, оның гипомагниемияны туындататыны көрсетілген.

Метаболизмге және эндокринді жүйеге әсері

Тиазидтермен емдеу қандағы глюкоза деңгейін бұзуы мүмкін. Гипогликемиялық дәрілердің, соның ішінде инсулин дозасын таңдау қажет болады. Тиазидпен емдеу кезінде жасырын өтетін қант диабеті көрініс беруі мүмкін. Холестерин мен триглицеридтер деңгейінің көтерілуін де тиазидпен емдеумен байланыстырады. Алайда құрамында 12,5 мг доза бар КАНТАБ® Плюс пайдаланылғанда осындай әсерлердің тым аз мөлшері байқалды. Тиазидті диуретиктер қан плазмасындағы несеп қышқылы концентрациясын арттырады және оған бейім науқастарда подаграның пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Жалпы жайттар

Тамыр тонусы және бүйрек қызметі көбінесе ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне байланысты емделушілер (мысалы, ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігі немесе, бүйрек артериясының стенозын қоса, бүйрек аурулары бар науқастар) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін препараттарға ерекше сезімтал. Бұл науқастарда осындай препараттарды тағайындау жедел артериялық гипотензиясы, азотемиясы, олигуриясы және сирегірек – жедел бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүреді. Аталған әсерлердің даму мүмкіндігін ангиотензин II рецепторларының антагонистерін пайдаланғанда жоққа шығаруға болмайды. Ишемиялық жүрек ауруы немесе ишемиялық тектегі цереброваскулярлық аурулары бар науқастарда гипертензияға қарсы кез келген дәрілерді пайдаланғанда АҚ күрт түсіп кетуі миокард инфарктісінің немесе инсульттің дамуына әкелуі мүмкін.

Бұрын аллергиясы немесе бронх демікпесі болмаған емделушілерде де гидрохлортиазидке жоғары сезімталдық реакциялары көрініс беруі мүмкін, бірақ ол осындай симптомдары болған емделушілер үшін ықтималдырақ.

Тиазидті диуретиктер пайдаланғанда люпус-эритематоз симптомдарының өршу немесе пайда болу жағдайлары болған.

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны галактоза көтере алмаушылықпен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен көрініс беретін сирек тұқым қуалайтын аурулардан зардап шегетін емделушілерге қабылдауға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік басқару немесе техникамен жұмыс істеу қабілетіне әсері зерттелмеген, бірақ препараттың фармакодинамикалық қасиеттері ондай ықпалының жоқ екенін көрсетеді. Емделу кезінде бас айналуы болып, қатты шаршау байқалуы мүмкін екендіктен емделушілерге автокөлік басқарғанда немесе техникамен жұмыс істегенде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: Емделушілердің ауыр зардаптарсыз сауығуымен аяқталған препараттың артық дозалануының жекелеген жағдайлары сипатталған (672 мг кандесартан цилексетиліне дейін).

Гидрохлортиазидпен артық дозаланудың негізгі көрінісі – жедел сұйықтық және электролиттер жоғалту. Бас айналу, АҚ төмендеуі, ауыздың кеберсуі, тахикардия, қарыншалық аритмия, седация, естен айрылу және бұлшықеттердің құрысуы сияқты симптомдар да байқалды.

Емі: АҚ клиникалық айқын төмендеуінің дамуында симптоматикалық емдеу және емделушінің жай-күйін бақылау. Емделушіні шалқасынан жатқызып, аяқтарын сәл көтеру. Қажеттілігіне қарай, айналымдағы қан көлемін, мысалы, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу арқылы арттыру керек. Қажет болған жағдайда симпатомиметикалық дәрілер тағайындауға болады. Гемодиализ көмегімен кандесартан мен гидрохлортиазидтің шығарылу ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 (16 мг/12,5 мг доза үшін) немесе 7 (32 мг/12,5 мг доза үшін) таблеткадан мөлдір ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірінен және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 немесе 2 (16 мг/12,5 мг доза үшін) немесе 2 немесе 4 (32 мг/12,5 мг доза үшін) пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды пошта: nobel@nobel.kz

 

 

Прикрепленные файлы

803399731477976375_ru.doc 95 кб
771407411477977569_kz.doc 146 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники