Камфорный спирт (10%, Фармация 2010 ТОО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Камфора спирті
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Спиртті ерітінді 10% 30 және 50 мл
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 10,0 г камфора
қосымша зат - 70 % этил спирті 100 мл-ге дейін.
Сипаттамасы
Камфораның өзіне тән иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қозғалыс аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды М02AХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тері бетіне жаққанда ішінара сіңіріліп, тотығуға ұшырайды. Тотығу өнімдері глюкурон қышқылымен бірігеді және бүйрекпен шығарылады. Камфораның бір бөлігі өзгермеген күйінде өкпемен және өтпен бөлінеді.
Фармакодинамикасы
Камфора спирті өсімдік тектес препарат болып табылады, антисептикалық, жергілікті тітіркендіретін, жергілікті ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсерге ие. Терінің сезімтал жүйке ұштарын қоздыра отырып, қан тамырларын кеңейтеді және ағзалар мен тіндердің трофикасын жақсартады.
Қолданылуы
Жиынтық емнің құрамында:
-
артритте, артралгияда
- миозитте, миалгияда, ишиаста
- ойылу дамуының алдын алуда
Қолдану тәсілі және дозалары
Компресс және сылау түрінде сыртқа күніне 2 – 3 рет.
Емдеу курсы 7-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық тері реакциялары (есекжем), терінің тітіркенуі
- бас ауыруы, бас айналуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- эпилепсия және құрысу реакцияларына бейімділік
- тері жабындары тұтастығының бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- балаларға (деректердің болмауына байланысты)
- жағылатын жердегі терінің қабыну аурулары
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: қозу, тахикардия, құрысу
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл және 50 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақ немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен тығындалған бұрандалы мойнымен шынымассадан жасалған құтыда.
Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Тіркеу куәлігінің иесі
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru