Камфорное масло (30 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Камфора майы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған майлы 10% ерітінді
Құрамы
100 мл препаратттың құрамында
белсенді зат – 10,0 г камфора
қосымша заттар: күнбағыс майы - 100 мл-ге дейін
Сипаттамасы
Камфораның иісі бар, сары түсті мөлдір майлы сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды МО2АХ10
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Терінің бетіне жаққан кезде камфора ішінара сіңеді, тотығуға ұшырайды. Тотығу өнімдері глюкурон қышқылымен қосылады және бүйрек арқылы шығарылады. Камфораның бір бөлігі өзгермеген күйінде өкпе және өт арқылы бөлініп шығарылады.
Фармакодинамикасы
Өсімдік тектес дәрілік зат, антисептикалық, жергілікті тітіркендіретін, жергілікті ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Терідегі сезімтал жүйке ұштарын қоздыра отырып, қан тамырларын кеңейтеді және ағзалар мен тіндер трофикасын жақсартады.
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде
- артралгияда, миалгияда, ишиаста, радикулитте
Ойылулар дамуының профилактикасы.
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты ысқылау түрінде сыртқа қолданады. Майды жұқа қабатпен күніне 1-2 рет жағып, 2-3 минут уқалап, ысқылайды.
Емдеу ұзақтығы - 7 - 10 күн.
Жағымсыз әсерлері
- есекжем
- терінің тітіркенуі
- бас ауыруы, бас айналуы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- тері аурулары
- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы
- құрысу реакцияларына бейімділік
- 6 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен – балалар жасы, жүктілік, лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша сақтықпен қолдануға болады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша сақтықпен қолдануға болады.
Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Симптомдары: қозу, тахикардия, құрысулар.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл немесе 50 мл-ден бұрандалы мойны бар шыны массасынан жасалған полиэтилен тығынмен және бұралатын қақпақпен немесе нығыздайтын элементтері бар полиэтилен қақпақпен тығындалған құтыларда. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес мөлшерде орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Тіркеу куәлігінің иесі
«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru