Кандибиотик

МНН: Беклометазон, Клотримазол, Лидокаин, Хлорамфеникол
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Кортикостероиды в комбинации с противомикробными препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012353
Информация о регистрации в РК: 23.08.2018 - 23.08.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Кандибиотик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Құлақ тамшы дәрісі, 5 мл

Құрамы

1 мл құрамында

белсенді заттар: 10 мг клотримазол,

50 мг хлорамфеникол,

0,25 мг беклометазон дипропионаты,

20 мг лидокаин гидрохлориді;

қосымша заттар: глицерин, пропиленгиликоль.

Сипаттамасы

Ақшыл-сары түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Сезім мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробқа қарсы препараттармен біріктірілген глюкокортикостероидтар.

ATХ коды S02CA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Хлорамфеникол жергілікті қолданғанда да, жүйелі қолданғанда да сұйықтықтар мен тіндерге жақсы өтеді.

Беклометазон дипропионаты жергілікті қолданғанда мүлдем сіңбейді деуге болады.

Клотримазол жергілікті қолданғанда өте аз сіңеді. Іздері (0.001 мкг/мл-ден аз) 0,5 мл ерітіндіні жаққаннан кейін сарысуда 48 сағаттан кейін анықталған. Негізінен нәжіспен және өтпен шығарылады, тек 0,05 % - 0,5 % клотримазол несеппен шығарылады.

Лидокаин жергілікті қолданғанда серозды қабатқа сіңуі мүмкін. Препараттың сіңуі концентрациясына, дозасына, қолданылған орнына, сондай-ақ препараттың қолданылу ұзақтығына (экспозициясына) байланысты.

Фармакодинамикасы

Хлорамфеникол – амфеникол туындысы, әсер ету ауқымы кең антибиотик, бактериялық ақуыз синтезіне әсер етеді. Бактериостатикалық әсер береді. Грамоң бактерияларға: Staphylococcus spp., Streptococcus spp.; грамтеріс бактерияларға: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Salmonella spp., Shigella spp., Klebsiella spp., Serratia spp., Yersinia spp., Proteus spp., Rickettsia spp.-га қатысты; сондай-ақ Spirochaetaceae-ге қатысты белсенді.

Хлорамфеникол пенициллинге, стрептомицинге, сульфаниламидтерге төзімді штаммдарға қатысты, сондай-ақ анаэробты микрофлораға қатысты белсенді.

Беклометазон дипропионаты – галогенделген глюкокортикостероид, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және экссудатқа қарсы әсері бар.

Клотримазол – имидазол туындысы, зеңге қарсы белсенділігі зеңдердің жасуша жарғақшаларына бағытталған. Зеңдердің жасуша жарғақшаларындағы эргостерин синтезін бұзады, бұл арқылы жасуша қабырғасын зақымдайды. Эргостерин – зеңдердің цитоплазмалық жарғақшасының басты компоненті, клотримазол эргостерин синтезіне бейімделеді және оның әсері концентрациясына байланысты.

Лидокаинжергілікті анестетик, жаққан жердегі жүйке талшықтарының сезімтал ұштарындағы жүйке импульстерінің өткізгіштігін бұзады. Әсері қайтымды. Жергілікті анестезия иннервацияны сақтай отырып, ауырғанды басу үшін жиі қолданылады. Лидокаин беткейлік жансыздандыру үшін жиі қолданылады, әсері салыстырмалы түрле тез білінеді және 6 сағатқа созылады.

Қолданылуы

Құлақтың аллергиялық және қабыну ауруларында:

- жедел диффузиялық сыртқы отитте

- ортаңғы құлақтың жедел отитінде

- өршу сатысындағы созылмалы отитте

- құлаққа жасалған хирургиялық араласудан кейінгі жағдайларда

 

Қолдану тәсілі мен дозалары

Жергілікті. Препаратты қолдану үшін басты қисайтып, құлаққа тамшының қажетті мөлшерін тамызу және құлақ ішіне препарат дұрыс кіруін қамтамасыз ету үшін басты шамалы уақыт қиғаш қалпында ұстау керек.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – препаратты құлақ ішіне тәулігіне 3-4 рет 3-4 тамшыдан тамызу керек.

Емдеу курсы аурудың ауырлық дәрежесіне және ағымына байланысты жеке дара анықтайды және орташа 5-7 күнді құрайды.

2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 2 тамшыдан 4 рет. Емдеу курсы 5 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- препаратты жаққан жердегі күйдіру, қышыну

- аллергиялық реакция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- дабыл жарғағы бүтіндігінің бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың белсенді компоненттерінің тері арқылы сіңірілуі төмен болғандықтан, дәрілермен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз болып есептеледі.

Айрықша нұсқаулар

Тек жергілікті қолдануға арналған. Көзге тигізіп алмау керек. Көзге тиіп кетсе, оны сумен мұқият жуып тастау керек. Егер жүйелі қолданғаннан кейін жай-күйдің нашарлағаны байқалса немесе жақсаруы болмаса, дәрігерге қаралыңыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және бала емізу кезінде, егер анасы үшін ықтимал пайдасы ұрық пен бала үшін қауіптен асатын болса ғана тағайындауға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану ықтималдығы аз, бірақ байқаусызда артық дозаланған жағдайда жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: зақымдалған жерді жуып-шаю, симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бұралып жабылатын қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған құтыда 5 мл препараттан.

Құтыны тамшуырмен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ° С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД өкілдігі, 050005, Алматы қ.,

Әл-Фараби даңғылы 7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блогы, 7 кеңсе.

тел: + 7(727) 311 04 41.

 

Прикрепленные файлы

663147941477976861_ru.doc 54 кб
639983481477978021_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники