Кандид Б
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Кандид Б
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
15 г крем
Құрамы
100г кремнің құрамында
белсенді заттар: клотримазол – 1,000 г
беклометазон 0, 025г,
қосымша заттар: бензил спирті, ақ вазелинді желе, сұйық парафин, цетомакроголь, эмульгацияланған балауыз, пропиленгликоль, метилпарабен, пропилпарабен, бутилокситолуол, сусыз натрий фосфаты, натрий дигидрофосфаты, тазартылған су.
Сипаттамасы
Фармакотерапиялық тобы
Зеңдерге қарсы жергілікті қолдануға арналған басқа да препараттар. Біріктірілген препараттар.
АТХ коды D01AЕ20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданған кезде клотримазол тері бетінен нашар сіңеді (эпидермистің мүйізгекті қабатында жинақталады).
Беклометазон кремді ұзақ қолданғанда жүйелі сіңеді. Оның белсенді метаболиті беклометазон дипропионаты жылдам сіңеді, қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Тmax) жету уақыты 3 сағатты құрайды. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы салыстырмалы түрде жоғары – 87%. Беклометазон дипропионатының плазмалық клиренсі жоғары. Жартылай шығарылу кезеңі 0,5 сағат. Қан ағымына түсуі және жүйелі көріністері кремнің жиынтық дозасына және терінің гидратация дәрежесіне байланысты.
Фармакодинамикасы
Кандид Б - сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы компоненті бар зеңге қарсы біріктірілген препарат. Препараттың фармакологиялық әсері оның құрамына енетін клотримазолдың және беклометазон дипропионатының қасиеттерімен жүзеге асады. Клотримазол – имидазол туындылары тобына жататын, әсер ету ауқымы кең зеңге қарсы дәрі. Клотримазолға дерматофиттер, ашытқылық зеңдер (Candida, Torulopsis glabarata, Rhodotorula тобы), өңезді зеңдер, сондай-ақ түрлі түсті теміреткі мен эритразма қоздырғыштары сезімтал. Бұдан басқа, клотримазол грамоң (стафилококктар, стрептококктар) және грамтеріс бактерияларға (Bacteroides, Gardnerella vaginalis), сондай-ақ Trichomonas vaginalis, Malassezia furfur, Corinebacterium minussimum-ге қатысты тиімді. Клотримазолдың әсері зеңдік жасушалар жарғақшаларының құрамына кіретін эргостерин синтезін бұза алатын қабілетімен байланысты. Осының нәтижесінде жарғақшалар құрылымы мен қасиеттері өзгереді, жасушалардың лизисі байқалады.
Беклометазол дипропионаты – синтетикалық глюкокортикостероид, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, экссудатқа қарсы және қышынуға қарсы әсер етеді. Глюкокортикостероидтардың жүйелі қолданудағы әсер ету механизмі қабынудың барлық кезеңдерін бәсеңдетуде болып табылады: спецификалық стероидты рецепторларымен байланыса отырып, олар жасуша ядросына енеді және ДНҚ-мен қосылады, ақпараттық РНК пайда болуын көтермелейді; РНК трансляциясы нәтижесінде рибосомдарда реттегіш әр түрлі ақуыздар синтезделеді – олардың ішіндегі маңыздысы метокортин фосфолипаза А2 ферментін тежейді, сөйтіп, барлық аллергодерматоздар кезінде қабынуды дамытуда шешуші рөл атқаратын простагландиндер және лейкотриендердің синтезін бәсеңдетеді.
Қолданылуы
Терінің зеңді жұқпаларында, әсіресе, егер олар жедел экзематозды көріністермен қатар жүрсе:
-
дененің әр түрлі бөліктеріндегі дерматомикоздарда
-
табан эпидермофитиясында, шап эпидермофитиясында
-
салдарлы жұқпамен асқынған дерматоздарда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа. Зақымданған жерге күніне 2-3 рет жұқалап крем жағып, жеңіл уқалайды. Алдын ала зақымданған жерді шаяды және кептіреді.
Дерматоздарды емдеу ұзақтығы, әдетте 3 - 4 аптаны, табан эпидермофитиясында – 4 аптаны құрайды. Ұзақ қолдану қажет болғанда сиректеу – күнара қолданған жөн. Созылмалы ауруларды емдеу кезінде емдеуді барлық симптомдары жойылғаннан соң, аурудың қайталануын болдырмас үшін тағы біршама уақыт жалғастыру керек.
Жағымсыз әсерлері
Кандид Б кремі әдетте жақсы көтерімді.
Сирек - препаратты жаққан орында терінің қызаруы, шымылдату сезімі және шаншу
Өте сирек:
- гипопигментация, безеу түріндегі бөртпе, жанаспалы дерматоз, тері атрофиясы, салдарлы тері жұқпалары. Терінің тітіркенуі пайда болғанда, препаратты тоқтату қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- тері туберкулезі, желшешек, қарапайым ұшық, қызылша
- вакцинадан кейінгі тері реакциялары, терінің мерездік көріністері
- актиномикоз, бластомикоз
- созылмалы көктамырлық жеткіліксіздік аясындағы трофикалық ойық жаралар
- тері ісіктері
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Препарат тек дерматологиялық тәжірибеде ғана пайдалануға арналған. Егер препарат ашық жараларға немесе тұмшаланған таңғыштармен бірге жағылмаса, кремді қолдану кезінде жүйелі жағымсыз реакциялар болмайды.
Педиатрияда қолдану
2-ден 16 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану керек, өйткені тері арқылы енудің және уытты жүйелі реакция дамуының жоғары болуы мүмкін. Тұмшаланған таңғышты 5 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. Кремді балалар тәжірибесінде қолдану дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Кандид Б жергілікті жаққанда жедел артық дозалану мүмкіндігі аз және өмірге қауіп төндірмейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
15 г кремнен тесуге арналған ұшы бар қақпағымен алюминий сықпада.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Сатпур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.
Тіркеу куәлігінің иесі
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД өкілдігі, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби к-сі,7,«Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блок, 7 кеңсе.
тел: + 7(727) 311 04 41.