Камптомеда (5 мл)

МНН: Иринотекан гидрохлорид тригидрат
Производитель: Хаупт Фарма Вольфратсхаузен ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Irinotecan
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023120
Информация о регистрации в РК: 21.07.2017 - 21.07.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Камптомеда

Халықаралық патенттелмеген атауы

Иринотекан

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 20 мг/мл, 2 мл, 5 мл немесе

15 мл концентрат

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – иринотекан гидрохлориді тригидраты 20.0 мг;

қосымша заттар: сорбитол 45.0 мг, сүт қышқылы 90% (100% сүт қышқылына шаққанда) 0.9 (0.81) мг, рН 1.57-3.15 мг түзетуге арналған натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су 950.45-952.03 мг.

Сипаттамасы

Сары түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы басқа препараттар. Иринотекан

АТХ коды L01XX19

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Иринотекан мен оның белсенді метаболиті – SN-38 фармакокинетикасы 100-750 мг/м2 дозадағы препаратты вена ішіне 30 минуттық инфузиялау кезінде зерттелді. Фармакокинетикалық параметрлерінің жекешеаралық үлкен өзгергіштігі, негізінен, SN-38 бойынша байқалады. Барлық зерттеулер иринотекан (СРТ-11) және SN-38 экспозициясының енгізілген СРТ-11 дозасына пропорционал артатынын көрсетті. Аталған препараттар фармакокинетикасы осының алдындағы циклдер санына және енгізу сызбасына байланысты емес. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы иринотекан үшін шамамен 65% және SN-38 үшін 95% құрайды.

Екі метаболизм жолының әрқайсысы, кем дегенде, 12% дозаны құрайды:

  • бауыр ферменті – карбоксиэстеразамен SN-38 метаболитіне дейін гидролиздену. SN-38 негізінен жиі глюкуронданумен, әріқарай өт экскрециясы және бүйректік экскреция арқылы шығарылады (иринотекан дозасының 0,5%-дан азы). Әріқарай SN-38 глюкурониті ішекте гидролизге ұшырайды. SN-38 метаболиті едәуір цитоуытты белсенділік иеленеді.

  • АРС (аминопентан қышқылы туындысы) және NРС (бастапқы амин туындысы) түзілуімен сыртқы пиперидин сақинасының ашылуына алып келетін Р450 3А цитохромы ферментіне тәуелді тотығулар.

Қан плазмасында препараттың таралуы екі немесе үш фазада болды. Үш фазалы үлгідегі препараттың алғашқы фазасында қан плазмасында препараттың орташа жартылай шығарылу кезеңі 12 минут, екінші фазада 2.5 сағат құрады, соңғы фазада жартылай шығарылу кезеңі 14.2 сағат құрады.

Иринотекан мен SN-38 ең жоғары плазмалық концентрациясына дене беткейіне 350 мг/м2 ұсынылатын дозасында венаішілік инфузия соңына қарай жетті. 14С таңбалы препаратпен метаболизм және салмақ теңгерімінің зерттеулері вена ішіне енгізілген иринотекан дозасының 50%-дан астамының өзгеріссіз күйде 33% нәжіспен, ең алдымен, өт арқылы және 22% несеппен бөлініп шығатынын көрсетті. Иринотекан клиренсі қалыптың жоғарғы шегінен 1,5-3 есе жоғары мәнде билирубинемиясы бар пациенттердің 40% шамасында азаяды.

Фармакокинетикалық зерттеулер иринотекан фармакокинетикасына фторурацил мен кальций фолинатының ықпалы жоқ екенін растады.

Фармакодинамикасы

Камптомеда – жартылай синтетикалық камптотецин туындысы, топоизомераза I - ДНҚ жасушалық ферментінің спецификалық тежегіші болып табылады. Препарат тіндерде карбоксиэстеразамен метаболизденіп, өз белсенділігі жағынан иринотеканнан басым түсетін SN-38 белсенді метаболитін түзеді. Топоизомераза I тежелісімен иринотекан және оның SN-38 метаболиті дозаға байланысты ДНҚ зақымдануын туындатып, жасушалық циклдің S фазасында оның репликациясына кедергі келтіреді. In vivo тәжірибелерінде иринотеканның көптеген дәріге төзімді Р-гликопротеинді экспрессиялайтын ісіктерге (винкристин мен доксорубицинге төзімді Р388 лейкемиялар) қатысты да белсенді екені көрсетілген.

Обырға қарсы белсенділігінен тыс, препараттың ең маңызды фармакологиялық әсері – ацетилхолинэстеразаны тежеу.

Қолданылуы

Камптомеда кең таралған колоректальді обырмен науқастарды емдеуге көрсетілген:

    • аурудың кешеуілді сатысындағы осының алдында химиялық ем қабылдамаған пациенттерде 5-фторурацилмен және фолин қышқылымен біріктірілімде

    • құрамында 5-фторурацил бар препараттар тағайындалған емге жауап бермеген пациенттерде монотерапия ретінде

    • бұрын химиялық ем қабылдамаған немесе иринотекан қамтылған тиімсіз химиялық емнен кейін ЭӨФР (эпидермальді өсу факторының рецепторы) қатар жүретін колоректальді обыры бар пациенттерді емдеу үшін цетуксимабпен біріктірілімде

    • жуан немесе тік ішектің метастазды обыры бар пациенттерді бірінші желіде емдеуде 5-фторурацилмен, фолин қышқылымен және бевацизумабпен біріктірілімде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат тек ересектерге арналған.

Концентратты сұйылтудан соң инфузияға арналған ерітінді шеткері немесе орталық венаға енгізілуі тиіс.

Дайындау тәсілі

Ерітінді асептикалық жағдайларда дайындалады. Камптомеданың қажетті мөлшерін калибрленген шприцпен құтыдан шығарып, құрамында 0.9% натрий хлориді ерітіндісі немесе 5% глюкоза ерітіндісі бар 250 мл инфузиялық құтыға енгізіп, мұқият (қолмен айналдырып) араластырады. Егер құтыда араластырған соң шөгінді байқалса, препарат жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.

Монотерапия (бұрын ем қабылдаған пациенттер үшін)

Ұсынылатын Камптомеда дозасы әр үш апта сайын 30-дан 90 минутқа дейін вена ішіне инфузия түрінде 350 мг/м2 құрайды.

Біріктірілген ем (бұрын ем қабылдамаған пациенттер үшін)

5-фторурацилмен және фолин қышқылымен (5-ФУ/ФҚ) біріктірілген Камптомеда

5-фторурацилмен (5-ФУ) және фолин қышқылымен (ФҚ) біріктірілген Камптомеданың қауіпсіздігі мен тиімділігі келесі қолдану сызбасын пайдаланумен бағаланды: Камптомеда 5-ФУ/ФҚ-мен біріктірілімде аптасына екі рет. Камптомеданың ұсынылатын дозасы кейіннен фолин қышқылы мен 5-фторурацил инфузиясына ұласатын әр екі апта сайын 30-90 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде 180 мг/м2 құрайды.

Камптомеда цетуксимабпен біріктірілімде

Цетуксимабпен қатарлас ем кезінде дозалануы мен енгізу тәсілін цетуксимабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз. Жалпы, осының алдындағы құрамында иринотекан бар препараттармен емнің соңғы циклдерінде енгізілген иринотекан дозасы қолданылады. Камптомеданы цетуксимаб енгізу аяқталған соң бір сағат өтпес бұрын енгізуге болмайды.

Камптомеда бевацизумабпен біріктірілімде

Бевацизумабпен қатарлас ем кезінде дозалануы мен енгізу тәсілін бевацизумабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Дозаны таңдау

NСІ-СТС жіктеуіне сәйкес (Ұлттық обыр институтының жалпы уыттылық критерийлері) 0 немесе 1 дәрежедегі жағымсыз құбылыстардан бәрінен соң тиісінше қалыпқа келуден кейін және емдеумен байланысты іш өту толық аяқталған соң Камптомеданы қолдануға болады.

Инфузияның келесі цикліндегі бастапқы сатыда Камптомеданың және алдыңғы инфузия кезіндегі жағымсыз құбылыстардың нашар дәрежесінде, мүмкін, 5-ФУ дозасы бақыланып, азайтылуы тиіс. Емдеуге байланысты жағымсыз құбылыстардан қалыпқа келу үшін ем 1-2 апта кейінге шегерілуі тиіс.

Келесі жағымсыз реакциялар пайда болғанда Камптомеданың және/немесе міндетті түрде емес 5-ФУ дозасын 15-20% азайту керек:

  • гематологиялық уыттану (4 дәрежедегі нейтропения, фебрильді нейтропения, 3-4 дәрежедегі нейтропения және 2-4 дәрежедегі қызба), тромбоцитопения және лейкопения (4 дәреже)

  • гематологиялық емес уыттану (3-4 дәрежелер)

Камптомедамен біріктіріп енгізгенде цетуксимаб дозасын түзету туралы ақпарат алу үшін цетуксимабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.

ФҚ/5-ФУ/Камптомедамен біріктіріп енгізгенде бевацизумаб дозасын түзету туралы ақпарат алу үшін бевацизумабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.

Емдеу ұзақтығы

Камптомедамен емдеуді ауру үдеуінің жан-жақты белгілері немесе қолайсыз уыттану көріністері туындағанша жалғастыруға болмайды.

Тұрғын халықтың ерекше топтары

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Монотерапия

ДДҰ сәйкес функционалдық статусы 2< бағаланған пациенттерде Камптомеданың бастапқы дозасы қандағы билирубин деңгейіне (қалыптың жоғарғы шегінен [ULN] үш есе асып кететін) байланысты. Гипербилирубинемияға шалдыққан және протромбин уақыты 50%-дан асатын осы пациенттерде иринотекан клиренсі төмендейді және, соған сәйкес, гематологиялық уыттану қаупі артады. Осылайша, пациенттердің осы тобында клиникалық қан талдауын апта сайын бақылап отыру қажет.

Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен (ULN) 1,5 есе жоғары пациенттерге ұсынылатын Камптомеда дозасы 350 мг/м2 құрайды.

Билирубин деңгейі ULN 1,5 есе, 3 есе жоғары пациенттерге ұсынылатын Камптомеда дозасы 200 мг/м2 құрайды.

Билирубин деңгейі ULN 3 есе жоғары пациенттер Камптомедамен ем қабылдамауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Шұғыл медициналық көмекті талап ететін дозаны шектейтін уыттылығы және күрделі жағымсыз әсерлері: ауыр және емге төзімді болуы мүмкін ерте және кейін білінетін диарея, нейтропения, жүрек айну және/немесе құсу және тыныстың тарылуы. Бевацизумабпен және цетуксимабпен біріктіріп қолдану кезіндегі жағымсыз құбылыстар туралы ақпарат алу үшін осы препараттарды медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтарға жүгініңіз.

Өте жиі:

- кейін білінетін ауыр диарея

- ауыр жүрек айну және құсу (монотерапия режимінде енгізгенде)

- жинақталмайтын қайтымды нейтропения, анемия, тромбоцитопения (біріктірілген режимде енгізгенде)

- инфекциялар (монотерапия режимінде енгізгенде)

- қайтымды алопеция

- қатарлас ауыр нейтропениясыз шығу тегі инфекциялық емес қызба (біріктірілген режимде енгізгенде)

- бауырда үдемелі метастаздану болмағанда трансаминазалар (1 және 2 дәреже), сілтілік фосфатаза немесе билирубин деңгейінің транзиторлы жоғарылауы (біріктірілген режимде енгізгенде)

Жиі

- қатты жүрек айну және құсу (біріктірілген режимде енгізгенде)

- сусыздану (диареямен және/немесе құсумен байланысты)

- іш қату

- фебрильді нейтропения

- инфекциялар (біріктірілген режимде енгізгенде)

- өліммен аяқталуы ықтимал ауыр нейтропениямен байланысты инфекциялық асқынулар

- тромбоцитопения (монотерапия режимінде енгізгенде)

- ауыр нейтропениямен қызба (монотерапия режимінде және біріктірілген режимде енгізгенде)

- диареямен, іштің ауыруымен, конъюнктивитпен, ринитпен, гипотензиямен, тамырлар кеңеюімен, қатты терлеумен, қалтыраумен, дімкәстанумен, бас айналумен, көру қабілетінің бұзылысымен, миозбен, көзден жас ағумен және сілекейдің көп ағуымен (симптомдар атропин енгізуден кейін басылады) болатын ауыр өткінші жедел холинергиялық синдром

- әлсіздік

- бауырдағы үдемелі метастазданусыз трансаминазалар, сілтілік фосфатаза немесе билирубин деңгейінің болымсыз транзиторлы жоғарылауы (монотерапия режимінде енгізгенде)

- 3 дәрежедегі билирубин деңгейінің транзиторлы жоғарылауы (біріктірілген режимде енгізгенде)

- қан креатинині деңгейінің жеңілден орташаға дейін транзиторлы жоғарылауы

Жиі емес

- жалған жарғақшалы колит

- бүйрек жеткіліксіздігі

- диарея және/немесе құсу салдарынан болатын сусыздану туындататын

гипотензия мен жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі

- ішек бітелісі, асқазан-ішектен қан кету

- жеңіл тері реакциялары

- препаратты енгізген жердегі реакциялар

- ентігу, өкпе инфильтраттары түрінде өкпе тінінің интерстициальді зақымдануы (өліммен аяқталуы мүмкін)

- сепсистен зардап шегетін пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігінің, гипотензияның немесе жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің жекелеген жағдайлары

- болымсыз аллергиялық реакциялар

Сирек

- колит, соның ішінде тифлит, ишемиялық және ойық жаралы колит

- ішектің ойылуы

- анорексия, іштің ауыруы, мукозит

- симптомсыз немесе клиникалық көріністермен панкреатит

- негізінен диареямен және құсумен байланысты гипокалиемия және гипонатриемия

- анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар

- препаратты енгізу кезіндегі және одан кейінгі артериялық гипертензия

- бұлшықеттердің жиырылуы немесе түйілуі, парестезиялар

Өте сирек

- тромбоциттерге антиденелер түзілетін шеткері тромбоцитопения

- амилаза және/немесе липаза деңгейінің жоғарылауы

- сөйлеу қабілетінің өткінші бұзылыстары

- ісік лизисі синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

    • иринотеканға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

    • ішектің созылмалы қабыну аурулары және/немесе ішек өткізгіштігінің бұзылуы

    • жүктілік және лактация кезеңі

    • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

    • сүйек кемігі функциясының ауыр бұзылуы

    • қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен көп асып кететін қандағы билирубин деңгейі

    • пациенттердің ДДҰ шкаласы бойынша >2 болып бағаланған жалпы жағдайы

    • құрамында шайқурай бар препараттармен бір мезгілде қабылдау

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Иринотекан мен жүйке-бұлшықетті бөгейтін заттар арасындағы өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды. Иринотекан холинэстеразаға қарсы белсенділік иеленеді, холинэстеразаға қарсы белсенділігі бар препараттар суксаметонийдің жүйке-бұлшықеттік бөгеу әсерін ұзартып, деполяризацияланбайтын препараттардың жүйке-бұлшықет бөгелісіне кері әрекет етуі мүмкін.

CYP3A индукциялайтын құрысуға қарсы препараттарды (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин) қатарлас қабылдау иринотекан, SN-38 және SN-38-глюкуронид белсенділігінің төмендеуіне және кейінгі фармакодинамикалық әсерлерінің төмендеуіне әкеледі. Осындай құрысуға қарсы препараттардың әсері SN-38 және SN-38-глюкуронид үшін қисық астындағы ауданның (АUС) 50% немесе одан көп төмендеуімен көрініс береді. Р450 3А цитохромы ферменттері белсенділігінің жоғарылауынан тыс, жоғары глюкурондану және өт бөлінісі иринотекан және оның метаболиттері белсенділігінің төмендеуіне ықпал етеді.

Кетоконазолды біріктіріп енгізу, иринотекан монотерапиясымен салыстырғанда, АРС үшін фармакокинетикалық қисық астындағы ауданның 87% азаюына және SN-38 үшін фармакокинетикалық қисық астындағы ауданның 109% ұлғаюына әкелуі мүмкін.

CYP3A көмегімен дәрілер метаболизмін тежейтін (мысалы, кетоконазол) немесе индукциялайтын (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин) дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге қатысты сақ болу керек. Иринотеканды осы метаболизм жолының тежегішімен/индукторымен бір мезгілде тағайындау иринотекан метаболизмін өзгертуі мүмкін, ал ондай біріктірілімдерден сақтану керек.

Иринотекан 350 мг/м2 және шайқурай 900 мг дозада бір мезгілде енгізілген шағын фармакокинетикалық зерттеуде плазмада иринотеканның белсенді метаболиті SN-38 концентрациясының 42% төмендеуі байқалды. Шайқурай қан плазмасында SN-38 деңгейін төмендетеді, сондықтан шайқурай препараттарын иринотеканмен біріктіріп қолдануға болмайды.

Біріктірілген ем сызбасында 5-фторурацил мен фолин қышқылын (5-ФУ/ФК) бір мезгілде енгізу иринотекан фармакокинетикасын өзгертпейді.

Иринотеканның қауіпсіздік бейініне цетуксимабтың ықпал ететінін немесе керісінше айғақтайтын тіркелген деректер жоқ.

Бір зерттеуде иринотекан/5-ФУ/ФК немесе бевацизумабпен біріктірілімде қабылдаған пациенттерде иринотекан концентрациялары ұқсас болды. Пациенттердің қосалқы тобында (емдеу тобында шамамен 30 адам) иринотеканның белсенді метаболиті SN-38 концентрациялары зерттелген. Иринотекан/5-ФУ/ФК монотерапиясымен салыстырғанда, бевацизумабпен біріктіріліп иринотекан/5-ФУ/ФК қабылдаған пациенттерде, SN-38 концентрациялары, орта есеппен, 33% жоғары болды. Жекешеаралық ауытқулар жоғарылығына және іріктеудің шектеулігіне орай, бевацизумаб салдарынан плазмалық SN-38 деңгейлерінің артуын айғақтайтын деректер жоқ. Жағымсыз әсерлерінің мардымсыз жоғарылауы диарея мен лейкопенияның туындауы болып табылады. Бевацизумабпен біріктірілген иринотекан/5-ФУ/ФК қабылдаған пациенттер арасында иринотекан дозасының төмендеуі жиірек тіркелді. Бевацизумаб пен иринотекан біріктірілімін қабылдау аясында ауыр диарея, лейкопения немесе нейтропения дамитын пациенттер үшін иринотекан дозасын түзету керек.

Айрықша нұсқаулар

Жағымсыз реакциялар сипатын және туындау жиілігін ескеріп, Камптомеда емнен күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен асып кететін жағдайларда тағайындалуы тиіс:

- ДДҰ шкаласы бойынша жалпы жағдайы >2 пациенттерге

- жағымсыз әсерлердің симптоматикалық емін өз бетінше жүргізе алмайтын пациенттерге (кейіннен білінетін диарея туындағанда мол сұйықтық ішумен бірге диареяға қарсы шұғыл және ұзаққа созылатын емнің қажеттілігі). Ондай пациенттер химиялық емдеу бөлімі жағдайларында қадағалауда болуы тиіс.

Камптомеда монотерапия ретінде әдетте үш апталық емдеу сызбасында қолданылады. Дегенмен де, кейіннен қалтқысыз дәрігерлік қадағалауды талап ететін немесе ауыр нейтропенияның ерекше даму қаупі тобында болатын пациенттер үшін аптасына бір рет қолдану сызбасын қарастыруға болады.

Кейін білінетін диарея

Пациенттер Камптомеданы енгізуден кейін 24 сағаттан көп уақыт өткен соң және келесі циклге дейін кез келген уақытта туындауы мүмкін кейін білінетін диарея дамитын қауіп тобына енгізілуі тиіс. Монотерапияда сұйық нәжістің бірінші көріністерінің білінуіне дейінгі орташа уақыт – иринотекан инфузиясынан кейінгі 5-ші күн. Пациенттер диареяның пайда болуы жөнінде дәрігеріне дереу мәлімдеп, тиісінше емделуді бастау керек.

Диареяның пайда болу қаупі жоғары пациенттер: осының алдында ішіне/жамбасына сәулемен ем қабылдағандар, бастапқы деңгейде гиперлейкоцитозы барлар, ДДҰ сай > 2 функционалдық статусындағылар және әйелдер. Егер диареяны талапқа сай емдемесе, егер диарея нейтропения аясында дамыса, ол әсіресе нейтропениямен бірге өмірге қауіпті болуы мүмкін.

Алғашқы сұйық нәжіс туындаған бойда, пациент құрамында электролит бар сусындарды көп мөлшерде ішуді бастап, диареяға қарсы тиісті емді дереу бастау қажет. Диареяға қарсы ем мамандандырылған бөлімде тағайындалып, Камптомеданың алынған дозасымен енгізілуі тиіс. Пациенттер тағайындалған дәрілерді ауруханадан шығарылған соң бірден қабылдауы тиіс, демек олар диарея емін ол туындаған бойда бастау керек. Пациенттерге диарея туындаған жағдайда емдеуші дәрігерді дереу хабарландыру қажет.

Диареяға қарсы ұсынылатын ем лоперамидтің жоғары дозаларынан (бірінші қабылдауға 4 мг, ал артынан әр 2 сағат сайын 2 мг) тұрады. Осы ем соңғы сұйық нәжістен кейін 12 сағатқа дейін жалғасуы тиіс және өзгертілмеуі тиіс. Салданған ішек бітелісі қаупіне орай, лоперамидті осындай дозада 48 сағаттан артық қолдануға болмайды, алайда, кем дегенде 12 сағат бойы үздіксіз енгізіледі.

Диареяға қарсы емге қосымша, ауыр нейтропениямен (нейтрофилдер саны 500 жасуша/мл аз) байланысты диарея профилактикасы мақсатында әсер ету ауқымы кең антибиотик енгізу керек. Антибиотиктермен емдеуге қосымша, келесі жағдайларда диареяны емдегенде ауруханаға жатқызу ұсынылады:

- қызбамен байланысты іш өту

- қатты іш өту (венаішілік гидратацияны талап ететін),

- лоперамидтің жоғары дозаларын қолдану басталған соң 48 сағаттан аса сақталатын диарея.

Лоперамидті тіпті алдыңғы емдеу циклдерінде кеш білінетін диарея туындаған пациенттерде де профилактика үшін қолдануға болмайды.

Ауыр диареясы бар пациенттер үшін кейінгі циклдерде дозаны азайту ұсынылады.

Гематология

Камптомедамен емдеуде клиникалық қан талдауын бақылау ұсынылады. Пациенттер нейтропения мен қызбаның туындау қаупінен хабарланған болуы тиіс. Фебрильді нейтропения (дене температурасы 38 °C-ден жоғары және нейтрофилдер саны 1000 жасуша/мл және одан аз) дереу ауруханаға қаралуды және әсер ету ауқымы кең венаішілік антибиотиктер қолдануды талап етеді. Ауыр гематологиялық құбылыстарды бастан өткерген пациенттер үшін кейінгі енгізулерде дозаны азайту ұсынылады.

Ауыр диареясы бар пациенттерде инфекция мен гематологиялық уыттанудың даму қаупі жоғары. Аталған пациенттерде клиникалық қан талдауы анықталуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Емдеу басталғанша және емнің әр циклі алдында функционалдық бауыр тестілері орындалуы тиіс. Пациенттерде билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 1,5-3 есе жоғары көтерілуі иринотекан клиренсінің азаюы және, демек, гематологиялық қауіп жоғарылауы себебінен болады, аптасына бір рет клиникалық қан талдауын бақылау қажет. Иринотеканды билирубиннің ULN > 3 есе деңгейіндегі пациенттерге енгізуге болмайды.

Басқа препараттармен біріктірілген Камптомедамен ем қабылдайтын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер туралы деректер жоқ.

Уридиндифосфат-глюкуронозилтрансфераза (UGТ) белсенділігі төмен пациенттер

Иринотеканның белсенді метаболиті SN-38 белсенділігі жойылатын метаболизмдік үдеріс уридиндифосфат-глюкуронозилтрансфераза 1А1 (UGТ1А1) ферментінің белсенді емес SN-38 глюкуронидіне (SN-38G) глюкурондануы болып табылады. UGТ1А1 белсенділігі UGТ1А1*28 полиморфизмі немесе туа біткен UGТ1А1 ақаулары (1 және 2 типті Криглер-Найяр синдромы) бар тұлғаларда төмендейді.

Мета-талдау деректері UGТ1А1*28 аллель гені бойынша гомозиготалы болатын адамдарда иринотеканның орташа немесе үлкен дозаларын (>150 мг/м2) енгізуден кейін гематологиялық уыттанудың (ІІІ-ІV дәреже) жоғары даму қаупінің бар екенін көріністейді. Иринотекан индукциялаған диарея туындағанда генотип пен UGТ1А1 арасындағы арақатынасты жоққа шығаруға болмайды.

Егер Камптомеда UGТ1А1*28 полиморфизмі бойынша гомозиготалы болатын пациенттерге енгізілсе, әдеттегі бастапқы доза енгізілуі тиіс. Генотип пен UGТ1А1 арасындағы өзара байланыс негізінде гематологиялық уыттану қарқынын айқындау үшін UGТ1А1*28 бойынша гомозиготалы тұлғаларды бақылап отыру қажет. Егер гематологиялық емдеудің алдыңғы циклдерінде қолайсыз уыттану туындаса, ондай пациенттер үшін дозаны азайту қарастырылуы тиіс. Пациенттердің осы тобында дозаны азайту үшін спецификалық нақты мәліметтер қолжетімсіз және дозалануын кейіннен түзету пациенттегі емдеудің жеке жақпаушылығы негізінде қарастырылуы тиіс.

Жүрек айну және құсу

Камптомедамен әр емдеудің алдында құсуға қарсы дәрілермен профилактикалық емдеу ұсынылады. Әдетте жүрек айну және құсу жөнінде хабарланады. Кейін білінетін диареямен байланысты құсуы болған пациенттер мүмкіндігінше тезірек ауруханаға емделуге жатқызылуы тиіс.

Жедел холинергиялық синдром

Егер жедел холинергиялық синдром көрініс берсе (диареяның және тершеңдік, іштің түйіліп ауыруы, көзден жас ағу, қарашықтардың кішіреюі және сілекейдің көп ағуы сияқты әртүрлі басқа симптомдардың ерте басталуы ретінде айқындалады), егер клиникалық қарсы көрсетілімді болмаса, атропин сульфатын (тері астына 0,25 мг) енгізу қажет. Бронх демікпесі бар пациенттерде сақтықпен қолдану қажет. Жедел және ауыр холинергиялық синдром көрініс берген пациенттерде Камптомеданың келесі дозалары үшін атропин сульфатын профилактикалық қолдану ұсынылады.

Тыныс алу жолдары функциясының бұзылулары

Иринотеканмен ем кезінде кейде өкпе инфильтраттары түрінде көрініс беретін (өліммен аяқталуы мүмкін) интерстициальді өкпе ауруы дамиды. Интерстициальді өкпе ауруының дамуымен байланысты болуы мүмкін қауіп факторлары өзінде уытты препараттарды, сәулемен емдеуді және колония стимуляциялау факторларын қамтиды. Қауіп факторлары бар пациенттерде иринотеканмен емделу кезінде респираторлық симптомдардың бар-жоғын мұқият қадағалау керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілмеген. Егде жастағы адамдарда биологиялық функциялардың, атап айтқанда, бауыр функциясының төмендеу жиілігінің үлкен екенімен байланысты, аталған пациенттерде дозаны таңдауды абайлап атқару керек.

Ішек бітелісі бар пациенттер

Бұл пациенттер ішек бітелісі жойылғанша Камптомедамен ем қабылдамауы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Пациенттердің осы тобында зерттеулер жүргізілмегендіктен, бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде Камптомеданы қолдану ұсынылмайды.

Басқалары

Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылық кінәраттары бар пациенттерге Камптомеданы қолдануға болмайды.

Диареямен және/немесе құсумен немесе сепсиспен байланысты сусызданудан зардап шегетін пациенттерде бүйрек жеткіліксіздігінің, гипотензияның немесе қан айналымы жеткіліксіздігінің жекелеген жағдайлары тіркелген.

Иринотеканды CYP3A4 күшті тежегішімен (мысалы, кетоконазол) немесе индукторымен (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, шайқурай) бір мезгілде енгізуден сақтану керек. Емделу кезінде және ем аяқталған соң, кем дегенде, үш ай бойы ұрықтануға қарсы препараттарды қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде иринотекан қолдану деректері жоқ.

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер және ерлер емделу кезінде және одан кейін 3 ай бойы тиімді контрацепция дәрілерін пайдалануы тиіс. Иринотеканның ана сүтіне бөлінуі белгісіз.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Иринотеканның адамның ұрпақ өрбіту функциясына ықпал ету деректері жоқ. Емделу кезінде және ем аяқталған соң, кем дегенде, үш ай бойы ұрықтануға қарсы препараттарды қолдану керек.

Автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттерге иринотекан енгізуден кейін 24 сағат ішінде туындауы мүмкін бас айналу немесе көру бұзылыстарының білінуі мүмкін екенін ескерту керек, сондықтан иринотеканмен ем аясында осындай симптомдар білінген жағдайда автокөлікті басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде ерекше сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: гематологиялық уыттанудың жоғарылауы (нейтропения және диареяның ауыр түрлері).

Емі: диареямен туындаған организмнің сусыздануын болдырмау мақсатында симптоматикалық қарқынды демеуші ем, сондай-ақ кез келген инфекциялық асқынуларды емдеу, антидот белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пластик қақпақтары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған, бромбутил тығындармен тығындалған күңгірт шыны құтыда 2 мл, 5 мл немесе 15 мл препараттан құйылады.

Құтыны полиэтилен үлбірмен тарттыруға болады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Хаупт Фарма Вольфратсхаузен ГмбХ, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Альмеда Фармасьютикалс АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы аумағындағы Альмеда Фармасьютикалс АГ компаниясының сенімді тұлғасы, Алматы қ., 3 ы/а, 47 үй,

тел. +7 (727) 276 35 61, adevents.kz@gmail.com

Прикрепленные файлы

Камптомеда_каз.doc 0.16 кб
Камптомеда_рус.doc 0.1 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту