Камфорное масло 10%

МНН: Камфора
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009518
Информация о регистрации в РК: 12.12.2016 - 12.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

10 % камфора майы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 % май 25 мл, 30 мл, 40 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 10 г камфора;

қосымша заттар: күнбағыс майы 100 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Камфораның иісі бар мөлдір сары түсті майлы сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қозғалыс аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар

АТЖ коды МО2АХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Терінің бетіне жаққан кезде ішінара сіңеді, тотығуға ұшырайды. Тотығу өнімдері глюкурон қышқылымен қосылады және бүйрек арқылы шығарылады. Камфораның бір бөлігі өзгермеген күйінде өкпе және өт арқылы бөлініп шығарылады.

Фармакодинамикасы

Камфора майы – өсімдік текті дәрілік зат, антисептикалық, жергілікті тітіркендіргіш, жергілікті ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Терінің сезімтал жүйке жұрнақтарын қоздыра отырып, қан тамырларын кеңейтеді және органдар мен тіндердің трофикасын жақсартады.

Қолданылуы

Жиынтық емнің құрамында:

  • артриттерде

  • артралгияда

  • миозитте

  • радикулитте

  • миалгияда

  • ишиаста

- ойылудың алдын алу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ысқылау түрінде сыртқа қолданады. Майды жұқа қабатпен күніне 1-2 рет жағады және уқалау қозғалыстармен 2-3 минут ысқылайды.

Емдеу ұзақтығы - 7 - 10 тәулік.

Жағымсыз әсері

- есекжем

- терінің тітіркенуі

- бас ауыруы, бас айналуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдықта

- тері ауруларында

- тері қабатының тұтастығы бұзылғанда

- құрысу реакцияларына бейімділікте

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: жүктілік, лактация кезеңінде, балаларда.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалау

Белгілері: қозу, тахикардия, құрысулар.

Емі: белгісіне қарай

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл, 30 мл, 40 мл препарат шынымассадан жасалған бұрандалы мойыны бар, полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақпен тығындалған құтыларда және бұрандалы мойыны бар полимер құтыларда. Құтылар қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе орауға арналған қағаздан жасалған орамға қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге қапталған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Б. Бұлқышев көшесi № 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы

Б. Бұлқышев көшесi № 4е

Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды ҚР аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров – Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Б. Бұлқышев көшесi № 4е

Тел./факс: +7 727 2 33-27-58

Электронды пошта: farm-4@mail.ru

Прикрепленные файлы

808374001477977163_ru.doc 40 кб
938870421477978324_kz.doc 44.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники