Кандид - В6

МНН: Клотримазол
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clotrimazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011333
Информация о регистрации в РК: 11.07.2023 - 11.07.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Кандид – В6

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клотримазол

Дәрілік түрі

100 мг қынаптық таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 100 мг клотримазол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, метилпарабен, пропилпарабен, повидон (Коллидон К-30), натрий крахмалы гликолаты, тальк, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, адипин қышқылы, натрий бикарбонаты

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, бір жағында «G» және екінші жағында «V6» деген өрнегі бар ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробтарға қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Клотримазол.

АТХ коды G01AF02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шырышты қабықтардан және теріден нашар сіңеді.

Клотримазолды қынап ішіне қолданған кездегі резорбциясы енгізілген дозаның 3-10%-ын құрайды.

Фармакодинамикасы

Кандид В6 препаратының әсер етуші заты– имидазол туындысы клотримазол болып табылады. Кең ауқымды әсер ететін зеңге қарсы дәрі. Препараттың әсері зеңдік жасуша жарғақшаларының құрамына кіретін эргостерин биосинтезінің бұзылуына байланысты, бұл оның құрылымы мен қасиеттерін өзгертеді және жасушаның лизисіне әкеледі. Клотримазолға дерматофиттер, ашытқылық зеңдер (Candida тектес, Torulopsis glabrata, Rhodotorula тектес), өңездік зеңдер, сондай-ақ Pityriasis versicolor қоздырғышы (түрлі түсті теміреткі) және эритразма қоздырғышы сезімтал. Бұдан басқа, грамоң (стафилококктар және стрептококктар) және грамтеріс бактерияларға (acteroides, Gardnerella vaginalis), сондай-ақ Trichomonas vaginalis, Malassezia furfur, Corynobacterium minutissimum-ге қатысты микробқа қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

  • Candida және/немесе Trichomonas vaginalis тұқымдастығына жататын ашытқылық зеңдерден туындаған генитальді жұқпаларда (оның ішінде кандидозды вульвовагинитте, трихомониазда)

  • клотримазолға сезімтал бактериялардан туындаған генитальді асқынжұқпаларда (қынаптың аралас жұқпаларында, бактериялық вагинитте).

Қолдану тәсілі және дозалары

Қынаптық жұқпаларды емдеу үшін 1 таблеткадан (100 мг) тәулігіне 1 рет (кешке) қолданады. Қынаптық таблеткалар 6 күн бойы қынапқа мүмкіндігінше тереңдете енгізіледі. Қажет болғанда емдеу курсы қайталануы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Кандид В6 препаратын қолдану іс жүзінде ешқандай жағымсыз әсерлер тудырмайды. Таблеткалардың жағымдылығы жақсы.

Сирек

  • таблетканы енгізгеннен кейін аздаған шымылдату сезімі байқалады,ол емді жалғастыру кезінде қайтады.

  • аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- клотримазолға немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қынаптық қолдану кезінде Кандид В6 препараты В амфотерицині және басқа полиенді антибиотиктердің белсенділігін төмендетеді. Нистатинмен бір мезгілде қолданғанда Кандид В6 препаратының белсенділігі төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Урогенитальді реинфекцияға жол бермеу үшін екі жыныстық жұптасты бір мезгілде емдеу керек. Трихомониазда сәтті емдеу үшін Кандид В6 бірге жүйелі әсері бар басқа да дәрілік заттарды, мысалы, метронидазолды тағайындау керек.

Қынаптық таблеткаларды етеккір кезінде пайдалану ұсынылмайды.

Педиатрияда қолдану

Бұл дәрілік түр балаларда қолданылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Препаратты жергілікті қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі аз және өмірге қауіп төндірмейді.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 6 таблеткадан салынған.

1 пішінді қаптамадан аппликаторымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд,

1. ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.

2. Бадди Налагарх Роуд, Химачал Прадеш 174101, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД өкілдігі, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блок, 7 кеңсе.

тел: + 7(727) 311 04 41.

Прикрепленные файлы

850307041477976900_ru.doc 46.5 кб
422570811477978071_kz.doc 69.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники