Кандесартан ВИВА ФАРМ (16 мг)

МНН: Кандесартан
Производитель: ВИВА ФАРМ ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Candesartan
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-3№022748
Информация о регистрации в РК: 03.02.2017 - 03.02.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 137.78 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кандесартан Вива Фарм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кандесартан

Дәрілік түрі

8 мг және 16 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 8 мг немесе 16 мг кандесартан цилексетилі,

қосымша заттар: лактозы моногидраты, жүгері крахмалы, желатинделген крахмал, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), 75-150 cps гидроксипропилцеллюлоза, макрогол 8000, кальций кармеллозасы, магний стеараты, темірдің қызыл қостотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар (8 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, бір жағында сызығы және ойығы бар, ақшыл-қызғылт түсті таблеткалар. Ақ және күңгірт қызыл түсті теңбілдерге жол беріледі (16 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне ықпал ететін препараттар.

Ангиотензин II антагонистері. Кандесартан.

АТХ коды СО9СА06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы

Кандесартан цилексетилі ерітіндісін ішке қабылдағаннан кейін кандесартанның нақтылы биожетімділігі 40%-ға жуық құрайды. Таблеткаланған препараттың салыстырмалы биожетімділігі, ішуге арналған ерітіндімен салыстырғанда, шамамен 34% құрайды. Қан сарысуындағы ең жоғары концентрациясына (Сmax) таблетка түріндегі препарат қабылданғаннан кейін 3-4 сағаттан соң жетеді. Кандесартан фармакокинетикасында жыныс ерекшелігіне байланысты айырмашылық анықталмаған. Ас ішу кандесартан AUC-на елеулі ықпал етпеген. Кандесартанның плазма ақуыздарымен байланысы жоғары (99%-дан астам). Кандесартанның таралу көлемі 0.1 л/кг.

Метаболизмі және шығарылуы

Кандесартан, негізінен, организмнен несеппен және өтпен өзгермеген күйде шығарылады және елеусіз ғана дәрежеде бауырда метаболизденеді (CYP2C9). Зерттеулер деректерінде CYP2C9 және CYP3A4-ке ықпал етуі анықталмаған. Іn vitro зерттеулерінің негізінде кандесартан метаболизмі P450 цитохромының CYP1A2, CYP2A6, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1 немесе CYP3A4 изоферменттері арқылы болатын препараттармен өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Кандесартанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 9 сағат құрайды. Препараттың организмде жинақталуы байқалмайды.

Кандесартанның жалпы клиренсі шамамен 0.37 мл/мин/кг, бұл арадағы бүйрек клиренсі 0.19 мл/мин/кг жуық құрайды. Кандесартанның бүйрекпен экскрециясы шумақтық сүзілу және белсенді өзекшелік секрециялану жолымен жүзеге асады.

Кандесартан ішу арқылы қабылданғаннан кейін 14C изотопымен таңбаланған дозаның шамамен 26%-ы несеппен кандесартан түрінде және 7%-ы белсенді емес метаболит түрінде шығарылады, бұл орайда дозаның 56%-ы нәжістерден кандесартан түрінде және 10%-ы белсенді емес метаболит түрінде табылады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Егде жастағы пациенттерде (65 жастан асқан) кандесартанның Cmax пен AUC, жас пациенттермен салыстырғанда, тиісінше, 50% және 80% артты. Алайда, гипотензиялық әсері мен жағымсыз әсерлер жиілігі ұқсас болды.

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде кандесартанның Cmax пен AUC, тиісінше, 50% және 70% ұлғайған, бұл тұста препараттың жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде кандесартанның Cmax пен AUC, тиісінше, 50% және 110% ұлғайған, препараттың жартылай шығарылу кезеңі 2 есе ұзарған. Гемодиализде жүрген пациенттердегі фармакокинетикасы бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттердегі осындаймен ұқсас болды.

Бауыр функциясынің жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде кандесартанның Cmax пен AUC 20%-ға жоғарылады. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде кандесартанның Cmax пен AUC 80%-ға ұлғайды.

Ауыр сипатты бауыр жеткіліксіздігі және/немесе холестазы бар пациенттерде қолданылуы жөніндегі деректер шектеулі.

Фармакодинамикасы

Ангиотензин II – гипертензияның, жүрек жеткіліксіздігінің және басқа жүрек-қантамыр ауруларының, сондай-ақ ағзалардың гипертрофиясы мен зақымдану патогенезінің патофизиологиялық механизмдерінде маңызды рөл атқаратын ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің негізгі гормоны.

Ангиотензин II негізгі физиологиялық әсерлері вазоконстрикция, альдостерон өнімін көтермелеу, су-электролит гомеостазын реттеу және жасуша өсімін көтермелеу болып табылады. Бұл әсерлердің бәрі II ангиотензиннің 1 типті ангиотензин рецепторларымен (АТ1 рецепторлары) өзара әрекеттесуімен жүреді. Кандесартан цилексетилі ішу арқылы қолдануға арналған ізашар дәрі болып табылады. Кандесартан цилексетилі ас қорыту жолынан сіңген кезде эфирлі гидролиз арқылы белсенді зат - кандесартанға жылдам айналады, 1 типті ангиотензин рецепторларымен (АТ1 рецепторлары) берік байланысады және баяу диссоциациялайды, агонистік қасиеттері жоқ.

Кандесартан – 1 типті ангиотензин ІІ рецепторларының (АТ1 рецепторлары) іріктелген антагонисі. Кандесартан ангиотензин I-дің ангиотензин II-ге өзгеруін жүзеге асыратын және брадикининді бұзатын ангиотензин өзгертуші ферментті (АӨФ) тежемейді. АӨФ-ке әсер етпейді және брадикининнің жиналуына әкелмейді. Кандесартан АӨФ тежегіштерімен салыстырылған кезде пациенттерде жөтелдің дамуы сирек кездесті. Кандесартан басқа гормондардың рецепторларымен байланыспайды және жүрек-қантамыр жүйесінің функциясын реттеуге қатысатын ион өзектерін бөгемейді. Ангиотензин II АТ1 рецепторларын бөгеудің нәтижесінде ренин, ангиотензин I, ангиотензин II деңгейінің дозаға тәуелді артуы және қан плазмасында альдостерон концентрациясының төмендеуі жүзеге асады.

Артериялық гипертензия кезінде Кандесартан артериялық қысымның (АҚ) дозаға тәуелді ұзақ уақыт төмендеуін туындатады. Препараттың гипертензияға қарсы әсері жүректің жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) өзгеруінсіз тамырлардың жалпы шеткері қарсыласуының төмендеуінен болады. Препараттың алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін айқын артериялық гипотензия жағдайлары, сондай-ақ емдеу аяқталғаннан кейін тоқтату әсері («рикошет» синдромы) болған жоқ.

Кандесартанның алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін гипертензияға қарсы әсерінің басталуы, әдетте, 2 сағат ішінде дамиды. Кандесартанмен бекітілген дозада емдеуді жалғастыру аясында АҚ ең көп төмендеуіне, әдетте, 4 апта ішінде жетеді де, ол емдеу кезінде сақталады. Тәулігіне бір рет тағайындалатын кандесартан препараттың кезекті дозасын қабылдаулар арасындағы аралықтарда болымсыз АҚ ауытқуларымен 24 сағат ішінде АҚ-ның тиімді әрі баяу төмендеуін қамтамасыз етеді.

Кандесартанды монотерапияда да, тиімділігін арттыру үшін, тиазидті диуретиктер мен дигидропиридинді кальций антагонистері сияқты гипертензияға қарсы басқа препараттармен біріктіріп те пайдалануға болады.

Препараттың тиімділігі пациенттердің жасы мен жынысына тәуелді емес.

Кандесартан бүйректік қан ағымын арттырады және өзгертпейді немесе шумақтық сүзілу жылдамдығын жоғарылатады, бұл тұста бүйректік қантамырлық қарсыласу және сүзу фракциясы төмендейді. Кандесартанды 12 апта бойы 8-16 мг дозада қабылдау II типті қант диабеті және артериялық гипертензиясы бар пациенттерде глюкоза деңгейіне және липидтік бейінге теріс ықпалын тигізбейді.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар және сол жақ қарыншасының систолалық функциясы төмендеген (СҚЛФ < 40%) пациенттерде Кандесартан қабылдау жалпы шеткері қантамыр қарсыласуының және өкпедегі капилляр қысымының төмендеуіне, ренин белсенділігінің және плазмада ангиотензин II концентрациясының артуына, сондай-ақ альдостерон деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде СЖЖ себебіне орай ауруханаға жатқызу жиілігін, өлімді төмендету және симптомдарын жақсарту үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Кандесартан Вива Фарм ас ішуге байланыссыз тәулігіне бір рет қабылдану керек.

Артериялық гипертензия

Кандесартан Вива Фарм ұсынылатын бастапқы және демеуші дозасы тәулігіне бір рет 8 мг құрайды. Артериялық қысымды әріқарай төмендету қажет болатын пациенттерге дозаны тәулігіне бір рет 16 мг дейін арттыру ұсынылады. Гипертензияға қарсы ең жоғары әсеріне емдеу басталған соң 4 апта ішінде жетеді.

Кандесартанмен емдеу артериялық қысымды оңтайлы деңгейге дейін түсірмеген жағдайда емдеуге тиазидті диуретик қосу ұсынылады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде

Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30 мл/мин) препараттың бастапқы дозасын азайту қажет емес.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі <30 мл/мин) бар пациенттерде препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі; бұл жағдайда 4 мг тәуліктік дозамен емдеуді бастау мүмкіндігін қарастыру керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде препараттың бастапқы дозасын өзгерту қажет емес. Бауырының ауыр зақымданулары және/немесе холестазы бар науқастарда қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі, бұл орайда емдеуді 4 мг тәуліктік дозадан бастау мүмкіндігін қарастыру керек.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Кандесартан Вива Фарм ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 4 мг құрайды. Дозаны тәулігіне бір рет 32 мг дейін немесе ең жоғары жағымды дозаға дейін арттыру оны 2 аптадан кем емес аралықтармен екі еселеу арқылы жүзеге асады.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттерге және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге препараттың бастапқы дозасын өзгерту қажет емес.

Қатарлас ем

Кандесартан Вива Фарм созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін АӨФ тежегіштері, бета-бөгегіштер,

диуретиктер немесе олардың біріктірілімдері қамтылатын басқа препараттармен тағайындала алады.

Балалар мен жасөспірімдерде қолдану

Кандесартанды балалар мен жасөспірімдерге (18 жасқа дейінгі) қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған.

Жағымсыз әсерлері

Кандесартан қабылдағанда жағымсыз реакциялар жеңіл және уақытша. Жағымсыз реакциялар туындаудың жалпы жиілігі дозаға немесе жас ерекшелігіне байланыстылығын көрсетеді.

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).

Артериялық гипертензия

Жиі (≥1/100 - <1/10 дейін)

- бас айналу/вертиго, бас ауыру.

- тыныс алу жолдары инфекциялары

Өте сирек (<1/10000)

- лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз

- гиперкалиемия, гипонатриемия

- жөтел

- жүрек айнуы

- «бауыр» ферменттері деңгейінің артуы, бауыр функциясының бұзылуы немесе гепатит

- ангионевроздық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, қышыну

- арқаның ауыруы, артралгия, миалгия.

- бейім пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылуы.

- жалпы кандесартанның зертханалық көрсеткіштерге клиникалық мәнді әсері бақыланбады. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің басқа тежегіштерін қолданғанда гемоглобин деңгейінің аздап төмендеуі анықталады. Кандесартан қабылдайтын пациенттердің зертханалық көрсеткіштерін үнемі бақылап отыру әдетте қажет емес. Алайда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің қан сарысуында калий және креатинин деңгейін мерзімді бақылап отыру ұсынылады.

Жүрек жеткіліксіздігі

Жиі (≥1/100<1/10 дейін)

- артериялық гипотензия

- гиперкалиемия

- бүйрек жеткіліксіздігі

Өте сирек (<1/10000)

- лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз

- гипонатриемия

- бас айналу, бас ауыру

- жөтел

- жүрек айнуы

- «бауыр» ферменттері деңгейінің артуы, бауыр функциясының бұзылуы немесе гепатит

- ангионевроздық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, қышыну

- арқаның ауыруы, артралгия, миалгия.

- бейім пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылуы.

Қан сарысуында креатинин және калий деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг ұсынылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • кандесартанға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • бауыр функциясының айқын бұзылуы және/немесе холестаз

- кандесартан цилексетилді құрамында алискирен бар препараттармен біріктірілімде, қант диабеті (1 немесе 2 типті) немесе орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <60 мл/мин/1.73 м2) бар пациенттерде қолдану

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакокинетикасы бойынша клиникалық зерттеулерде кандесартанды гидрохлортиазид, варфарин, дигоксин, ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер (этинилэстрадиол/левоноргестрел), глибенкламид, нифедипин және эналаприлмен үйлестіріп қолдану зерттелген.

Клиникалық тұрғыда елеулі дәрілік өзара әрекеттесулері анықталмаған.

Литий препараттарын АӨФ тежегіштерімен үйлестіріп тағайындағанда қан сарысуындағы литий концентрациясының қайтымды артуы және уыттану реакцияларының дамуы жөнінде хабарланған. Осындай реакциялар ангиотензин II рецепторларының антагонистерін пайдаланған кезде де кездесуі мүмкін, соған орай осы препараттарды біріктіріп қолданғанда қан сарысуындағы литий деңгейін бақылау ұсынылады.

Ангиотензин II рецепторларының антагонистерін және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСП, іріктелген ЦОГ-2 тежегіштерін, ацетилсалицил қышқылын (күніне > 3 г) және іріктелмеген ҚҚСП қоса) бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсері әлсіреуі мүмкін.

АӨФ тежегіштері жағдайындағы сияқты, бірге АРАII және ҚҚСП қолдану, әсіресе, бүйрек функциясы бұрыннан бұзылған пациенттердегі жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының нашарлау қаупіне, сондай-ақ қан плазмасында калий деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Осы біріктірілім егде пациенттерде және гиповолемиясы бар пациенттерде абайлап тағайындалу керек. Біріктірілген ем басталғаннан кейін және емдеу үдерісінде бүйрек функциясының мониторингін және талапқа сай гидратация жасаған жөн.

Кандесартанның гипертензияға қарсы әсері басқа гипертензияға қарсы препараттармен қабылдаған кезде күшеюі мүмкін.

Кандесартан биожетімділігі ас ішуге байланысты емес.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек функциясының бұзылуы

Кандесартанмен емдеу аясында, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесін бәсеңдететін басқа препараттармен бірге қолданған кездегідей, кейбір пациенттерде бүйрек функциясының бұзылуы болады.

Кандесартан артериялық гипертензиясы және айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылғанда қан сарысуындағы калий және креатинин деңгейін ұдайы бақылау ұсынылады. Бүйрек функциясының ауыр бұзылған немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысындағы пациенттерде (креатинин клиренсі < 15 мл/мин) препаратты қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі.

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясын ұдайы бақылау қажет. Кандесартан дозасын арттырған кезде де калий және креатинин деңгейін бақылау ұсынылады.

Бүйрек артериясының стенозы

Бүйрек артериясының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар пациенттерде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін препараттар, атап айтқанда, АӨФ тежегіштері қан сарысуындағы мочевина мен креатинин деңгейінің жоғарылауын туғызуы мүмкін. Осындай әсерлерді ангиотензин II рецепторларының антагонистерін тағайындаған кезде күтуге болады.

Бүйрек ауыстырып салу

Кандесартанның таяуда бүйрегін ауыстырып салған пациенттерде қолданылуы жөнінде деректер жоқ.

Артериялық гипотензия

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кандесартанмен емдеу аясында артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа препараттар қолданған кездегідей, артериялық гипертензиясы бар пациенттерде артериялық гипотензияның даму себебі, диуретиктердің жоғары дозаларын алатын пациенттерде байқалғандай, айналымдағы қан көлемінің азаюы болуы мүмкін. Сондықтан емдеудің басында сақ болып, қажет болғанда, гиповолемияға реттеу жүргізген жөн.

Бауыр жеткіліксіздігі

Кандесартанның бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы жөнінде деректер шектеулі.

Жалпы анестезия және хирургия

Ангиотензин II антагонистерін алатын пациенттерде анестезия кезінде және хирургиялық араласуларда ренин-ангиотензин жүйесін бөгеу нәтижесінде артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Өте сирек сұйықтықты және/немесе вазопрессорларды вена ішіне енгізу қажет болатын ауыр артериялық гипотензия жағдайлары болады.

Аортальді және митральді клапан стенозы немесе обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия

Кандесартан, басқа вазодилататорлар сияқты, обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатиясы немесе гемодинамикалық тұрғыда маңызды аортальді немесе митральді клапанының стенозы бар пациенттерге тағайындалғанда, сақ болу керек.

Гиперкалиемия

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін басқа препараттарды қолданудың клиникалық тәжірибесі кандесартанды калий жинақтаушы диуретиктермен, калий препараттарымен немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен немесе қандағы калий мөлшерін арттыра алатын басқа препараттармен (мысалы, гепарин) бір мезгілде тағайындаудың артериялық гипертензиясы бар пациенттерде гиперкалиемия дамуына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.

Кандесартанмен емдеу аясында жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гиперкалиемия дамуы мүмкін. Кандесартан жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындалғанда, әсіресе АӨФ тежегіштерімен және спиронолактон сияқты калий жинақтаушы диуретиктермен бірге тағайындалғанда қандағы калий деңгейін ұдайы бақылау ұсынылады.

Жалпы

Тамыр тонусы мен бүйрек функциясы көбіне ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділігіне байланысты болатын пациенттер (мысалы, жүрегінің созылмалы ауыр жеткіліксіздігі немесе, бүйрек артериясының стенозын қоса, бүйрек аурулары бар науқастар) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне әсер ететін препараттарға ерекше сезімтал. Осындай препараттар тағайындау бұл науқастарда күрт артериялық гипотензия, азотемия, олигуриямен, сирек сипатта, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен қатар жүреді.

Ишемиялық кардиопатиясы немесе ишемиялық тектегі цереброваскулярлы аурулары бар науқастарда артериялық қысымның күрт төмендеуі, гипертензияға қарсы кез келген дәрілерді пайдаланған кездегідей, миокард инфарктісі немесе инсульттің дамуына әкелуі мүмкін.

Кандесартан құрамында лактоза моногидратының болуына орай, препаратты тұқым қуалаған галактоза жағымсыздығында, Лапп лактаза тапшылығында немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясында қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Кандесартанды жүктілік кезінде қолдану қарсы көрсетілімді. Кандесартан қолданатын пациент әйелдер жүктілікті жоспарламас бұрын өздерінің емдеуші дәрігермен гипотензиялық емнің мүмкін нұсқаларын талқылап алу керектігі жөнінде хабардар болуы тиіс. Егер жүктілік кандесартанмен емдеу кезеңінде болса, ем тоқтатылуы тиіс, қажет болса, баламалы емдеуді бастауға болады.

Жүктілік кезінде қолданылған, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесіне тікелей әсер ететін дәрілер жатырішілік және неонатальді зақымданулар мен өлімге себеп болуы мүмкін. Ангиотензин II рецепторлары антагонистерімен емдеу адам ұрығының фетоуыттану әсерін туғызады (бүйрек функциясының төмендеуі, қағанақ суының аздығы, бассүйек сүйектерінің гипоплазиясы) немесе жаңа туған нәрестеге теріс әсерін тигізеді (бүйрек жеткіліксіздігі, гипотензия, гиперкалиемия).

Лактация кезеңі

Қазіргі уақытта кандесартанның емшек сүтіне өтуі белгісіз. Емшек еметін балаларға ұнамсыз әсер етуі мүмкіндігіне орай, кандесартан емшек емізу кезеңінде қолданылмауы тиіс.

Дәрілік заттардың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кандесартанның автокөлік басқару қабілетіне әсері зерттелмеген, бірақ кандесартанның фармакодинамикалық қасиеттеріне негізделгенде мұндай ықпал ықтималдығы аз. Автокөлік басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс істегенде бас айналуы мүмкін екенін ескеру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: айқын артериялық гипотензия және бас айналу.

Емі: симптоматикалық. Пациентті аяғын көтеріп, шалқасынан жатқызады. Қажет болса, айналымдағы плазма көлемін, мысалы натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін вена ішіне енгізу арқылы арттыру керек. Қажет болған жағдайда, симпатомиметикалық препараттар тағайындауға болады. Кандесартанның гемодиализ көмегімен шығарылу ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ВИВА Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ВИВА Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«ВИВА Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., 050030

тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56

e-mail: pv@vivapharm.kz

Прикрепленные файлы

Кандесартан_Вива_Фарм_инструкция_рус.doc 0.09 кб
Кандесартан_Вива_Фарм_инструкция_каз.doc 0.12 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники