Кальция глюконат (500 мг, Борисовский завод медицинских препаратов ОАО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Кальций глюконаты
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
500 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат: 500 мг кальций глюконаты; қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы.
Сипаттамасы
Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Минералды қоспалар. Кальций препараттары. Кальций глюконаты.
АТХ коды А12АА03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қабылданатын кальцийдің үштен біріне жуығы асқазан-ішек жолдарында, негізінен аш ішекте сіңеді. Қанда кальций бос (иондалған), сондай-ақ байланысқан түрінде де кездеседі. Кальцийдің 20 %-ға жуығы несеппен,
80 %-ы ішек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Кальцийдің иондары сүйек тінінің қалыптасуына, қанның ұю үдерісіне қатысады, тұрақты жүрек қызметін демеу, жүйке импульстерін беру үдерістерін жүзеге асыру үшін қажет. Қан плазмасында және тіндерде кальций иондары құрамының азаюы әртүрлі патологиялық үдерістердің дамуына әкелуі мүмкін. Гипокальциемия қаңқа және тегіс бұлшықет қызметінің, жүрек-тамыр жүйесінің, қан ұю жүйесінің бұзылуына, остеопороздың дамуына әкеледі.
Қолданылуы
Кальций тапшылығымен бірге жүретін жағдайлар. Остеопорозды, остеомаляцияны, рахитті емдеу кезінде, гастреэктомиядан, мальабсорбциядан кейін қосымша дәрі ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ас қабылдау алдында ішке тағайындалады. Таблетканы жұтар алдында ұсақтау немесе шайнау қажет. Ересектерге 2-6 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет тағайындалады. 6 жастан асқан балаларға – 3-4 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет. Емдеу курсы дәрігермен анықталады және орташа есеппен 10 күннен 1 айға дейінді құрайды.
Жағымсыз әсерлері
- асқазан-ішек бұзылыстары: жүрек айнуы, іш қату, диарея.
Сирек
Болуы мүмкін
- жүрек ырғағының бұзылуы және брадикардиялар
- аллергиялық реакциялар
- гиперкалициемия, аритмия, сананың шатасуы, үрейлену сезімі, ентігу немесе тыныс алудың қиындауы, аяқтардағы ауырлықты немесе әлсіздікті сезіну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
- гиперкальциемия
- гиперкоагуляция
- атеросклероз
- несеп-тас ауыруы
- 6 жасқа дейінгі балалар.
- тромбоздарға бейімдік
- нефроуролитиаз
- саркондоз
- бір мезгілде жүрек гликозидтерін қабылдау
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тиазидті диуретиктер несеппен кальцийдің шығарылуын төмендетеді, бұл гиперкальциемияның даму қаупін жоғарылатады. Жүрек гликозидтерін, кальций препараттарын қабылдайтын емделушілерге қолдануға болмайды. Кальций препараттары АІЖ-на тетрациклин қатарындағы препараттардың сіңуін төмендетуі мүмкін, осыған байланысты бұл препараттарды қабылдау аралығы 3 сағаттан кем болмауы керек.
Айрықша нұсқаулар
Кальций препараттарын жүрек ауыруларымен немесе саркоидозбен емделушілерге сақтықпен тағайындау керек. Әсіресе балаларда препараттың жоғары дозаларын тағайындау кезінде, несеппен кальцийдің шығарылуын, қанда кальцийдің мөлшерін мұқият бақылау қажет. Егер қанда кальцийдің деңгейі 2,625-2,75 ммоль/л-ден асқан немесе несеппен кальцийдің шығарылуы 5 мг/кг-нан асқан жағдайда, емді тоқтата тұру керек. Кальциймен емдеу кезінде D витаминін көп мөлшерде қабылдамаған жөн.
Сыртартқысында аздаған гиперкальциуриямен, шумақтық сүзілістің төмендеуімен немесе нефролитиазбен науқастарға тағайындау сақтықпен және несептегі кальций құрамын бақылай отырып жүргізілуі керек. Нефролитиаздың даму қаупін төмендету үшін сұйықтықты молынан ішу ұсынылады.
Жүктілік және лактация
D витаминімен бір мезгілде кальций препараттарын қабылдайтын жүкті әйелдерде гиперкальциемияның даму мүмкіндігі жоғарылайды. Ұсынылған дозаларда кальций препараттарын қабылдау ұрық үшін қандай да болсын теріс нәтижелер туындатпайды, емшек емізу кезінде де қолдану қауіпсіз.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Әдейі артық дозалаудың мүмкіндігі төмен.
Симптомдары: анорексия, сылбырлық, жүрек айну, құсу, бас ауыруы, қатты шөлдеу, бас айналу, қанда мочевина деңгейінің жоғарылауы. Кальций бүйректе, артериялардың жақтауларында жинақталуы мүмкін.
Емі: кальцийді қабылдауды барынша азайту, гиперкальциемияға ықпал ететін препараттарды (тиазидтер, D витамині) тоқтату, сусыздануды және электролиттік теңгерімсіздікті түзету, қажет болған кезде ілмектік диуретиктерді (фуросемид) тағайындау. Ауыр жағдайларда кальцийдің едәуір мөлшері перитонеальді диализ жолымен шығарылуы мүмкін. Артық дозалану симптомдарымен емделушілер тікелей күн сәулесінің әсерінен аулақ болғаны жөн. Кальциймен артық дозалануды емдеу кезінде бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуымен емделушілерге айрықша назар аудару керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
10 таблеткадан қағаз және картон негізіндегі біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.
Пішінді ұяшықсыз қаптамалар (қорапшаға салынбай) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар санына сәйкес келуі керек
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,
Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,
тел/факс 8-(10375177)744280.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,
Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,
Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ-сы, Чапаев к-сі, 64/27,
тел/факс 8-(10375177) 744280, электронды поштасы market@borimed.com
Сарапшы: