Кандид (раствор 1%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кандид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Клотримазол
Дәрілік түрі
Жергілікті қолдануға арналған 1% ерітінді, 15 мл
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат –1 г клотримазол,
қосымша заттар: пропиленгликоль, глицерол.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз, тұтқыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Имидазол туындылары. Клотримазол.
ATХ коды D01AС01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданғанда клотримазол қан ағысына түспейді дерлік және жүйелік әсер бермейді. Биожетімділігі шамамен 0.5 % аздау.
Фармакодинамикасы
Клотримазол – имидазол туындысы, зеңге қарсы әсері бар, ол зеңнің жасушалық жарғақшасында эргостерин синтезінің бұзылуымен байланысты, бұл жасушалық қабырғаның зақымдануына әкеледі. Эргостерин зеңдердің цитоплазмалық жарғақшаларының басты компоненті болып табылады. Клотримазол 2,4 метилендигидроланостеролдың диметилстеролға, зеңнің цитоплазмалық жарғақшасының негізгі блокаторы болып табылатын Д2 провитаминіне ферментативті түрде айналуының тежегіші ретінде әсер етеді. Аз концентрацияларда фунгистатикалық, ал үлкен концентрацияларда сонымен бірге пролиферациялаушы жасушаларға ғана емес, фунгицидтік әсер де береді. Фунгицидтік концентрацияларда митохондриальді және пероксидазалы ферменттермен өзара әрекеттеседі, соның нәтижесінде сутегінің асқын тотығының концентрациясы уытты деңгейге дейін артады, бұл сондай-ақ зең жасушаларының бұзылуына мүмкіндік береді.
Плазмалық жарғақшалы АТФаза және басқа да жарғақшалы ферменттердің қайта құрылуы, жарғақша тасымалдануының және майлы қышқылдардың метаболизмі өзгеруі клотримазолдың зеңдерге қарсы әсерінің басқа механизмдеріне жатады.
Клотримазолдың әсер ету ауқымы кең, дерматофиттер, ашытқы зеңдеріне қатысты тиімді, эритразма, стрептококктар және стафилококктар қоздырғышына микробқа қарсы, сондай-ақ Trichomonas vaginalis қатысты әсер етеді.
Қолданылуы
- кандидозды стоматит (ауыз қуысы кандидозы)
Қолдану тәсілі және дозалары
10-20 тамшы (0.5 мл - 1 мл) Кандид препаратын ауыз қуысының зақымданған бөлігіне мақта таяқшамен күніне 3-4 рет жағады. Жаққан кезде ауыз қуысындағы зақымданған немесе қабынған барлық жердің ерітіндімен өңделгеніне көз жеткізу керек. Жақсару 3-5 күні ғана басталғанына қарамастан, емдеуді аурудың клиникалық біліністері толық жойылғанша жалғастырған жөн. Препаратты тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана балаларға қолдануға болады.
Жағымсыз әсерлері
- жергілікті аллергиялық реакциялар (қызару, күйдіріп ашыту, шаншу, қышыну, ісіну, есекжем)
Сирек:
-
жанаспалы дерматит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктіліктің І триместрі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Амфотерицин В немесе нистатинді бір мезгілде қолдану клотримазолдың белсенділігін төмендетеді. Дексаметазон үлкен дозада қолданғанда клотримазолдың зеңге қарсы әсерін тежейді. Клотримазолдың антимикотикалық әсері п-оксибензой қышқылы пропил эфирінің жоғары жергілікті концентрациясын күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Ауыз қуысына жергілікті қолдануға ғана арналған, ішке қабылдауға, жұтуға болмайды. Көзге тигізіп алмау керек. Көзге тигізіп алған жағдайда оны сумен мұқият шайған жөн. Егер жүйелі қолданудан кейін нашарлау байқалса немесе жақсару болмаса, дәрігерге қаралыңыз.
Педиатрияда қолданылуы
Клотримазолды балаларда, оның ішінде жаңа туған нәрестелерде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған. Балаларға препаратты дәрігердің бақылауымен қысқа мерзімге және төмен дозада қолдану ұсынылады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Клиникалық және эксперименттік зерттеулерде препаратты жүктілік кезеңінде немесе бала емізу кезеңінде қолдану әйелдің немесе ұрықтың (баланың) денсаулығына кері әсер ететіні анықталмаған.
Жүктіліктің II - III триместрінде препаратты тағайындау ұтымдылығы туралы мәселе дәрігермен кеңескеннен кейін әр адамға жекелей шешілуі тиіс. Жүктіліктің І триместрінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған.
Артық дозалануы
Артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары:жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: зақымданған аймақты жуып-шаю, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 мл препараттан қызыл түсті қалпақшасы бар пластик құтыға салынған. Құтыға заттаңба жапсырады.
1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі – 45 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.
Тіркеу куәлігінің иесі
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД ҚР-дағы өкілдігі, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блок, 7 кеңсе.
тел: + 7(727) 311 04 41.