Камфорный спирт (100 мг/мл, 40 мл, Борисовский завод медицинских препаратов ОАО)

МНН: Камфора
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011389
Информация о регистрации в РК: 12.10.2013 - 12.10.2018
Номер регистрации в РБ: 19/03/327
Информация о регистрации в РБ: 25.03.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Камфора спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған спиртті ерітінді 100 мг/мл

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – рацемиялық камфора – 4,0 г;

қосымша зат- 70% этил спирті

Сипаттамасы

Камфораға тән иісі бар, түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Қимыл-тірек аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар

AТХ коды М02АХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық, жергілікті тітіркендіргіш, жергілікті анальгетикалық және қабынуға қарсы әсер етеді. Терінің сезімтал жүйке ұштарын қоздырып, қан тамырларын кеңейтеді және ағзалар мен тіндердің трофикасын жақсартады.

Камфора тыныс алу орталығын сергітеді, тамырқозғалтқыш орталығын стимуляциялайды. Камфора жүрек бұлшықетіне де тікелей әсер етеді, ондағы зат алмасу үдерістерін күшейтеді және оның «симпатикалық жүйке» әсеріне сезімталдығын күшейтеді.

Қолданылуы

- артралгияда

- миалгияда

- ишиаста

- радикулитте

- ойылулар дамуының алдын алуда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, ауыратын және зақымданған жерлерге компресстер түрінде, уқалай отырып, күніне 2-3 рет жағады. Емдеу ұзақтығы - 7-10 тәулік.

Жағымсыз әсері

  • аллергиялық тері реакциялары (есекжем)

  • терінің тітіркенуі

  • бас ауыруы

  • бас айналуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • тері беткейі бүтіндігінің бұзылуы

  • экзема, дерматиттер

  • құрысу реакцияларына бейімділік

  • жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айырықша нұсқаулар

Препараттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары. Жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

40 мл –ден тығыздайтын элементтері немесе бұралатын қақпағы бар тығындарымен тығындалып жабылған шыныдан жасалған құтыларда.

Құтылар мемлекеттік және орыс тіліндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге пәшкеге салынбай, топтық қаптамаға салынған. Нұсқулықтар саны құтылар санына сәйкес болуы керек.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі,

64/27 тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің

(тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның

мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі,

64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық поштасы

market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

741564681477976826_ru.doc 48.5 кб
841818511477977985_kz.doc 54 кб
19_03_327_p.pdf 0.22 кб
19_03_327_s.pdf 0.19 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ