Кандид (порошок для наружного применения, 30 г)

МНН: Клотримазол
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clotrimazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011978
Информация о регистрации в РК: 11.07.2023 - 11.07.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Кандид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клотримазол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 30 г ұнтақ

Құрамы

100 г ұнтақтың құрамында

белсенді зат: клотримазол - 1 г,

қосымша заттар: крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы, косметикалық хош иістендіргіш 7238, тазартылған тальк.

Сипаттамасы

Жағымды иісті ақ немесе ашық сары ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Зеңге қарсы жергілікті қолдануға арналған препараттар. Имидазол туындылары. Клотримазол

АТХ коды D01AС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа қолданғанда клотримазол тері арқылы нашар сіңеді. Биожетімділігі 0,5%-дан аз құрайды. Эпидермистің мүйізгекті қабатында көптеген патогенді зеңдер үшін ең төмен басатын концентрациясынан (ТБК) жоғары (50 – 100 мкг/мл) концентрацияда жинақталады. Эпидермистің базальді қабатындағы концентрациясы 1,53 – 3 мкг/мл құрайды. Тырнақтың кератиніне өтеді. Бауырда белсенді емес метаболиттерге дейін биоөзгеріске ұшырайды және ішек арқылы шығарылады.Бүйрек арқылы шығарылады (бүйрек экскрециясының үлесі 0,05% - 0,5% құрайды). Бастапқы заттың шығарылу кезеңі 3,5 – 5 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Клотримазолдың (имидазол туындысының) әсер етуші белсенді затының антимикотикалық тиімділігі зеңдер жасушалық жарғақшасының құрамына енетін эргостерин синтезінің бұзылуына байланысты, бұл жарғақашаның өткізгіштігін өзгертеді және жасушалардың осыдан кейінгі лизисін туындатады. Фунгицидті концентрацияларында митохондриялық және пероксидазалық ферменттермен өзара әрекеттеседі, осының нәтижесінде сутегі асқын тотығының концентрациясының артуы жүреді, бұл да зеңдік жасушалардың ыдырауына түрткі болады. Дерматомицеттерге (Trichophyton rub-rum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis), ашытқы тәрізді және өңездік зеңдерге (Candida spp; Candida albicans қоса; Pityrosporum orbiculare, Rhodotorula тұқымдастығының Torulopsis glabrata,) қатысты фунгицидті және фунгистатикалық белсенділік байқатады. Түрлі түсті теміреткінің қоздырғышы – Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur) қатысты белсенді. Грамоң бактериялар - эритразманың қоздырғышы  Corynebac-terium minutissimum, сондай-ақ Staphylococcus spp., Streptococcus spp.,  грамтеріс бактериялар – Bacteroides, Gardnerella vaginalis қатысты тиімді. Жоғары концентрацияларда Trichomonas vaginalis қатысты белсенді.

Қолданылуы

- терінің зеңдік жұқпаларында - саусақ аралық зеңдік эрозияларда - микоздарда, асқынған қайталанған жұқпаларда - түрлі-түсті теміреткіде - эритразмада

Қолдану тәсілі мен дозалары

Сыртқа. Терінің алдын ала тазартылған және құрғақ бөліктеріне күніне екі рет (таңертең және кешке) себеді. Кандид ұнтақ сондай-ақ зақымданған бөліктермен тікелей жанасатын киімге немесе аяқ киімге себілуі мүмкін. Кандид ұнтақ сыртқа қолдануға арналған 1 % Кандид крем немесе сыртқа қолдануға арналған 1 % Кандид ерітінді препараттарымен үйлестіріліп қолданыла алады. Емдеу ұзақтығы жекелей және аурудың ауырлығы мен орналасуына байланысты болады. Толық сауығуға қол жеткізу үшін қабынудың жедел симптомдары мен субъективті шағымдар жойыла салып тоқтатпау керек. Емдеу ұзақтығы орташа алғанда 3-4 апта құрайды. Табысты емделу үшін препаратты ұдайы қолдану маңызды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- күйдіріп ашыту, препаратты сепкен жердің шаншуы

- эритема, күлбіреуіктер, ісіну, терінің тітіркенуі, қабыршықтануы

- қышу, есекжем және басқа да аллергиялық көріністер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- клотримазолға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - жүктіліктің I триместрі

- тері туберкулезі, желшешек, қарапайым герпес, қызылша, мерездік тері бөртпелері

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Клотримазол В амфотерициннің және басқа да полиенді антибиотиктердің белсенділігін төмендетеді. Натамицинмен және нистатинмен бір мезгілде қолданғанда клотримазолдың белсенділігі төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек сыртқа қолдануға арналған. Көзге түсуінен аулақ болу керек.Жүктілік пен лактация кезеңі

Клиникалық және эксперименттік зерттеулерде препаратты жүктілік кезеңінде немесе бала емізу кезеңінде қолдану әйелдің немесе ұрықтың (баланың) денсаулығына кері әсер ететіні анықталмаған. Алайда II немесе III триместрде тағайындау ұтымдылығы туралы мәселе дәрігермен кеңескеннен кейін жекелей шешілуі тиіс. Препаратты жүктіліктің II немесе III триместрінде тағайындағанда ана үшін болжанатын пайдасы мен ұрық үшін ықимал қаупінің арақатысын ескеру керек.

Клотримазолдың емшек сүтіне өту-өтпеуі белгісіз. Клотримазолды бала емізетін әйелдерге тағайындағанда абай болу керек. Препаратты сүт бөлінетін сүт безіне себу қарсы көрсетілімді.

Педиатрияда қолдану

Балаларға КАНДИД ұнтағын тек педиатрмен кеңескеннен кейін тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кандид ұнтақ автокөлікті басқаруға немесе күрделі техникалық құрылғылармен жұмыс істеуге әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану ықтималдығы аз.

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емдеу: зақымданған аймақты жуып шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Сыртқа қолдануға арналған 30 г ұнтақ пластик құтыда.

1 құтыдан медицинада қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

Тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД өкілдігі, 050005, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блогы, 7 кеңсе.

тел: + 7(727) 311 04 41.

 

Прикрепленные файлы

299706971477976902_ru.doc 54 кб
177685591477978074_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники