Канефрон® Н №60 (таблетки)

МНН: Золототысечник травы+любистка корней+розмарин листьев
Производитель: Бионорика СЕ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020040
Информация о регистрации в РК: 16.01.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 2373/97/01/02/06/11/13/16
Информация о регистрации в РБ: 28.07.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Канефрон® Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Толғақшөп шөбі 18 мг

Дәрілік сүйментамыр тамыры 18 мг

Гүлшетен жапырақтары 18 мг

қосымша заттар:

таблетка ядросы:

лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, повидон К 25, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы

таблетка қабығының құрамы:

кальций карбонаты, майсана майы, глюкоза шәрбаты, темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), жүгері крахмалы, декстрин, монтанды гликольді балауыз, повидон К 30, рибофлавин (Е 101), шеллак, сахароза, тальк, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Қызғылт-сары түсті екі беті дөңес және жайпақ беті бар, дөңгелек пішінді, қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қосқанда урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат біріктірілген, сондықтан кинетикалық зерттеулердің жүргізілуі мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Канефрон® Н белсенді компоненттері диуретикалық, спазмолитикалық, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және қан айналымын көтермелейтін әсерге ие. Маңызды фармакологиялық ингредиенттер мыналар болып табылады: эфир майлары (сүйментамыр, гүлшетен), фенольді қышқылдар (гүлшетен, сүйментамыр, толғақшөп шөбі), фталидтер (сүйментамыр) және кермектер (толғақшөп шөбі).

Препараттың спазмолитикалық әсері дәрілік сүйментамыр тамыры мен толғақшөп шөбінің кермектері құрамына кіретін фталидтер (бутилидин мен лигустилид) есебінен таралады. Қан тамырларын кеңейтетін әсерлері қуық пен несеп шығару жолдарының тамыр қабырғаларының тонусын төмендетуде көрінеді, бұл диурездің ұлғаюына әкеледі. Несеп айдайтын әсері гүлшетен жапырақтары құрамындағы фенилкарбон қышқылдарының осмостық қысымының жоғарылауымен түсіндіріледі.

Қабынуға қарсы қасиеттері липооксигеназаның өзіне тән емес комплементарлық белсенділігін және осылайша қабыну үдерісін іске асыруға қатысатын лейкотриендер синтезін бөгейтін гүлшетен қышқылы әсерімен байланысты. Мұнан бөлек, дәрілік препараттың құрамына кіретін барлық өсімдіктер құрамында микробқа қарсы заттар бар.

Қолданылуы

- жедел және созылмалы цистит, пиелонефрит (қосымша емдеу дәрісі ретінде)

- несеп тастарының түзілуінің алдын алуда

- несеп тастарын операциялық алғаннан кейін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге: 2 таблеткадан күніне 3 рет.

6 жастан асқан балаларға: 1 таблеткадан күніне 3 рет.

Ауыру жеделдігі әлсірегеннен кейін емдеуді 2-4 апта бойы жалғастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

болуы мүмкін:

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну)

- асқазан-ішек бұзылыстары (құсу, диарея)

Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілерінде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жекелей сезімталдық

- жедел кезеңдегі асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз. Этиопатогенетикалық емдеу мақсатында бактерияға қарсы дәрілік препараттармен біріктірілуі мүмкін және мақсатқа сай.

Айрықша нұсқаулар

Бүйректің қабыну ауруларымен ауыратын және/немесе бүйрек қызметінің бұзылуы бар емделушілерге емделушінің жағдайы медициналық бақылауды қажет ететінін/қажет етпейтінін бағалау үшін препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет. Сонымен қатар, бүйрек немесе жүрек жеткіліксіздігімен зардап шегетін емделушілерге сұйықтықты пайдаланудың рұқсат етілетін мөлшерін дәрігер белгілеуі тиіс. Канефрон® Н құрамында глюкоза, сахароза және лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жетіспеушілігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктозаны көтере алмаушылық немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар емделушілер препаратты қолданбауы керек.

Қант диабеті бар науқастарға қолданылуы

Қабықпен қапталған бір таблетка құрамында шамамен 0,020 нан бірліктері (НБ) бар.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және бала емізу кезінде анасы үшін күтілетін пайдасы баласы үшін ықтималды қауіптен асатын жағдайда ғана препаратты қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік басқару қабілетіне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған 20 таблеткадан алюминий фольгадан және поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті (ПВХ/ПВДХ) үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Bionorica SЕ /Бионорика СЕ/» өкілдігі

Алматы қ., «Главпочтамт», а/ж № 200, тел: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz

 

Прикрепленные файлы

313429681477976847_ru.doc 53 кб
473992211477978006_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ