Камфорное масло 30 мл (100 мг/мл)

МНН: Камфора
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы, Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015499
Информация о регистрации в РК: 13.11.2020 - 13.11.2030
Номер регистрации в РБ: 19/09/326
Информация о регистрации в РБ: 22.04.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Камфора майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған майлы ерітінді 100 мг/мл

Құрамы

Бір құтының ішінде:

белсенді зат: рацемиялық камфора 3 г;

қосымша зат: күнбағыс майы.

Сипаттамасы

Камфора иісі бар, мөлдір, сары түсті майлы сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды М02АX.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Терінің бетіне жаққан кезде ішінара сіңеді, тотығуға ұшырайды. Тотығу өнімдері глюкурон қышқылымен қосылады және бүйрек арқылы шығарылады. Камфораның бір бөлігі өзгермеген түрінде өкпе және өт арқылы бөлініп шығарылады.

Фармакодинамикасы

Дәрілік зат антисептикалық, жергілікті тітіркендіретін, жергілікті ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Терінің сезімтал жүйке ұштарын қоздыра отырып, қан тамырларын кеңейтеді және ағзалар мен тіндердің трофикасын жақсартады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- артриттерде, артралгияда

- миозитте, миалгияда

- радикулитте, ишиаста

- ойылулардың дамуының алдын алуда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ысқылап жағу түрінде сыртқа қолданады.

Майды ауыратын жерлерге күніне 1-2 рет жұқа қабатпен жағады және уқалау қимылдарымен 2-3 минуттай ысқылайды.

Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар

- терінің тітіркенуі

- бас ауыруы, бас айналуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- тері аурулары

- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

- эпилепсия, құрысу реакцияларына бейімділік

- 6 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен – балаларға, жүктілік, лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша сақтықпен қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша сақтықпен қолдануға болады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: қозу, тахикардия, құрысулар.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл-ден құтыларда.

Құтылар қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге топтық қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 10 °С-ден 25ºС-ге дейінгі температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177) 744280, электронды поштасы market@borimed.com

 

 

Прикрепленные файлы

812444691477976523_ru.doc 49 кб
770059671477977682_kz.doc 53.5 кб
19_09_326_p.pdf 0.48 кб
19_09_326_s.pdf 0.49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ