Каметон

МНН: Камфора рацемическая, Левоментол, Хлорбутанола гемигидрат, Эвкалиптовое масло
Производитель: КП Флумед-Фарм
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017835
Информация о регистрации в РК: 31.08.2022 - 31.08.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Каметон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Жергілікті қолдануға арналған спрей, 20 мл

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02АА20

Қолданылуы

Мұрын, жұтқыншақ және көмейдің жедел және созылмалы (көбіне өршу сатысында) қабыну ауруларын жергілікті емдеу.

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді және қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- 5 жасқа дейінгі балалар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Химиялық үйлесімсіз біріктірілімдері байқалмаған. Бір немесе бірнеше дәрілік заттың, оларды бір мезгілде қолданғанда синергизм немесе антагонизм түрінде байқалатын  фармакологиялық әсерінің өзгерістері анықталған жоқ.

Арнайы ескертулер

Қолданар алдында құтыны жақсылап сілку керек. Препаратты көзге тигізіп алмау керек. Каметонды қолданар алдында ауыз қуысын қайнаған жылы сумен шаю керек. Инфекцияның таралуын болдырмас үшін бірнеше адамның бір құтыны пайдаланбағаны дұрыс.

Педиатрияда қолдану

5 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолданудың жеткілікті тәжірибесі жоқ. Анасы үшін пайдасы шарана мен балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда қолданылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралдарын және түрлі механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Каметонды ересектер мен 5 жастан асқан балаларға ауыз және мұрын қуысының шырышты қабығын шаю үшін жергілікті тағайындайды. Препаратты демді ішке тартқан кезде ауыз қуысы мен мұрын жолдарына бүрку керек. Препаратты қолданар алдында құтыны жақсылып сілкіп, мөлдір сақтандырғыш қалпақшасын шешіп, құтыға 90° бұрышқа қаратып бүріккіш/қондырғыны орнатады, ауыз қуысына немесе мұрын жолдарына бүріккіш/қондырғыны енгізеді де,  клапанды тірелгенше басады. Қолдану жиілігі – күніне 3-4 рет 2-3 бүркуден.

Емдеу курсы әдетте 5-тен 7 күнге дейінді құрайды.

Препарат 2 аптадан артық қолданылмауы тиіс.

Бүріккішті ластандырмау үшін оны үрлеу не болмаса қайнаған сумен шаю ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы

Жергілікті қолдануға арналған.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің және дәріхана қызметкерінің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Тері бөртпесі түрінде аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Кейде препараттың компоненттеріне сезімталдықтың жоғарылауына байланысты шырышты қабық тарапынан реакциялар (құрғақтықты немесе күйдіруді сезіну) пайда болуы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға күтілетін реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: хлорбутанол гемигидраты 1.0 г, левоментол 1.0 г, рацемиялық камфора 1.0 г, эвкалипт майы 1.0 г,

қосымша заттар: вазелин майы, эмульгатор T-2, полисорбат-80, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, ақ немесе сарғыштау немесе көгілдір реңді ақ эмульсия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл жинау түтігінен, дозалау сорғысынан және бүріккіш қондырғыдан тұратын дозалау құрылғысымен тығындалған күңгірт шыны құтыларға салынады. Бүріккіш қондырғыға мөлдір қалпақша орнатылады.

Әрбір құтыға қағаздан жасалған немесе өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Жеке картон қораптар 60 данадан топтық қаптамаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 - 25°C температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

КП «Флумед-Фарм» ЖШҚ

Молдова Республикасы, Четатя Албэ көшесі, 176, Кишинев мун.

Тел./факс: (+373 22) 52-14-52

email: flumed-farm@hushmail.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

КП «Флумед-Фарм» ЖШҚ

Молдова Республикасы

Четатя Албэ к-сі,176, Кишинев мун.

Тел./факс: (+373 22) 52-14-52

email: flumed-farm@hushmail.com

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Faber-Pharm» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шәріпов к-сі 90, 302/4 кеңсе

Тел.: +7 701 554 22 42

email: faber-pharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

Каметон_ЛВ_каз_СС_Ф.docx 0.03 кб
Каметон_ИМП_рус_финал.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники